246
Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту – өте пайдалы үдеріс. Біріншіден,
шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға жəне оның өндірістік
мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс
орындарын ашумен қатар, капиталистік бəсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті
ұйымдастыру тəжірибиесін ала келеді.
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары [2]:
– инвестициялық қызметті заңдық-құқықтық реттеу;
– атқарушы билік жүйесіндегі қажетті басқару құрылымын жасау, олар
инвестициялық процеске қатысушылардың қызметін реттейді, үйлестіреді, бақылайды;
– инвестициялық ахуалды жəне оның тиімділігін анықтап, тиісті институттарды
қалыптастыру. Бұл
арада
институттар
дегеніміз
инвестициялық
ортаны
қалыптастыратындардың барлығы. Яғни, ережелер жиынтығы, екіжақты, көпжақты
келісімдерді
көрсететін
шарттар, сондай-ақ
инвесторлармен
сыртқы
ортаны
байланыстыратын
ақпараттық база;
– мемлекеттік инвестициялық стратегияны талдап, жасау жəне оны жүзеге асыру
жолдарын қарастыру.
Инвестициялық іс-əрекетті мемлекеттік реттеудің формалары мен əдістері Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 «Инвестициялар туралы» заңында
көрініс тапқан. Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынасты
реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық жəне экономикалық негіздерін
айқындайды, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде
инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік
қолдаудың шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тəртібін белгілейді [3].
Елдегі инвестициялық кызметті реттейтін негізгі құқықтық базаға тоқталып кететін
болсақ, олар: Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Инвестициялар туралы Қазақстан
Республикасының Заңы, Инвестициялық жобаны іске асыруға арналған қызметтің басым
түрлерінің тізбесі, Инвестициялық субсидия беру қағидалары, Индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан
Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы Заңы, Валюталық реттеу жəне
валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Инвесторлар үшін «бір
терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидалар жəне т.б.
Елде инвестицияларды сервистік қолдау бағытында біраз жұмыстар жасалып жатыр.
Инвестицияларды сервистік қолдауды «KAZNEX INVEST» экспорт жəне инвестициялар
ұлттық агенттігі» АҚ атқарады. Бұл институт – қазақстандық өңделген экспортты дамыту
мен жылжыту жəне тікелей шетелдік инвестицияларды экономиканың басым секторларына
тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау арқылы ұлттық даму институттарының бірі.
Инвесторлардың ақпараттық қамтамасыз етілуіне жасалған тағы бір қадам ретінде ҚР
ИЖДМ негізінде құрылған «Инвестициялық жобалар қорын» атауға болады. Мұнда кез
келген əлеуетті инвестор инвестициялық жобалардың орындалу жағдайын, оның қай салада
жəне қай аймақта орналасқанын қарауына болады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінде инвестицияның
басым жобаларын іске асыратын инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы бойынша Investors
Servis Centre сервистік орталығы ашылды.
«Инвестициялар туралы» ҚР Заңына сəйкес инвестор келесідей инвестициялық
преференциялар ала алады [3]:
1. Жобаларға (оның ішінде басым инвестициялық жобаларға) арналған
артықшылықтар:
-
жабдықтарды, олардың қосалқы бөлшектерін, шикізат пен материалдарды шеттен
тасымалдау кезінде кедендік баж салығын төлеуден босату;
- белгіленген активтерге салынған инвестиция көлемінің 30 пайызынан аспайтын
заттай гранттар (жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар,
247
есептегіш техника, өлшейтін жəне реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары,
өндіріс жəне шаруашылық мүкəммалы).
2. Басым инвестициялық жобаларға арналған артықшылықтар:
-
салықтық жеңілдіктер: корпоративтік табыс салығы – 0% 10 жылға; жер салығы –
0% 10 жылға; мүлік салығы – 0% 8 жылға;
- инвестициялық демеу қаржылар 30%-ға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына
жəне жабдықтарды пайдалануға бергеннен кейін сатып алуға;
- заңнама тұрақтылығының кепілдіктері: салықтық жəне шетелдік жұмыс күшін
тарту саласында;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған, инвесторлармен «бір терезе»
қағидаты бойынша өзара іс-əрекет жасайтын уəкілетті органның инвестицияларды
мемлекеттік қолдауы;
- уəкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа
сəйкес мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдік берілген тапсырысты қамтамасыз етуде
инвесторларға уəкілетті органның жəрдемдесуі.
Басым инвестициялық жобалардың критерийлері: қызметтің басым түрлері тізбесіне
сəйкестігі, инвестиция көлемі 2 миллионнан асатын қайта құрылған заңды тұлға. АЕК (АЕК
– республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіш).
«Инвестициялар туралы» ҚР Заңымен сондай-ақ Инвестициялық омбудсмен
институты
көзделген, ол:
- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында
туындайтын мəселелер жөніндегі инвесторлардың өтініштерін қарайды жəне оларды шешу
үшін ұсыным шығарады, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-əрекет жасай
отырып;
- туындаған мəселелерді соттан тыс жəне сотқа дейінгі тəртіппен шешуде
инвесторларға жəрдем көрсетеді;
- Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасын
жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды əзірлейді жəне шығарады.
Мемлекет инвесторларға келесідей кепілдіктер береді:
1. Заңнамалардың кепілдікке жауап берілуі шетел инвесторларының халықаралық
келісім шарт бойынша 10 жыл ішінде заңнамалар бекітіледі жəне де инвестиция көздерінің
мемлекеттік органдармен қарым-қатынастары ұзартылады.
2. Экспроприяция: шетел инвестициясының ұлттандыру саясаты, экспроприяция
жүйесіне жəне де дискриминациялық адекватты компенсациясына сай қызмет істейді;
нарықтық экономикада компенсация қызметі басты роль атқарады; қаражатты пайдалану
барысында ақшаларды төлеу жəне экспроприяция периодына қосылу процесі Қазақстан
Республикасының халықтық банкінде есептелінеді.
3. Лауазымды жəне мемлекеттік органдардың кепілдіктегі заңсыз іс-əрекеттері
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай шетел инвесторларының құқықтық
жағдайына сай қызмет істеп заңдық күшін жоя алмайды.
4. Шетел инвесторларының өтем алу процесі жəне кепілдік компенсациясы.
5. Кірістерді пайдалану кепілдігі.
6. Жеке валюталардың пайдалану кепілдігі Валюталық операция Қазақстан
Республикасының заңнамаларында соның ішінде 1996 жылы 24 желтоқсан № 54-1
«Валюталық реттеу» заңнамасымен өндіріледі.
7. Шетел инвесторларының қызметтік кепілдігі. Барлық нормативтік актілер, сот
үкімдері, шетелдік инвестицияның нəтижесіне байланысты екі жақтың пайдасына шешілуі
тиіс.
8. Мемлекеттік
тексеріс кепілдігі: бақылауды жəне тексеруді Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сай мемлекеттік лауазымы бар тұлға жəне заңды
арнайы тұлға істей алады; салықтарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының салық
кодексінде жазылған заңнамалармен реттеліп отырады.