61
3. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы
жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит).
Зоиттың сырты үш мембраналы қабық – пелликуламен қапталынған. Оның
астында түтікшелі фибрилдер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер
деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттын қаңқасын құрайды. Зоиттың
денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар орналасқан. Олар
спираль тәрізді фибрилді – коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған
саны 2-ден 14-ке дейін – роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің
жасушаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат иесінің эпителий
жасуша мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит бұранда арқылы
жасушаның ішіне кіреді (сурет 16).
I – коноид, 2 – роптрия, 3 – микронема, 4 – түтікше, 5 – микропора, 6 – ядро, 7 –
эндоплазмалық тор, 8 – митохондрия
Сурет 16 – Спорозоиттің кұрылысының сызбасы
4. Саркоспоридиоз немесе саркоцистоз – бір торшалы қарапайымдылар
қоздыратын, бұлшық еттердің зақымдануымен сипатталатын жануарлар мен
адамның зоонтропозоонды ауруы. Саркоцистоз көбінесе созылмалы түрде
тіркеліп, сырт көзге байқалмайтын инвазия.
Саркоцистоз қоздырғыштары аралық ие ағзасында (үй жануарлары)
трофозит (эндозоит, цистозоит) және циста (микро және макроцисталар)
түрінде кездеді.
Саркоцисталар қойда ( Sarcocystis ovicanis, S.ovifelis), ешкіде ( S.capracanis),
ірі қара малда ( S.bovicanis, S.bovifelis, S.bovihominis), түйеде ( S.camelicanis),
шошқада ( S.suicanis, S.suihominis) және басқа да жануарларда жиі кездесетін
паразит. Саркоцисталар түрлерінің сыртқы құрылысы бір біріне өте ұқсас.
62
Саркоцисталар ақтық және аралық иелер арқылы өсіп-өнеді. Соңғы ие
қызметін адам, ит, мысық және басқа жыртқыш жануарлар орындайды. Ал
тұяқтылар, кеміргіштер, ескек аяқтылар, құстар (21 түрі), бауырымен
жорғалаушылар және балықтар аралық иелері болып саналады. Ал паразиттің
соңғы иелері спороциста (ооциста) фазасын нәжісімен сыртқы ортаға шығарып
отырады.
Даму айналымындағы бастауыш фазасы – трофозоит. Оның түрі – кескіні
орақ, банан, ұршық не бұршақ тәрізді болып келеді, дене тұрқысы 6 – 15 мкм,
ал ені 2 – 7 мкм. Паразит ядро, цитоплазма және қабықшадан тұрады.
Диагностикалық белгілері. Қарусыз көзге анық көрінетін цисталардың,
дене тұрқысы 10-20 мм дейінге жетеді. Түр кескіні ұршық, эллипс немесе
цилиндр сияқты. Қабықшасы екі қабат. Цистаның қуысы трофозоиттарға толы,
көптеген камераға бөлінеді.
Спороцисталардың түр кескіні эллипс тәрізді, дене тұрқысы 14,3 х 10,2
мкм. Поляр денешігі жоқ. Қабықшасы жылтыр, түссіз, өте жұқа, нәзік.
Спороциста қуысында дене тұрқы 9-11х2-3 мкм төрт спорозоиттар және
шартәріздес қалдық дене орналасқан.
Эпизоотологиялық деректері. Саркоцистоз Республиканың барлық
аймақтарында кездеседі. Мал шаруашылықтарында ірі қараның 96%, ал қойдың
100% саркоцистозға шалдыққан [84-89].
2 дәріс тақырыбы: Кеміргіштердің саркоспоридияларымен залалдану
жолдарын және қоздырғыштарының морфологиясын анықтау.
Дәрісте қарастырылатын мазмұн:
1.Түпкілікті иелер саркоцисталарының морфологиялықсипаттамасы
Кеміргіштердің әртүрлі түрлерінен бөлініп алынған саркоцисталардың,
цистозоиттардың, спороцисталардың морфологиясын жарық микроскопымен
салыстырмалы түрде зерттеу – цисталардың, мерозоиттардың және циста
қабырғасы құрылымының әртүрлі пішіні мен өлшемдерінің бар екенін көрсетті.
Цисталардың көлемі мен пішіні көбіне олардың жасы мен жетілу деңгейіне
байланысты. Жарық микроскопымен жануарлардың әртүрлі түрлерінің
жетілген саркоцисталарының тұрақты диагностикалық белгісі цисталық
қабырғаның құрылымы және саркоциста – мерозоиттардың жетілген,
жыныссыз даму кезеңдерінің көлемдері болып табылады. Цисталық
қабырғаның және кей жағдайларда жетілген мерозоиттардың морфологиялық
белгілері бойынша түрлерді электронды микроскоппен ғана ажыратуға болады.
Саркоспоридия түрін анықтаған кезде паразиттің морфологиялық және
биологиялық қасиеттерімен бірге аралық және түпкілікті иесінде, түрінің де
үлкен маңызы бар. Саркоспоридиялар эймерия споровиктерінен басқалары
сияқты аралық иелерге қатыстылығы жағынан қатаң спецификалық
паразиттерге жатады. Ерекше жағдайларды ескермегенде, әдебиеттерде дала
тышқанынан үй тышқанын, сары дала тышқанынан зертханадағыдағы
егеуқұйрыққа саркоцисталардың берілуі туралы мәліметтер кездеседі.
Саршұнақ, үй тышқандарынан бөлінген саркоцисталардың даму циклін
және морфологиясын зерттеген кезде бұл жануарларда мерозоит көлемі
63
бойынша айтарлықтай ерекшеленетін саркоцисталар кездесетіндігі анықталған.
Мерозоит көлемдерінің түпкілікті иесінің таксономиялық тиістілігіне
байланыстылығы анықталған.
Саркоспоридияның әртүрлі түрлерінің морфологиялық белгі анализіне
сәйкес, бұл паразиттердің морфологиясы көбіне түпкілікті иесінің
таксономиялық тиістілігіне байланысты. Түпкілікті иелерінің түрлері әртүрлі
саркоспоридияларының морфологиялық салыстырмалы мәліметтері 11-кестеде
берілген. Саркоцисталардың мерозоит көлемдері мен қабырға құрылымына
назар аударылды.
Кесте 11 - Саркоцисталардың мерозоит көлемдері мен қабырға құрылымы
Саркоцис-
талардың
түрлері
Ие
Орташа
мөлшері
мерозоит-
тар, мкм
Саркоциста
қабырғасы-
ның
құрылымы
Саркоциста
қабырғасы-
ның
қалыңдығы
Аралық
Түпкілікті
S.citellivulpes сарышұнақ
түлкі
қарсақ
4,2х12,3
көлденең
иректі
1,5-3,5
S.citelli-
buteonis
-
ақсары
1,7х8,0
тегіс
0,7-1,0
S.muris
үй
тышқаны
мысық
4,1х14,2
тегіс
1,0-2,0
S.dispersa
-
жапалақ 2,0х7,0
тегіс
0,5-1,0
S.cerne
кәдімгі
тоқалтіс
күйкентай 2,2х8,5
тегіс
0,5-1,0
Түпкілікті иесі жыртқыш сүтқоректілердің (түлкі, қарсақ, мысық)
саркоспоридияларының мерозоиттары ірі, цистасының қабырғалары жуан,
көлденең иректі болады (жарық микроскопымен). Бір ғана ерекшелік бар, үй
тышқандарының саркоцисталарының циста қабырғалары тегіс болады.
Түпкілікті иелері жыртқыш құстардың (ақсары, жапалақ, күйкентай)
саркоспоридияларының мерозоиттарының көлемі кіші, циста қабырғалары
жұқа, көлденең ирегі жоқ, тегіс болады, 12-кестеде берілген.
Кесте 12 – Түпкілікті иесі жыртқыш сүтқоректілерден анықталған
саркоцисталардың салыстырмалы мәліметтері
Саркоспоридияның
түрі
Ие
Мерозоиттардың
орташа мөлшері,
мкм
Аралық
Түпкілікті
1
2
3
4
S.bovicanis
ірі қара мал
ит, қасқыр, түлкі
3,8-10,6
S.ovicanis
қой
ит,
ақсары
,
шибөрі
4,8-14,5
Достарыңызбен бөлісу: |