МОНТАЖДАУ
9
етілмейді:
-
сыртқы беті майысқан және сынған, бұралған және жаншылған, өзге механикалық
зақымданулар,
-
ішкі бетінде бөгде қосындылар;
-
қабырға қалыңдығында және сыртқы диаметрлерінде МемСТ EN 12451 және
МемСТ 15040 талаптары шеңберінен шығатын ауытқулар.
5.2.3 Мыс құбырлардан жасалған құбыржолдарында бұрылыстар мен тармақтарды
құру үшін тиісті мыс байланыстырғыш бөлшектерді пайдалану қажет. Тиісті негіздеме
болған жағдайда қоладан, жезден, тоттанбайтын болаттан және термотөзімді
пластмассадан жасалған байланыстырғыш бөлшектерді пайдалануға рұқсат етіледі.
Мыс құбырларды алюминийден және оның қорытпаларынан жасалған қыздыру
аспаптарымен жалғау үшін тоттанбайтын болаттан немесе қоладан жасалған бұрандалы
ауыспалы бөлшектерді пайдалануға рұқсат етіледі.
5.3
Термопластыдан жасалған арынды құбырлар мен байланыстырғыш
бөлшектер
5.3.1 Сумен жабдықтау жүйелеріне арналған термопластыдан жасалған арынды
құбырлар мен олардың байланыстырғыш бөлшектеріне мына құбырлар жатады:
-
металлполимер;
-
полипропилен;
-
тігілген полиэтилен;
-
поливинихлорид;
-
полибутен;
-
ҚР ҚТ МемСТ 52134 талаптарына сәйкес орындалған акрилнитрилбутадиенстирол.
5.3.2 Сумен жабдықтау жүйелеріне арналған термопластыдан жасалған арынды
құбырлар мен олардың байланыстырғыш бөлшектері МемСТ ИСО 161-1, МемСТ ИСО
11922, МемСТ 18599, МемСТ 24157, МемСТ 27077, МемСТ 27078, МемСТ 28117, МемСТ
293
25, МемСТ 24157, МемСТ ИСО 4065 талаптарына сәйкес дайындалады және жұмыс
қысымы 1 Мпа-ға дейін және судың температурасы 750С дейін ішкі сумен жабдықтау
жүйесін құруға арналған және суық сумен жабдықтау қызметінің есептік мерзімі кемінде
50 жыл, ал судың температурасы 750С-тан аспайтын ыстық сумен жабдықтаудың есептік
мерзімі 25 жыл алынғанда пайданылады.
5.3.3 Құбырдың беті түзу және тегіс болуы керек. Мөлшерлеуден қалған азғана іздер
мен шашындыларға, сондай-ақ 0,5 миллиметрден аспайтын ойықтарға рұқсат етіледі.
5.3.4 Құбырларды бумаларда жеткізгенде, буманың ішкі диаметрі құбырдың сыртқы
диаметрі кемінде 40, ал буманың сыртқы диаметрі 3 метрден аспауы тиіс.
5.3.5 Құбырларды 30° С аспайтын температурада бумаға орайды.
5.3.6 Құбырлар партиясы олардың сапасын растайтын, сондай-ақ дайындаушы-
зауыттың атауы және басқа мәліметтері бар құжатпен қамтамасыз етіледі.