Казахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата29.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#27689
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

18 

 

өтеді. Бағанға қайтып оралып,  жолақшы қайтадан секіріп, келесі ойыншымен 



екіге  бүктелген  жіпті  ойыншылардың  аяқ  астымен  алып  өтеді  (30-40см 

биіктікте).  Бағанда тұрғандар “аяқты бүгу” тәсілі арқылы жіптен секіру керек. 

Содан соң бірінші ойыншы баған артында қалып, ал кезектісі жіпті алып баған 

жанымен  қайталайды.  Жіпті  бірінші  ойыншы  қайта  алғанда  жоғары  көтеріп, 

топ  ойынды  бітіргенін  көрсетеді.  Бірінші  болып  тапсырманы  бітірген  топ 

жеңген болып есептеледі. 

Ереже: 

1. 


Белгіден бұрын бастамау 

2. 

Әрбір ойыншы жіптен секіру керек. 



 

 

Лақтыру және қағып алу 

“Допқа тигіз” 

 

  Ойыншылар бір- бірімен 30см қашықтықта 2 қарама- қарсы сапқа тұрады. 



Ойынға  қатысушылар  алдынан  сызық  жүргізіледі.  Алаң  ортасында  волейбол 

добы жатыр. Бір сап қатысушыларына кішкентай допты лақтырады. Кішкентай 

доп  тиген  кезде,  волейбол  добы  қарсылас  топтың  жағына  қарай  жылжиды. 

Басқа топ ойыншылары допты жинап алып, өз күшінде волейбол добына қарай, 

оны  артқа  жылжыту  мақсатында,  лақтырады.  Осылай  топтар  кезекпен 

доптарды  лақтырады.  Допты  өзге  топ  сызығына  кіргізе  алған  топ  жеңіске 

жетеді. 

Ереже: 


1. 

Допты белгі бойынша бір сәтте лақтыру. 

2. 

Лақтыру кезінде сызықты баспау 



 

“Кесіртке” 

 

Бір ойыншылар созылған қол арақашықтығында шеңбер құрады, олардың 



қолында  доп.  Басқа  топ  шеңбер  ішінде  бағана  болып  тұрады.  Бағыттаушы 

ойыншы-    кесірткенің  “басы”,  соңғы  ойыншы-  кесірткенің    “құйрығы”. 

Қолында добы бар ойыншылар бүкіл бағананы – кесірткені құйрығынан бастап 

өлтіруі  керек.  Кесіртке  құйрығын  қорғау  мақсатында  өлтіргелі  жатқан 

ойыншылар  добынан  қашуға  болады.  Ойын  уақытпен  беріледі.  Кесірткені  аз 

уақытта өлтірген топ – жеңімпаз болып есептеледі. 



“Аңшылар мен үйректер” 

 

Ортада үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылар “аңшылар” және “үйректер” 



болып  екі  топқа  бөлінеді    “Аңшылар”  шеңбер  сыртында  тұрып,  доп  алады 

(валейболды, гандболды)  “Үйректер”   “өзен” шеңбері ішінде орналасады. 




19 

 

 Жүргізуші  бұйрығымен    “аңшылар”  мен  “үйректер”,  шеңберге  кірмей,  



“үйректерге допты тигізуге тырысады. Олар шеңбер ішінде қауіпсіз орын іздеп 

қашады.  “Үйректер”  доп  тиген  кезде  ойыннан  шығады.  Ойын  барлық 

“үйректер”  “шықпайынша”  жалғасады.  Содан  соң  ойынға  қатысушылар 

орындарымен ауысада. Аз уақыт кетірген немесе берілген уақытта ең көп үйрек  

“өлтірген” топ жеңіске жетеді. 

Ереже: 


1. 

Доп  бостан  босқа  жерге  тисе,  және  жерден  немесе  басқа  жолдасынан 

ыршып түспесе, ол тиген болып есептеледі. 

2. 


“Аңшыларға” шеңбер ішіне кіруге болмайды, әйтпесе ол саналмайды. 

3. 


“Үйректерге”  шеңберден  шығуға  болмайды,  ережені  бұзған  ойыннан 

шығады. 


4. 

Доп тиген ойыншы топ ауыспайынша, ойыннан шығады. 



 

“Кімді атады, сол допты қағады” 

 

 Ойынға  қатысушылар  алаңда  жүреді  немесе  жүгіріп  жүреді.  Жүргізуші 



қолына доп алады(баскейболды, вллейболды, гандболды). Ол бір ойыншының 

атын атап, лақтырады. Аталған адам допты қағып алып, допты қайта біреудің 

атын  атап  жоғары  лақтырады.  Допты  атаған  адамға  бағыттап,  ондай  биікке 

лақтырмау керек. 



 

“Допты аулаушы” 

 

Ойыншылар созылған қолдары сиятындай арақашықтықта тұрып, шеңбер 



құрады. Бір ойыншы – жүргізуші, ортасында тұрады. Аяқ астында екі үлкен доп 

жатыр. Жүргізуші біраз қозғалыстарды айтады немесе істейді (отыру, шапалақ, 

еңкею  және  т.б.).  Ойыншылар  айтылуы  немесе  көрсетілуі  бойынша  бұл 

қозғалыстарды орындайды. 

Аяқ  астынан  :  “Шеңберден  қаш”  дейді  де,  ойыншылар  әр  жаққа  қашып 

кетеді (алаңның белгіленген шекарасы шегінде ). 

Жүргізуші  допты  алып,  орнынан  қозғалмай,  қашып  бара  жатқан 

ойыншыларға тигізуге тырысады. Егер біріншісін тигізсе, екіншісін лақтырады. 

Содан  соң  белгі  бойынша  жүргізуші  :  “Бір,  екі,  үш  –  шеңберге  қайта  жүгір!” 

дейді  де,  ойыншылар  тағы  да  шеңбер  түзеді,  жаңа  жүргізуші  таңдалып,  ойын 

жаңартылады. 

 

 



Баскетбол мен волейболға дайындайтын ойындар 

“Атысу” 

 

Алаң  көлденең  екі  бөлікке  бөлінеді.  Алаңның  кішкентай  жағынан  2-2,5м 

қашықтықта  тағы  сызық  сызылады.  Осылайша  алаң  төрт  жолақтан  тұратын 

жазық  ретінде  көрінеді:  екі  кең  жолақ  (қала)  және  екі  жіңішке  (тұтқындар 

орны).  Саны  жағынан  ойыншылары  тең  екі  топ  ерікті  түрде  өз  қаласында 



20 

 

орналасады.  Жүргізуші  алаң  ортасына  шығып,  волейбол  добын  лақтырады. 



Ойыншылар  өз  қалаларынан  шықпай,  допты  иемденіп  қалуға  тырысады. 

Сөйтіп,  топтар  арасында  атыс  басталады.  Әр  топ  ойыншысы  қарсылас 

ойыншыларға  оларды  шығарып,  тұтқынға  алу  үшін  допты  лақтырады.  Доп 

тиген  әрбір  ойыншы  тұтқын  болып,  қаосылас  топтың  қаласының  артындағы 

жолақта  отырады.  Тұтқын  оған  ұшып  келген  допты  алып  басқа  топ 

ойыншысына  лақтыра  алады.  Тұтқындарды  босатуға  болады.  Ол  үшін  допты 

тұтқын  қағып  ала  алатындай  етіп  лақтыру  керек.  Екі  топта  тұтқындар  допты 

қағып  алуға  кедергі  жасайды,  оны  қағып  алып,  допты  кідіртеді.  Ойын 

белгіленген уақытқа дейін созылады. Басқа топтың барлық ойыншысын немесе 

неғұрлым көп ойыншысын тұтқынға алған топ жеңімпаз болады. 

Ереже: 

1. 


Созылған сызықтардан тыс шығуға (тұтқынның кіріп, шыққанынан басқа), 

басқа  жолақта  жатқан  допты  алуға,  доппен  жүгіруге,  әдейі  қатты 

лақтыруға,  ойыншыға  бірден  жоғары  тигізуге,  ұшып  келе  жатқан  допты 

алақанмен ұруға рұқсат етілмейді. 

2. 

Ереже  бұзылған  жағдайда,  басқа  топ  тұтқынға  түскен  кез  келген 



ойыншысын өз қаласына қайтарып алуға құқығы бар. 

3. 


Егер  ойыншы  оған  лақтырылған  допты  немесе  тұтқынға  бағытталған 

допты қағып алса, онда ол тиген болып есептелмейді, ал егерде қағып алу 

мақсатында  ойыншы  допты  жіберіп  алса,  тиген  болып  есептеліп,  ол 

тұтқынға барады. 



 

“Қозғалмалы мақсат” 

 

 Ойыншылар  бір  бірінен  2-3  қадам  қашықтықта  үлкен  шеңбер  құрады. 

Шеңбер  болып  тұрған  ойыншылар  алдынан  сызық  жүргізіледі.  Шеңберге 

жүргізуші  кіреді.  Айналасындағылар  жүргізушіге  волейбол  добын  тигізуге 

тырысады.  Жүргізуші  шеңбер  ішінде  жүгіріп,  доптан  қашады.Жүргізуші  доп 

тигізген  ойыншы,  соның  орнына  тұрады.  Жүргізушінің  рөлін  бірнеше  рет 

атқарған қатысушы – жеңімпаз. 

 Ереже: 

1. Шеңбер сыртында ойыншыларға сызықты басуға болмайды. 

2. Егер  доп  шеңбер  ішінде  қалып  қалса  жүргізуші  кез  келген  ойыншыға 

лақтырады. 

3. Егер  доп  ұшып  келе  жатып,  тізесінен  төмен  тисе,  тиген  болып 

есептеледі. 

4. Егер  жүргізуші  допты  ұшып  келе  жатқанда  қағып  алса,  тигенге 

жатпайды. 

5. Егер  жүргізуші  қағып  алу  мақсатында  қолынан  шығарып  алса,  жанап 

кетсе, жүргізушу ауысады. 

6. Допты қатты лақтыруға жол берілмейді. 

 

 



жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау