1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет37/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

мүлікті  құтқару  жөніндегі  ерікті  командалар  мүшелерінің  еңбек  қызметіне  байланысты  және 

еңбекке  қабілетсіздігіне  не  қайтыс  болуына  әкеп  соққан  денсаулығының  зақымдану  жағдайлары 

осы Кодекске сәйкес тергеп-тексерілуге жатады. 

2.  Жұмыскерлер  денсаулығының  еңбек  міндеттерін  орындауға  байланысты  зақымдануы  не 

еңбекке  қабілетсіздікке  не  қайтыс  болуға  әкеп  соққан,  жұмыс  берушінің  мүддесі  үшін  өз 

бастамасы бойынша басқа да әрекеттер жасау, егер олар: 

1) жұмыс  уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-

жабдықтарын, жеке қорғаныш құралдарын дайындау және ретке келтіру және басқа да әрекеттер 

кезінде; 

2)  жұмыс  орнында  болған  жұмыс  уақыты  ішінде,  жұмысы  қызмет  көрсету  объектілері 

арасында  жүріп-тұрумен  байланысты  жұмыскер  бара  жатқан  жолда,  оның  ішінде  жұмыс 

берушінің тапсырмасы бойынша бара жатқан жолда, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындау кезінде 

іссапар уақытында; 

3) жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысты орындау орнына бара жатқанда немесе 

жұмыстан келе жатқанда; 

4)  жеке  көлік  құралын  қызмет  бабында  пайдалану  құқығына  жұмыс  берушінің  жазбаша 

келісімі болған кезде өзінің жеке көлік құралымен;  

5) жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша әрекеттер жасау кезінде;  

6) вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын жерінен) 

жұмыс  беруші  ұсынған  көлік  құралымен  жұмысқа  бара  жатқанда  немесе  келе  жатқанда  орын 

алған болса, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынады. 

3. Тергеп-тексеру барысында жұмыскерлер денсаулығының зақымдануы: 

1)  жұмыскердің  функционалдық  міндеттеріне  кірмейтін  және  жұмыс  берушінің  мүддесімен 

байланысты  емес  жұмыстарды  немесе  өзге  де  әрекеттерді  зардап  шеккен  адам  өз  бастамасы 

бойынша орындаған, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс, 

тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс кезінде орындаған кезде; 

2)  зардап  шеккен  адамның  алкогольдік  масаң  күйде  болуы,  оның  уытқұмарлық  және  есірткі 

заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалану негізгі себеп болған жағдайда; 

3) өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде, сондай-ақ зардап шеккен адам 

қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде; 

4)  медициналық  қорытындымен  расталған,  зардап  шеккен  адам  денсаулығының  өндірістік 

факторлардың  әсерімен  байланысты  емес  кенеттен  нашарлауынан  болғаны  объективті  түрде 

анықталса,  олар  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғалар  ретінде  есепке  алынуға 

жатпайды. 

4.  Кәсіптік  аурулар  жағдайларын  тергеп-тексеруді  жұмыс  беруші  халықтың  санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді. 

5. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары жұмыскерлердің өндірістік 

жарақат  алуына  немесе  денсаулығының  еңбек  қызметіне  байланысты  зақымдануына  орай 

бастапқы  жүгінген  әрбір  жағдай  туралы  жұмыс  берушілерге  және  еңбек  инспекциясы  жөніндегі 

жергілікті  органға,  сондай-ақ  кәсіптік  қатты  ауру  (улану)  жағдайлары  туралы  халықтың 

санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  органды  екі  жұмыс 

күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс. 

6.  Еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаларды  және  өндірістегі  кәсіптік  ауруларды 

тергеп-тексеруді ұйымдастыру және тіркеу үшін жұмыс беруші жауапты болады. 



187-бап.  Еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаларды  тергеп-тексеру  кезіндегі 

жұмыс берушінің міндеттері 

1. Жұмыс беруші: 

1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде оны 

денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға; 

2)  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиға  орнындағы  жағдайды  (жабдықтар  мен 

механизмдердің,  еңбек  құрал-жабдықтарының  жай-күйін),  егер  бұл  басқа  адамдардың  өмірі  мен 

денсаулығына  қатер  төндірмесе,  ал  өндірістік  процестің  үздіксіздігін  бұзу  аварияға  әкеп 

соқпайтын  болса,  оқиға  болған  кездегі  күйде  сақтауға,  сондай-ақ  жазатайым  оқиға  болған  жерді 

фотосуретке түсіруге; 



3)  зардап  шеккен  адамның  жақын  туыстарын  жазатайым  оқиға  туралы  дереу  хабардар  етуге 

және  осы  Кодексте,  өзге  де  нормативтік-құқықтық  актілерде  айқындалған  мемлекеттік  органдар 

мен ұйымдарға хабар жіберуге; 

4)  арнайы  тергеп-тексеру  жөніндегі  комиссия  мүшелерін  еңбек  қызметіне  байланысты 

жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға орнына жіберуге міндетті. 

2.  Жұмыс  беруші  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиға  туралы  бір  тәулік  ішінде 

еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 

нысан

 бойынша: 

1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға; 

2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік 

саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне; 

3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 

саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне; 

4) жұмыскерлердің өкілдеріне; 

5)  жұмыскер  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін  атқарған  кезде  оны  жазатайым  оқиғалардан 

сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына; 

6)  жазатайым  оқиға  болған  жердегі  құқық  қорғау  органына  және  арнайы  тергеп-тексеруге 

жататын  жағдайларда  өндірістік  және  ведомстволық  бақылау  мен  қадағалаудың  уәкілетті 

органдарына хабарлайды. 

3.  Еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаны  тергеп-тексеру  кезінде  комиссияның 

талабы бойынша жұмыс беруші меншікті қаражаты есебінен: 

1) техникалық есеп-қисаптардың орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа 

да  сараптама  жұмыстарының  жүргізілуін  және  осы  мақсаттарда  сарапшы  мамандардың 

тартылуын; 

2)  оқиға  орнын  және  зақым  келтірілген  объектілерді  фотосуретке  түсіруді,  жоспарлар, 

эскиздер, схемалар жасауды; 

3) тексеру жүргізу үшін қажетті көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнайы киім 

және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беруді; 

4) мыналарды: 

жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың бар-жоғын 

сипаттайтын  құжаттарды  (жоспарларды,  эскиздерді,  схемаларды,  ал  қажет  болғанда  оқиға 

орнының фото- және бейнематериалдарын және басқаларды); 

нұсқауларды тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауіпсіздігі және 

еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, еңбек қызметіне байланысты жазатайым 

оқиға  куәгерлері  мен  лауазымды  адамдардан  жауап  алу  хаттамаларынан,  зардап  шеккен 

адамдардың  түсініктемелерінен,  мамандардың  сараптамалық  қорытындыларынан  үзінді 

көшірмелерді; 

зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін; 

зардап  шеккен  адамның  денсаулығына  келтірілген  зақымның  сипаты  мен  ауырлық  дәрежесі 

немесе  оның  қайтыс  болуының  себебі  туралы,  алкогольдік,  есірткілік  немесе  уытқұмарлық 

масаңдық белгілерінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны; 

зардап  шеккен  адамға  арнайы  киім  және  басқа  да  жеке  қорғаныш  құралдары  берілгенін 

растайтын құжаттардың көшірмелерін; 

көрсетілген өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық мемлекеттік 

қадағалау  органының  лауазымды  адамдарының  (егер  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым 

оқиға  осы  органның  бақылауындағы  ұйымда  немесе  объектіде  орын  алса)  бұрын  берілген 

нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді; 

комиссияның  қалауы  бойынша  істің  қаралуына  қатысы  бар  басқа  да  құжаттарды  беруді 

қамтамасыз етеді. 

188-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі 

комиссияны құру тәртібі және оның құрамы 

1. Арнайы тергеп-тексерілуге жататын жағдайларды қоспағанда, еңбек қызметіне байланысты 

жазатайым  оқиғаларды  тергеп-тексеруді  өндірістік  жарақаттың  ауырлық  дәрежесі  туралы 

қорытынды алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде жұмыс берушінің актісімен құрылатын, 

мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді: 

1)  төраға  -  ұйымның  (өндірістік  қызметтің)  басшысы  немесе  оның  орынбасары,  ал  олар 

болмаған кезде жұмыс берушінің уәкілетті өкілі; 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау