Оқу жылындағы жастар ісі жөніндегі комитетімен атқарылған іс-шаралар есебі



жүктеу 219,43 Kb.
Pdf просмотр
Дата02.02.2020
өлшемі219,43 Kb.
#28066


 

 

 



 

2017-2018 

оқу жылындағы жастар ісі жөніндегі комитетімен атқарылған іс-шаралар 

ЕСЕБІ 

 

Егемен  еліміз  демократия  жолымен  алға  жүріп,  әлемде  өзіне  лайықты  орын  алу  үшін 

еңбектеніп  келеді.  Бүгінде  жастар  қоғамның  қозғаушы  күші  ретінде  озық  идеялармен 

қаруланып,  еліміздің  дамып,  өркендеуіне  лайықты  үлес  қосып  келеді.  Болашақта  ел  тізгінін 

ұстайтын,  еліміздің  әлемдік  деңгейдегі  бәсекеге  қабілетті,  экономикасы  дамыған,  өркениет 

көшінен  лайықты  орын  алатын,  еліміздің  қарқынды  дамуына  өзіндік  үлес  қосатын  қоғамның 

негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз

Бүгінде әлемдік қоғамдастық қызығушылық танытып, 



ерекше  мән  беріп  отырған  түрлі  құндылықтар  ел  ертеңінің  еңселі  болуында  өзіндік  үлес 

салмағын байқатуда.           

Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастар саясатын атауға болар еді. Оның мемлекеттің 

саяси  ауанын  қалыптастырудағы  рөліне  қатысты  түрлі  сыни  пікірлердің  туындауы  бірінші 

кезекте  қоғам  өмірінде  қаншалықты  орын  алатындығын  аңғартқандай.  Жастар  саясатын  іске 

асыруда, жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда жастар ісі жөніндегі комитеті 

бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Тәрбие жұмыстары жоғары оқу орындарының ең маңызды 

көкейкесті  мәселелерінің  біріне  жататыны  белгілі.  Осындай  мәселелермен  жұмыс  жасауда, 

жастар саясатын іске асыруда студент жастардың өзін  өзі басқару саласы үлкен орын алады.  

2017-


2018 оқу жылында Жастар ісі жөніндегі комитет жанында  7 студенттік деканат және 12 

жастар ұйымы  жұмыс атқарды. 

Олар: 

• 

Студенттік деканаттар 



• 

Студенттер үйінің студенттік кеңесі 

• 

Студенттік кәсіподақ комитеті 



• 

«Жас Отан» ЖҚ 

• 

«Еркін ойлар алаңы» ИПК 



• 

«Достық» СЖҰ 

• 

«Фемида» жастар клубы 



• 

«Қазақстан студенттер альянсы»  

• 

«Street work out» салауатты өмір салтын қолдау ұйымы 



• 

Жайдарман КТК лигасы 

• 

«Бал-Дариға» қыздар клубы 



• 

«Мәңгілік ел мұрасы» әдеби жастар клубы 

•  «Enactus

» халықаралық ұйымы 

• 

«Жасыл Ел» ЖЕЖ 



       

Барлығы жастар ұйымдарымен оқу жылының бірінші жартысында бірқатар ауқымды іс-

шаралар  ұйымдастырылып,  оған  көптеген  ТарМУ-нің  студенттері  қатысты.  Аптасына  бір  рет 

міндетті  түрде  барлық  жастар  ұйымдарының    және  студенттік  декандарының    кеңесі-жиыны 

өткізіліп отырады. Жиын кезінде алға қойылған мақсат-міндеттер, жұмыс жоспары және жеткен 

нәтижелер талқыланады.  

Жастар  ісі  жөніндегі  комитетінде  студенттер  құрамына  азаматтық-патриоттық    және 

құқықтық  тәрбие  беру,  рухани-өнегелі  тәрбие  беру,  әлеуметтік  құқықтарын  қамтамасыз  ету, 

ақпараттыө-насихаттау  жұмыстарын  жүргізу,  студенттердің  білімге  деген  құштарлығын, 

әлеуметтік  маңызды  және  жеке  қасиеттері  мен  тұлғаның  коммуникативті    мәдениетін 

қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу , олардың  экологиялық, дене тәрбиесін беру 

және  саламатты  өмір  салтын  денсаулық  сақтау    ортасын  қалыптастыру  бойынша  әс-

шараларөткізу,  интеллектуалдық  мәдениетті  арттыруға  ,  жас  дарындарды  дамытуға  және 



 

 

қолдауға  бағытталған  іс-шараларды  өткізу  жұмыстары  комитеттің  жұмыс  жоспарына  сәйкес 



атқарылып келеді.  

 

Қазіргі таңға Студенттік декандарының және жастар ұйымдарының  құрамы келесідей: 



 

№                          Аты-жөні 

            

Факультеті 

              

Қызметі 

 

Ултанбаев Арнат Бегдалыұлы 



Ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі 

                                                                 



Студенттік декандар 

Османов Шухрат 



Ақпараттық 

технологиялар, 

автоматика және 

телекомуникация 

факультеті 

Студенттік декан 

Қамбаров Мақсат 



Экономика және бизнес 

факультеті 

Студенттік декан 

Кемалов Бақдаулет 



Гуманитарлық-

әлеуметтік ғылымдар 

факультеті 

Студенттік декан 

Бақыт Ержан 



Технология факультеті 

Студенттік декан 

Шарасулова Эсмира 



Заң факультеті 

Студенттік декан 

Шайхиева Зарина 



Су шаруашылығы, 

экология және құрылыс 

факультеті 

Студенттік декан 

Мухаримова Алтынай 



Мұнай газ және 

механика факультеті 

Студенттік декан 

          

Жастар ұйымдары 

Олжабаев Аскат 



Қызметкер 

Студенттік 

кәсіподақ 

комитетінің 

төрағасы 

Букешова Салтанат 



Гуманитарлық-

әлеуметтік ғылымдар 

факультеті 

«Жас Отан» ЖҚ-

ның жетекшісі 

10 


Оспан Нұрдаулет 

Экономика және бизнес 

факультеті 

«Еркін Ойлар 

Алаңы» ИПК-ның 

төрайымы 

11 

Мұхтарбекова Динара 



Ақпараттық 

технологиялар, 

автоматика және 

телекомуникация 

факультеті 

«Достық» СЖҰ-

ның төрайымы 

12 


Жұмат Бауыржан 

Мұнай газ және механика 

факультеті 

«ТарМУ 


Студенттер 

Альянсының» 

лидері 

13 


Тлепбай Бекарыс 

Заң факультеті 

«Фемида» 

Құқықтық 

клубының 

жетекшісі 




 

 

14 



Әденова Диана 

Технология факультеті 

«Бал-Дариға» 

қыздар клубының 

жетекшісі 

15 


Жұмахан Дінмұхамед 

Су шаруашылығы, 

экология және құрылыс 

факультеті 

«Street workout 

TarSU» CӨС 

қозғалысының 

төрағасы 

16 

Тоқтыбаева Жадыра  



Гуманитарлық-

әлеуметтік ғылымдар 

факультеті 

«Мәңгілік ел 

мұрасы» әдеби 

жастар клубының 

төрағасы  

17 


Кнуарбеков Абылкаир 

Ақпараттық 

технологиялар, 

автоматика және 

телекомуникация 

факультеті 

«Еркін Ойлар 

Алаңы» ИПК-ның 

Орыс және 

ағылшын 


лигасының  

координаторы 

18 

Бакирамов Хан 



Экономика және бизнес 

факультеті 

Жайдарман КТК 

лигасының 

жетекшісі 

19 


Сулейманов Каримжан 

Экономика және бизнес 

факультеті 

«Enactus» 

ұйымының 

жетекшісі 

20 

Пернеқұл Жасұлан 



Заң факультеті 

«Жасыл Ел» ЖЕЖ 

21 

Набиқұл Еңлік 



Ақпараттық 

технологиялар, 

автоматика және 

телекомуникация 

факультеті 

№1 


жатақханасының 

студенттік кеңес 

төрайымы 

22 


Тәжібай Нұрсая 

Су шаруашылығы, 

экология және құрылыс 

№2 


жатақханасының 

студенттік кеңес 

төрайымы 

 

1. 



ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 

        07.09  -

10.09.2017  аралығында  жастар  ісі  жөніндегі  комитетінің  2017-2018  оқу  жылына 

арналған жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді.  

Қыркүйек  және  айларында  бірінші  курс  студентерін  университет  өмірімен  таныстыру 

мақсатында  университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен, университет басшылығымен 

таныстыру  мақсатында,  ішкі  тәртіп  пен  университет  студенттерін  студент  жарғысымен 

таныстыру мақсатында кездесулер өткізілді. 

2017 жылдың қыркүйек айында бірінші курс студенттері арасында М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ  ректоры,  п.ғ.д.,  профессор  М.Н.Сарыбековтің  «ТарМУ  Жарғысы,  университет 

миссиясы мен университет құрамы» туралы арнайы лекциясы өткізілді.  

Жастар  ұйымдарырың  жұмысымен  студенттерді  таныстыру  мақсатында    Жастар  сарайы 

көк  залында  барлық  факультет  студенттері  үшін  «Жастар  ұйымдарының  презентациясы» 

өткізілді.  Презентация  барысында  университетіміздің  жастар  ұйымдарына  бірінші  курс 

студенттері арасынан белсенді мүшелер тартылды. 

Презентация барысында жастар ісі жөніндегі комитетінің мақсат-міндеттері, барлық жастар 

ұйымдарының  жұмыс  бағыты  таныстырылды.  Осыған  сүйене  отырып  студенттер  өздеріне  

қажетті жастар ұйымын таңдауға мүмкіндік алды. 




 

 

       



2017 жылдың 16 қараша күні ТарМУ жастар сарайы көк залында «Халықаралық студенттер 

күніне»  орай,  «Белсенділер  шеруі»  атты  факультетаралық  байқау ұйымдастырылды.  Байқауға 

университетіміздің  7  факультеті  қатысып  өз  өнерлерін  ортаға  салды.  М.Х.Дулати  атындағы 

ТарМУ  ректоры,  п.ғ.д.,  профессор  М.Н.Сарыбеков  қатысып,  салтанатты  жиында  үздік 

студенттерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыстады. 

     24-


26  қараша  аралығында  XIV-ші  республикалық  шақырылым  өткізілді.  М.Х.Дулати 

атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық 

студенттік қозғалысы, «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық 

бірлестігінің  ұйымдастыруымен  2000  жылдық  тарихы  бар  көне  Тараз  шаһарында  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру»  мақаласын  және  жаңадан  енгізілген 

латын  әліпбиін  жастар  арасында  кеңінен  насихаттау  мақсатында    Республикамыздың  14 

өңірінен 150 ге жуық делегаттар қатысты. 

2017 жылдың 26 желтоқсан күні жаңа жылдық «Студенттік балл-2017» мерекелік шарасы 

өткізілді.  Бұл  шараға  университетіміздің  400-ден  аса  белсенді  жастар  қатысып,  8  номинация 

бойынша  байқау  қорытындысы  жарияланды.  Кеңейтілген  отырыс  шешіміне  сәйкес  келесідей 

номинация иегерлері анықталды: 

1. 


«Жыл студенті-2017» - Дауренбеков Берік 

2. 


«Ең үздік жастар ұйымы-2017» - «Достық» СЖҰ 

3. 


«Ең үздік белсенді студент- 2017» - Әбдін Айдана 

4. 


«Ең үздік студенттік деканат»- Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 

студенттік деканаты 

5. 

«Жыл жаңалығы-2017» - Жайлыбаев Заманбек 



6. 

«Үздік өнерпаз -2017» -Таласбаева Рабиға 

7. 

«Үздік жас ғалым-2017» - Каршева Ксения 



8. 

«Үздік көшбасшы-2017» - Жолдыбай Бек 

Бұл шараға университетіміздің  ректоры, п.ғ.д., профессор М.Н.Сарыбеков қатысып, ең үздік 

студенттерді марапаттады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 

20.02.18  ж.  Экономика  және  бизнес  факультетінің  белсенділерінің  ұйымдастыруымен  

«Латын  әліпбиіне  көшу-  Қазақ  тілінің  жаңа  белесі»  тақырыбында  факультет  студенттерімен  

дөңгелек үстел өткізілді.  

21  ақпан  күні  Заң  факультетінің  студенттік  деканатының  ұйымдастыруымен  «Латын 

әліпбиіне  көшу»  атты  акция  өткізілді.  Акция  барысында  жастарға  жаңа  әліпби  нұсқасы 

таратылды.  

28.02.18  ж.  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университеті  "Жас  Отан"  ЖҚ 

бөлімшесінің 2016-2017 жылдар аралығында атқарған жұмыстары бойынша есеп берілді. Күн 

тәртібіндегі  басты  мәселе  оқу  "Жас  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университеті 

"Жас  Отан"  ЖҚ  бөлімшесінің  2016-2017  жылдар  аралығында  атқарған  жұмыстары  бойынша 

есеп берілді. Күн тәртібіндегі басты мәселе оқу "Жас Отан" ЖҚ-ның жаңа жетекшісін сайлау. 

Адамбеков  Дастан  Бекжанұлы  жетекшілік  еткен  жылдардағы  атқарған  жұмыстары  бойынша 

есеп  беріп  өтті.  Сайлау  қорытындысы  бойынша  Гуманитарлық-әлеуметтік  ғылымдар 

факультетінің  2-курс  студенті  Букешова  Салтанат  Сырлыбековна  "Жас  Отан"  ЖҚ-ның 

жетекшісі болып сайланды. 

       


Ақпан  айының  28  күні  «Бал-Дариға»  қыздар  клубының  ұйымдастыруымен  «Мakeup 

challenge» атты мастер-класс өткізілді. Косметика пайда болғаннан бері біраз уақыт өтті. Кәсіби 

мэйк ап жасауды қазір тек сән дизайнерлері, сәнбикелер мен эстрада жұлдыздары ғана емес, кез 

келген  қыз-келіншек  үйрене  алады.  Нәзікжандының  макияжына  қарап,  оныңмінез-

құлқынтануғаболады.  Арнайы  шақырылған  кәсіби  макияж  шеберлерінің  кешкі  және  күндізгі 

макияж түрлері бойынша дәріс оқыды. Қатысушылар өз араларында тәжірибе алмасты. 28 қыз 

мастер  класстан  өтіп,  арнайы  сертификаттарға  ие  болды.  Қатысушылар:  Макияж  шеберлері, 

жастар  ұйымдары,  факультеттік  студенттік  декандары, жастар  ұйымдарының  көшбасшылары, 

бірінші курс студенттері (тек қыздар қауымы).    



 

 

1  наурыз  күні  Жастар  сарайы  көк  залында  Заң  факультетінің  студенттік  деканатының 



ұйымдастыруымен  «Student talks» Болашаққа 100 қадам атты тренинг өтті. 

Наурыз  айының  10-11  аралығында  Жастар  ісі  жөнндегі  комитетінің    жанындағы  «Еркін 

ойлар  алаңы»  ИПІ-ның  ұйымдастыруымен  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетінің 60 жылдығына орай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты «TarSU CUP» 

VІ  дәстүрлі  республикалық  пікірсайыс  турнирі  өтті.  Турнирге  еліміздің  6  аймағынан  80-ге 

жуық топ қатысты.   

      

1  наурыз  Алғыс  айту  күні  қарсаңында  "Алғысымыз  шексіз"  акциясы  ұйымдастырылды. 



Акция  барысында  студенттер  университетіміздің  әкімшілік-шаруашылық  қызметкерлеріне 

көмек көрсетіп, алғыс парақтары қала тұрғындарына таратылды. 

15.03.18  ж.  "Интеллектум"  дамыту  орталығында  "Жас  Отан"  ЖҚ  белсенділерінің 

ұйымдастыруымен  "Интеллект+Жастар=Табыс  кілті"  тақырыбында  көңілді  семинар-тренинг 

өткізді.  Орталықтың  директоры  Айгүл  Темірғалиқызы  студенттерді  жылы  шыраймен  қарсы 

алып,  қызықты-мотивациялық  әңгімелермен, тәжірибелермен,  кеңестермен  бөлісті.    Шараның 

екінші  бөлігінде  студенттер  қаламызда  сирек  кездесетін  Интеллектум  ойыншықтарымен 

танысты.  Ойлау  қабілетін  дамытатын  ойыншықтар  қызығушылықты  оята  білді.  Мұндай  іс-

шараны дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр. 

17 наурызда қаламыздың көркеюіне үлес қосатын  сенбілікке М.Х.Дулати атындағы Тараз 

мемлекеттік университеті "Жас Отан" ЖҚ белсенділері де өз үлестерін қосты.  

       


17.03.2018ж. Облыстық деңгейде "Жас Отан" ЖҚ ұйымдастырған, қаламыздың көркеюіне 

үлес  қосатын    сенбілікке  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университеті  "Жас  Отан" 

ЖҚ  белсенділері  де  өз  үлестерін  қосты.Сенбілікке  250-ден  астам  ”Жас  Отан”  Жастар 

қанатының  белсенділері  қатысты.  Сенбілік  аясында  1-ші  мөлтек  ауданы  толық  қоқыстан 

тазартылды.  Әкімдік  қызметкерлемен  болған  Облыстық  шарада  Жас  Отандықтар  Орталық 

мешіт аймағын қоқыстан тазартып, көгалдандыру  шаралары жасалды  

19.03.2018ж. 22 наурыз қазақтың төл мерекесіне орай "БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ" акциясын 

өткізді.  Акция  барысында  жастар  қала  тұрғындарына,  университет  қызметкерлеріне,  аула 

тазалауға  көмек  беретін  жұмыскерлерге,  күзет  бөліміне,  студенттерге  Наурыз-көже  мен 

бауырсақтар ұсынды. Саябақтарғы жұмыскерлер мен қызметкерлерді есепке ала отырып жалпы 

есепте 60-аса қала тұрғыны қамтылды. Акция барысында Бөлімше белсенділері облыстық және 

қалалық басшылықтыда қазақтың төл мерекесімен құттықтап өтті.  

21.03.2018ж.  22-  наурыз  қазақтың  төл  мерекесіне  орай  өткізген  "БЕРЕКЕЛІ  МЕРЕКЕ" 

акциясының  2-күні  қазақтың  ұлтық  ойыны-  асық  ойнаумен  жалғасты.  Ойын  барысындағы 

мақсат  –  жеңіпазды  анықтау  емас,  ұлтық  ойынымызды  дәріптеу,  насихаттау,  қайта  жаңғырту 

болды. Асық ойнау барысында қала тұрғындарына сауалнама жүргізілді. 

29.03.2018ж.  25  жылдық  конференц.залында  ''Жаңа  Әлемге  Жол  Саламыз''  атты  ''Жас 

Отан''  ЖҚ  IV  Сьезд-конференциясын  негізге  ала  отырып  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз 

университетінде  виртуалды  түрде  Жас  Отан  ЖҚ  белсенділері  және  Тәрбие  бөлімімен  бірігіп 

ауқымды конференция өткізілді. Бұл Съездің тарихи маңыздылығы зор. Себебі, тура осыдан 10 

жыл бұрын «Жас Отанның» Алғашқы Съезі өткен болатын. Осы он жыл ішінде Жастар қанаты 

өзіміздей  мыңдаған  жастың  саяси  және  өмір  мектебіне  айналды.Съездің  тағы  бір  ерекшелігі, 

алғаш  рет  VR  –  яғни,  виртуалды  шындық  форматында  көрсетіледі.  Ол  дегеніміз,  кездесуді 

қазақстандық  жастар  ғана  емес,әлемдегі  кез-келген  Интернет  қолданушы  360  градуста  көре 

алады.  ТарМУ-нің  стратегиялық  даму  және  халықаралық  байланыстар  жөніндегі  проректоры, 

техника ғылымдарының докторы, профессор Жүнісбеков Сағат Сұлтанұлы қатысып, жастарды 

''Жас Отан'' ЖҚ қатарына қосылуға шақырды. Сөз соңында Абай Құнанбаев атамыздың әдемі 

сөзімен аяқтады. 

04.04.2018ж. 1 сәуір-күлкі күніне орай "Жас Отан" ЖҚ белсенділері "Smile-әрқашан да 

күлімде" акциясын өткізді. Ақция мақсаты-өмірге тек қуанышпен, шат күлкімен қарасаң, өмірің 

де саған тосын сыйлар мен қуанышты сәттер сыйларын ұғындыру болатын. Қала тұрғындары, 

қарттарына  акция  барысында  мотивациялық  сөздер  жазылып,  ішіне  тәттілер  салынған  шар 

ұсынылды.  Тараз  қаласының  тұрғындары  ризашылықтарын  білдіріп,  ұйымға  алғыстарын 



 

 

жаудырды.Жас  Отандықтар  осы  акция  кезінде  керемет  көңіл  күйде  болды,сол  эмоцияны 



халыққа да бере алды.  

11.04.2018ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті "Жас Отан" ЖҚ-ның 

ұйымдастыруымен еркін форматтағы "Жаңа әлемге жол саламыз атты" IV съезд жұмыстарына 

қатысты  қорытынды  жасау  жиналысы  өткізілді.  Жиналысқа  Уалихан  Болатбекұлы,  Береке 

Шымырбекұлы,  Арнат  Бегдалыұлы  қатысты.  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университеті  "Жас  Отан"  ЖҚ-ның  ұйымдастыруымен  еркін  форматтағы  "Жаңа  әлемге  жол 

саламыз  атты"  IV  съезд  жұмыстарына  қатысты  қорытынды  жасау  жиналысы  өткізілді.  Бас 

спикер  Болатбек  Уалихан  Болатбекұлы  соңғы  съезд  жұмыстарының  негізгі  ерекшеліктерін, 

ЖасОтандықтардың  алдағы  мақсаттары  мен  бағыттарын,  жоспарларын  атап  өтті.    Береке 

Шымырбекұлы "ЖасОтан" ЖҚ-ның қаламыздағы бөлімшелеріне енгізілгелі отырған өзгерістер 

және  жаңа  идеялар  тізбегі  туралы  түсіндірді.  Арнат  Бегдалыұлы  жастардың  уақытын  тиімді 

пайдалануы,  стереотиптер,  университет  тарапынан  болатын  қолдауларға  тоқталды.Жастарды 

мазалаған  сұрақтарға  жауаптар  беріліп,  жаңашыл  форматтарға  ауысу  жоспары  нақтыланды. 

Сұрақтары үздік болып танылған студентке VR-көзілдірік табысталды. 

18.04.2018ж  "Жас  Отан"  ЖҚ  ұйымы  бүгін  "Біз-темекіге  қарсымыз!  "  акциясын  өткізді. 

Акцияның басты мақсаты-темекі шегуді шектеп, салауатты өмір салтын ұстану болатын. Акция 

барысында Тараз қаласының көшелері бойында шылым шегіп тұрған кісілер темекілерін алмаға 

айырбас  жасады.  Ал  Жас  Отандықтар  жиналған  зиянды  ауру  тудыратын  темекілердің  көзін 

құртты.  Бір  қуантарлығы,  қала  тұрғындарының  басым  көпшілігінің  шылым  шегуді  әдетке 

айналдырмауы болды.  

21.04.2018ж.  Студент  жастарды  қоршаған  ортаның  жағдайын  жақсартуға  бағытталған, 

ағаштарды  отырғызуға  жұмылдыру  ең  маңызды  іс-шаралардың  бірі  деп  ойлаймыз.  Нұр  Отан 

партиясы және облыстық Жас Отан ЖҚ қатысуымен ағаш отырғызу акциясы болып өтті. Бұл іс-

шара  барысында  ТарМУ  Жас  Отан  ЖҚ  белсенді  мүшелері  де  қолдарынан  келгенше  көбірек 

ағаш отырғызуға тырысып, керемет жұмыс атқарды. 

         

26  сәуір  күні  "Кітап-асыл  қазына"  атты  белсенді  жастар  бастамасымен  интеллектуалды 

кеш өтті. Аталған іс-шараның маңыздылығы студенттердің кітапқа деген қызығушылықтарын 

ояту.  Кітапқұмарлардың  сапасын,  санын  арттыру.  Кешімізде  облысымызға  белгілі, 

республикаға танымал пікірсайысшыларымыз Бек Жолдыбай және Ерғали Абуғали ағаларымыз 

бен қонақтарымыз төбе көрсеттіп өз ойларымен бөлісті. Қызықты викторина болып, көптеген 

сыйлықтар таратылды.

 

08.05.2018ж. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» 



Жастар  қанатының  ұйымдастыруымен,  «Ардагерлерді  ардақтайтық»  партиялық  жобасы 

аясында  «Қаһарман  даңғылы»  акциясы  өтті.    Сондай-ақ,  шара  барысында  40-тан  астам  «Жас 

Отан»  Жастар  қанатының  белсенділері  облыс  орталығында  орналасқан  М.Маметов, 

Ә.Молдағұлова,  С.Төленин,  К.Левашов,  К.Султанбаев  атындағы  көшелерде  тазалық 

жұмыстарын жүргізді. 

Жоспарға сәйкес  ұйымдастырылған  барлық шаралар университет тынысы газетінде және 

сайтында, сонымен қатар университеттің ресми интернет желілерінде жарық көріп отырды. 

 

2. 

ЖАСТАР САЯСАТЫ 

 

Дөңгелек үстелдер 

Тренингтер  

Шаралар 


саны  

Студент саны   Шаралар 

саны  

Студент саны  



90 


50 


Шаралар саны-6                            Студенттер саны-190 

 


 

 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жастар  саясатының  негізгі  мақсаты-  жастардың 



азаматтық,  әлеуметтік  дербес  тұлғалық  қалыптасуын  жүзеге  асыру  үшін  қажет  құқықтық, 

экономикалық,  ұйымдастырушылық  жағдайларды  жасау  мен  нығайту.  Алға  қойған 

мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басымдық беруді көздейді: 

1. 


Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастар ізгілікті әрі рухани дамуы. 

2. 


Еңбек,  білім  беру  жіне  денсаулық  сақтау  саласындағы  жастардың  әлеуметтік 

құқықтарын қамтамасыз ету. 

3. 

Жастардың  әлеуметтік-экономикалық  қажеттіліктерін    дербес  жүзеге  асыруына 



жағдай жасау. 

4. 


Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуынына жағдай жасау. 

5. 


Жатсардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру. 

6. 


Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми  және білім 

беру процестеріне тарту. 

Жастар  арасында  жастар  саясаты  туралы  заңды  талқылау,  насихаттау  бойынша  жастар  ісі 

жөніндегі  комитетімен  бірқатар  іс-шаралар  ұйымдастырылды.  Жыл  басынан  ұйым 

басшыларына,  студенттік  декандарға,  студенттік  кеңес  торайымдарына  арналған  тренингтер 

өткізілді.  Жастар  ұйымдарының  ұйымдастыруымен  кездесулер,  дөңгелек  үстелдер  өткізіліп 

жастар  саясаты  туралы  заңнамасымен  студент  жастар  таныстырылды.    Жыл  басында  жастар 

ұйымдарының презентациясы өткізіліп, жастар белсенді студенттер қатарын толықтырды. 

Қыркүйек  айында  белсенді  студенттерге  арналған  «Тұлға»  жобасы  жұмысын  бастап, 

бірқатар кездесулер өткізілді. 

Қазан  айында  «Мемлекеттік  жастар  саясатының  негізгі  бағыттары»  атты  дөңгелек  үстел 

ұйымдастырылып, жастар арасында қызу талқылауға түсті. 



 

3. 

АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 

      



Қыркүйек-желтоқсан  айларының  аралығында  Жастарды  ізгілікке,  бауырмалдыққа    баулу 

мақсатында қалалық «Жас Отан» ЖҚ-ның «Ардагердерді ардақтайық» бағдарламасы аясында 

ардагерлермен кездесу, олардың шаруашылығына көмектесу жұмыстары жүргізілді. 

      22 

қыркүйек  күні  тіл  мерекесіне  орай  «Мәңгілік  ел  мұрасы»  атты  акция  өткізілді.  Акция 

барысында  қоғамдық  көліктерге  тіл  туралы  жадынамалар  ілініп,  орталық  алаңда  қала 

тұрғындарынан сұхбат алынды. 

      


Қазан-желтоқсан  айлары  арасында  студенттер  арасында  саяси  сауаттылықты  ашу, 

қоғамдағы  жағдайларға  жастар  назарын  аудару  мақсатында  «Тұлға»  жобасы  өткізілді,  жоба 

аясында қаламыздың  қоғам белсенділерімен кездесу ұйымдастырылды. 

     


2017  жылдың  7  қазан  күні  ТарМУ-нің  мұражайында  Фемида  жастар  клубының 

ұйымдастыруымен «Тарих жауғыры- мәңгі Тараз» атты дөңгелек үстел өткізілді. 

     

27  қазанда  «Латын  әлімбиіне  көшу-  Қазақ  тілінің  жаңа  белесі»  тақырыбында  «Экономика 



және бизнес факультетінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өттті. 

      


28  қазан  күні  «Достық»  СЖҰ-ның  ұйымдастыруымен  «Ұлтшылдық  пен  патриоттылық» 

атты дөңгелек үстел өткізілді. 

      

3.11.17 жылы  «ТарМУ-не М.Х.Дулати есімі берілгеніне 20 жыл» толуына орай бас ғимарат 



алдындағы ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізілді.  

Дөңгелек үстелдер  Кездесулер  

Акциялар, 

бағдарлама 

Шақырылым 

Мерекелік 

кеш, байқау 

Шарала


р саны  

Студент 


саны  

Шарала


р саны  

Студент 


саны  

Шарала


р саны  

Студент 


саны  

Шарала


р саны  

Студен


т саны  

Шара


лар 

саны  


Студ

ент 


саны  

50 



70 


110 


170 


100 


Шаралар саны-12                                                                    Студенттер саны-500  


 

 

       



18.11.17  күні  ТарМУ-нің  қабырғасында    «Рухани  жаңғыру:  Болашаққа  бағдар» 

бағдарламасы аясында ЕҰУ-нің студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында жастар ортақ 

мәселелерді талқылап,  қонақтар университет өмірімен таныстырылды.  

       


М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университеті,  «Қазақстан  студенттерінің 

Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы, «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің 

Альянсы»  жастар  қоғамдық  бірлестігінің  ұйымдастыруымен  2000  жылдық  тарихы  бар  көне 

Тараз шаһарында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын 

және жаңадан енгізілген латын әліпбиін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 24-26 

қараша  аралығында  XIV-ші  республикалық  шақырылым  өткізілді.  Республикамыздың  14 

өңірінен 150 ге жуық делегаттар қатысты. 

       


2017  жылдың  30  қараша  күні  №1  жатақханасында    жастар  арасында  еліне  деген 

сүйіспеншілікпен  бірлікті  насихаттау  мақсатында  «Бір  үйдің  балалары»  атты  мерекелік  кеш 

ұйымдастырылды. 

        


4.12.17 жылы Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің белсенді студенттерінің 

ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа» атты мәнерлеп оқудан байқау өткізілді. 

       

Ақпан  айының  6  күні  «Бал-Дариға»  қыздар  клубының  ұйымдастыруымен  Қазақстан 



Республикасы  Президентінің  2018  жылғы  10  қаңтардағы  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция 

жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. 

2018  жылдың  10  қаңтарында  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  «Төртінші 

өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауында  10 

басым  бағытты  атап  көрсеткен.  Бұл  Жолдаудың  негізгі  мазмұны  қазіргі  жаһандық  жағдайда 

әлем  елдерінің  көшінен  қалмай,  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу  үшін  Ғылыми-

техникалық,  ақпараттық-технологиялық  салаларды  дамыту  және  адами  капитал  –  жаңғыру 

негізі  екендігін  атаған.  Қатысқандар:  Жастар  ісі  жөніндегі  комитетінің  төрағасы  Арнат 

Бегдалыұлы, жастар ұйымдары, факультеттің студенттік декандары. 

13.02.2018ж.  "Жас  Отан"  ЖҚ  мен  "Достық"  ұйымының  ұйымдастыруымен  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  2018  жылғы  10  қаңтар  күнгі  "Төртінші  өнеркәсіптік  революция 

жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері"  Қазақстан  Республикасы  халқына  жолдауы 

талқыланды,  таныстырылды.  Жиынға  Болатбек  Уалихан  Болатбекұлы  мен  Далабай  Бақкелді 

Ғабдоллаұлы  қатысып,  Уалихан  Болатбекұлы  жолдаудың  бағыт-бағдарын,  мақсаты  мен 

бөлімдерін  түсіндіріп  кетті.  Жиын  барысында  "Kahoot.it"  ойыны  ойналып,  қатысушылардың 

жолдауды қаншалықты қабыл алғандығы белгілі болды, бір жағынан көңіл де көтерілді. 

14 ақпан күні Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің заң 

факультетінде  «Фемида»  Интеллектуалды  –  құқықтық  клубының  ұйымдастыруымен 

Президентіміздің  жолдауын  жастар  арасында  түсіндіру  мақсатында  «БІЛІМ  –  БАСТЫ 

БАҒДАР!» атты дөңгелек үстел болып өтті. 

28.02.18 ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі 

комитетімен  Студенттік  кәсіподақ  ұйымының  ұйымдастыруымен  1-наурыз  алғыс  айту  күніне 

орай  мерекелік  акция  өткізілді.  Акция  барысында  концерттік  бағдарлама  ұйымдастырылып, 

200-


ге жуық жастарды қамтыды. 

28  ақпан  күні  ТарМУ-нің  №1  жатақханасында  алғыс  айту  күніне  орай,  мерекелік  кеш 

жатақхана тұрғындарына арнап өткізілді. Мерекелік дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды. 

       


4  сәуірде  М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ  қабырғасында  "Мейірімділікке  бір  қадам"  атты 

қайырымдылық  іс-шарасы  өтті.  Аталған  шарада  қарт  ата-апаларымызға  кереметтей  көңіл-күй 

сыйлай  алмасақта  балаларының  жылуын  сездіре  білдік  деп  ойлаймыз!  Іс-шара  барысында 

қаламызға танымал әншілерімізде бой көрсетті. 

       

6.05.2018ж.  Тараз  қалалық  "Жас  Отан"  ЖҚ  және  ұжымының  ұйымдастыруымен  және 



М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті "Жас Отан" ЖҚ және Парасат колледжі 

"Жас Отан" ЖҚ бөлімше белсенділерінің волонтерлық қызметімен  

"Ардагерлерді  ардақтайық"  партиялық  жобасы  аясында  Ұлы  Жеңістің  73  жылдығына  орай 

GOLPAS.COM  орталығында  жастар  Ардагерлермен  кездесті.  Кездесу  барысында  Ардагер 

қариялар соғыс кезіндегі басынан өткен оқиғалармен бөлісіп, әндер айтылып көңілді басқосуға 



 

 

ұласты.  "Жас  Отан"  ЖҚ  Тараз  қалалық  филиалы  атынан  естелікке  түсірілген  суреттер  жедел 



түрде табысталды.  

Келешек  ұрпаққа  үлгі  болып,  өткен  тарихымызды  еске  алу  мақсатында  ұйымдастырылған 

кездесу жоғарғы дәрежеде өтті 

      


9 мамыр жеңіс күніне орай жастар сарайы «қызыл залында» көркемфильм көрсетілімі өтті. 

Кино көрсетілім жастарға руxани тәрбие беру мақсатында көрсетілді.  

     

13.05.2018ж.  "Жас  Отан"  ЖҚ-ның  белсенділері  қарттар  үйіне  барып  аула  тірліктеріне 



қолғабыс  етті.  Акцияның  мақсаты  -  тарихқа  тағзым,  баба  аманатына  құрмет  көрсету  арқылы 

жастарды  күннен-күнге  арамызда  азайып  бара  жатқан  ардагерлерді  аялауға  шақыру,  соғысы 

ардагерлеріне  қолдан  келгенше  көмектесу,  сонымен  қатар  әңгімелерін  тыңдап  рухани  азық 

жинау.  Бұл  іс-шара  арқылы  Жас  Отандықтар  қарттардың  алғысына  бөленіп,  керемет  көңіл 

күйде қайтты. 

4. 

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ 

 

 



 

 

 



Адамның  құқық  мәдениеті  –  күрделі.  Білімгерлерді  құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу  – 

олардың  қылмысқа  ұрынбауына,  өздігінен  өмірдегі  мәселелерді  шешуде  дұрыс  шешім 

қабылдауына,  келеңсіз,  жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына,  қоғамға  пайдалы  іспен 

шұғылдануларына  жәрдемдеседі.Жасөспірімнің  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  басты 

факторлардың  бірі  ретінде  құқықтық  тәрбиенің  маңызы  зор,  оған  құқықтық  білім  беру, 

құқықтық мінез-құлық қалыптастырып, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу жатады. Қазіргі таңда 

әрбір азаматтың құқықтық қорғану проблемасы күрделеніп бара жатқан кезде өз әрекеттеріне 

жауапкершілікпен қарай білуге үйрету басты назарда болуы тиіс. 

2017 жылдың 4 қазан күні Фемида жастар клубының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегі 

Ата заң» атты кездесу студенттер жатақханасында өткізілді.  



      

2017 жылдың 29 қарашасында М. Үркімбаев атындағы Жастар сарайында ҚР Мемлекеттік 

қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі,  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты» атты 

республикалық акциясы өтті. Акция барысында ТарМУ –нің студенттеріне насихат жұмыстары 

кеңінен жүргізілді. 

       

Қысқы  сессия  кезінде  Емтихан  және  аттестация  барысының    адал  өтуін  қадағадау 



мақсатында «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында емтихан қабылдаушы 

мен емтхан тапсырушылардың адалдығын тексеру жұмыстары жүргізілді. 

       

12  желтоқсан  күні  "Таза  сессия"  акциясы  аясында  Тараз  мемлекеттік  университетінің 



студенттері  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  университеті  студенттерінен  арнайы 

дайындалған  сауалнама  жүргізді.  М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ-нің  жастар  ісі  жөніндегі 

комитеті жыл сайын «Таза сессия» акциясын өткізеді. Бұл жылы акция «Сапалы білім, саналы 

болашақ»  ұранымен  өткізілді.  «Таза  сессия»  акциясының  жүргізілуінің  басты  мақсаты- 

студенттердің  құқықтық  санасы  мен  белсенді  азаматтық  ұстанымдарын  қалыптастыру, 

жемқорлыққа  қарсы  ҚР-ның  заңнамасын  бұзу  жағдайларына  төзбеушілікті  қалыптастыру 

болып  табылады.  Осы  акция  аясында  факультет  декандары  мен  жастар  ісі  жөніндегі 

комитетінің  ұсынысымен  белсенді,  оқу  үлгерімі  жоғары  студенттер  қатарынан  арнайы 

комиссия  тобы  құрылды.  Комиссия  құрамына  25  мүше  кіріп,  құрамына  24  студент  және  1 

қызметкер  кірді.  Комиссия  тобы  университетіміздің  бірінші  проректорының  өкімі  негізінде 

жұмыс  атқарды.  Бұл  комиссия  қысқы  сессиясының  сапасын  бақылау  және  обьективті  өтуін 

Кездесулер  

Акциялар  

Шаралар 


саны  

Студент саны   Шаралар 

саны  

Студент саны  



50 


90 


Шаралар саны- 4                                  Студенттер саны-140  


 

 

қадағалау  мақсатында  құрылды.  19.12.-29.12.2017ж.  аралығында  комиссия  тобы  өз  жұмысын 



атқарды.  Өз  қызметін  жүзеге  асыру  барысында,  комиссия  тобы  емтихандарды  ұйымдастыру 

мен  өткізу  бөлімімен  тікелей  жұмыс  атқарды.  Комиссия  мүшелерімен  арнайы  түсіндірме 

жұмыстары ұйымдастырылып, емтихандарды ұйымдастыру және өткізу бөлімінің бастығымен 

және  тіркей  офисінің  директорымен  сұхбат  жүргізілді.  Өз  қызметін  жүзеге  асыру  барысында 

студент-бақылаушылар  университетіміздің  бірінші  проректорымен  бекітілген  «емтихан 

комиссиясының  мүшелеріне  арналған  нұсқаулықты»  басшылыққа  алып  жұмысын  жүзеге 

асырды.  Нұсқаулыққа  сәйкес  студент-бақылаушылар  барлық  емтихандарға  классикалық 

үлгідегі  киімде  және  бейджигі  мен  өкімі  арқылы  қатысты.  Өздерінің  құқықтары  мен 

міндеттеріне  сәйкес,  олар  өздері  оқитын  факультет  студенттеріне  бақылаушы  болып  кіре 

алмайды.  Емтихан  комиссиясының  мүшелігіндегі  белсенді  студенттер  бақылаушылар  рөлін 

атқарады.  Студент-бақылаушылар  аралық  аттестациялау  тәртібін  қамтамасыз  ету  үшін 

емтихандарға қатысады.  

          

Нұсқаулықтағы  ережені  бұзғаны  үшін  студент-бақылаушы  комиссия  мүшелігінен 

шеттетілуі мүмкін. 

           

Егер  де  студент  проктордың  немесе  емтихан  комиссиясының  мүшелерінің  ескертуін 

елемесе, университетіміздің жарғысына қарсы іс-әрекет жасаса, емтихан өткізу ережесін бұзса, 

қосымша  көмекші  құралдарды  ескертуге  қарамастан  қолданса,  тәртіп  ережелерін  сақтамаса 

студент-бақылаушы емтиханнан шеттету туралы акт толтыруға құқылы. Нұсқаулыққа сәйкес, 

студент  бақылаушы  студенттерден  көмекші  құралдарды  немесе  өзге  де  ережеде  тыйым 

салынған  заттарды  алуға  құқығы  жоқ.    Студент-бақылаушы  тәуелсіз  бақылаушы  қызметін 

атқарады.  Емтихан  алатын  мұғалім  немесе  проктор  жауапсыздық  танытса,  емтихан  жүргізу 

тәртібін  қадағаламаған  жағдайда,  өкімге  қарамастан  студент-бақылаушылар  мүшелерін 

емтиханға  кіргізбесе,  көмекші  құралдарды  қолдануға  рұқсат  берсе,  емтиханға  кешіксе, 

емтиханға  келмесе  және  т.б.  жағдайларға  арнайы  есептің  түрі  жасалынған.      Осы  еспетің 

түрінде жоғарыда көрсетілген фактілер тіркеледі. Кездескен мәселелерді жылдам әрі тез шешу 

мақсатында «WhatsAp» әлеуметтік желісінде арнайы топ ашылды. Барлық туындаған сұрақтар 

мен  мәселелерді  студент-бақылаушылар  осы  топқа  жіберіп  отырды.  Бұл  топқа  барлық 

бақылаушылар мен тіркеу офисінің директоры қосылған болатын. 

          

Комиссия  жұмысы  кезінде  үлкен  мөлшерде  қолдан  жасалынған  көмекші  құралдар 

тәркіленіп, жойылды. Айта кету керек, студенттер емтихан уақыты кезінде өте белсенді түрде  

көмекші құралдар қолданды. Статистикаға сәйкес бір студентке аз дегенде 2 көмекші құралдан 

келеді.  Емтихандарды  өздері  тапсыратын  студенттер  де  бар,  мұндай  студенттер  көбінесе  

сұрақтарға  тез  әрі  оңай  жауап  береді.  Студенттерге  емтихан  сұрақтар  жауаптарымен  бірге  

алдын  ала  беріледі,  сондықтан  оларға  емтихандарға  дайындалу  қиынға  соқпауы  керек. 

Көптеген  студенттерге,  әсіресе  үлкен  курстағыларға,  көмекші  құралдар-  бұл  емтихан 

тапсырудың  әдеттегі  бір  бөлігі  болып  кеткен.    Сондықтан,  менің  ойымша,  біз  бірінші 

курстардан  бастап  оларға  ерекше  назар  аударып,    бақылауды  қаталдатуымыз  керек.  Осыған 

байланысты бірінші курс семинары кезінде, кураторлық сағаттарда, емтихан тапсыру тіртібін 

және көмекші құралдар қолданғаны үшін болатын жазаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді  

ұсынамыз.  Емтихандар  қорытындысы  бойынша,  студент-бақылаушылар  тобының  жұмысын 

жүзеге  асыру    арқасында    прокторлар  мен  мұғалімдердің  өздерінің  жұмыстарына  деген 

жауапкершілігі артты. Бірақ бұл тенденция тек бақылаушылар тобының қатысуы кезінде ғана 

байқалды. 

           

Қорытындылай  келе  сессия  өткізу  барысында  мұғалім-прокторлар  жағынан  емтиханға 

кешігу, емтихан кезінде жауапсыздық танытуы, студенттерден көмекші құралдарды қолдануға 

мүмкіншілік берген  жағдайлар кездесті. Сонымен қатар 27 студентке студент-бақылаушылар 

акт  толтырып,  емтиханнан  шеттетілді.  Аталған  студенттер  көмекші  құралдарды  бірнеше  рет 

қолданғаны  үшін,  ұялы  байланыс  құралдарын  пайдаланғаны  үшін  қорытынды  бағалары 

жойылды. 

           

Акцияны  жүзеге  асыру  барысында  студент-бақылаушылар  келесідей  мәселелерге  тап 

болды: 



 

 

1. 



Бақылаушыларды  емтихан  өтіп  жатқан  аудиторияларға  қолындағы  өкімге  қарамастан 

кіргізбеу фактілері; 

2. 

Бақылаушыларға  олардың  емтихандарына  проктор  ретінде  баратынын,  емтиханнан 



құлауы үшін барлығын жасайтынын айтып, қысым жасау фактілері тіркелді; 

3. 


Кейбір  прокторлар  мен  ұстаздар  студент-бақылаушыларға  дауысын  көтеріп, 

ескертулерін елемеген фактілер кездесті: 

4. 

Нұсқаулыққа сәйкес студент-бақылаушы көмекші құралдарды алуға құқысы жоқ, бірақ 



прокторлар бақылаушыларға алғызған фактілер кездесті. 

         

Жүргізілген  жұмыстар  бойынша  есепті  студент-бақылаушылар  тобының  жетекшісі 

бірінші  проректорға  2  күн  сайын  өткізіп  тұрды.  Қорыта  келгенде,  мұғалімдердің  көпшілігі  

студент-бақылаушылардың  емтихандарға  қатысуына  қарсы.  Емтихандарға  студент-

бақылаушылардың  қатысуы  прокторлардың  жұмысына  кедергі  және  олардың  керектігі 

жойылады деп есептейді. Жұмыс қорытындысы бойынша әр емтихан сайын көмекші құралдар 

саны азайып келеді деп тұжырымдауға болады. 

          

Айта кету керек, студент-бақылаушылар тарапынан да қателіктер жіберілді: 

1. 

Кейбір  студент-бақылаушылар  уақытылы  келмей,  емтихандарға  қатыспаған  немесе 



кешіккен  жағдайлар  кездесіп,  өз  жұмысына  жауапсыздық  танытты.  Осыған  байланысты 

технологиялық  кешенінің  кейбір  аудиторияларында  және  гидро  кешенінің  көптеген 

аудиторияларында емтихандар студент-бақылаушылардың қатысуынсыз өтті; 

2. 


Кейбір  студент-бақылаушылар  нұсқаулыққа  қайшы  келсе  де,  көмекші  құралдарды 

емтихан кезінде алып отырды, өйткені прокторлармен ұстаздар тарапынан қысым келгендіктен, 

ал кейбір жағдайларда олардан басқа көмекші құралдарды алатын ешкім болмаған; 

3. 


Бірқатар  студент-бақылаушылар  емтихандарға  қатысқаны  ғана  болмаса,  өзіне  берілген 

міндеттерді  орындаған  жоқ.  Акция  жүргізілген  10  күн  ішінде  есепке  бірде  бір  ескерту 

жазбаған,  студенттерге  емтихан  ережелерін  бұзғаны  үшін  акт  толтырмаған.  Өзіне  берілген 

міндеттерге жауапсыздық танытты. 

        

«Таза  сессия»  акциясы  аясында  ҚР-ның  Жамбыл  облысы  бойынша  Мемлекеттік  қызмет 

істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінен  студенттер  мен  мұғалімдер 

арасында  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізу  үшін  таратылма  парақшалар  алынды. 

Университетіміздің  хабарлама  тақтайшалары  мен  емтихан  өтетін  аудиторияларына 

хабарландырулар, акция жұмысы туралы жадынамалар ілінді. 

         

Университетімізде  емтихандардың  ашық,  таза  өтуі  үшін  «Сенім  жәшіктері»  орнатылып, 

ескертулер мен ұсыныстар үшін қолжетімді болды. Қысқы емтихан уақыты өткен соң барлық 

түскен ақпарат тіркеу офисімен бірге өңделді. 

         

Акция  аясында  студенттер  арасында  емтихандарды  өткізу  және  білім  беру  қызметінің 

сапасын  бағалау  мақсатында  сауалнама  жүргізілді.  Сауалнамаға  1-4  курс  студенттерінен 

алынып,  500  респондент  қатысты.  Өңдеу  жұмыстарынан  кейін,  анализге  480  сауалнама 

қабылданды. Сауалнаманы «Таза сессия» кциясының мүшелері жүргізді.  

16.02.18 

ақпанда  Заң  факультетінің  студенттік  деканатының  ұйымдастыруымен  Құқық 

қоғау  органдарымен,  психолог  мамандар  қатысуымен  жастар  арасында  құқық 

бұзушылықтардың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. 

 

 



 

5. 

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК, ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ 

Дөңгелек үстелдер  Кездесулер  

Іс-шаралар 

Мерекелік кеш 

Шарала

р саны  


Студент 

саны  


Шарала

р саны  


Студент 

саны  


Шарала

р саны  


Студент 

саны  


Шаралар 

саны  


Студент саны  

120 



60 


 



80 

Шаралар саны-8                                                                 Студенттер саны-260 




 

 

 



          

Адамгершілік-рухани,  эстетикалық  тәрбие  әр  адамның  жеке  тұлғалық  қабілетін 

қалыптастыру мен дамыту, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, жеке басы мен өз міндеттеріне 

жауапкершілігін  қалыптастыру.Ең  бастысы  –  адамгершілік  сезімді,  жеке  бастың  рухани 

деңгейін көтеру,  мінез-құлқын толықтыру, түзету.  

2017  жылдың  3  қазан  күні  Мұнай,  газ  және  механика  факультетінің  белсенді 

студенттерінің ұйымдастыруымен қарттар үйінде «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты кездесу 

өткізілді. 

         

2017  жылдың  5  қазан  күні  "Жас  Отан"  ЖҚ-ның  және  "Заң  факультетінің"  белсенділері 

ұстаздарды құттықтау мақсатында арнайы флэшмоб ұйымдастырды. 

         

2017  жылдың  26  қазан  күні  "Нұр  Отан"  партиясы  Тараз  қалалық  филиалы  жанындағы 

"Жас  Отан"  Жастар  қанаты  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің 

бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Рухани кемелденудің жаңа бастауы" атты конференция өтті. 

Шараның  мақсаты:  жастардың  бойында  рухани  құндылықты  қалыптастыра  отырып,  мақсаты 

айқын, келешегі кемел, бәсекеге қабілетті болуға шақыру.  

      


28  қазан  күні  "Жас  Отан"  Жастар  қанаты  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетінің  бөлімшесінің  ұйымдастыруымен  "Рухани  жаңғыру  жалпы  ұлттық  ұстаным" 

атты  қоғамдық  тақылау  өтті.  Шара  барысында  студенттер  мақаланы  тақылап,  латын  қаріпіне 

көшу туралы өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстар айтты. 

      

9  қараша  күні  «Достық»  СЖҰ-ның  ұйымдастыруымен  «Жетім  көрсең  жебей  жүр»  атты 



қайырымдылық кеші № 1 Сарымолдаев балалар үйінде өткізілді.  

      21-

25  қараша  аралығында  «Достық»  СЖҰ-ның  ұйымдастыруымен  «Бірлігіміз  жарасқан» 

атты  ұлттар  апталығы  өткізілді.  Іс-шара  барысында  апталық  мерекелік  концертпен  ашылып, 

ұлттар көрмесі ұйымдастырылды. 

      


26 қараша күні №2 студенттер жатақханасында «Ауызбен орақ орғанша, ісіңмен жарқыра» 

атты интеллектуалды семинар-тренинг өткізілді. 

     

11 желтоқсан күні «Достық» СЖҰ-ның ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл қазынам» атты 



тәуелсіздік күніне орай өткізілген мерекелік концерт өтті.  

02.03.2018ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті "Жас Отан" ЖҚ және 

"Психолония  және  педагогика"  кафедрасы  жанынан  құрылған  "Қыз  Жібек"  қыздар  клубымен 

бірлесе  отырып  дөңгелек  үстел  ұйымдастырды.  Бұл  Н.Ә.Назарбаевтың  "Болашаққа 

бағдар:Рухани  жаңғыру"  бағдарламалық  мақаласында  көрсетілген  үшінші  бағытқа  сәйкес 

"Бүгінгі  бойженкен  -  болашақ  Ұлт  анасы"  тақырыбындағы  тәрбиелік  шара  болды.  Дөңгелек 

үстелді Психология ғылымдарының доценті Тұрдалиева Шолпан Тұрсынбайқызы ашып берген 

болатын.  Еркін  форматта  өткізілген  дөңгелек  үстел  барысында  студенттер  "Ұлдарымыз 

иманды, қыздарымыз инабатты ма? " тақырыбында ой жарыстырып, пікір алмасты. 

 

 



 

 

6. 



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ  

 

  



Қазіргі  таңда  әрбір  жас  азаматтың  бойында  талантты  аша  білу  басты  мақсат.  Осыған 

орай  университетімізде  шығармашылық  белсенділік  процессі  бойынша  ой–өрісті  кеңейтіп, 

тәжірбие алмасуға байланысты түрлі орталықтар жұмыс атқаруда. 

Конкурстар 

 

 

Шарала



р саны  

Студент саны   Шарала

р саны  

Студент саны   Шаралар саны  

Студент саны  



       - 

          - 

 

 

Шаралар саны-2                                                                   Студенттер саны-2  




 

 

Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, 



«Жас  Отан»  жастар  қанаты,  ҚР  Жазушылар  Одағы  және  Алматы  қаласы  әкімдігі  Қазақстан 

Республикасының  Бірінші  Президенті  күніне  және  Тәуелсіздіктің  26-жылдығына  арналған 

«Мен  жастарға  сенемін!»  атты  студентжастардың  патриоттық  форумының  «Мен  жастарға 

сенемін!»  тақырыбында  Молдағалиева  Жұлдыз  студенттік  поэзиялық  азаматтық-патриоттық 

шығармалар байқауында «Б1 жыл тегін оқу грантына» ие болды. 

Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  «Жандану  әлемі»  қорының 

қолдауыцмен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі 

Қазақстан  Республикасының  Бірінші  Президенті  күніне  және  Тәуелсіздіктің  26-жылдығына 

арналған  «Мен  жастарға  сенемін!»  атты  студент  жастардың  патриоттық  форумының  «Мен 

жастарға  сенемін!»  тақырыбында  студенттік  поэзиялық  азаматтық-патриоттық  шығармалар 

байқауынан  «Журналистика»  мамандығының  1  курс  студенті  Әбдір  Шапағат  Қазақстан 

Республикасы  Тәуелсіздігінің  26  жылдығына  және  Тұңғыш  Президент  күніне  арналған  «Мен 

жастарға сенемін!» атты студент жастардың V республикалық патриоттық форумында поэзия 

бойынша «Арқалы ақын» номинациясына ие болды. 

 

7. 

ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ  ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ТӘРБИЕСІ 

 

     



 

 

 



 

 

 



Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру,  ең  әуелі  денсаулықты  сақтауға  және  нығайтуға 

бағытталған  сауықтыру  жолындағы  белсенді  іс-әрекет.  Бұл  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыруда  біздің  университетіміздегі  белсенді  жастарының  қозғалыс  белсенділігін, 

жұмысқа қабілеттілігін жоғарлата қоймай,  зор ықпалын тигізеді.   

        

2017  жылдың  25  қазанында  «Достық»  СЖҰ-ның  ұйымдастыруымен  «Денсаулық-зор 

байлық»  атты  акциясы  өтті.  Акция    барысында  ақпараттық  хабарламалар  таратылып,  қала 

тұрғындарына пайдалы кеңестер айтылды. 

        

30  қараша  күні  «Street  work  out  TarSU»  ұйымының  ұйымдастыруымен  «Street  work  out» 

спорт түрінен факультет аралық жарыс өткізілді. 

      12


.04.2018ж.  Халықаралық  денсаулық  күніне  орай  және  "Қазақстан  студенттерінің 

Альянсы"РСҚ 13 жылдығына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемкелекеттік университетінің 

қабырғасында ұйымдастырылған кіші футболдан "Альянс кубогі" үшін ашық турнир өткізілген 

болатын.  Жалпы  саны  16  команда  қатысқан  ашық  біріншілікте  жоғары  дәрежеде  ойындар 

өткізілді. .Жартылай финалда Мұнай-газ және меxаника командасы Әлеуметтік-гуманитарлық 

ғылымдар факультеті командасына есе жиберсе, Заң факультеті командасы Су шаруашылығы, 

экология және құрылыс факультетінен аса алмады. Тартысты болған финалда есеп 2-2 есебімен 

аяқталып  ,  кубок  тағдыры  пенальтиден  ФГСН  командасы  мерейі  үстем  болып  кубок  иегері 

атанды, ал 3 орынды ФНГиМ командасы 5-2 ұтып турнир аяқталды. 

Жалпы нәтиже: 

1орын- Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті 

2орын –Су шаруашылығы, экология және құрылыс факултеті 

3орын- Мұнай, газ және механика факультеті 

Үздік ойыншы: 

Өтепберген Әбділдә -Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті 

Үздік қорғаушы: 

Нәдірқұл Алғадай - Мұнай, газ және механика факультеті 

Конкурстар 

Акциялар 

Шаралар 


саны  

Студент саны  

Шаралар саны   Студент саны  

130 



30 


Шаралар саны-3                                              Студенттер саны-160 


 

 

Үздік қақпашы: 



Сатыбалды Абзалы -Су шаруашылығы, экология және құрылыс факултеті 

Турнир қорытындысы бойынша команда мен ойыншыларға бағалы сыйлықтар табысталды. 

 

 

 



8. 

ЖАТАҚХАНА 

 

 

 



 

 

 



 

 

2017  жылдың  қыркүйек  айында  университеттің  №1  және  №2  жатақханаларында  жастар 



ұйымдары студенттерге таныстырылды. Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері мен деканның 

тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары, әлеуметтік және тәрбие бөлімінің мамандыры қатысып, 

студенттік кеңес төрағаларын сайлады. 

Қараша  айында  «Достық»  СЖҰ-ның  ұйымдастыруымен  №2  жатақхана  студенттері 

арасында  «Ең  үздік  бөлме»жарыс  байқауы  ұйымдастырылды.  2-4қабат  бойынша  қыздар 

бөлмелерін  безендіріп,  белсене  қатысты.  «Ең  үздік  бөлме»  номинациясы  310  бөлме  қыздары 

жеңіп алды.  

      


2017  жылдың  6-7  желтоқсан  күндері  М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ  ректоры,  п.ғ.д., 

профессор  М.Н.Сарыбековпен  №1  және  №2  жатақханаларында  кездесу  ұйымдастырылды.  

Кездесуге факультет декандары, деканның тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары қатысты.

 

 



Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысын оңтайландыру мақсатында анықталған мәселелер:  

1. 


Студенттік  жастар  ұйымдарының  жұмысын  арттыру  мәселесі.  Бірнеше  жастар 

ұйымдарының  мүшелерінің  санын  арттыру.  Көрсетілген  ұйым  мүшелерімен 

«Көшбасшылық»,  «Топпен  жұмыс»  тренингтерін  жүргізу.  2017-2018  оқу  жылына 

арналған  жұмыс  жоспары  бойынша  іс-шараларына  дайындық  жұмыстарын  жүргізуге 

ықпалдасу.  

2. 


Жастар  ісі  жөніндегі  комитет  жанындағы  студенттік  кеңестердің  беделін  арттыру. 

Комитет  отырыстарына,  кеңейтілген  жиналыстарға  студенттік  кеңес  төрайымдарын 

қатыстыру.  Жұмыс  жоспарын,  берілген  тапсырмаларын  орындауға  ықпалдасу. 

Университетіміздің жастар ұйымдарының лидерлері, студенттік декандармен студенттік 

кеңес жұмысын  оңтайландыру және арасында байланыс орнату мәселесін көтеру.  

3. 


Комитет  жұмысын  БАҚ-ы  арқылы  кеңінен  насихаттау.  Комитет  жанынан  жауапты 

жұмыс тобын құру. Кез келген іс-шараларды ақпараттық сүйемелденуін қамтамасыз ету.  

 

 

 



 

 

  



Жастар ісі жөніндегі   

  

комитет төрағасы                                                                                           А.Б.Ултанбаев 

Кездесу 


Байқаулар  

Шаралар саны   Студент саны   Шаралар саны  

Студент саны  

150 



60 


Шаралар саны-2                                                Студенттер саны-210  

Document Outline

  • 26 сәуір күні "Кітап-асыл қазына" атты белсенді жастар бастамасымен интеллектуалды кеш өтті. Аталған іс-шараның маңыздылығы студенттердің кітапқа деген қызығушылықтарын ояту. Кітапқұмарлардың сапасын, санын арттыру. Кешімізде облысымызға белг...

жүктеу 219,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау