Жалпы білім беру мектебінің ЕДШ нұсқаушысына лауазымдық
нұсқаулық
1.
Жалпы ережелер
1.1.
Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Еңбек
кодексіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта және
қосымша білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2009 жылғы шілдедегі
қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), «Даму мүмкіндіктері
шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру
бойынша әдістемелік ұсынымдарға» (ҚР БҒМ 2011 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 524 бұйрығы), «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдарының
біліктілік сипаттамасын бекіту туралы» бұйрықтарына (ҚР ДСМ 2009
жылғы 26 қарашасындағы № 791 бұйрығы)сәйкес әзірленген.
1.2.
ЕДШ нұсқаушысы тағайындалатын және босатылатын мамандар
санатына жатады.
1.3.
ЕДШ нұсқаушысы Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
аясында (ары қарай ППҚ) тікелей инклюзивтік білім беруді үйлестірушіге
немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады.
1.4.
ЕДШ нұсқаушысы Психологиялық-педагогикалық қолдау
қызметінің басқа қызметкерлерімен пәнаралық негізде өзара әрекеттестікте
жұмыс істейді.
1.5.
ЕДШ нұсқаушысы өз қызметінде мына құжаттарды басшылыққа
алады:
-
БҰҰ «Баланың құқығы туралы» концепция;
-
ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы;
-
ҚР «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;
-
ҚР «Білім туралы заңы»;
-
ҚР «Неке және отбасы»;
-
ҚР «Физкультура және спорт туралы заңы»;
-
ҚР білім беру мәселелері бойынша заңнамасы;
-
БҰ-ның жарғысы;
-
БҰ-ның жергілікті нормативтік актілері;
-
БҰ-ныңішкі еңбек тәртібінің ережелері; БҰ-ның басшылығының
бұйрықтары мен өкімдері;
-
еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен
нормалары;
-
осы лауазымдық нұқсаулық;
-
еңбек шарты.
1.6.
ЕДШ нұсқаушысы төмендегі мәселелерді білуі керек:
-
ҚР Конституциясын;
-
БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын;
60
-
ҚР «Білім туралы» заңын;
-
ҚР білім беру мәселері бойынша заңнамасын;
-
ҚР «Физкультура және спорт туралы заңын»;
-
БҰ білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін жарғы мен
жергілікті актілерін;
-
бұлшық ет әрекеттерінің анатомиялық-физиологиялық негіздерін, дене
шынықтыру жаттығуларының дені сау және ауру адамның ағзасына әсер ету
механизмін;
-
емдік дене шынықтырудағы зерттеудің атқарымдық тәсілдерін, дене
дамуы дене жұмысқа қабілеттілікті бағалау тәсілдерін;
-
әр түрлі аурулар мен зақымдалу клиникасында емдік дене шынықтыру
сабақтарына деген көрсеткіш және қарсы көрсеткіш;
-
дене тәрбиесінің, спорттық жаттығу мен емдік дене шынықтырудың
теориясы мен әдістемелерінің негіздерін, дене жаттығулары мен спорттық
құрылғылардың гигиенасын;
-
дене жаттығуларын және емдік дене шынықтырудың басқа да
құралдарын (емдік гимнастика, спорттық қолданбалы жаттығулар, ойындар,
механотерапия, массаж) қолдану мен мөлшерлеудің түрлері мен тәсілдерін;
-
салауатты өмір салты түрі мен әдістеріне және санитарлық-ағарту
жұмыстарына үгіттеу.
2.
Қызметтері
2.1.
Нұсқаушыға төмендегі қызметтер жүктеледі:
-
емдік дене шынықтыру бойынша дәрігердің тағайындауымен топтық
және жеке-дара сабақтарын өткізу;
-
емдік гинастика сабақтарын, механоаппараттар мен жаттығу
құрылғыларындағы және т.б. жаттығуларды жүргізу үшін жеке жаттығулар
кешенін әзірлеу;
-
дәрігердің басшылығымен емдік гимнастика шараларын және ЕМШ
басқа да гимнастикалырының сызбасын құрау;
-
емдік жаттығулар шарасының өткізудің дұрыстығын педагогикалық
бақылау;
-
қажетті құжаттаманы жүргізу;
-
емдік дене шынықтырудың тиімділігін анропометрикалық мәліметтер
мен атқарымдық тәсілдермен бағалау;
-
оқушылардың ауру қауіпін төмендетуді және білім беру үдерісінің
денсаулықты сақтау сипатын және оқушылардың жеке (ұжымдық)
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдай тудыру;
-
салауатты өмір салты және дене шынықтыру жаттығуларының
денсаулық пен жұмысқа қабілеттілікті сақтау мәселелері бойынша санитарлық
ағарту жұмысын жүргізу.
61
3.
Лауазымдық міндеттері
ЕДШ нұсқаушысының міндеттері:
3.1.
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу.
3.2.
Кәсіптік мәселелерді шешуде оқушылардың мүддесін, оларды толық
құнды және психофизикалық дамыту міндеттерін басшылыққа алу.
3.3.
Жұмысты атқарымдық міндеттеріне, ППҚ қызметінің әрекетінің
бағыттарына, сәйкес оқушылардың дене дамуының жеке ерекшеліктері мен
денсаулықты мониторингілеу нәтижелерін есепке алу негізінде жоспарлау.
3.4.
Емдік және гигиеналық гимнастиканың жеке және топтық сабақтары
және емдік дене шынықтырудың басқа да түрлерін есепке ала отырып, түзете
дамыту жұмысын дәрігердің ұсынысының негізінде, оқушылардың дене даму
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне (қимыл-қозғалыс аясын түзету,
денсаулықты нығайту) сәйкес жеке және топтық түзімде жүзеге асыру.
3.5.
Оқушылардың дене даму көрсеткіштерін және денсаулықты
монитоирнгілеу көрсеткіштерін есепке алу негізінде жеке білім беру бағдарын
әзірлеу, емдік гимнастиканың шаралар нобайын, жаттығудың үлгілік
кешендерін құру, жаттығуларды көрсету, сабақтардағы сақтандыру шараларын
жүзеге асыру.
3.6.
Өзінің құзыретінің аясында антропометрикалық өлшемдер мен
атқарымдық сынамаларды жүргізу.
3.7.
Салауатты өмір салты мәселелері бойынша санитарлық ағарту
жұмысын жүргізу.
3.8.
Қатысу:
-
әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің
әрекеттеріне;
-
мектепте ғылыми тәжірибе аясында жүргізілетін тәжірибе
әрекеттеріне;
-
дене шынықтыру мұғалімдерінің мектептік әдістемелік бірлестік
отырыстарына, Педагогтар кеңесіне, психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына.
3.9.
Емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған қажетті құрал-
жабдықтардың болуы.
3.10.
Жұмыстардың барлық түрін тіркеу және қажетті құжаттамаларды
қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметін тексеру нәтижелерін бейнелейтін,
қабылданған нобай бойынша жылдық аналитикалық-статистикалық есеп беру.
3.11.
Өзінің кәсіптік біліктілігін үнемі арттыру.
4.
Құқықтары
ЕДШ нұсқаушысының құқығы:
4.1.
Білім беру үдерісінің қатысушылармен жұмыс бағытын анықтауға,
жұмыстың түрі мен тәсілін таңдауға, әр түрлі жұмыстарды өткізу кезектілігі
62
Достарыңызбен бөлісу: |