67
қарқынын күшейтуге әсер етеді, өйткені ие ағзасының табиғи шыдамдылығы
мен иммунологиялық реактивтілігін төмендетеді.
Зертханалық
және
ауылшаруашылық
малдарына
жүргізілген
эксперименттік жұмыстар аралық қожайында тек қана жыныссыз көбею –
шизогония, ал түпкілікті иеде жыныстық қатынас – спорогония іске асатынын
көрсетті. Саркоспоридиялардың толық тіршілік циклдерінің мәнін ашқаннан
кейін аралық иедегі таксоплазма сияқты саркоцистоздарға ға жедел және
созылмалы фазалар енетінін көрсетті, оған шизогонияның екі кезеңі сәйкес
келеді, цистаалды және циста кезеңі. Саркоцистоздың жедел белгісі алғаш рет
залалданған кезде, организмде жаппай жыныссыз көбею орын алғанда жас
жануарлардан байқалады. Ауру жіті өтіп, өлімге апаруы мүмкін.
Саркоспоридиялардың бұлшықетте даму кезеңі қалыптасқаннан кейін аурудың
созылмалы фазасы орын алады, бұл әдетте, бұлшықет цисталарын зерттеу
кезінде байқалады. Циста алдыңғы мерогония жаппай барлық ішкі орган
қантамырының эндотелийінде өтеді және бір немесе екі генерацияны құрайды.
Мысалы, J.P.Dubeудің анықтауында
Sarcocystіs cruzi-де шизонттардың 1-
генерациясы 7-20 күнде, 2-генерациясы 19-6 күнде,
Sarcocystіs hirsuta-дa
меронттардың 1-генерациясы 7-23 күнде, 2-генерациясы 15-23 күнде, ал
цисталар 25-75 күнде
Sarcocystіs bovicanis-те 1-генерация 15-16 күнде, 2-
генерация 20-33 күнде, қой мен иттердің
Sarcocystіs sp.-да 1-генерация 6-19
күнде, O’Donoghue Peter et. Al-дің зерттеуінде 2-генерациясы 21-34 күнде, ал
цисталар 41-134 күнде пайда болады. А.Ruiz, J.K.Frenkel мәліметтері бойынша,
Sarcocystіs muris цисталары мысықтарға жұғу үшін 76 күн керек екен, ал Sela-
Perez et.al. және т.б. мәліметтеріне сәйкес 97-105 күн қажет.
Алақоржынның түпкілікті иесі полярлық жапалақ
S.Rauschorum
цисталарында метроциттердің аздаған мөлшері 9 тәулікте анықталды, ал 21-ші
күні цисталардан
Friesen et.al мерозоиттар табылды.
S.Rauschorum тіршілік
циклі бір R.Cawthorn et.al.циста аралық шизогония қамтиды
Sarcocystіs dispersa
цисталары 10-11 күндер аралығында түзілді. 12-ші тәулікте цистаалдыңғы
мерозоиттармен қатар бір немесе одан да көп метроциттері бар және т.б.
цисталарды байқады.
S. Rauschorum цисталарының дамуын зерттеген кезде
олар аздаған мөлшердегі метроциттермен бірге 9-шы тәулікте анықталды, ал
21-ші күні цистадан
Friesen et.al. мерозоиттар анықталды
S. Rauschorum
тіршілік циклі бір
R.Cawthorn et.al. циста аралық шизогонияны қамтиды [99].
Саршұнақтың
Sarcocystіs cittellibuteonis цисталарының ультрақұрылымын
зерттеу 27 тәулікте цистаның құрамында метроциттер, аралық жасушалар және
мерозоиттар болғанын көрсетті. Әдебиеттегі мәліметтер мен жеке зерттеу
мәліметтерін негізге ала отырып, біз мынадай қорытындыға келдік, түпкілікті
иесі жыртқыш құстар болып табылатын саркоцисталардың тіршілік циклі
қысқа, яғни түпкілікті иелері жыртқыш сүтқоректілер болып табылатын
саркоцисталарға қарағанда олардың цистаалдыңғы мерогониясы бір сатылы
және де цисталардың «жетілу» уақыты тым қысқа. Олар екі сатылы
шизогониямен және цисталарының жетілу кезеңінің ұзақтығымен сипатталады.