бейімдейтін кешенді білім-білік қалыптастырады. Әлеуметтік зерттеу методы қазіргі
информациялық технология кезеңіндегі болып жатқан өзгерістерге сәйкес, мамандардың
кәсіби біліктілігімен қатар қоғамдық ортадағы әлеуметтік-экономикалық процестердің
дағдыларын игеру мәселесі туындап отырғандықтан, олардың жаһандану саясатының
алдында жетекшінің әлеуметтендірудегі мәселелерін шеше білуге үйрету, әлеуметтік
ортадағы коммуникативті қатынастарын қалыптастыру.
Пререквизиттер: Шетелдік әлеуметтану тарихы, Әлеуметтанудағы әлеуметтік
статистика,
Постреквизиттер: Қоғамның әлеуметтік құрылымы, Қоғамдық пікір мәселелерін
зерттеу әлеуметтануы
Оқытушы:
Ахметова Ж.Ш
30.3 Пән атауы:Әлеуметтік экология (3кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты:Социологияны оқып үйренудегі мақсаты – студенттер өзімізге
бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы күнде кездесетін әдетті
қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуі, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта-
жігерді арттыру. Байбына бармай, адасуды алданыш етуге апарып соғатын себептердің бірі –
күрделі қоғамдық қатынастарға жеңіл қарау, олардың мән-жайын терең түсінуден іргені
аулақ салу,еңжарлық, немқұрайдылық қарамау.Осылардан арылу тұрғысынан студенттердің
ынтасын әлеуметтік мәселелерді ғылым тұрғысынан қарауға бағыт сілтеу керек.
-
студенттерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын
түсіндіру.
-
қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда
болуы табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдаудағы
әлеуметтанулық түсініктерден хабардар ету:
-
әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен
жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп,
оларды талдай алуға үйрету.
-
тұлға жөнінде, әлеуметтік формаларын, бағыттары мен ерекшеліктерін,
әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формаларын талдаудағы
әлеуметтанулық түсініктерден ғылыми хабар беру:
-
әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін үйрету.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары).Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың
ішінен, әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым-
әлеуметтану маңызды орынды иеленеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігін
тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімнің рөлін арттырады. Әлеуметтану
адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып,
қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені,
институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез келген құбылысты адамдық тұрғыдан
қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарын көруге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкі
конституциялық қағидаларын тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.
Әлеуметтану қоғам туралы ғылым болғандықтан, бұл пәнді оқып студенттердің меңгеруі
оларға өз ортасын тануына, қоғамдағы әртүрлі оқиғалар мен жағдайларды түсінуіне септігін
тигізеді.
Күтілетін нәтижелері Пәнді оқып үйрену барысында білімгерлер экологиялық
қажеттіліктің мінездемесін, адамның әлеуметтік ортаға бейімделуін, адамның әлеуметтік
ортадағы мінез-құлқын реттейді. Осы пәнді игеру барысында алған білімдер болашақта
студенттерге мамандық пәндерін оқып үйренуге негіз бола алады, әлеуметтік тұрмыстық
және қалалық орта және тұрғын үй ортасымен жұмыс істеу ортасын бөліп көрсетеді.
Пререквизиттер: Шетелдік әлеуметтану тарихы, Әлеуметтанудағы әлеуметтік
статистика,
61
Постреквизиттер: Қоғамның әлеуметтік құрылымы, Қоғамдық пікір мәселелерін
зерттеу әлеуметтануы
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Жанысбеков Ә.
31.1 Пән атауы: Қоғамдық пікір мәселелерін зерттеу әлеуметтануы (3кредит, 135
сағат)
Оқытудың мақсаты: қоғамдық өмір феномені – қоғамдық пікір туралы толық
мәлімет беру, оларды қоғамдық пікірді өз бетінше талдауға үйрету.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Қазіргі қоғамда және ғылыми білімдер
жүйесіндегі қоғамдық пікірдің ролі мен мәні. «Қоғамдық пікір» ұғымының қалыптасуы және
дамуы. Қоғамдық пікір ұғымының анықтамасы. Қоғамдык пікірді зерттеудегі
методологиялық қадамдарды таңдау мәселесі. Қоғамдық пікірдің объектісі және субъектісі.
Теориялык талдау мен қолданбалы зерттеулерде оларды анықтаудың шегі. Қоғамдық пікір
жүйе ретінде. Қоғамдық пікір әлеуметтік институт ретінде. Қоғамдық пікір әлеуметтік үрдіс
ретінде. Қоғамдық пікірдің функциялары. Оларды жүйелендіру мәселесі. Қоғамдық пікірді
талдауда әрекеттік қадам. Қазіргі әлеуметтануда қоғамдық пікірді зерттеудің әдістемелік
мәселелері. Қоғамдық пікірді өлшеу технологиясы. Қоғамдық пікір және ғаламдану.
Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы бұқаралық коммуникациялар мен БАҚ ролі . Қоғамдық
пікір және ақпараттық технологиялар. Әлемдік желі. Қазіргі замандағы қоғамдық пікірді
қалыптастыру механизмдері. Имидж.
Күтілетін нәтижелері: білім алушы пәнді меңгергеннен кейін білуі керек -қоғамдық
пікір әлеуметтануының объектісін, пәнін, әдістері мен міндеттерін; арнайы әлеуметтік
институт ретіндегі қоғамдық пікірдің мәні мен ерекшеліктерін; қоғамдық пікірді зерттеудегі
әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану ерекшіліктерін.
Пререквизиттер: Әлеуметтанудың әдіснамасы мен әдістері, Теориялық әлеуметтану
тарихы
Постреквизиттер: Өндірістік (педагогикалық) практика
Оқытушы: Ахметова Ж.Ш
31.2 Пән атауы: Қоғамдық пікір әлеуметтануы теориялық- әдістемелік
мәселелері
(3кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты: ерекше қоғамдық институт ретінде қоғамдық пікірдің
қалыптасуы, қызмет ету механизмдері, объектілері мен субъектілері, құрылышы туралы
мәлемет беру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Қоғамдық пікір әлеуметтануы- арнайы
әлеуметтануылық теория ретінде. Қоғамдық пікір әлеуметтануы нені зерттейді. Қоғамдық
пікір және қоғам. Қоғамдық пікірді зерттеу ерекшеліктері. Қоғамдық пікірді зерттеудің
теориялық негіздері. Қоғамдық пікірдің даму тарихы. Ресей мен Батыс елдерінде қоғамдық
пікірді зерттеу. Қоғамдық пікірдің қызметтері. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және
қоғамдық пікір. Қоғамдық пікірдің қалыптасу механизмі. Қоғамдық пікірді
әлеуметтанушылық зерттеулер. Әлемдік қоғамдық пікір. Қоғамдық пікірді зертеудің
мәселелерін әлеуметтанушылық талдау.
Күтілетін нәтижелері: білім алушы пәнді меңгергеннен кейін білуі керек - қазіргі
кездегі өзекті мәселелер бойынша қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерін талдай алуы;
қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерін тәжірибеде және кәсіби салада пайдалана білуі керек.
.
Пререквизиттер: Әлеуметтанудың әдіснамасы мен әдістері, Теориялық әлеуметтану
тарихы
Постреквизиттер: Өндірістік (педагогикалық) практика
Оқытушы:
Ахметова Ж.Ш
62