198
Жоғарыдағы кесте көрсеткіштері аймақтық экономикалық дамудың біркелкі еместігін
сипаттайды. Егер Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар
облыстары, Алматы жəне Астана қалаларындағы жан басына шаққандағы ЖАӨ көлемі
орташа республикалық деңгейден 1,5 есе көп болса, онда Қостанай, Ақмола, Солтүстік
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында орташа республикалық деңгейден екі есе аз.
Берілген жағдайдың ушығуына дүниежүзілік экономикалық дағдарыс себепші болды, ол
шаруашылықтың барлық салаларына əсерін тигізіп, аймақтың даму басымдықтарын, қызмет
ету ерекшеліктерін өзгертті.
Жалпы аймақтық өнімнің негізгі үлесі жетекші аймақтарға шоғырланған, олар:
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары, Алматы
жəне Астана қалалары жəне 68,6%-ды құрайды.
Əлемдік қауымдастық ақырғы он жылдықта экономикалық өсудің жинамикасы мен
сапасында, оның ішінде аймақтық тұрғыда инновациялық жаңарудың жағымды жақтары
білінуде. Қазіргі кезде модернизациялау бағытында өз саясаттарын жүзеге асырып отырған
елдер мен аймақтар инновация есебінен жалпы ішкі өнімнің 85% өсуін қамтыған
экономикалық даму тиімділігінің өсуін жəне жоғарғы қарқынын көрсетеді. Сондықтан
қазіргі жағдайда ұлттық экономиканың инновациялық дамуын қамтамасыз ете алатын
мемлекеттік аймақтық саясаттың қалыптасуы ҚР үшін ең қиын, сонымен қатар маңызды
шара болып табылады.
SWOT-талдау əдісі бойынша жүргізілген аймақтардың ішкі ортасын зерттеу
индустриалды-инновациялы даму көрсеткіштерінің келесідей топтамасын 5-кестеге сəйкес
табуға мүмкіндік берді.
Нарықтық жағдайда экономиканың дамуы елдің жеке территориялы-шаруашылық
жүйесін бəсекелестік басымдылық ретінде, сонымен қоса олардың кемшіліктерін нарыққа
бейімделудің əртүрлі мүмкіндіктерімен байланысын шығарды.
Кесте 2
Қазақстан аймақтарының инновациялық даму факторлары
Күшті жақтары
Əлсіз жақтары
Табиғи шикізаттардың бар болуы
Ғылым мен өндіріс арасындағы үйлеспеушілік
Халықтың жоғарғы білім деңгейі
Инновацияның ұлттық, аймақтық жəне салалық
деңгейлерін бағыттаушы жүйенің жоқтығы
Саяси тұрақтылық
Мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге
асыру бірізділіктің жетіспеуі
Елдің индустриалды-инновациялық жүйесін
дамуды мемлекеттік қолдау жəне ынталандыру
Технология трансферті ортасында нашар
инновациялық мəдениет жəне мамандандырылған
қызметкерлердің жетіспеушілігі
Мүмкіндіктер
Қауіп-қатер
Ғылым мен өндіріс арасындағы қарым-
қатынастың өсуі
Дамыған мемлекеттерде ғылыми-технологиялық
жəне өндірістік деңгейлердің алшақтығы
Жаңа технологиялар есебінен еңбек өнімділігін
көтеру
Экономиканың шикізатты бағыттылығын нығайту
Бəсекелестік басымдық есебінен болашақтағы
жоғары технологиялық саладағы көшбасшылық
Инженерлі-техникалық мамандықтар-дың төмен
мəлімділігі жəне интеллектуалды ресурстардың
шетелге ағылуы
Интеграциялық үдерістер есебінен (Кедендік одақ,
ƏСҰ) жоғары технологиялық өнімді сату
нарығының өсуі
Шетелдік жоғары технологиялы компаниялар
жағынан бəсекелестіктің өсуі
Интеллектуалды ресурстарды қайтару үшін
жағдай жасау
Мемлекеттік саясатта басымдықтардың ауысуы
жəне жеткіліксіз қаржыландыру
199
Зерттеу негізінде мемлекет аймақтарының индустриалды-инновациялық дамуында
келесі мəселелер анықталды:
-
қазіргі замандық инновациялық жəне өндірістік инфрақұрылымның болмауы;
-
өндірістік аппараттардың технологиялық жəне техникалық жетіспеушілігі;
-
ғылыми-зерттеу
жəне
тəжірибелік-құрамдастық
жұмыстарға
қаржыландырудың жетіспеушілігі;
-
зерттеу қызметкерлері сапасының нашарлауы, жастардың ғылыми қызметке
қызығушылығының төмендеуі;
-
елдің инновация-технологиялық даму жəне т.б. облыстарда құрылымға
жауапты жəне біріккен мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталықтың болмауы.
Қазіргі
заманда
Қазақстан
экономикасының
өзгеру
жағдайында
жəне
шаруашылықтың бəсекелестік жүйесінің қалыптасуында оның көп салалы экономикасының
түбегейлі өзгеруі орын алуда. Ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін көтеруде негізгі
рөлді технологиялық өзгерістер алады. Осыған байланысты, Қазақстанда индустриалды-
инновациялық дамуға өту, жоғары технологиялық өзгерістерді, инновациялық əзірлемелерді
жəне кəсіпкерлікті демеуге бағыттауға тапсырмалар қойылған.
Осылайша, Қазақстанның дамуына тəн сипат аймақтардың экономикалық дамуы мен
олардың тұрғындарының өмір сүру сапасы деңгейлері арасындағы айырмашылық болып
табылады. Бұл жерде əлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша аймақтардың
əртараптануы бір көрсеткіштер бойынша бірталай уақыт жоғары болып сақталады, дəл сол
уақытта басқа көрсеткіштер бойынша əртараптану ұлғая түседі.
Аймақтарды қолдаудағы мемлекет талпыныстарының ақырғы нəтижесі – депрессивті
жəне əлсіз дамыған аймақтардың жаңа жұмыс орындарын ашу жəне қолданыстағыларын
сақтап қалу, инфрақұрылымды дамыту, экономиканы əртараптандыру, жергілікті салық
базасын кеңейту жəне т.б. арқылы тұрақты «өздігінен» дамытуға қол жеткізіледі. Мұның
барлығы сонымен бірге аймақтардың экономикалық тұрақтануын қамтамасыз етудің өзекті
мəселелерін шешуге септігін тигізеді.
Əдебиеттер:
1.
«Қaзaқстaн-2050» стрaтeгиясы – қaлыптaсқaн мeмлeкeттің жaңa сaяси бaғыты» ҚР
Прeзидeнті – Н.Ə.Нaзaрбaeвтың Қaзaқстaн хaлқынa Жолдaуы (2012 ж 14 жeлтоқсaн).
2.
Есентугелов А. Диспропорции в развитии: Мангыстауская область //Экономические
стратегии – Центральная Азия. – 2013. – № 1. – С. 86 – 94.
3.
Брошюра «Регионы Казахстана». Астана, 2014. – 28б.
4.
Абдуллаева Г.Д. Региональная экономика: учебное пособие. Астана, 2012. – 156б.
EFFECTS OF GLOBALIZATION ON BUSINESS MANAGEMENT
Karkinbayeva Sh.I., Auyezova K.T., Mashkalova B.K., Bakbergenova A.D.
Eurasian National University,
Astana, Republic of Kazakhstan
Е-mail:
sholpanka_k@mail.ru
The worldwide workplaces has changed vastly over the past decade. Organizations are
more global and employees are more diverse than ever before. Organizational structures are less
hierarchical and more collaborative. And today’s networked offices are full of technological
distractions that would have been unimaginable to the 20th-century manager.
Globalization in short, points to the whole effort towards making the world global
community as a one village. Goods that were only found in western countries can now be found
across the globe. Now under developed areas can enjoy the benefits of scientific advances and
industrial progress available in developed countries for the improvement and growth of their areas.