216
пузырь» вспомогательных секторов. Он наполнился волнами мигрирующего населения,
возникшими из-за дисбалансов между развитыми и развивающимися странами.
Литература:
1. Послание Президента РК народу Казахстана от 17 января 2014 года «Казахстанский путь –
2050: Единая
цель, единые интересы, единое будущее». - [электронный ресурс]:
http://akorda.kz/ru/page/page_215750
2. «www.strategy2050.kz».
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ:
МƏСЕЛЕЛЕР ЖƏНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Толысбаев Б.С., Кудайбергенова Ш.С.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
E-mail: tol_b@mail.ru
Жергілікті өзін-өзі басқару, тұрғындардың өмір сүру жағдайында маңызды
мəселелерді шешу белсенділігін арттыру қосымша қоғамдағы ішкі күштердің күшеюі мен
əлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдатады. Халықаралық
тəжірибе жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті салт-дəстүр, экономикасы жəне тағы да
басқа маңызды жағдайларға байланысты, тіпті бір мемлекет көлемінде болса да айтарлықтай
өзгешеліктер байқалатынын көрсетіп отыр.
Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару елдің мемлекеттік құрылымына
байланысты ерекшеленеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық реттеу унитарлы
мемлекеттерде федеративті елдерге қарағанда басқаша шешіледі.
Қазақстан тарихында жергілікті өзін-өзі басқарудың төл дəстүрі қалыптасты. Танымал
«Жеті жарғы» құжатында орта ғасырдың өзінде түрлі қоғамдық жəне мемлекеттік құрылым
өкілеттігінің болғанын баяндайды. Жергілікті өзін-өзі басқаруды құру мүмкіндігі 1995
жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған. Онда о бастан-ақ,
жергілікті өзін-өзі басқарудың қызмет етуіне жəне олардың дербестігіне белгіленген
құзыреті шеңберінде кепілдік берілген.
Содан бері жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір элементтерін енгізу мен
оның заңнамалық базасын дайындау талпыныстары болған.
Үкімет шешіміне сəйкес 1996 жылы тұрғын үй қорын пайдалану мен күту
мəселелерін шешу міндеттері жүктелген ПИК-тер (КСК) құрылды. Сондай-ақ,
ауылдық жерлерде селолық тұтыну кооперативтері өзінше құрыла бастады.
Жергілікті мəселелерді шешудегі келесі қадам тəжірибе түрінде өткізілген 2001
жылғы ауыл əкімдерін сайлау жəне 2006 жылғы аудан жəне облыстық маңызы бар қала
əкімдерін сайлау болды [1].
Ата заңның жетілдіруне байланысты бірнеше өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
- Біріншіден, қоғамдық жəне мімлекеттік институттардың бірігуіне жол берілмейтін
ереже алынып тасталынды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік
қызметтерді жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
- Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару негізі болып енді еркін, жасырын, тік жəне
жалпы дауыс беру арқылы сайланған жергілікті мəслихаттар табылады. Мəслихаттардың
рөлі мен құзыреті арттырылып, бес жылға дейін ұзартылды.
Олардың келісімімен барлық деңгейлі əкімдер сайланады. Мəслихатты əкімге
сенімсіздік білдіру процедурасы (іс-шарасы) да жеңілдетілген: ертеректе ол мəслихаттың
үштен
екі
бөлігінің
даусымен
жүзеге
асса,
қазір
тек
дауыс
берушілер басым болуы жеткілікті. Осылай, Конституцияға жергілікті өзін-өзі басқарудың
217
жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі
басқару
жүйелерін
жақындатуды
көздеген базалық параметрлері енгізілді.
Сонымен қатар, Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік
билікке жатқызбауы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігін көрсетеді. Алайда, бұл
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік-биліктік қатынастар жүйесінен тыс жəне
мемлекеттен мүлде тəуелсіз еместігін білдірсе керек [2].
Бүгінгі күні мəслихаттар өкілді билік органы ретінде өзін толық ақтап шықты,
мəслихаттардың жұмысын жандандыру жəне олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі
рөлін ұдайы арттырып отыру қажеттігіне айрықша көңіл бөлінуде. Əкімдердің мəртебесі мен
жауапкершілігін арттыруға жəне орталық пен аймақтардың құзыретін нақтылау қажеттігі де
назардан тыс қалмауда.
Ел дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан əрі арттыру
қажеттілігін негізге ала отырып, биліктің барлық деңгейлер арасындағы функцияларды
неғұрлым айқын ажырату, реформалар жүргізу орталығын жергілікті мемлекеттік
басқарудың төменгі деңгейлеріне ауыстыру мəселелері басым мəселелерге айналуы керек.
Биліктің аудандық, қалалық жəне ауылдық деңгейлері жергілікті маңызы бар міндеттерді
шешуде неғұрлым дербес жəне жауапты, олардың құқықтары, міндеттері мен
жауапкершіліктері заңнамалық деңгейінде айқын реттелуге тиіс.
Белгілі бір функцияларды мемлекеттік басқарудың белгілі бір деңгейіне жатқызу
тұрақты функционалдық талдау жасаудың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік
функцияларды орындау мемлекеттің еңбек жəне материалдық ресурстарын пайдалану
тиімділігін əрі бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында
халыққа барынша жақын болуға тиіс.
Елімізде экономикалық реформалардың басым бағыттары мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға негізделіп
отыр. Осы аталмыш процесті дамыту экономикалық жүйеге, елдің тұрақты əлеуметтік –
экономикалық жағдайына байланысты.
Қазақстан аумағы кең, сондықтан еліміз аймақтарының табиғи байлықтарының
қалыптасуы, климаттық жағдайлары жəне тағы басқаларының əлеуеті де əркелкі. Сонымен
қатар олар демографиялық, этникалық жəне тарихи ерекшеліктері бойынша да бір біріне
ұқсамайды. Мемлекет барлық аймақтардың қажеттіліктерін бірдей деңгейде қанағаттандыра
алмайтындықтан, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі
туындайтыны заңдылық.
Дəл қазіргі кезде жергілікті мемлекеттік басқару органдары – ауыл, ауылдық
округтер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейіндегі əкімдер институттарының жұмыстары
тиімді емес, олай дейтініміз жоғарыда тұрған əкімдер үкіметке тəуелді. Жергілікті басқару
органдары жеке бюджетке ие еместігі салдарынан, олардың экономикалық жеке қызмет
етуге мүмкіндіктерін болғызбайды. Олардың басшыларын тағайындау жүйесі əкімдерде
«уақытша» ғана жұмыс істеу туралы ойлау психологиясын туғызады. Сондықтан олардың
қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру мен аумақты экономикалық өсіруге
емес, жоғары тұрған органдардың бұйрығын орындауға бағытталады. Міне, осындай
жағдайларды біртіндеп жою жəне оларды болдырмаудың бір жолы – жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесін енгізу болып табылады [3].
«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сардалы саясатының
арқасында өткен жылдар ішінде мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың қалыпты
дамуына ықпал жасайтын, Қазақстанның тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуын
қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Осы қатарға
Мемлекет басшысының Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің
кеңейтілген отырысында бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын
белгілеп берген «Ұлт жоспары» бағдарламасын да сеніммен жатқызуға болады. Ұсынылған
«100 нақты қадам» елімізге «2050» Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан
мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай