Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39


  Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет24/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68

5.2.  Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың 
принциптері мен тәсілдері.
Кэсіпкерліктің дамуын қолдау арқылы мемлекеттік реттеу мына 
келесі принциптер арқылы:
- шағын жэне орта бизнесті дамыту басымдығымен;
-  кәсіпкерлікті  дамыту  мақсатында  мемлекет  қолға  алатын 
шаралардың мөлдірлігімен;
-  билік органдарының кәсіпкерлер қызметіне араласпауымен;
-  билік  органдарының  кәсіпкерлер  қоғамдық  бірлестіктерімен 
өзара эрекеттесуімен;
- кәсіпкерлердің адал  емес бэсекеден қорғалуымен;
-  кэсіпкерлік  құрылымдардың  тұтынушылар  қажетін  ғанағат- 
тандыратын жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді шығаруға жэне 
игеруге үмтылысымен сэйкес жүзеге асырылады.
Өз  қызметінде  билік  органдары  мен  кәсіпкерлер  аталған  бас- 
тапқы  ережелерді  ұстанғандары  жөн.  Аталған  принциптер  бір  рет 
мэңгілікке  берілмеген,  яғни  тұрақты  болып  қалмайды.  Олардың 
кейбірі қалуы,  ал кейбіреуі  қызмет жағдайының,  мемлекеттің және 
кэсіпкерлердіің  экономикалық  қызметі  жағдайының  өзгеруіне  бай- 
ланысты ауысуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу:
1)  Бизнес-қүрылымдардың  қызметін  реттейтін  заң  актілерінің, 
ережелердің, 
нұсқаулықтардың 
жүйесін 
жасауды 
камтитын 
реттеудің  қүкықтық  меншіктің  қол  сұғылмастығын,  қорғалуын 
қамтамасыз  ететін  тәсілдерінің  көмегімен  жүзеге  асырылады. 
Кэсіпкерлердің  мүлкі  тек  сот  шешімімен  алынады  жэне  заңсыз 
алынғанда  ғана  толық  көлемінде  қалпына  келтіріледі;  бизнес 
құрылымдарға еңбек,  қаржы,  материалдық және  басқа ресурстарға 
қолжетімділіктің  теңдей  мүмкіндігіне  кепілдік  беру;  бәсекелестік 
еркіндігін  заңмен  қамтамасыз  ету  жэне  оған  кепілдік  беру;  лицен- 
зиялау,  сертификаттау,  стандарттау  жүйесін  енгізу  жэне  билік  пен 
басқа  да  қүрылымдар  тарапынан  артық  қамқорлықтан  құтылуды 
қамтамасыз ету көмегімен жүзеге асырылады.
2)  Экономикалық  тәсілдер  жеңілдікпен  берілет  несиелерді,  са- 
лықтық,  кедендік  шараларды;  бағалардың  жоғары  жэне  томен 
шегін  белгілеуді;  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулердің  жекелеген 
түрлеріне дотация белгілеуді; бюджеттік қаржылық көмекті; заңдық
74


жүйелерді  (қажет  болғанда),  фирмалар  мен  кәсіпкерлік  мекемелер 
құрылымдарының банкроттық жэне санкция жүйесін қамтиды.
3) 
Мемлекеттік  кәсіпорындар  мен  мекемелер  үшін  тауарлар 
мен  қызмет  көрсетулерді  жеткізіп  беруге  келісімшарт  жасасудың 
тендерлік  жүйесін  қамтитын  ұйымдық  тәсілдер;  кәсіпкерлікті  да- 
мыту  мен  қолдау жөніндегі  бағдарламаларды  эзірлеу мен  іске  асы- 
ру; адал емес кэсіпкерлерге қатысты эртүрлі санкциялардың эртүрлі 
шараларын  қолға  алады.  Аталған  тәсілдер  әлемде,  елде,  аймақта 
қалыптасқан  қандай  да  бір  нақты  экономикалық,  элеуметтік,  са- 
яси  ситуацияға  байланысты  пайдаланылуы  мүмкін.  Осы  орай- 
да  бұл  тәсілдер  көздеген  мақсаттарға  қол  жеткізілуі  үшін  эртүрлі 
үйлесімдер мен біріктірулерде көрініс беруі мүмкін.
5.3.  Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті
қолдау тетіктері.
Кэсіпкерлер  конгресінде  сөйлеген  сөзінде  Елбасы  Н.  Ә.  Назар­
баев  былай  деді:  «Біз  Қазақстандағы  бизнес-климатты  барынша 
жайлы етуге күш салуымыз керек. Мемлекет, әсіресе инновациялық 
салада жэне жоғары технологиялар саласында болашағы бар бизнес- 
идеялар мен жобаларды жүзеге асырудың бара-бар жүйесін жасауы 
тиіс».  Мұндай  климатты  қалыптастыру үшін  қажетті  жағдайларды 
туындату керек.
Қазақстанда  кәсіпкерлікті  дамытудың  арнайы  «Даму»  қоры 
АҚ  қүрылып,  2006  жылы  қабылданған  «Жеке  кәсіпкерлік туралы» 
Заң,  «Секьюритизациялау  туралы»  Заң  бекітілді.  Түрлі  деңгейдегі 
кэсіпкерлердің  ассоциациясы  түріндегі  үйымдық  құрылымдар 
құрылды
Кәсіпкерлікті  қолдаудың  -   қаржылық  және  қаржылық  емес  екі 
түрін ажыратады.
1) 
Ауылшаруашылығы  өнімдерін  өңдеу жэне  тамақ өнімдерін 
өндіру  жөніндегі  шағын  жэне  орта  кәсіпкерлік  субъектілері  мен 
ұйымдарын  тікелей  несиелеу  кэсіпкерлікті  қаржылық  қолдауға 
жатады,  франчайзинг,  орта  жэне  шағын  бизнесті  кепілді  несие- 
леу,  аймақтардағы  атаулы  қаржыландыру  бағдарламасы,  лизингтік 
компаниялардағы  жағдайлы  орналастыру  бағдарламасы,  пайыздық 
ставканы  субсидиялау,  мемлекеттік  қорлар  кепілдігімен  несиелер 
портфельдерін секьюритизациялау, шағын жэне орташа кәсіпкерлік
75


секторын  микроқаржыландыру  еңбекке  қабілетті  халықты  кәсіп- 
керлік аясына тартудың пәрменді құралы болып табылады.
2) 
Кәсіпкерлік  құрылымдар  қызметі  жөніндегі  статистикалық 
деректерді  жинау  мен  талдауды  жетілдіру;  кәсіпкерлер  қызметі 
көрсеткішінің  элемдік  стандарттарын  енгізу,  кәсіпкерлік  қызмет 
үшін  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  әзірлеу  жэне  енгізу,  ха- 
лықты  оқыту  мен  біліктілігін  арттыру  жэне  кәсіпкерліктің  түрлі 
қырлары туралы халықтың хабардар болуын арттыру,  кәсіпкерлікті 
әртүрлі  қырлары  туралы  ұлттық  блогты  құру,  кәсіпкерлікті  қолдау 
орталықтарын  (бизнес-орталықтарды,  технопарктерді,  бизнес  ин- 
кубаторларды,  бизнес-ассоциациялар  мен  т.б.)  қүру,  кәсіпкерлерге 
атаулы  көмек  беру  жэне  шағымдар  мен  ұсыныстарға  оперативті 
назар  аудару  үшін  саіі-орталықты  құру,  үлттық  компаниялар  мен 
мемлекеттік  үйымдардың  сатып  алу  саласындағы  ШОБ  үшін 
баспалық  БАҚ  құру  (Қазақстанда  2008  жылдың  бірінші  жарты 
жылдығында  мемлекеттік  сатып  алулар  5,8  млрд.  АҚШ  долл.  не- 
месе  ЖІӨ-нің  10%  құрады,  еуропалық  елдердегі  мемлекеттік  са­
тып  алулар  1,8  трлн,  еуро  немесе  жиынтық  ЖІӨ-нің  17%  құрады) 
жэне  басқа да  бағдарламаларды  құру  шағын  жэне  орташа  бизнесті 
қаржылық емес қолдауға жатады.
ҚР-да  кәсіпкерлікті  қолдаудың  жоғарыда  аталған  тетіктері 
экономиканың  басымдыққа  ие  салаларында  өз  қызметтерін  іске 
асырып  жатқан  жеке  жэне  заңды  тұлғалар  үшін  қаржылық  көмек 
көрсету жэне  несиелік ресурстар  қүнының төмендеуін  қамтамасыз 
ету  жолымен  бизнесті  сапалы  дамытуға,  олардың  экономикадағы 
рөлін  күшейтуге  бағытталған.  Атап  айтқанда,  кәсіпкерлер  үшін 
екінші  деңгейдегі  банктердің  пайыздық  ставкасы  жылына  12% 
құрайды  деген  шешім  қабылданып,  оның  5%-ын  банктерге  мемле- 
кет,  ал 7%-ын сол несиені алған бизнесмен төлейтін болған.
Кэсіпкерлік  қызметті  қолдау  үдерісінің  механизмі  кэсіпкерлік 
түрінің  өзі  жэне  оларды  қолдау  тетіктері  сияқты  әрқилы  болады. 
Қолдаудың қандай да бір тетіктерін іске асыру механизмінде шағын 
бизнес институттарының маңызы зор, олардың арасында лоббистік 
ұйымдар  өте  тиімді  болатынын  атап  өту  керек.  Соңғыларын  құру 
жэне  оларға берілетін  функциялар  қоғамдық өндірістің  түрлі  сала­
ларында  кәсіпкерлік  жүйенің  қалыптасуы  мен  нығаюында  жағым- 
ды  рөл  атқарып,  Қазақстан  үкіметі  қабылдаған  бағдарламалық 
қүжаттарды  іске асыруда бірқатар мәселелердішешер еді.
76


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау