Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет40/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   219

82

Экономикалық  теория  тұрғысынан  қарағанда, бəсекелестік  ортаны  екі  деңгейге

бөлуге болады ол – жетілген бəсеке ортасы жəне жетілмеген бəсеке ортасы. Қазақстанда əлі

де  болса  жетілмеген  бəсекелістік  орта  сипаты  басым  байқалады. Яғни, ірі  компаниялар

ұлттық нарықта негізгі «ойыншы» болуда, монополизмнің басымдылығы, олардың салдары

ретінде өңдеуші өндіріс салаларының дамуының баяулығы, кіші жəне орташа кəсіпкерлік іс-

əрекеті қарқынының төменділігі.

Жекешелендіру  ұлттық  экономикадағы  мемлекеттік  монополизмді  шектеп,

бəсекелестік ортаның қалыптасуына, кəсіпкерліктің  дамуына  тың серпін береді.

Осыған  орай  республикамызда  экономикадағы  мемлекет  үлесін  дамыған  елдер

деңгейіне дейін азайту арқылы бəсекеге қабілеттілікті арттыру, бизнестің дамуына дем беру

мақсатында  жекешелендірудің  екінші  кезеңі  басталды. Бұл  кезең  Үкіметтің 2014 - 2016

жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын бекітуден басталды.

Онда, біріншіден, коммерциялық 

кіріс 

түсуге 


бейімделген 

мемлекеттік

компанияларды  жекешелендіру  көзделді. Екіншіден, стратегиялық  маңызы  жоқ  бейінді

активтерді жеке секторға өткізумен қатар, холдингтер мен ұлттық компаниялардағы бейінді

емес  активтер  мен  нысандарды  сатуды  аяқтау  қарастырылды. Осылайша  мемлекет  иелігін

тиімді  құрылым  етіп  қайта  жасақтау  мақсатында  қалған  мемактивтерді  қайта  құру  жүзеге

асырылуы тиіс. Нəтижесінде мемлекет иелігінде экономика саласында стратегиялық маңызы

бар нысандар мен əлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер ғана қалатынын жоспарлады

[2].

Қазіргі  күні  аталған  жоспарға  сəйкес, мемлекет  меншігіндегі  мүлік  пен  активтер,



ұлттық компаниялар мен холдингтердің нысандары жалпыға ортақ сатылымға шығарылуда.

Үкіметтің 2014 жылғы 12 мамырдағы  қаулысымен  жекешелендіру  бағдарламасы  аясында

«Самұрық-Қазына» АҚ-тың тізіміндегі 106 компанияның түрлі үлесі сатылды. Соның ішінде

5  компанияны  ІРО  мен  SPO-ға  шығарылды.  2015  жылы  «Қазақстан  темір  жолы»  АҚ

құрамындағы 4 компания, «Қазатомөнеркəсіп» АҚ  құрамындағы 2 жəне «Қазақстан

инжиниринг» АҚ  құрамындағы 4 компания  сатылымға  шығарылды. Жалпы 2014-2015

жылдар аралығында бəсекелестік нарығына Қордың жалпы құны 50,8 млрд теңгені құрайтын

16 бейіндік емес активі жəне 19 нысаны шығарылды.

Елімізде  қолға  алынған  жекешелендірудің  екінші  кезеңі  барысында  жеке  меншікке

сату, қайта  жасақтау  жəне  мемлекеттік  кəсіпорындарды  жою  арқылы  республикалық

мүліктік  ұйымдар 28 пайызға  қысқарса, əлеуметтік  саладағы  ұйымдарды  есепке  алмағанда

ұйымдардағы  мемлекеттің  қатысуы 38 пайызға, ұлттық  холдингтердегі  мемлекеттік

компаниялардың саны 36 пайызға қысқарады деп күтілуде

[3].


Мемлекеттік  компанияларды  сату  бəсекелестік  нарығында  жаңа  ойыншылардың

пайда  болуына  жол  ашары  сөзсіз. Оның  ішінде  жекешелендірудің  осы  жаңа  кезеңі

экономикамыздың  кейбір  салаларына  жеке  инвестицияларды  тарту  мүмкіндігі  ретінде

қаралып  отыр. Сонымен  қатар, жекешелендіру  жекелеген  тауар  нарықтарында

бəсекелестіктік  ортаны  дамуына  ықпал  етеді. Яғни, мемлекеттің  жекешелендіру  саясаты

бəсекелестік ортаны қалыптастыруда маңызы зор.

Республикада 

мұнай


өнімдері 

нарығы 


бірнеше 

компаниялармен

монополияландырылған  жəне  қазіргі  уақытта  нарық  субъектілері  мұнай  өнімдерінің

жекелеген  түрлерін (бензин, дизель  отыны, авиакеросин) өткізу  бойынша  үстем  немесе

монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген.

Мұнай  өнімдерінің  көтерме  саудадағы  айналымы  жаппай  аффилиирленген

компаниялар  арасында  жүзеге  асырылады. Мұнай  өнімдері  əр  қадам  сайын  бірте-бірте

қымбаттай отырып, зауыттан авто жанар-жағармай құю станциясына (АЖҚС) дейін сатудың

барлық  тізбегінен  өтеді. Агенттік  тұрақтандыру  шарасын  қолдану  шеңберінде  ЖЖМ-ді

өткізу  нарығындағы  бəсекелестік  деңгейіне  талдау  жүргізді, онда  бірқатар  проблемалар

анықталды:

1) бəсекелестіктің дамымағандығы;

2) мұнай өнімдерін өткізу нарығының жоғары аффилиирленуі;

3) мұнай өңдеу зауыттарының инфрақұрылымына шектеулі қол жетімділік;




83

4) Қазақстанның  мұнай бойынша  жəне жоғары  октанды бензин, авиациялық керосин

бойынша  импортқа  тəуелділігі, бұл  аталған  нарықтағы  жағдайды  толық  көлемде  реттеуге

мүмкіндік бермейді;

5) бəсекелестікке қарсы келісілген іс-əрекеттердің болуы.

ЖЖМ-ді өткізумен айналысатын бірқатар нарық субъектілеріне қатысты материалдар

бəсекелестікке қарсы келісілген іс-əрекеттер белгілері бойынша Қаржы полициясына берілді.

Жүргізілген талдаулар мұнай өнімдерін тұтыну кезінде мұнай өнімдерін өндіру мен сұраныс

құрылымы  арасында  белгілі  бір  теңгерімсіздіктің  бар  екендігін  көрсетті, бұл  өндіріс

тапшылығының  өсуімен  сипатталады. Жоғары  октанды  бензин  жəне  авиациялық  керосин

тапшылығымен байланысты жүйелі проблемалар шешімін таппай отыр

[3].


Соңғы  жылдары  жоғары  октанды  бензинді  тұтынудың  өскені  байқалады: ішкі

нарықтың  жалпы  өндіретін  көлемінің 40 %-ға  жуығын  жоғары  октанды  бензинді  импорт

құрайды, бұл  қазақстандық  кəсіпкерлерді  мұнай  өнімдерінің  тапшы  көлемін  импорттауға

мəжбүрлейді. Бұдан басқа, еліміздің үш негізгі МӨЗ-і импортталатын мұнайды өңдейді.

Павлодар  мұнай-химия  зауыты  географиялық  ерекшелігі  бойынша  батыс-сібір

мұнайын (РФ) өңдеу  үшін  құрылды  жəне  тек  ресей  мұнайымен  жұмыс  істейді. Сонымен

қатар, Қазақстанда мұнай өндірудің үлкен көлеміне қарамастан (жыл сайын 65 млн. тоннаға

жуық) ресейден  шығарылған  мұнайдың  мұнай  өңдеудің  жалпы  көлемінің 30 %-ға  жуығын

Шымкент  МӨЗ-і («ПетроҚазақстан  ойл  Продактс» ЖШС), 9 %-ға  жуығын  Атырау  МӨЗ-і

өңдейді, бұл отандық мұнаймен салыстырғанда едəуір жоғары баға бойынша импортталады

жəне елдегі мұнай өнімдерінің соңғы құнының көтерілуіне əкеледі.

Мұнай  өнімдерін  өндіру  жəне  тұтыну  көлемдерін  дұрыс  теңгерімдемеуден  зауыт

қоймаларында  мұнай  өнімдерінің  белгілі  бір  төмен  октанды  түрлерінің  артық  қорын

сақтаумен  байланысты  тағы  бір  проблема  бар, бұл  МӨЗ-дің  толық  қуатта  жұмыс  істеуіне

мүмкіндік  бермейді. Мұнай  өнімдерінің  жекелеген  түрлеріне  бағаны  тұрақтандыру

(төмендету) мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  атына  мұнай  өнімдері

нарығындағы делдалдарды жою бөлігінде «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді

жəне олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына

толықтыру енгізу туралы ұсыныс жіберілді.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы  № 958

Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасын  үдемелі  индустриялық-инновациялық

дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан əрі -

ҮИИДМБ) бекітілген  бəсекелестікті  дамыту  жөнінде  қойылған  міндеттерді  іске  асыру

мақсатында отандық МӨЗ-ді жаңғырту жəне қайта құру көзделген.



Əдебиеттер:

1. Лифшиц  И.М. Конкуренция  и  конкурентноспособность». - Минск: ООО "Новое  знание",

2001 – 111с.

 2. Раздорский О.С. Оценка и повышение конкурентоспособности товаров Самара 2002 – 88с.

3. ОАО «Лукойл» Отчет о деятельности 2014 г.

НАРЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖƏНЕ ФИРМАНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ

Құраш Н.П., Тлесова Э.Б.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.,

Қазақстан Республикасы

E-mail: naz-9393@list.ru, T.ilvira@mail.ru

Қазіргі  уақытта  елімізде  бəсекеқабілетті  өнімдерді  өндіруге  негізделген  жаңа

ақпараттық  технологияларды  игеру,  республикамыздың   

индустрия  жəне  ғылыми

техникадағы  əлеуетін  дамыту  басты  стратегиялық  міндеттердің  бірі  болып  отыр. Əлемде

инновациялық  қызмет  экономикалық  өсу  мен  бəсекеқабілеттілікті  қамтамасыз  ететін



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау