86
Суретте көріп отырғанымыздай, 2004 жылдан бастап 2007 жылға дейін бірқалыпты
өсу байқалады. Алайда 2008-2009 жж. Қазақстан Республикасында инновациялық
белсенділік деңгейіне дағдарыс тиісінше əсер етіп, 4,0%-ды құрады. Сонымен, 2009 жылы
инновациялық белсенділік деңгейі 4%-ды құраса, 2013 жылы ол 8%-ды, ал 2014 жылы 8,1%
құраған. Яғни соңғы 5 жылда екі есеге артқан.
Қазақстан фирмаларындағы инновациялық белсенділікті арттырудағы олардың
артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады:
·
республикада мол табиғи ресурстардың болуы;
·
университеттер, академиялық институттар мен басқа да ғылыми мекемелердің
дамыған желісі;
·
инновация саласындағы белсенді мемлекеттік қолдау саясаты;
·
шикізат ресурстарына қолы жетімсіз бизнес-элитаның күшеюі.
Ал кемшіліктеріне келер болсақ, оған келесілер жатады:
Ø
əлсіз инновациялық тəуекел-менеджменттегі, маркетингтегі жоғары тəуекел
деңгейі;
Ø
инновациялық қызметпен айналысатын мамандардың төмен үлес салмағы;
Ø
шағын венчурлық бизнестің дамымағандығы;
Ø
отандық өндірушілердің төмен инновациялық қабылдағыштығы;
Ø
отандық ғылыми жасаулардың төмен бəсекеге қабілеттілігі мен шетелдік ескі
технологиялар мен жабдықтарды сатып алуы;
Ø
шектеулі қаржылық жəне материалдық мүмкіндіктер.
Инновациялық белсенділікті арттырудағы мүмкіндіктер:
o
өңдеуші сала фирмаларының жоғары ғылыми сыйымдылықпен дамуы;
o
университеттер айналасында «инновациялық белдеулерді» қалыптастыру;
o
жергілікті кəсіпкерлердің іскерлік белсенділігін ынталандыру;
o
жоғары технологиялық салаларға қаржылық жəне менеджерлік ресурстардың
ағымы мен қызығушылығының жоғарылауы.
Инновациялық белсенділікті арттыруға кедергі келтіретін қауіптер:
v
фирманың сапалы инновациялық дамуының «тоқтауы»;
v
инновациялық үдерісті тиімсіз ұйымдастыру;
v
жаңа идеялардың, технологиялардың шетелге «кетуі» жəне қазақстандық
ғалымдардың шетел мемлекеттері үшін интеллектуалды донорларға айналуы;
v
жаһандану жағдайында ел экономикасы салаларының бəсекеге қабілеттілік
мəселелерінің тереңдеуі.
Бүкіл əлемде инновациялық даму фирмалардың бəсекеге қабілеттілікті тұрақты түрде
ұстап тұру мен жоғарылату қажеттілігімен байланысты.
Сонымен бірге инновацияларды қолдану фирмаларға нарықта тиімді бəсекеге түсуге,
жаңа тұтынушыларды тартуға, қаржылық нəтижелерді жақсартуға мүмкіндік береді.
Фирманың бəсеке қабілеттілік деңгейі едəуір көлемде фирманың технологиялық деңгейіне
тəуелді.
Əдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Астана. –11 қараша 2014 жыл.
2. Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту-дың 2015-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. –31 желтоқсан 2013 жыл. – № 1497.
3. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми сайты // www.stat.gov.kz.
87
ИНТЕГРАЦИЯЛАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ
Махамбетжан А.Қ., Хойч А.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: aidana-92_kz@mail.ru
20 ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми-техникалық прогресстің негізіндегі
экономикалық потенциал адам өмірінің барлық саласындағы өзгерістерге алып келді. Осыған
дейін тек қана ұлттық, өңірлік деңгейде қарастырылатын мəселелер қазір барлық
мемлекеттердің мүддесінде. Интеграциялану, жаһандану əлемдік саясаттың басым
факторына айналуда. Сондықтан қазіргі елдер арасындағы қарым-қатынастың мəселелері
егеменді елдің ұлттық мүдделері мен интеграциялық өзара қарым-қатынастардың
мақсаттары мен қағидаттары арасындағы қатынасы болып табылады.
Тəуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан Біріккен Ұлттыр Ұйымының мүшесі, ТМД
қатысушысы, Ресей жəне Беларусь Республикасымен Кедендік Одаққа бірікті, осы үш
мемлекет аясында өнім өткізу нарығын кеңейту мен сауданы дамыту мақсатында Бірыңғай
экономикалық кеңістік құрды, Армения, Беларусь Республикасы, Қырғызстан жəне Ресей
мемлекеттерімен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) бірікті, Қытай мемлекетімен
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) бірікті, 2015 жылдың 30 қарашасынан бастап
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ресми мүшесі болып кірді жəне қазіргі таңда
Еуропалық Одақпен серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейтуге қол қойды.
Еліміздің ұлттық экономикасы халықаралық еңбек бөлінісіне, халықаралық
инвестициялық ынтымақтастық пен халықаралық сауда айналымына белсенді қатысуға
тырысып келеді. Аталған процестерге мемлекеттің тиімді қатысуы үшін əлемдік нарықтағы
ағымдай жағдайды, заманауи тенденцияларды жəне əлем экономикасы дамуының негізгі
бағыттарын ғана ескеріп қоймай, перспективалық талдау негізінде əлемдік экономикалық
процестердегі мүмкін өзгерістерді болжай білу қажет.
Ашық
экономика
жағдайында
Қазақстанның
əлем
шаруашылығына
интеграцияланудағы стратегиялық мақсаты ұлттық экономикамыздың бəсекеге қабілеттілігін
арттыру болу қажет. Өндірістің бəсекеге қабілеттілігі тек қана экспортқа ықпалдаспай, ішкі
нарықтағы шетелдік жеткізушілерге лайықты бəсекелестікке тұруы керек. Ұлттық
экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттырудың алғышарттары ретінде тек табиғи
ресурстар мен арзан еңбек күшін қарастырмай, білім мен ғылыми-техникалық əлеуетке назар
аударған жөн.
Дегенмен, айқын артықшылықтарға ие халықаралық интеграцияланудың да белгілі
бір кемшіліктері бар. Мысалы, ірі мықты деген трансұлттық корпорациялар (ТҰК) өзінің ірі-
ірі əр елдер мен құрлықтардағы филиалдарымен əлемдік нарықтағы дайын өнімді жеткізуші
басты компанияларға айналады. Оның салдарынан ұлттық экономиканың дəстүрлі
салаларындағы өнімдер өзінің бəсекеге қабілеттілігін жоғалтады жəне халықаралық еңбек
бөлінісі деңгейі төмендейді. Сондықтан сыртқы экономикалық байланыстардың кеңейуі бір
жағынан халықаралық капитал ағымын арттырады, екінші жағынан, ұлттық экономиканың
əлсіздігін арттырады [1].
Ұлттық экономиканың интеграциялануында экспорттың құрылымын жақсарту мен
импортталатын тауарлардың орнын басатын тауарларды өндіруді арттыруы маңызды рөл
атқарады. Демек, ұлттық экономиканың тұрақты дамуында да экспорт пен импорттың алар
орны ерекше. Себебі интеграциялану нəтижесінде ұлттық экономиканың дамуы артуы да
кемуі де мүмкін, яғни, интеграциялық процестер ұлттық экономиканың тұрақты дамуына бір
із қалдырары сөзсіз.
Аймақтық экономикалық өзгерістер де ұлттық экономикамызға өз əсерін қалдыруда.
Кеден Одағымен интеграциялануымыз Қазақстанға Ресейдегі экономикалық өзгерістерді