Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет176/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   219

363

7.

Мемлекеттердің  ұлттық  нормалар  мен  халықаралық  ережелерге  сəйкес



есептілікті  жүзеге  асыру  үшін  аса  көп  шығынданбай  жəне  дұрыс  шешім  қабылдау  үшін

түсінікті де салыстырмалы ақпараттарға ие болу ықыласы [3].

Еуропа  мен  Еуропа  одағында  Халықаралық  қаржылық  есеп  стандарттарының  беделі

өскеніне  байланысты  Директива  №8 байланысты  ЕО  баға  белгілеуші  қор  нарығындағы

компанияларға 2005 жылдың 1 қаңтарынан  ХҚЕС-пен  есептілікті  құруды  міндеттеді. Тек,

Америка  биржасында  баға  белгілеуші  жəне  есептілігін  АҚШ-тың  БҚЕЖ-на  байланысты

дайындайтын кəсіпорындар ғана босатылды. Бұл кəсіпорындарға ХҚЕС-қа өту мерзімі 2007

жылдың 1 қағтарына дейін созды. Егер, кəсіпорын биржалық листингте болмаған жағдайда

немесе  шоғырландырылған  есептілік  құрмайтын  болса  ХҚЕС-қа  өту  міндетті  емес  деп

танылды. ЕО-ы 2005 жылдың басында ХҚЕС-ке өту Бағдарламасы нəтижесінде  европа  қор

биржасында акция бағалары белгіленетін 7000 европалық компаниялар есептітіліктерін құру

кезеңінде ХҚЕС-ты пайдалана бастады.

Сондай-ақ, ЕО-ы  халықаралық  қаржылық  есеп  стандарттарын  үйлестірімділікке

апаратын  жол  ретінде  қарастырды, яғни  ұлттық  есеп  жүйесінің  дамуына  кеңістік  қалдыра

отырып, əр  түрлі  əдіснамалардың  келісімді  байланыс  орнатуын  жəне  салыстырымдылығын

қамтамасыз  етті. ХҚЕС-тың  ең  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі  есеп  мəселесін  шешуде

көпнұсқалылығы  болып  табылады. Мысал  ретінде, негізгі  құралдың  амортизациясын, есеп

қорларын, инвестицияларды  жəне т.б. есептеуде  баламалы  əдістерді пайдалану мүмкіндігін

айтамыз. ХҚЕС-тың  мүмкіншіліктері  көптеген  мемлекеттерде  есепті  енгізу  тəжірибесіне

байланысты [4].

Қазіргі  кезде  ХҚЕС-пен  қатар  қолданылатын  бухгалтерлік  есеп  пен  есептілікті

құрудың маңызды стандарттары АҚШ БЖЕҚ-ы (US GAAP)  болып табылады. Ең алдымен

айта  кетерлік  жағдай, АҚШ  экономикасының, қор  биржасының  жетілгендігі  жəне  өз  еліне

капиталға  инвестиция  тарту  мен  қызықтырудың  өте  жоғарғы  дəрежеде  болуы.  Барлық  шет

мемлекеттер  кəсіпорындарының  АҚШ  нарығына  шығу  кезінде, өздерінің  есептіліктерін

АҚШ БЖЕҚ-на міндетті түрде өзгертуіне алып келеді.

2009 жылдың 1 шілдесіне  дейін  АҚШ  БЕЖҚ  жүйесіне  төртдəрежелі  құжаттарды

қамтыды. А  дəрежесі- аса  маңызды  құжаттарды  қамтыды, оларға  шығарылған  стандарттар

жəне FASB түсіндірмелері, сонымен қатар, AICPA құжаттары. Б дəрежесіндегі құжаттар, А

дəрежесіне  қараған  беделі  төмендеу  болды  жəне  оларға FASB техникалық  бюллетеньдері,

AICPA бухгалтерлік  есеп  пен  аудитті  басқару  саласы  жатқызылды. С  дəрежесінде FASB

жəне AICPA шығарған,  есепке  байланысты  өзгеше  сұрақтарды  қамтитын  құжаттар  болса,

соңғы  Д  дəрежесіне- AICPA түсіндірмелері, FASB жариялайтын  сұрақтар  мен  жауаптар,

жалпылай қабылданған салалық бухгалтерлік тəжірибелер [10].

Мұндай иерархияны SFAS 162 «Бухгалтерлік есеп жалпы қағидасының иерархиясы»

(əрі қарай SFAS 162) бекіткен болатын. Бұл стандарттың талаптары сəйкес, есепке қатысты

талаптарды іздеу кезінде, ең бірінші А дəрежесіндегі дереккөздерді қарастыру керек, ал егер

А дəрежесінде ақпараттар жоқ болса, онда –В-Д-дəрежесіндегі құжаттарды қарастыру керек.

Алайда, жоғары дəрежедегі құжаттар қарастырылу кезінде артықщылықтарға ие болуы тиіс.

Егер  де, А-Д  дəрежесіндегі  құжаттарда  шаруашылық  опреацияларға  түсіндірмелер

қарастырылмаса, онда  ұқсас  транзакцияларға  ұсынылған  құжаттармен  есеп  қағидаларын

қарастыруға  болады, бірақ  АҚШ  БЕЖҚ  стандарттарында  қағидаларды  қолдануға  немесе

ұқсас  қағидаларды  қолдануға  тыйым  салынбаған  болса. Ал, бұл  жағдайда  көрсетілмеген

болса, басқа  да  дереккөздерге  жүгінуге  болады, яғни SFAS 162 көрсеткен FASB

құжаттарына, АҚШ  БЕЖҚ-ң (Concepts statements - CON) тұжырымдамалық  негіздерінің

жасалуына, ХҚЕС  жəне  т.б. дереккөздерді  айтуға  болады. Əрине, берілген  санатта

артықшылықтар басқа дерек көздерге қарағанда, FASB (CON) тұжырымдамалық құжаттарда

көрсетілген қағидаларға берілуге тиіс [11].

2009 жылдың 1 шілдесінде АҚШ-ң БЕЖҚ күрделі құрылымын жеңілдету сұрақтарын

қарастыруда  бухгалтерлік  мəселелер  бойынша  барлық  құжаттарды  іздеуге  біраз  күш

жұмсалған аралық болды. Сол уақыттан бастап, тақырып бойынша сараланған, АҚШ БЕЖҚ



364

барлық  қағидалары  мазмұндалған, FASB Accounting Standards Codification деп  аталатын

заңнама енгізілді. Барлығы 9 негізгі тақырып қарастырылған: «Қаржылық есептілік бойынша

ұсыныс», «Активтер», «Міндеттемелер», «Капитал», «Кіріс», «Шығындар», «Транзакция»,

«Салалар» жəне бөлек тақырыпша ретінде «Термин глоссарийлері» көрсетуге болады.

          

Қазіргі  кезде  АҚШ  БЕЖҚ-н  АҚШ-та  өзінің  бағалы  қағаздары  қор  аумақтарында

бағаланатын, басымда  кəсіпорындар  немесе  көптеген  трансұлттық  корпорациялармен

қолданылады. ХХ  ғасырдың 90-жылдарында  АҚШ  БЕЖҚ-ы  ХҚЕС-ке  балама  түрінде

қарастырылды. АҚШ  БЕЖҚ-ң  артықшылығы  болып  кəсіпорындардың  инвесторларға  жəне

кредиторларға шоғырландырылған есептілік туралы бағдар  беруі, ал мемлекетті ақпаратпен

қамтамасыз ететін фиксалды органдар қаржылық есеп жүйесінің аясынан шығарылды [12].

  Осылайша, АҚШ  БЕЖҚ  жəне  ХҚЕС  арасындағы  қарама-қайшылықтар  мен  маңызды

айырмашылықтарды  жою  үшін 2002 жылдың  қазан  айында, АҚШ  қаржылық  есеп

стандарттарының  Кеңесі  жəне  халықаралық  қаржылық  есеп  стандарттарының  Кеңесі  өзара

түсінушілік  меморандумын  жариялады, ол  меморандумды  Норволский  келісім-шарты

(Norwalk Agreement) деп  атады. Маңызды  бөлігі  шоғырландырылған  қаржылық  есептілікке

арналған  қысқа  мерзімге  жəне  ұзақ  мерзімге  ХҚЕС  жəне  АҚШ  БЕЖҚ-ң  ковергенция

бойынша  кешенді  өлшемі  құрастырылды. ХҚЕС  пен  АҚШ  БЕЖҚ-ң  конвергенциясына

бірнеше  жылдар  бойы  жұмыс  жүргізіліп  келсе  де, арасындағы  алшақтық  əлі  де  өте  көп.

Мысалы, Пучкова  С.И. мақалаларының  бірінде  шоғырландырылған  есептілікі  құру

сұрақтары бойынша АҚШ БЕЖҚ мен ХҚЕС арасында 255 айырмашылықтар табылған.

  Соңғы онжылдықтағы жаңалықтар-Еуропа арасындағы шекараның алынып тасталуы,

бизнестің жахандануының тездетілуі, БРИК нарығының ашылуы (Бразилия, Ресей, Үндістан,

Қытай), компаниялардың  халықаралық  бірігуі, бұлардың  барлығы «бизнес  тілімен»

айтқанда,  бұрындары мұндай жан-жақты болмаған  [12].

  

Бұрындары,  халықаралық  біріңғай  стандарттардың  қозғалысын  негізінен  жаңа



нарыққа  арзан-қол  жұмысшылармен  шығатын  үлкен  ұлтаралық  конгломераттар  қолдаса,

қазіргі  кезде, біріңғай  есептілік «координат» жүйесі  қажеттілігінің  өсуі  маңызды  факторы

болатын  жаңа, арзандау  қаржылық  дерекөздерін  іздейтін  дамыған  елдердің  компаниялары

қолдайтын болды [1].

  70-жылдардың  басы  мен 90-жылдардың  ортасы  кезеңінде  халықаралық  экономикаға

кіруі  əлсіз  екенін  білген  соң, ХҚЕС  Комитеті  тұжырымдамалары  мен  əдістерін  толық

өзгертуге шешім шығарды. Барлық жақты қанағаттандырады делінген гармонизация жобасы

90-жылдардың аяғында конвергенция жобасына ауыстырылды [13].

   Неліктен  АҚШ  БЕЖҚ-ы  ХҚЕС  Комитеті  үшін  күткен  нəтижесі  болып  табылады?

Айрықша  нақты  жауап: халықаралық  капитал  нарығындағы  басымдылық. Капитал

нарығының дамуынан басқа қандай бухгалтерлік əлем US GAAP-мен санаса алады? Əрине,

сол  стандарттың  жұмысқа  қабілеттілігі, терең  мағыналылығы. Олар, барлық  салалар  мен

есеп  жəне  есептілік  циклдары  үшін  басқару  бөлігі  болып  саналады. Мысалға  екі  есеп

сферасын  алайық: қаржылық  құралдар  жəне  кірістер. US GAAP-те  əр  түрлі  оқиғалардың

жұмыс  істелген  дəрежесі  мен  саны  ХҚЕС-тың  дəл  сондай  көрсеткіштерінен  біршама  асып

түседі. Бухгалтер US GAAP-те  қаржылық  құралдарды  дұрыс  бейнелеу  үшін  шамамен 30

стандартты  пайдаланылады, ал  ХҚЕС-те  тек  төртеу. Ал, кірісті  тану  сұрақтары  бойынша

америкалық  құрушы  басшылыққа 50 түрлі  стандарттарды  жəне  интерпретацияны  ұсына

алады, бұл жағдайда ХҚЕС тек қана бесеуін ғана ұсына алады [14].

  Бəрімізге белгілі сұрақ, ХҚЕС пен US GAAP-қа қаншалықты конвергенция керек жəне

сол  сұрақты  екі  жақтыңда  өкілдері  бір-бірімен  кездесуге  іс-əрекеттерін  бастады. Осы

стандарттар  жүйесінің  бір-бірінен  айырмашылығы «фундамент» дəрежесінен  басталады.

ХҚЕС  экономикалық  негіздің  заңды  формасынан  артықшылығын  тезірек  постулат

жариялайды. Ал, US GAAP мұндай əдіске асықпайды.

  Конвергенция  стратегиясы  айырмашылықты біртіндеп  ауыстыру  емес, екі  жүйеде  де

толықтай «əлсіз» стандарттарды, жаңа «мықты» стандарттармен  ауыстыра  отырып,

есептіліктің  барлық  нюансты  əдістерін  жаңартады. Соңғы  кездері, ХҚЕС  пен US GAAP



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау