28
УДК 376.3
МРНТИ: 14.00.09
А.Н.Аутаева
1
Ж.Т. Естемесова
2
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Арнайы білім беру» кафедрасының
меңгерушісі психол.ғ.к., доцент.,
akbota-n@mail.ru
2
п.ғ.м.,Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының логопед-дефектолог
мұғалімі, Абай атындағы ҚазҰПУ, дефектология мамандығы бойынша 1 курс PhD докторанты,
zhanara_es@mail.ru
БІЛІМ БЕРУДІҢ АЛЬТЕРНАТИВНЫЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа
Соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны күн санап артып келеді. Оның ішінде тіл
дамуында әр түрлі дәрежедегі ауытқулары мен тежелістері бар балалар да бар. Бұл балаларға білім беру
мекемелерінде арнайы логопед мамандары қызмет көрсетеді. Логопедиялық қолдаудың негізі – бұл дұрыс
таңдалған педагогикалық технологиялар, яғни балада бар тіл дамуындағы ауытқулар мен тежелістерді
түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері болып табылады.
Бұл мақалада арнайы мамандардың жұмыс барысында қолданатынпедагогикалық технологиялар
ерекшеліктері туралы жазылған. Білім беруде альтернативті әдістердің ерекшеліктері мен әр түрлі
авторлардың ұсынған технологияларына сипат беріледі.
Альтернативті технологияларды қолдану арқылы білім беруде арнайы қажеттіліктері бар
балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттеп, осы бағыт бойынша мамандарға қажетті әдістемелік
ұсыныстар жасау мақсатында ізденіс жұмыстары жоспарлануда.
Түйін сөздер:білім беруде арнайы қажеттіліктері бар балалар, сөйлеу тілін дамыту, түзету-
педагогикалық технологиялар, альтернативті технологиялар.
Аннотация
А.Н.Аутаева
1
, Ж.Т. Естемесова
2
1
к.психол.н., доцен,зав. Кафедрой специального образования,
КазНПУ им.Абая
akbota-n@mail.ru
2
м.п.н., учитель логопед-дефектолог Национального научно-практического центра коррекционной
педагогики,
докторантPhD по специальности «Дефектология», КазНПУ им.Абая,
zhanara_es@mail.ru
Альтернативные технологии образования и их особенности
В последние годы увеличивается число детей с особыми потребностями в образовании. Особенно,
среди них много детей с нарушениями речи, которым оказывается логопедическая поддержка в разных
образовательных организациях. Правильно подобранная педагогическая технология является основой
логопедической поддержки.
С целью изучения особенности использования альтернативных технологий в развитии речи детей с
особыми потребностями в образовании планируется научно-исследовательская работа.
В этой статье описаны особенности альтернативных педагогических технологий, которые
используются в коррекционно-педагогической практике. А также описана характеристика и особенности
авторских альтернативных технологий.
Ключевык слова:дети с особыми потребностями в образовании, развитие речи, альтернативные
технологии.
Abstract
A.N.Autayeva
1
, Z.T.Estemesova
2
1
Candidate of psychological sciences. head of Special Education Department,Abai Kazakh National
Pedagogical University,
2
master of educational sciences, National Scientific and Practical Center of special education,
special teacher-speech therapist,Abai Kazakh National Pedagogical University, student of Ph.D. program.
The alternative technologies of education
In recent years, an increasing number of children with special needs in education.Especially, among them,
many children with speech disorders. For these children speech therapy is support in different educational
institutions. Properly chosen pedagogical technology is the basis of logopedic support. Nowadays is planned a
research work on
alternative technologies in development coherent speech of children with special needs in
education.
29
This article describes the characteristics of the alternative pedagogic technologies used in correctional and
pedagogical practice. Also describes the characteristics and features alternative technologies.
Key words: children with special needs in education, language development, alternative technology.
Бұл мақаланың мақсаты: білім берудің альтернативі бағыттарының бал тілін дамытудағы
маңыздылығын ашып, осы бағытты қарастырған авторлардың ұсыныстарына шолу жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің
басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп атап көрсеткендей, қазіргі
кезеңде педагогтардың оқыту жұмысының тиімділігін арттырудың негізгі бағыты – бұл оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру болып
табылады.
Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік,
дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық
қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кездегі зерттеулердің нәтижесі бала тілін дамытудағы дәстүрлі әдістердің
тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Яғни өзекті мәселелердің бірі деуге болады.Соңғы жылдары
педагогика және психология саласындағы зерттеуші ғалымдар тіл дамуында әр түрлі ауытқулары
мен тежелістері бар балалармен жұмыста дәстүрлі емес, яғни альтернативті әдістерді қолдануды
ұсынады. Осы салада іздену жұмыстарын атқарған М.И.Чистяков пен Т.Д. Зинкевич-Евстигнеев
және т.б. орыс ғалымдарын атап өтуге болады. Бұл ғалымдар тілдік бұзылыстарды түзету
барысында дәстүрлі әдістермен қатар жаңа дәстүрлі емес әдістерді де қолдана отырып, жұмыс
тиімділігін арттыруға болатындығын көрсетеді. Логопедиялық жұмыс барысында тиімді
қолданылып жүрген келесі әдіс-тәсілдерге назарларыңызға ұсынамыз: ертегі терапиясы, құм
терапиясы, мнемо тәсіл, PECS, арт терапия, саз балшықпен жұмыс, қуыршақ театры және т.б.
Альтернативті педагогикалық технологияларды қарастырып, өз бағыттарын ұсынған мына
үш ғалымның пікірлеріне тоқталып өтейік. Олар: Рудольф Штайнер, С. Френе және Мария
Монтессори.
1. Рудольф Штайнердің Вальдорфтық педагогикасы
Вальдорфтың педагогикасының негізін неміс философы әрі педагогы Рудольф Штайнер
(1861-1925) қалаған. Алғаш мектеп Штутгарт қаласында «Вальдорф Астория» фабрикасының
қызметкерлерінің балаларына арналып ашылған. Фабрика атауына сай педагогика саласы
«Вальдорфтық» болып аталып кеткен. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша 600 ге жуық
вальдорфтық мектептер бар. Осы мектеп түлектері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде
жұмыспен қамтылудың жүз пайыз екені көрсетілген. Сонымен қатар бұл түлектердің басқа
жұмыскерлерге қарағанда қабілетті екені анықталады. Олар өмірге бейімделгіш әрі ізденімпаз
болып келеді. Мұндай нәтижелердің сыры неде? Бұл жүйемен оқытудың ерекшелігіне
тоқталайық.
Аталған білім беру бағыты оқушыларға қоршаған ортаға ашық болуды жәнеадамдардың әр
алуан мәдениетіне сыйластықпен қарауға үйретеді. Мектеп жеке тұлғаның еркіндігі мен оның
шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Вальдорфтық педагогиканың негізгі
мақсаты – шығармашылық тұрғыда еркін ойлай алатын адамды тәрбиелеу. Бала рухани тұлға
ретінде қарастырылады. Әр бала дүниеге өз миссиясымен келеді және педагог сол миссиясын
табуға көмектесетін адам ретінде қарастырылады. Яғни, бала рухына шарықтауға еркіндік беру
мектептің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Білім беру мақмұны:
1. Зияткерлік, эстетикалық және еңбектік-тәжірибелік білім берудің үйлесімі.
2. Қосымша ағарту жұмыстары (музей, театр және т.б.).
3. Пәнаралық байланыс.
4. Міндетті шығармашылық пәндер:сурет салу өнері, графика, музыка, би өнері.
5. Еңбек тәрбиесіне де көп көңіл бөлінеді.
Оқушының алатын орны:
- Бала педагогикалық жүйенің ортасында.
- Балада таңдау еркіндігі бар: оқыту түрінен бастап жоспарына дейін араласа алады.
- Баланың қәтелік жіберуге деген құқығы.
Достарыңызбен бөлісу: |