Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет30/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48

72 
 
септігін  тигізетін  виртуалды  зертханаларды  пайдалану  электронды  білім 
беретін  компьютерлік  өнімді  ендіру  стратегиясындағы  сәттіліктің  ажырамас 
бөлігі болып табылады. 
Осы  орайда,    кытай  философы  Конфуцийдің  «Естігенді  ұмытамын, 
көргенді  есте  сақтаймын,  ал  өз  ақыл-ойыммен  істеген  ісімді  түсінемін»  деген 
даналық  сөзін  еске  алсақ,  зертханалық   жұмыстарды  орындау  барысында 
студенттер    теориялық  білімдерін  практикада  жүзеге  асырып,        пәнге  деген 
қызығушылығы артады. 
Сол  себепті,  танымдық  іс-әрекетті  қалыптастыруды  мақсатты  түрде 
ұйымдастыруға  бағытталған  және  кеміргіштердің  саркоспоридияларының 
биологиялық,  экологиялық,  тіршілік  ерекшеліктері  туралы  ғалымдардың 
зерттеу  жұмыстарын  қолдану  арқылы,  сонымен  қатар  өзіміздің  жоғарыда 
аталған  зерттеулеріміздің  нәтижелері  негізінде  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық университетінің, жаратылыстану-география институтының және 
Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  университетінің  «Биология  және  БОӘ» 
кафедрасының  5В011300  –  «Биология»  мамандығының  1-курс  студенттеріне 
арналған  «Кеміргіштердің  саркоспоридиялары»  тақырыбында  виртуалды  оқу-
танымдық  зертханасының  электрондық  әдістемелік  нұсқаулығы  жасалды  
(қосымша Ә). 
 
2.2  Биология  курсы  бойынша  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды 
ұйымдастырудың әдістемелік шарттары 
Қазiргi  жағдайда  бiлiм  беру  –  адамды  өмiр  бойы  даму  мен  өзiн-өзi 
дамытуға,  қазiргi  қоғамда  толыққанды  және  өз  бетiмен  қызмет  етуге,  алған 
білімін іс-әрекетте қолдана білуге дайындау деген сөз.  
Осы уақыт аралығында жаратылыстану пәндері бойынша әдістемелік жүйе 
отандық  және  әлемдік  педагогикалық-психологиялық  жетістіктерді  жинақтай 
отырып, әрбір жеке пәннің ерекшеліктеріне орай  өзіндік құрылымға ие болып 
отыр.  Жаратылыстану  пәндерін  оқытудың  мақсаты  мен  міндеттеріне  сәйкес  
оқытудың әдістерін таңдап алады. 
Оқыту әдістерін таңдау негізінен белгілі дидакт ғалымдар И.Я.Лернер мен 
М.Н.Скаткин  ұсынған  әдістемелік  жіктемеге  сәйкес  (түсіндірмелік-көрнекілік, 
проблемалық,  жартылай  ізденіс,  зерттеу  әдістері)  орайластырылған.  Мұндағы 
түсіндірмелік-көрнекілік әдіс білімалушылардың білімді игеруі  мен есте сақтау 
қабілеттіліктерін 
қамтиды; 
проблемалық 
әдісті 
пайдалануда 
білім 
алушылардың    логикалық  ойлау  дағдылары  қалыптасады.  Түсіндірмелік-
көрнекілік  және  проблемалық  әдістер  оқытудың  негізгі  сатысында  көбірек 
қолданылса, ал виртуалды зертханалық сабақ  үрдісінде
 
білім алушылардың өз 
мүмкіндігін  таңдауына  бағыт  беруге  жағдай  жасайтын  жартылай  ізденіс  және 
зерттеу  әдістері  қолданылады.  Мәселен,  жартылай  ізденіс  әдісінде  білім 
алушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жүргізуіне  мүмкіндік  беріледі,  мұның 
нәтижесінде  олардың  зерттеу  жұмыстарының  жоспарын  құру,  бақылау  жасау 
және т.б. дағдылары қалыптасады [103].  


73 
 
Ал  зерттеу  әдістерінде  білім  алушылардың  зерттеу  тақырыптарына 
байланысты  әдебиеттерді  өз  бетімен  іздеп,  оларды  оқып-үйренеді,  зерттеу 
жұмыстарының ұстанымдарын танып біледі, зерттеудің жоспарын құрып, одан 
алынатын  нәтижені  болжап,  оған  баға  бере  алады.  Қазіргі  білім  берудің  жаңа 
парадигмасына  орай  оқыту  әдістемесінде  «іс-әрекет  арқылы  оқыту»  және 
онымен  тығыз  байланыстағы  білім  алушылардың  практикалық  іс-әрекетін 
ұйымдастыру  әдістері  тұжырымдарына  деген  қызығушылық  басым  болып 
отыр.   
Педагогика ғылымы үнемі оқытудың тиімді әрі жүйелі әдістерін іздестіру 
бағытында дамуда. Оның негізгі міндеті  – оқыту сапасын көтеруге әсер ететін 
әдіс-тәсілдерді  анықтау.  Жалпы  педагогикада  берілгендей  жаратылыстану 
пәндерін  оқыту  әдістемесінде  де  оқытудың  әдістері  деп  білім  берудің 
мақсатына  жетуге  бағытталған  оқытушы  мен  білім  алушылардың  белгілі  бір 
тәртіпте  жүзеге  асырылатын  іс-әрекет  қарым-қатынастарының  бірлігі  мен 
үйлесімділік тәсілдерін айтады. 
Бүгінгі күнгі жоғары оқу орнында білім беру тұлғалық сипатқа ие болуда, 
яғни тұлғаның талабына жауап беру, оны құрметтеу, сондай-ақ оның дамуына 
көмектесу  алдыңғы  орынға  шығып  отыр.    Мұндай  күрделі  мәселелердің 
шешімін  табу  оқу  бағдарламаларында  айқындалған  бiлiм  берудің  мақсатын, 
мазмұны мен принциптерін жүзеге асыру белгілі бір оқыту технологиялары мен 
оқытудың әдіс тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.  
 Оқыту  технологиясы  дегенiмiз  –  қойылған  мақсатқа  тиiмдi  жолмен  қол 
жеткiзудi  қамтамасыз  етушi  жүйе  (оқытудың  формаларын,  әдiстерi  мен 
құралдарын  қамтитын)  ретінде  көрiнетiн  оқу  бағдарламаларында  айқындалған 
бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi. Осы анықтамаларға зер сала қарасақ, 
оқыту  технологияларының  құрылымдық  элементтерiне  мақсат  +  мазмұн  + 
әдiстер  +  формалар  +  құралдар  +    білім  алушы+  оқытушы  +  нәтиже 
жататыны айқын көрiнедi. 
Оқыту  технологияларына  тән  негiзгi  белгiлер:  негiздiлiгi  (кез  келген 
технологияның  өзiндiк  философиясы,  өзiндiк  тұжырымдамасы  болуы  шарт), 
жүйелiлiгi  (құрылымдық  элементтерiнiң  бiртұтастығы),  басқарылмалығы 
(оқыту үрдісiн толық жоспарлап, нәтижесiн тексеруге болатындығы), тиiмдiлiгi 
(қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi) болып 
табылады. Сонымен қатар технологиялардың диагностикалық мақсат түзу және 
нәтижелiлiгi,  үнемдiлiгi,  алгоритмдiлiгi,  жобаланбалылығы,  бiртұтастығы, 
түзетiмдiлiгi сияқты белгiлерiн атауға болады.  
Қазіргі    білім  берудің  тенденциялары  мен  даму  бағыттарын  қамтамасыз 
ететін 50-ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. Оқытушылар 
арасында  жүргізілген  сауалнама  нәтижесінде  жаратылыстану  пәндерін  оқыту 
үдерісінде  келесідей  педагогикалық  технологияларды  пайдаланатыны 
байқалды:  Ж.А.Қараевтың  деңгейлеп-саралап  оқытуы,  М.Жәнпейісовалардың 
модульдiк  оқытуы,  Н.Д.Андреева,  В.П.Соломин,  Т.В.Васильева  дамыта 
оқытуы, 
Н.Н.Нұрахметов, 
К.А.Әбдіғалиевтардың 
оқушы 
әрекетiн 
шоғырландыра  қарқынды  оқыту,  Н.Гузик,  И.Первин,  В.В.Фирсовтардың 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау