397
құтылуға көмектеседі. Кəсіпорын капиталының құнын көтеру жолдарын келесі түрде
тұжырымдауға болады. Ол:
1.
Кəсіпорынның салынған капиталын есептеу үшін, ағымдағы құны
(бухгалтерлік түсінік бойынша) бұл, негізгі қорлар бойынша, есептелген тозу сомасын
шегергендегі теңгерімдік құны. Кəсіпорынның меншікті капиталының құрылымындағы аса
маңызды болатын, тозуды жəне кəсіпорынның негізгі қорларының өтемпұлын азайтатын
барлық əдістер, ағымдағы құнды жоғарылату əдістері болып табылады.
2.
Нарықтық құн бұл, табыстылықтың, қауіптілік дəрежесін, қаржылық салымдар
жəне с.с. есепке ала отыратын болашақтағы құн. Мұндағы құнды жоғарылау жолдары
келесілер - өндірістің табыстылығы мен пайдалылығын, сонымен қатар, кəсіпорын
қаражаттарының айналымдылығын ұлғайту. Жан-жақты қарастырайық.
Қаржылық есеп берушілік тікелей көрсеткіштерінен басқа, активтер айналымдылығы,
пайдалылық, қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қор пайдалылығы іспетті, салыстырмалы
коэффициенттердің қатарында, кəсіпорынның меншікті капиталын пайдаланудың тиімділігі
мен жағдайы сипатталатын болғандықтан, онда кəсіпорында осы көрсеткіштерді
жоғарылататын əдістер, кəсіпорындағы меншікті капиталды пайдаланудың тиімділігін
арттыру үшін қолданылатын əдістер болып қызмет етеді.
Пайдалылық пен кірістілік көрсеткіштерінің ортақ экономикалық сипаттамасы
болады, олар кəсіпорынның жұмысы жəне оның шығаратын өнімдерінің түпкілікті
тиімділігін қамтып көрсетеді. Егер кəсіпорын таза пайда алатын болса, онда бұл тиімді
кəсіпорын деп есептеледі.
Пайдалылықтың деңгейіне ықпал жасайтын көптеген факторлар болады. Осы
факторларды ішкі жəне сыртқы факторлар деп екі топқа бөлуге болады. Сыртқы факторлар
бұл, аталған ұжымның күш салуына байланысты емес факторлар. Мысалы, материалдардың,
өнімнің, тасымалдау тарифтерінің, өтемпұл нормаларының жəне т.с.с бағасының өзгертілуі.
Осындай іс-шаралар кəсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің жалпы
көрсеткіштеріне зор ықпалын тигізеді.
Пайдалылықты техникалық-экономикалық факторлардың ықпал етуінің нəтижесі
іспетті, ал демек, оның негізгі мақсаты, техникалық-экономикалық факторлардан келіп
шығатын,өндірістік-шаруашылық қызметінің түпкілікті қаржылық нəтижелердің сандық
тəуелділігін анықтап, табу болатын, техникалық-экономикалық талдау нысандары іспетті
қарастыруға болады.
Кəсіпорынның басшылығына кəсіпорынның пайдалылығын көтеру бойынша іс-
əрекеттерді жетілдіру үшін:
- кəсіпорынның пайдалылық көрсеткіштерінің серпінін бағалау жəне осы
көрсеткіштерге ықпал ететін факторларды анықтау;
- басшылық ету кезінде кеткен қателіктер жəне де кəсіпорынның өндірістік-
шаруашылық қызметіндегі басқа да кемшіліктер себебінен туындаған ысырап жасау мен
залалдардың себептерін зерделеу жəне айқындау;
- кəсіпорынның табысы мен пайдалылығын ұлғайтудың ықтимал жолдарын айқындау
қажет.
Қаржы саласындағы кəсіпорынның тұрақты дамуы, сыртқы іспетті, ішкі
факторлардың əрекет етуі есебінен қамтамасыз етіледі, айта кететіні, кəсіпкер үшін бəрінен
бұрын, сыртқы мəн-жайлардың ерекше маңызы бар, ол бұл жағдайларды өзгерте алмайды
жəне соларға бейімделуге мəжбүр болады. Кəсіпорынның ішкі факторы, осылайша сыртқы
факторларға (ықпалға) тиімді түрде əрекет ете бастау үшін пайдаланылады. Ішкі ортаны
саралау, құрал болып қызмет етеді, соның көмегімен, кəсіпорын басшылығы болуы мүмкін
қауіптілікті алдын ала көру жəне қайтадан ашылған мүмкіндіктерге дер кезінде əрекет ете
бастау мақсатында,кəсіпорынға қатысты сыртқы факторларды бақылайды [2].
Соңғы уақыттарда, өнімді өткізу, жарнама жасау, тауардың жылжытылуы тым
артығырақ маңызды мағынаға ие болып бара жатыр. Осы көрсеткіштер саралап, талдаудың
ішінде негізгі орындардың бірін иеленеді.
398
Қолданыстағы ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудың тиімділігін арттыру
үшін, резервтерді іздеу, кез келген өндірістің басты міндеттерінің бірі. Тек, қаржы-
экономикалық талдаудың көмегімен ғана, осы қорларды айқындап, тəжірибеде пайдалануға
болады. Пайдалылықты ұлғайтудың резервтері қолданылады. Олардың қатарына
жатқызылатындар: өндіріс көлемін жəне өнімдерді өткізуді (жұмыс, қызмет) ұлғайту,
олардың меншікті өзіндік құнын азайту жəне сапаны жоғарылату, кəсіпорынның сыртқы
ортасын басқару. Бұдан ары қарай, оның активтерінің айналымдылығын ұлғайту əдістерімен,
кəсіпорынның
меншікті
капиталының
пайдаланудың
тиімділігін
жоғарылтауды
қарастырайық.
Кəсіпорынның меншікті капиталының айналымдылығын жылдамдату, кəсіпорынның
жұмыс істеуінде тиімділіктің арттырылуы кезінде, маңызды рөл атқарады. Меншікті капитал
өндірістегі жұмыстың айналымын неғұрлым жылдам жасайтын болса, белгіленген уақыттың
бір бөлігінде, капиталдың сол сомасында кəсіпорын соғұрлым пайданы көбірек алып,
өнімдерін өткізеді.
Айналым қаражатының айналымдылығын жылдамдату, өндірістік-өткізу циклінің əр
түрлі сатыларындағы орналасу уақытына, оның ұзақтығының қысқаруына байланысты
болады.
Демек, айналым
қаражатының
айналымдылығын
жылдамдату, заманауи
жағдайлардағы кəсіпорынның іскерлік белсенділігін көтерудің алдағы негізгі міндеттері
болып табылады жəне оған əртүрлі жолдармен қол жеткізіледі.
Өндірістік қорларды жасау кезеңінде, келесілер болуы мүмкін:
-
қорлардың экономикалық негізделген нормаларын енгізу;
-
шикізат, жартылай
фабрикаттарды
жеткізушілердің, бұйымдарды
ораушылардың жəне басқалардың тұтынушыларға жақындауы;
-
тікелей ұзақ байланыстарды кеңінен пайдалану;
-
материалдық-техникалық қамтамасыз ету кезінде, қоймалар жүйесін кеңейту;
-
кешенді механикаландыру жəне өндірісті автоматтандыру.
Аяқталмаған өндіріс сатысында:
-
ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату (прогрессивті техника мен
технологияны енгізу, əсіресе, қалдықсыз жəне қалдығы аз технологияны, роботтандырылған
технологиялық кешендерді, роторлық желілерді, өндірістіх химияландыруды енгізу);
-
стандарттауды, бұйымдарды сəйкестендіруді, типтендіруді дамыту;
-
өндірісті ұйымдастырудың формаларын жетілдіру,неғұрлым арзандау
құрылымдық материадарды қолдану;
-
шикізат жəне отынэнергетикалық ресурстарды үнемді пайдалануды
экономикалық ынталандырудың жүйесін жоғары сатыға көтеру;
-
жоғары сұранысқа ие болатын қнімдердің (жұмыс, қызмет) меншікті салмағын
ұлғайту.
Айналыс кезеңінде:
-
өнімдерді тұтынушыларды (жұмыс, қызмет) оны дайындаушыларға
жақындату;
-
есеп айырысудың жүйелерін жетілдіру;
-
тікелей байланыстар бойынша, өнімдерді (жұмыс, қызмет) шұғыл түрде
шығару бойынша, тапсырысты орындаудың салдарынан өткізілген өнімдердің көлемін
ұлғайту.
Осылайша, олардың кəсіпорынның өндірістік жəне шаруашылық қызметінен барлық
жағынан да, оң ықпал жасайтындықтан, айналыстағы қорларды пайдалануды жақсартудың
экономикалық жағынан тиімділігі жəне айналыстағы қорларды үнемдеу өте маңызды
болады.
Əрбір кəсіпорында материалдық ресурстарды үнемдеудің резервтері болады. Резерв
деген сөзден пайда болатын немесе пайда болған, бірақ, материалдық ресурстарды