Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет20/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48

47 
 
2  ВИРТУАЛДЫ  ЗЕРТХАНАЛЫҚ  ЖҰМЫСТАРДЫ    ҚҰРУ  МЕН  
ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
2.1  Виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  орындауда  биологиялық 
мазмұнды іріктеу ерекшеліктері 
Биологиядан виртуалды зертханалық жұмыс, қазіргі таңда  білім алушылар 
мен педагогтардың көңілін өзіне аударып отырған  биологиялық білім берудегі  
болашағы  зор, ауқымы кең   сала болып отыр.  
Оқу практикасына  виртуалды зертхананы енгізудің өзектілігі,  біріншіден, 
қазіргі  уақыттың  ақпараттануы  болса,  екіншіден,    оқытуды  ұйымдастырудағы 
нормативтік  талаптар,  яғни,  білім  беру  стандарттарындағы  өзгерістер  болып 
отыр.  
Олай  болса,  біз  виртуалды  зертханаларды  жасау  үшін  биологиялық  
мазмұнды  іріктеуді    мемлекеттік    білім  беру  стандарттарына  талдау  жасаудан 
бастадық.  
Жоғары  оқу  орнындағы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті    білім  беру 
стандарты биология пәнін оқытуда келесі  мақсаттарға қолжеткізуді болжайды: 
–  әлемнің  заманауи  жаратылыстану  ғылымын  қалыптастыруда  биология 
ғылымының рөлі туралы; тірі табиғатты тану әдістері туралы білімдерді игеру
–  табиғи  құбылыстарды  бақылау,  бақылау  нәтижелерін  сипаттау  және 
жинақтау,  тірі  табиғат  үдерістері  мен  құбылыстарын,  жеке  ағзаның  тіршілігін 
түсіндіру  үшін  биологиялық  білімдерді  пайдалану;  биологиялық  нысандарды 
және  оның  жеке  ағзаның  жағдайын  бақылау,  биологиялық  эксперименттер 
жүргізу; 
–  тірі  ағзаларды  бақылау,  биологиялық  эксперименттер,  ақпараттың 
әртүрлі  көздерімен  жұмыс  істеу  барысында  танымдық  қызығушылықтарды, 
интеллектуалды және шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту; 
– қоршаған ортаны тануға, адамзат қоғамын әрі қарай дамыту үшін ғылым 
мен  технологияның  жетістіктерін  саналы  түрде  пайдалану  қажеттілігіне  көз 
жеткізуге  тәрбиелеуге;  тірі  табиғатқа,  жеке  денсаулыққа  және  басқа 
адамдардың  денсаулығына  құндылықты  қарым-қатынас  жасауға  тәрбиелеуге; 
табиғаттағы өзін-өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеуге баулу
–  ауыл  шаруашылығында  және  өндірісте  пайдаланылатын  заттар  мен 
материалдарды  биологиялық  тұрғыдан  дұрыс  пайдалану  үшін алған білім  мен 
шеберліктерді  пайдалану;  күнделікті  өмірдің  практикалық  міндеттерін  шешу 
үшін,  тіршілік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін;  өсімдіктерді,  жануарларды 
күту үшін күнделікті өмірде алған білім мен шеберліктерді пайдалану қабілетін 
қалыптастыру және дайын болу [64-65].    
Осыған сәйкес, біз ғылыми зерттеу бағытымызға байланысты, 5В011300 –
«Биология»  мамандығы  студенттеріне  1-куpcта  oқытылaтын  элективті 
курстардың  бірі    «Омыртқасыздар  зоологиясы»  элективті  курсы  оқу 
бағдарламасында  қарастырылатын  «Кеміргіштердің  саркоспоридиялары» 
тақырыбында виртуалды зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығын 
жасау басты мақсатымыз болды.   


48 
 
 Виртуалды  зертханалық  жұмыстарды    жасамас  бұрын,  «Омыртқасыздар 
зоологиясы»  элективті курсының мазмұнына талдау жасауды жөн көрдік.  
 Жалпы,    «Омыртқасыздар  зоологиясы»  элективті  курсының    негізгі 
мақсаты: білім алушыларға  зоологияның қазіргі ғылыми жетістіктері мен осы 
заманғы  жинақталған  білім  қорына  жүгіне  отырып,  жоғарғы  және  төменгі 
сатыдағы 
жануарлардың 
көбеюін, 
эволюциясын, 
филогенетикалық 
байланысын,  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасымен  таныстыру  болып 
табылады.  Жоғарыда  аталған  мақсатқа  сәйкес  «Омыртқасыздар  зоологиясы» 
элективті курсының негізгі міндеттері:  
-  жануарларды  классификациялаудың  теориялық  және  тәжірибелік 
маңызымен таныстыру, органикалық дүниенің қазіргі заманғы жүйесін оқыту; 
-төменгі    және  жоғарғы  сатыдағы  жануарлар    туралы  түсініктер 
қалыптастыру; 
-таксономиялық категорияларды  ажырата білуге үйрету; 
-филогенетикалық  жүйені  құрудың  принциптері  туралы  түсінік  беру. 
«Омыртқасыздар зоологиясы» элективті курсын оқу нәтижесінде білім алушы: 
зерттейтін  материалдарды  талдауды,  сол  немесе  басқа  да  жануарлар  тобының 
морфологиялық  және  биологиялық  ерекшеліктерін  білу  арқылы  сипаттама 
беруді,  ұйымдасу  деңгейіне  көтерілуін  қадағалауды,  филогенетикалық  өзара 
әрекетін  түсіндіруді,  ғылыми  зерттеудің  негізгі  әдістемесін  игеру  және 
зерттеуге  арналған  нысанды  таңдауды,  таксономиялық  бірлік  туралы  негізгі 
түсінікті  алуды,  жергілікті  фаунаға  сүйене  отырып,  айырмашылығын  білу 
қажет.    
Біздің  зерттеуіміз,    биология  сабағында  виртуалды  зертханалық 
жұмыстарды қолдану арқылы күрделі ғылыми құбылыстар мен заңдылықтарды 
күнделікті  өмірлік  мысалдар  негізінде  графикалық  жолмен  көрнекі  түрде 
қарапайым түсіндіру. 
«Омыртқасыздар  зоологиясы»  элективті  курсының  мазмұнына  және 
омыртқасыздар  зоологиясы  бойынша  үлгілік  бағдарламасындағы  тақырыптық 
жоспар  мазмұнына  салыстырмалы  талдау  жасадық.  «Омыртқасыздар 
зоологиясы» элективті курсының жұмыс бағдарламасы мазмұнына сәйкес, пән 
жалпы 3 кредит (135 сағат) оның ішінде кеміргіштердің саркоспоридияларына, 
яғни,  кокцидиятәрізділер  класы  (Coccidiomorpha),  соның  ішінде  кокцидиялар 
отряды  бойынша  жасушада  паразиттік  тіршілік  етуімен  байланысты 
құрылысындағы  ерекшеліктерін,    кокцидиялардың  даму  кезеңі  және  олардың 
жануарларға  жұғу  тәсілдерін  қарастырады.  Құстар  мен  сүтқоректілер 
кокцидиозы  мен оларды жою шараларына ғана тоқталады, жалпы саны 1 сағат 
дәріс,  2  сағат  зертханалық  сабақ  және  3  сағат  студенттердің  оқытушы 
жетекшілігімен  жасайтын  өзіндік  жұмыстары  (СОӨЖ)      мазмұнында  ғана 
көрініс табады. 
Сол  себепті  «Омыртқасыздар  зоологиясы»  элективті  курсы  мазмұнының 
тиісті  тақырыптарында  кеміргіштердің  саркоспоридиялары  туралы,  бізге 
дейінгі  негізгі  ғылыми  -  теориялық    зерттеулерге  талдау  жасалды. 
Кеміргіштердің  саркоспоридияларының    тіршілік  ерекшеліктерін  білім  беру 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау