Казахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


 САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАЗІРГІ ТАЛАПТАР



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата29.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#27689
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 

3. САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАЗІРГІ ТАЛАПТАР 

 

1. Әрбір  сабақта  білім  беру,  даму  және  тәрбиелеу  мақсаттарының  бірлігі 



сақталуы  керек. Әрбір  сабақ  оқыту  барысының  басты  заңдылықтарын  жүзеге 

асыруға  ықпал  етуі  қажет.  Сабақта  белгілі  бір  білімді  баяндай  отырып, 

студенттердің  пайымдауын дамыту,  олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал 

ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын  қалыптастыру, оларға 

осы қатынастар  негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет 

қалыптасуы  үшін  алған  білімнің  студенттердің  мінез-құлқын  айқындауына, 

оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек. 

2.  Сабаққа  қойылатын  талаптардың  бірі    оның  эмоционалдығы. Ол 

студенттерді сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге  итермелейді. 

Ол  сырттай  ғана  байқалуы  мүмкін  (оқытушының   қатты  дауысы,  қол  сілтеуі, 

т.б.)  және  эмоционалдылық  оқытушының  сабақтағы  оқыту  барысына, 

оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін. Студенттер сергек болуы үшін 

сабақ  эмоционалды   болуы  керек,  бұл  олардың  белсенділігін  арттыру 

тәсілдернің бірі.  

3.  Әрбір  сабақта  студенттердің  іс-жүзінде  жасаған  жаттығуларын  үздіксіз 

есепке  алып    жургізілуі  керек. Оқыту  барысы  кез-келген сабақта  тұрақты  кері 

байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде оқытушы, 

студенттердің  берілген  жаттығуларын  игеру  деңгейін  біліп  отыруы  керек, 

өйткені  ол  осы  деңгейдің  үнемі  өсіп  отыруына  жағдай  туғызуы  керек. 

Сондықтан  да  студенттердің  жасаған  жаттығуларын  бақылаудың  әр  алуан 

түрлерін  пайдалану  керек.  Бұл  жерде  ең  бастысы-әрбір  оқытушыда 

студенттердің  сабақтағы  танымдық  қызметінің  нәтижесін  бағалау  үшін 

байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек. 

4.   Әрбір  сабақ  өзінің  ұйымдастырушылық  заңдылықтарымен,  оң 

нәтижелерді  сезінгіштігімен  ерекшеленуі  керек. Әрбір  өткен  сабақ  оқытушы 

мен студенттерге алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің 

елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де 

қамтамасыз  етуі  керек.  Білімнің  осындай  елеулі  өсуі  (білік  пен  дағдының) 

қанағаттану  сезімін  туғызады,  әрине  студенттердің  дене  шынықтыруға    деген 

белсенді  көзқарасын  туғызады.  Әрбір  сабақ  барысының    тамандалған  бөлігі 

болуы тиіс. 

5.  Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Қайталау 

ешқашан  да  жаттанды  қайта  айтуға  алып  келуі  тиіс  емес.  Әрбір  сабақтағы 

жаңадан берілетін жаттығуларды бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы 

керек.  Оқытушы  жаңа  тақырыпты  баяндағанда  мүмкіндігінше  оны  алдыңғы 

өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек. 

6.  Сабақтың  барлық  уақытын  үлкен  табыстылықпен  пайдалану. Сабаққа 

дайындалғанда  студенттердің  80  минут  бойы  жұмысын  ұйымдастыруды 

ойластыру  керек.  Сабақта  дайындық,  негізгі,  қортынды  бөлімдерді  дәл  өз 



 

уақытын пайдалана білу керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, 



бекіту)  қызметтің  бір  түрінен  екіншісіне  көшкенде  уақыт  жоғалтуға  алып 

келеді.  Жекелеген  студенттердің  сабаққа  кешігу,  сабақтағы  басқа  да  тәртіп 

бұзушылық  себептерін  аңықтауға  мүмкіндігінше  уакытты  шығындамау  керек, 

бұл туралы сабақтан кейін әңгімелесуге болады. 

7.   Студенттердің  бүкіл  сабақ  бойы  оқу-еңбек  тәртібін  қамтамасыз 

ету. Алдыңғы  айтылған  талаптарды  орындау  сабақтағы  тәртіпті  белгілі  бір 

деңгейде  қамтамсыз  етеді  Әйтсе  де,  оқытушы  тәртіпті  ұстау  үшін  әрбір 

студенттің  жеке  басын  силай  отырып,  белгілі  бір  талап  қоя  білуі  керек. 

Студенттер  тек  оқытушыға  жай  қарап  және  тыңдап  қана  қоймауы  керек, 

берілген  тапсырмаларды  жасауда  белсенді  болуы  керек,  сабақта  тиімді 

танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс. 

8.  Үй  тапсырмасының  тиімділігі  және  оны  міндетті  түрде  тексеру. 

Оқытушы,  үйге  тапсырма  бере  отырып,  студенттердің  барлығы  оны  орындай 

алатынына  сенімді  болуы  керек.  Кейде  өте  қиын  тапсырма  ұсынылады,  бірақ 

кез-келген  жағдайда  оқытушы  үй  тапсырмасына,  оның  мәні  неде  екенін, 

мақсаты  қандай,  оны  орындаудың  негізгі  ережелерін  түсіндіре  отырып, 

түсініктеме  беруге  міндетті.  Студенттер  орындаған  кез-келген  үй  тапсырмасы 

міндетті  түрде  тексерілуі,  талдануы  керек,  әйтпесе  студенттердің  өз  бетінше 

танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады. 

9.   Қолайлы  моральдық-психологиялық  және  санитарлық-гигиеналық 

жағдайлар  туғызу. Бұл  жағдайлар  көпшілігінде  сабаққа  қойылатын  барлық 

жоғарыда  аталған  талаптардың  орындалуымен  анықталады.  Әрбір  сабақта, 

бәрінен  бұрын,  топтағы  студенттердің  арасында,  оқытушы  мен  студенттердің 

арасында  қалыпты  қатынас  орнату  керек.  Студенттерге  дене  шынықтыру 

сабағында    екінші  аяқ  киімді  алып  келу  туралы  және  тазалықты    ұстануды  

түсіндіру.  

Жоғарыда  берілген    талаптарды  орындап    және    оларды  білу  міндетті, 

өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді. 



 

 


10 

 

4. ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ 



 

Дене шынықтыру дайындығы - жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Ол 

адам  ағзасындағы  бұлшық  еттер  мен  дене  сымбатының  бір  қалыпты,  сұлу 

қалыптастуына мүмкіндік береді. 

Бірқалыпты  дайындықтың  қажеттілігі,  бір  мүшенің  сол  дайындығы 

спортшының барлық әрекетін жоққа шығарады. Дене шынықтыру - дайындықтың 

жан-жақтылығы  жаттығу  әрекеттері  көп  түрлілікке  негізделген:  гимнастикалақ, 

спорттық ойындар, шаңғымен жүру, жүзу және спорттың әр түрлері. 

 Жалпы дене дайындығы адам ағзасындағы барлық ағзалар қабілетін жоғары 

дәрежеде көтеруге арналған. 

 Жалпы  және  арнайы  дене  дайындығы  күштің  дамуына,  жылдамдыкқа, 

ептілікке,  қозғалыстың  координациялық  көтерілу  шеңберіне,  дененің  босау 

қабілетіне бағытталған. 

 

 

4.1. Жылдамдық 

 

Жылдамдық дегеніміз  - адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте 

жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:  

1. 


Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы.  

2. 


Жалғыз қимыл жылдамдығы.  

3. 


Қимыл жиілігі.  

 Жылдамдық  жаттығулары  аздаған  мөлшерде  сабақтың  негізгі  бөлімінде, 

орталық  жүйке жүйесі қалыпты жағдайда тұрған кезде беріледі. Қимыл жиілігі 

жылдамдығын дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері 

қолданылады. 

  Жылдамдықтың  дамуы  -  бұл  көп  жылғы  жұмыс,  бала  кезден  басталып, 

әртүрлі  қимылды  ойындар  мен  арнайы  жаттығуларда  қолданылады. 

Жаттығудың  кейінгі  жаңа  әдісте  ең  қажетті  боп  есептелетін  құралда  кедергілі 

жылдамдықты  меңеруге  бағытталған,  басқамсн  толықтыруға  болмайтын 

жаттығу  кезендері.    Саны  жағынан  жаттығулардың  орындалу  сәтінде 

жеңілдетілген  жағдайлар  қарастырылады:  еңіске  қарай  жүгіру,  жеңілдетілген 

снарядты лақтыру,  қимылды реакциялы жатығулар. 

 Жылдамдықтың  сапасы  -  жеңіл  атлетикалық  жаттығулардың  негізіне 

жатады. Қимылдар негізінде спринтер, секіруші мен лақтырушыға жылдамдық 

пен  күш  жатады.  Сондықтан  күш  әрекеті  негізінде  күшті  жылдамдық 

жаттығулары  жылдамдықта  орындауы  керек.  Жылдамдықпен  секіру  жеке 

жүгіру  кезінде,  снарядты  лақтыру  қозғалысы  спсртшының  қорытындылары 

болып саналады. 

 

 

 



жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау