41
қамтиды. Виртуалды зертханалық жұмыстарды бағалауға қолайлығы
өлшеміндегі бағалау нормаларына келетін болсақ, біз өз зерттеуімізде алдымен
жоғарыда берілген нормативтік сілтемелердегі мемлекеттік құжаттарға
сүйендік.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
- жұмыс оқу бағдарламаларын игеру нәтижелерін ішкі бағалау;
-жұмыс оқу бағдарламаларын игеру нәтижелерін сыртқы бағалау
түрлеріне бөлінеді. Жұмыс оқу бағдарламаларын игеру оқытушы мен білім
алушылардың тікелей қатысуымен жүргізіледі. Білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау критерийлік (өлшемдік) болып табылады. Бағалаудың
жалпы өлшемдері оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес білім алушылардың
оқу жетістіктері деңгейлері бойынша жасалады.
Бағалау – белгіленген өлшемдер бойынша білім алушылардың оқу іс-
әрекетіндегі оқу жетістіктері нәтижесін анықтайтын үдеріс. Педагогика
ғылымы саласында білім алушылардың білім, білік, дағды және оқу іс-
әрекеттері бағалаудың ағымдық (тақырыптық, практикалық, зертханалық, т.б.),
аралық (тараулар бойынша қорытынды, білім алушылардың өзіндік
жұмыстары, т.б) және қорытынды (емтихан, тест сұрақтары, т.б.) түрлерімен
бақыланып, бағаланады. Ағымдық бағалау оқу үдерісінде күнделікті
қолданылады және сабақ барысында білім алушылардың оқу-танымдық
әрекетіне басшылық жасайды. Біздің зерттеудің мақсат-міндеттеріне орай білім
алушылардың оқу жетістіктері бағалаудың ағымдық түрімен, яғни теориялық
материалдарды игеруі және зертханалық жұмыс жүргізудегі іс-әрекеттері
бақыланып, бағаланады [57].
Омыртқасыздар зоологиясын оқыту үдерісінде білім алушылардың
виртуалды зертханалық жұмыстарды бағалаудың өлшемдеріндегі берілетін
білім мазмұнының теориялық және практикалық сәйкестігі; ғылымилығы;
білім мен білікті, сана мен іс-әрекетті біртұтас бірлікте қалыптастыруға
бағыттау; белсенділігі, шығармашылық іс-әрекеттері және т.с.с. ұстанымдарына
сәйкес анықталды. Осы анықталған ұстаным берілетін мазмұнның
ғылымилығы мен практикалығы; білім мазмұнының берілетін уақыт көлеміне,
сондай-ақ жоғары оқу орындарының ақпараттық технологиялық оқу-
әдістемелік және материалдық (компьютерлік сыныптар) базасының болуымен
сәйкестендірілді.
Білім алушылардың теориялық материалды игеруінде келесідей талаптар:
-
оқу тақырыбын игеру мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтай алуы;
- тақырыптың негізгі идеяларын, терминдері мен ұғымдарының мәнін
түсіндіруі;
- оқу материалдарын тереңірек түсіндіру мақсатында берілген әртүрлі
иллюстрацияларды пайдалануы;
- оқу материалдарын зерделеуде өз бетімен қажет ақпараттарды
жинастыруда әртүрлі тәсілдерді қолдана алуы;
- оқу материалдарын талқылай отырып өз бетімен түзету енгізе алуы,
қорытынды жасауы, өз пікірін ұсынуы;