105
Ерекше жағдайларды талдай отырып, балалар тәуекел факторларын және мүдделерін,
құндылықтарын көруге үйренеді. Мына факторлардың қайсысы қауіпті: улы саңырауқұлақ
қосылған сорпа (денсаулыққа және өмірге қауіпті), аггрессивті иттің адамға ұмтылуы
(денсаулыққа қауіп төніп, киімін жыртуы мүмкін), ұрының пәтерге кіруі (мүліксіз қалдыруы) т.б.
[3].
Оқушылардың қауіпті факторларды қауіпті жағдайдан ажырата алуы үшін қандай жағдайда қауіп
төнетінін анықтау ұсынылады (өзеннің тасқыны кезінде зардап шеккен аралдар, су тасқыны
кезінде ауылды су алып үйлрдің жойылуы; елсіз аралдарда вулканның жарылып мұхитқа ағуы;
тайгадағы найзағайдан кейін ағаштар бұтасыз қалды; найзағайдың әсерінен фермердің сиырлары
өлуі т.б.). Қауіпті факторлардың болуы әрқашан қауіпті жағдайдың пайда болуын білдірмейді.
Адамдарға,
адам топтарына, өмірге, заттарға қауіп төндіредідеген қорытындығы келеміз.
Төтенше жағдай түсінігін қалыптастыру үшін әдістемелік материалдар.
Өрт болып жатқан қонақ үйдің, су тасқыны болып жатқан ауылдың, жер сілкінісі болып жатқан
қаланың, кәсіпорындағы жарылыстың, жағажайдағы цунамидің, авиалайлердегі апаттың
суреттері
бейнеленген материалдар қолданылады.
Төмендегідей сұрақтар талқыланады:
-суретте не бейнеленген?
-адамдарға қандай қатер төніп тұр?
-кімге қауіп төніп тұр?
-қандай зардап шегуі мүмкін?
-суретте көрсетілген адамдар өздерін қалай ұстап тұр?
Балаларға суретте төтенше жағдайлар бейнеленгендігі ескертіледі. Төтенше жағдайда бір мезгілде
бірнеше адамға қауіп төнеді деген қорытындыға келеміз. Мұғалім суреттер арқылы түрлі
жағадйларды сипаттайды ал балалар төтенше жағдайлар жайлы айтылғанда қолдарын көтереді.
Далада нөсер жауын жауып тұр; жауған қалың қар қаладағы жол қозғалысын тоқтатты; теңіз
толқындары желкенді кемені шайқады; жер асты дүмпуінен кейін қала жойылды; жартастың
шетімен жүріп бара жатқан бала; жартас шетінде көшкін пайда болып бірнеше үй зардап шекті; ер
адам темекіні орманға лақтырды; түскен темекіден ормандағы шөптер өртеніп кетті; тайгада
болып жатқан өрт жүз гектар ауданды құрады. Балаларға неге осы немесе басқа мысалдарды
қауіпті және төтенше жағдайларды жатқызатынын түсіндіреді. Бекітуге арналған сұрақтар:
-төтенше жағдайдың қауіпті жағдайдан айырмашылығы қандай?
-төтенше жағдай және қауіпті жағдайдың ортақ қасиеті қандай?
Мектеп оқушыларын қауіпті жағдайлар себептерін анықтауға бағытталған әдістемелік
құралдар. Мұғалім түрлі жағдайларды атайды, қауіпті жағдайлар аталғанда балалар қолдарын
көтереді: ұл бала кузетші итті мазақ қылды; бала бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп
бара жатыр; қыз бала конькимен сырғанап жүр; бала спорт залда бокспен айналысты; қыз бала
биік жартастан өзенге секірді; қыз бала анасына киім үтіктеуге көмектесті; ұл бала электр
пойызының үстінде кетіп бара жатыр;ұл бала велосипед теуіп жүр; қыз бала платформа шетінде
поезд күтіп тұр; ұл бала жаттықтырушының рұқсатымен биіктіктен бассейнге секірді; ұшқыш
ұшақтан парашютпен секірді және т.б. Оқушыларға жағдайды нақты білу үшін сұрақтар қоюға
рұқсат беріледі. Қауіптің пайда болу себептері талқыланады. Қауіп төнгендегі адамның рөліне
назар аударылады. Қауіпті жағдайлар адамдардың қателігінен болған жағдайда оқушыларға
қолдарын көтеруге нұсқау беріледі. Қатты жел балалар тұратын үйдің шатырын қиратты;бала
үйдің шатырынан құлап кетті; жаяу жүргіншілер жолына жақын шатырдан мұз құлады және
т.б.[4].
Қауіпті жағдайлар туындаған кезге мысалдар келтіруге тапырмалар беріледі:
a) Адамдар қателеспейді, іс-әрекеті дұрыс;
b) Балалардың қателе іс әрекеттері салдарынан;
c) Үлкендердің дұрыс емес іс-әрекеттері салдарынан.
Кейбір қауіпті жағдайлар (тауларда,дауыл кезінде, қылмыскердің шабуылы т.б.) адамға тәуелді
емес себептер бойынша пайда болады. Оқушылар қауіптің әсіресе адамдардың дұрыс емес іс-
әрекеттерінен туындағаны туралы қортындыға келеді.
Негізгі қауіпсіздік ережелерін талқылауға арналған материалдар.
Мұғалім қауіпсіздіктіңнегізгі ережелерін қалыптастырады:
a) Қауіпті болжау;
b) Оны болдырмауға тырысу;
c) Қажет болған жағдайда әрекет ету.
106
Сонымен қатар мысалдар да келтіреміз:
a) Балалар өздері өтетін жолда қауіп төндіруі мүмкін ашулы иттің бар екенін байқайды.
Қауіпті болжау әрекеті.
b) Балалар итті айналып өтуге тырысады яғни қауіптен аулақ жүруге тырысады.
c) Ит жіптен үзіліп ағашқа өрмелеген балаларға шабуылдайды, қауіпті жағдайда жұмыс
істейді.
Түрлі жағдайлар аталады, қауіпсіздік ережелері орындалғанда балалар қолдарын көтереді:
a) Балалар ағаш үйдің шатырында от жағады;
b) Бала телефон арқылы жедел жәрдем дәрігерін інісінің есінен танып қалғанын айтып
шақырады.
c) Туристер тау жартасының шетіне үй шатырларын орнатады.
d) Қыз бала газдың
иісін сезіп, газ плитасын өшіріп терезені ашты.
Мұғалім келесі типтегі тапсырмаларды ұсынады:
-Мен қауіпті жағдайға тап болған адамдардың әрекеттері туралы айтып беремін. Сендер мұқият
тыңдап қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін айтыңдар!?Туристтер жаңбырдан қорғану
үшін бұтақтардан шалаш орнатады. Қыз бала подьздге кірмек болғанда үй алдында бұзақыларды
байқайды. Қыз бала бұзақылардың оған тиісуі мүмкін екенін біліп үйіне кірмеді. Ол ата-анасын
күтіп үйіне бірге кірді. Бала көрші үйде өрт болып жатқанын байқап, үлкендерге сол жағдайды
хабарлады.
Қауіпті және қауіпсіз жағдай жайлы білімдерін бекітуге арналған материалдар.
«Қауіпсіздік» және «қауіп» ұғымдарының арасындағы қатынасты түсіну үшін келесі
тапсырмаларды қолдану керек. Балаларға қауіп төнген жағдайда қолдарыңды көтеріңдер:
a) Балалар көше бойында коньки теуіп жүр;
b) Балалар аулада сырғанауда;
c) Қыз көшенің басқа жағына өту үшін жер
асты өтпесін пайдаланды;
d) Бала автокөлік жолында шанамен сырғанап келеді;
e) Қыздар үйдің ауласындағы ойын алаңында ойнауда.
Нашар еститін балаларды өмір қауіпсіздігіне тек мұғалім тәрбиешілер ғана үйретіп қоймай,
сонымен қатар ата-аналар да үйретуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» 2002
жылғы 11 шілдедегі №343 Заңы.
2. Амирхожаева Д.А. Основы безопасности. Алматы 2014
3. Аманжолов Ж. Основы безопасности. Астана 2008
4. Аипов А.К. Тіршілік қауіпсіздігі. Астана 2009
УДК
376
:37.2
МРНТИ :14.29.21
Нұрланбекова А.Д
1
Жаканбаева Б.Б
2
1
аға оқытушы, Арнайы білім беру кафедрасы, Абай атындағы КазҰПУ,
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
2
аға оқытушы, Арнайы білім беру кафедрасы, Абай атындағы КазҰПУ,
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
Zhakanbaeva@bk.ru
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Аннотация
Бұл мақалада зияты зақымдалған балаларды оқытудың түзету бағыттары жайында жалпылама
сипаттама беріледі. Зиятында ауытқушылығы бар оқушылардың психикалық және физикалық даму
кемшіліктерін түзету-осы кемшіліктердің алдын алу және қалыпты балалармен теңестіру деп түсіндіріледі.
Түзетудің тиімділігі мектептегі бүкіл оқу үдерісін дұрыс анықтауға және нақты оқыту әдістерін қолдануға
байланысты. Негізгі түзетулер ретінде түзету мектептерінің оқушыларына тән кемшіліктерді түзетуге және