Бағдарламасы кіріспе. Пәннің тақырыбы және міндеттері. «Еңбекті қорғау» кәсіпорын жұмыскерлерінің



жүктеу 287,15 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.01.2020
өлшемі287,15 Kb.
#27520
түріБағдарламасы


ЕҢБЕК ҚОРҒАУ  ПӘНІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН  

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Кіріспе.   

Пәннің  тақырыбы  және  міндеттері.  «Еңбекті  қорғау»  кәсіпорын  жұмыскерлерінің 

қолайлы  еңбек  жағдайларын  қалыптастыру  және  олардың  жұмысқа  қабілеттілігін 

қамтамасыз  ету,  сонмен  бірге,  жарақаттану  немесе  сырқаттану  көрсеткіштерін  төмен 

деңгейге жеткізу бағытындағы кешенді шараларды әзірлеп талдауға машықтандыру.  

Қазақстан  Республикасының  еңбекті  қорғау  мен  өнеркәсіптік  қауіпсіздік 

саласындағы  нормативтік-құқықтық  актілерімен  таныстыру.  Еңбекті  қорғау  мен 

өнеркәсіптік  қауіпсіздіктің  орын  алуы  ықтимал  барлық  мәселелерін  талдап  саралау. 

Соларға  сәйкесінше  іс-шаралар  кешенін  әзірлеуге  үйрету.  Өндірістік  және  азаматтық 

нысандардағы  жазатайым  оқиғаларды,  өрттер  мен  жарылыстарды  болдырмау  жөніндегі 

шаралармен  таныстыру,  өнеркәсіп  және  азаматтық  нысандардағы  апаттардың  алдын-алу 

жөнінде  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдану.  Қауіпсіздік  стратегияларын  дұрыс 

пайдалануды үйретеді.  

 

1. Өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар 

Қауіпті  өндірістік  фактор.    Қауіпті  өндірістік  фаторларды  топтастырылуы. 

Өндірістік  жарақаттану.  Жарақатты  топтастыру.  Өндірістік  жарақаттың  түрлері    мен 

себептері.  Өндірістік жарақаттанудың алдын алу негіздері 

Зиянды  өндірістік  фактор.  Зиянды  өндірістік  факторларды  топтастыру.  Кәсіби 

аурулар. Кәсіби ауруларды топтастыру. Кәсіби аурулардың себептері. Кәсіби аурулардың 

алдын алу негіздері. 

Өндірістегі  жазатайым  жағдайды  тергеу  және  есепке  алу.  Өндірістегі  тіркелген 

жатпайтын  жазатайым  жағдайлар.  Жазатайым  жағдайды  арнайы  тергеу.  Еңбек  бойынша 

уәкілетті органмен белгілеген үлгісі бойынша жазатайым жағдай туралы актіні рәсімдеу. 

Өндірістік  жарақаттану  саралау  әдістері.  Өндірістік  жарақаттану  мен  кәсіптік 

аурулардың даму тәуекелін саралау және бағалау. 

Еңбек      қызмет    міндетін  орындау  кезінде  жазатайым  жағдайдан  жұмысшыларды 

міндетті  түрде  сақтандыру.  Негізгі  ұғымдар  сақтандыру    -    сақтандыру  жағдайы, 

саақтандыру  сомасы,  сақтандыру  сыйлықақысы,  сақтандыру  төлемі.  Кәсіптік  тәуекел 

класы. 

 

2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы 



Еңбек  гигиенасы  пәні  және  міндеттері.  Өндірістегі  еңбек  жағдайы.  Еңбек 

жағдайының  гигиеналық  нормативтері.  Зияндылығының  жіне  қауіптілігінің  дәрежесін 

бойынша еңбек жағдайы. Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орнын аттестациялау. Жұмыс 

орынының  аттестациядан  өткізу  тәртібі  мен  кезеңдері.  Аттестациялау  комиссияның 

функциялары.  Жұмыс  орынның  жарақат  қауіпсіздігін  бағалау.  Жарақат  қауіпсіздік 

факторы  бойынша  жұмыс  орнын  бағалау  үшін  ұсынымдар.  Еңбек  жағдайы  бойынша 

жұмыс  орнын  аттестациялау  нәтижелерін  рәсімдеу.  Еңбек  жағдайлары  бойынша  жұмыс 

орнын  аттестациялау  нәтижелерін  рәсімдеу.  Еңбек  жағдайлары  бойынша  жұмыс 

орындарды аттестациялау нәтижелерін іске асыру. 

Ауадағы  зиянды  заттар.  Зиянды  заттардың  топтастырылуы.  Ақырғы  шекті 

концентрация  (АШК).  Жұмыс  аймағы  ауасына  қойылатын  санитарлық-  гигиеналық 

талаптар.  

Жұмыс  аймағының  ауасындағы  зиянды  заттардың  құрамын  бақылау.  Ауадағы 

химиялық  құрамын  анықтау  әдісі.  Зиянды  заттармен  жұмыс  істеу  кезіндегі  қауіпсіздік 

еңбек қамтамасыз ету бойынша шаралар. 



Өндірістік  шаң.  Шаңның  топтастырылу.  Адам  ағзасына  әсер  ететін  өндірістік 

шаңның  зиянды  әсері.  Жұмыс  зона  ауасындағы  шаңның  құрамын  анықтау  әдістері. 

Өндірісте шаңмен күресі бойынша шаралары.  

Жарықтандыру.  Жарықтандыру  түрлері.  Табиғи  жарықтың  коэффициенті(ТЖК). 

Жасанды  жарықтандыруға  қойылатын  санитарлық-  гигиеналық  талаптар.  Негізгі  жарық 

техникалық сипаттамалар.  

Микроклимат.  Микроклимат  параметрлері.  Бөлменің  жұмыс  зонасындағы  рұқсат 

етілген және оңтайлы микроклиматтық жағдайлар. Желдету түрлері. Желдету жүйесі.  

 Өндірістік шуыл мен діріл. Өндірістік шуыл және діріл топтастырылуы. Шуылдың 

интегралдық сипаттамасы. Діріл түрлері. Шуыл мен дірілдің ақырғы шекті деңгейі. Адам 

ағзасына шуыл мен дірілдің зиянды әсері. Шуыл мен дірілден ұжымдық қорғану әдістері. 

Олардың  пайда  болу  ошағында  шуыл  мен  дірілмен  күресу.  Таралу  жолында  шуылды 

төмендету мен дірілді азайту әдістері.  

Иондаушы  сәулелендіру.  Адам  ағзасына  иондаушы  сәулелердің  әсері. 

Сәулеленудің  ақырғы  шекті  дозасы.  Иондаушы  сәулеленуден  қорғану  шаралары. 

Радиоактивті  заттарды  сақтау  және  тасымалдау.  Иондаушы  сәулеленуден  ұжымдық 

қорғану әдістері. 

Еңбектің кернеулігі және ауырлығы. Еңбек үдерісінің кернеулігі мен ауырлығының 

негізгі  көрсеткіштері.  Еңбек  үдерісінің  кернеулігі  мен  ауырлығының  негізгі 

көрсеткіштерін бағалау әдістемесі. 

Ұжымдық  қорғану  құралдарының  топтастырылуы.  Жеке  қорғану  құралдарының 

топтастырылуы. Қауіпсіздік белгілері, түрлері, мақсаты. 



 

3. Қауіпсіздік техникасы 

Нұсқау.  Нұсқау  түрлері.  Жұмысшыларды  еңбектің  қауіпсіз  әдістеріне  оқыту. 

Еңбекті  қорғау  бойынша  инженерге  қойылатын  талаптар.  Еңбекті  қорғау  талаптары 

бойынша білімдерін тексеру.  

Қауіпті техникалық қондырғыларының белгілері. Қауіпті өндірістік нысандарында, 

қауіпті  техникалық  қондырғыларда  қолданылатын  техникалық  қондырғыларды, 

материалдарды  пайдалану  кезіндегі  қауіпсіздік  техникасы.  Жарылыс  жұмыс  өндіріс 

кезінде,  жарылғыш  заттар  және  олардың  негізінде  жасалған  бұйымдарды  кезіндегі 

қауіпсіздік  техникасы.  Ғимараттар  мен  имараттардың  техникалық  қауіпсіз  жағдайда 

ұстау.  Қорғаныш  және  сақтандырғыш  құрылғыларды  қолдану.  Жұмысшыларды  қауіпті 

және  зиянды  өндірістік  факторлардың  әсерінен  ұжымдық  және  жеке  қорғану 

құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. 

 

4. Өрт қауіпсіздігі  

Жану.  Жану  түрлері.  Т\уындаған  жану  факторлары.  Өрттің  даму  сатысында  және 

оның  күрделілік  санаты.  Өрт  қауіптілігі  әлеуетті  көздері.  Өрт  және  жарылыстың  қауіпті 

факторлары. Заттар мен материалдар өрт жарылыс қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері.  

Жарылыс-өрт  және  өрт  қауіптілігі  бойынша  бөлмелердің  категориясы.  Құрылыс  

конструкцияларының отқа төзімділігі. 

Өртті сөндіру тәсілі. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өртке қарсы жабдықтар. Өрт 

туралы адамдарды хабарландыру жүйесі. Өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрт туралы іс-әрекет.  

         

 5. Электр қауіпсіздігі 

Электр  тогының  қауіптілігі  туралы  ұсыныс.    Электр  тогымен  зақымданудың 

түрлері.  Электр  жарақаттың  нәтижесін  анықтайтын  факторлар.  Жанасу  кернеулері  мен 

токтарының ақырғы шекті деңгейлері. Электр тогымен зақымдану бойынша бөлмелердің 

қауіптілік дәрежесінің топтастылуы. 




Өзінің жұмыс орнында жұмыс істеу кезінде электр қауіпсіздігі шаралары. Токтың 

жерге аққан кезінде құбылыстар. Электр тогымен зақымданған кезінде  дәрігер алдындағы 

көмек көрсету. Электр тогымен зақымдануда қорғану шаралары. 

 

 

ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ ПӘНІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК 

ЕМТИХАН  БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

1. Өндірістік  санитария  пәні,  мақсаты, міндеттері,  өндірістік санитарияның 

маңызы,    еңбекшілердің  өндірістегі  гигиенасына  қойылатын  талаптар.  Гигиенаның 

даму  тарихы.  Өндірістік  санитариянаң  пайда  болуы.  Еңбекке  қойылатын  гигиеналық 

талаптар.  

2.  Өндірістік  зиянды  факторлар.  Өндірістік  микроклиматтың  көрсеткіштері. 

Жұмыс  орнына  қойылатын  санитарлық-гигиеналық  талаптар.  Әр  түрлі  жұмыс 

дәрежелеріндегі жіберуге болатын микроклимат көрсеткіштері. Өндірістік ғимараттардың 

микроклиматына 

қойылатын 

санитарлық-гигиеналық 

талаптар. 

Микроклимат 

көрсеткіштерін тұрақтандыру.  

3.  Қоршаған  ортаның  физикалық  әсерлерінен  дамиды  кәсіптік  аурулар. 

Өндірістік  шаң.  Өндірістік  шаңның  әр  түрлі  жіктелуі.  Шаңның  физикалық-химиялық 

қасиеттері,  одан қорғау  жолдары. Ағзаға  әсері.  Шаңның әсерінен пайда кәсіптік аурулар 

.Шаңнан болатын аурулардың алдын алу.  

4.  Өндірістік  улар.  Өндірістік  улардың жіктелуі.  Өндірістік  улардың ағзаға әсері. 

Жіті  және  созылмалы  улану.  Өндірістік  улардың  ағзаның  жүйелеріне  әсер  етуіне  қарай 

жіктелуі. Жұмыс аймағындағы зиянды улы заттардың  шекті концентрациясы.  

5.  Улы  заттардың  жіктелуі.  Өнеркәсіптегі    канцерогендік  заттар.  Оларға 

гигиеналық    тұрғыдан  баға  беру.  Зиянды  улардың  организмге  ену  жолдары.  Өндірістік 

улармен созылмалы улану  салдары. Әсер ету деңгейлері. Қауіпті кластардағы өндірістік 

улардың  шекті  нормалары. Кәсіби уланулардың негізгі шаралары және ауруларды тіркеу 

және тергеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары.  

6.  Санитарлық  қорғау  зоналары.  Ауадағы  зиянды  заттардан  қорғау.  «Өндіріс 

объектілерін  жобалауға  қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар»  туралы 

санитарлық-эпидемиологиялық  ережелері  мен  нормалары.  Санитарлық  қорғау 

зоналарының жіктелуі.  



7.  Өндірістік  шу. 

Өндірістік шудың  гигиенасы. Адамның есту мүшесінің шегіне қарай 

шу  тербелісінің  деңгейлері.  Шудың  жіктелуі.

  Өндірістік    діріл.

  Дірілдің  табиғатына  қарай 

жіктелуі. Жұмыс орнындағы  дірілдің шекті мөлшерлемелері

  

8.  Өндірістік  жарықталу

Өндірістік    жарық,  оған  қойылатын  гигиеналық  талаптар. 

Табиғи  жарықталуЖасанды  жарық,  оның  түрлері.Жасанды  жарықтандыру  және  оның    есебі. 

Өндірістік  ғимараттардың  жарықпен  қамтамасыз  етілуі  және  оның  қабырға  түстеріне  әсер. 

Жарықтандыру  жағдайының  көзге  және  жүйкеге  әсері.Жарықталу  приборлары.    Өндірістік 

ғимараттардың жарықпен қамтамасыз етілуі және оның қабырға түстеріне әсер

 

 

 



 

РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ БОЙЫНША 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН  БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Кіріспе  

«Радиациялык  қауіпсіздік  негіздері»  пәнінін  максаты  мен  міндеттері. 

«Радиациялық  қауіпсіздік  негіздері»  пәнінің  калыптасу  және  даму  кезеңдері.  Басқа 

пәндермен  байланысы.  АЭС-тағы  апаттар  нәтижесінде  радиациялық  ластанудың  пайда 

болу мүмкіндігі. Радиациялық кауіпсіздік көзқарасынан Қазақстандағы қоршаған ортаның 

жағдайы.  Қазақстан  территориясындағы  радиациялық  қауіпті  объектілер.  Радиоактивті 

пайдалы қазбаларды өндіру, қайта өңдеу және пайдалану. 




1 Радиоактивтілік туралы жалпы ұғымдар 

Радиоактивтілік  және  оның  өлшем  бірліктері.  Радиоактивтілікті  ашу  тарихы.  М. 

Складовская-Кюридің,  П.  Кюридің,  Ирен  және  Фредерик  ЖолиоКюридің  және  басқа 

ғалымдардың  радиоактивтілік  туралы  ғылымға  қосқан  үлестері.  Табиғи  және  жасанды 

радиоактивтілік. Зарядталған бөлшектердің, нейтрондар-дың, фотондық сәуле шығарудың 

затпен  өзара  әрекеттесуі.  Экспозициялық,  жұтылған,  эквивалентті  доза,  доза  қуаты 

ұғымдары.  Радиоактивті  көз  белсенділігінің  және  сәуле  шығару  дозасының  байланысы. 

Олардың өлшем бірліктері. 

 

2  Қоршаған ортаның радиоактивті ластану көздері 

Сәуле шығару көздерін жіктеу. Қоршаған орта ластануының табиғи және жасанды 

көздері. Радиациялық апаттар: жіктелуі, типтері, пайда болу себептері. Радиоактивті 

қалдықтар: жіктелуі, түзілуі, оларды пайдаға асыру және көму проблемасы. Қазақстан 

Республикасындағы радиациялық жағдай: радиоактивті аяны құраушы компоненттер, 

радиоактивті ластанудың негізгі көздері, республика аумағындағы радиациялық 

қауіпсіздік проблемалары және оларды шешу жолдары, республикалық экология 

қызметтерінің табиғатты қорғау қызметі. 



 

3  Иондаушы сәуле шығарудың биологиялық әсері 

 Сәуле  шығарудың  әр  түрлерінің  тірі  ағзалармен  әрекеттесу  механизмдері. 

Соматикалық,  соматика-стохастикалық  және  генетикалық  әсерлер.  Сыртқы  және  ішкі 

сәулелену, зақымдану дәрежесі, сәулелік ауру, өлім дозалары. Елді - мекендер мен жұмыс 

аймақтары  үшін  сәулеленудің  мүмкін  болатын  дозалары,  мүмкін  болатын  апаттық 

дозалар. 



 

4 Радиациялық бақылау әдістері мен аспаптары 

 Иондаушы  сәуле  шығаруды  өлшеу  әдістері:  иондық,  сцинтилляциялық, 

люминесценттік, фотографиялық, химиялық. Қазіргі заманғы дозиметриялық аппаратура. 

Аспаптардың жіктелуі.  



 

5 Иондаушы сәуле шығарудан қорғау 

Фотондық  сәуле  шығарудан  қорғау.  Нейтрондардан  қорғау.  Зарядталған 

бөлшектерден  қорғау.  Сәуле  шығарудың  әр  түрлерінің  қорғаныш  материалдармен  өзара 

әрекеттесу  процестері.  Қорғаныш  материалдар  сипаттамалары.  Ұжымдық  және  жеке 

қорғаныш құралдары.  

 

6 Иондаушы сәуле шығару көздерімен жұмыс істегенде радиациялық 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету 

Ашық  және  жабық  сәуле  шығару  көздерімен  жұмыс  істеу.  Радиоактивті 

қалдықтарды  жинау  және  жою.  Радиоактивті  заттарды  тасымалдау  қауіпсіздігінің 

негіздері. Радиациялық қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру және міндеттері.  



 

7 Радиациялық қауіпсіздіктің құқықтық аспектілері 

Радиациялық  қауіпсіздік  нормалары.  Халықтың  радиациялық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ететін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар. 

 

 



ӨНЕРКӘСІПТІК ЭКОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК 

ЕМТИХАН  БАҒДАРЛАМАСЫ 

1.  Өнеркәсіптік экологияның мақсаты мен міндеттері. Өнеркәсіп және  тұтыну. 

2.  Өнеркәсіптік экология-табиғи табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың негізі. 

3.  Өндірістің өсуі оның қоршаған ортаға әсері. Биосфера обьектілерінің 

өнеркәсіптік ластануы 



4.  Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары және олардың өнеркәсіптерді 

дамытудағы рөлі. 

5.  Пайдалы қазбалар өндірісі. Ресурстарды пайдаланудың аумақтылығын 

анықтайтын негізгі факторлар.  

6.  Гидросфера, л

итосфера


 ресурстарын тиімді пайдалану жолдары. 

7.  Радиоактивті ластанулар. 

8.  Құрылыс материалдары өнеркәсібі тастандыларының қоршаған ортаға әсері 

9.  Химиялық және мұнай химиялық кешені. Табиғи ортаның әртүрлі аса қауіпті 

ластаушы заттармен ластануы 

10. 


Өндірістің экологиялық критерийлері және оның қоршаған ортадағы 

айқындаушылық рөлі 

11. 

Шикізатты қазып шығарудың жаңа әдістері және жаңа энергия түрлері.  



12. 

Кері әсерлер деңгейін төмендетудің негізгі бағыттары 

13. 

Өндірістік шайынды және ағызынды суларды тазарту жолдары 



14. 

Өндіріс көздерінің ластаушы газ тәріздес, сұйық, қатты заттар түрлерінің 

мөлшерін азайту және жою шаралары 

15. 


Экологияландыру принциптері. Өнеркәсіптерді экологияландыру бағыттары 

мен міндеттері. 

16. 

Өндірісте қалпына келетін ресурстарды пайдалану арқылы 



экологияландыру. 

17. 


Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың 

негізгі бағыттары 

18. 

Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыруды жоспарлау.  



19. 

Қоршаған ортаның экологиялық мониторингі. 

20. 

Қоршаған ортаны кешенді талдау және қорғаудың құқықтық негіздері. 



21. 

Кен орындарын өңдеу кезіндегі шу және діріл.

 

22. 


Ғылыми-техникалық прогресс, оның екі жақты сипаты 

23. 


Өндірістік қалдықтардың классификациясы және ластануы.  

24. 


Қоршаған ортаның ластануы және оның биосфераға әсері. Қоршаған ортаны 

ластау туралы негізгі ұғымдар. Қоршаған ортаның сапалық көрсеткіштері.  

25. 

Өнеркәсіптік қалдықтардың жіктелуі. Өндірістік қалдықтарды жинауды 



нормалау. 

26. 


Өндіріс қалдықтары мен ластануларды болжау және есепке алу 

27. 


Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын 

анықтау. 

28. 

 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру, өңдеу және көму. 



29. 

Өндіріс қалдықтарын утилизациялау және залалсыздандыру әдістері мен 

ластану көздері. 

30. 


Өнеркәсіптік ағынды сулардың шөгінділерін механикалық құрғату. 

Реагенттермен өңдеу. 

31. 

Жағымсыз салдардан жергілікті ауа ортасының ластануын төмендететін іс-



шаралар

 

32. 



Кен орындарын өңдеу кезінде жер бетінің бұзылуы

 

33. 



Металлургиялық өндірістің қалдықтары  

34. 


Мұнай өндіру өнеркәсібі. Мұнай және газ өндіру кезіндегі тастандыларды 

қайта өңдеу жолдары

 

35. 


Химиялық өндіріс және химиялық-техникалық процесс

 

36. 



Технологиялық процестердің негізгі шығарындылары

 

37. 



Ауылшаруашылығының, өнеркәсіптің, металлургияның, тау-кен өндірісінің 

ландшафтарға және оның құраушыларына әсері. 

38. 

Қалдықсыз технология критерилері мен принциптері 




39. 

Қалдықсыз өнім алу технология талаптары 

40. 

Қалдықсыз және азқалдықты технологияның негізгі бағыттары. 



41. 

Мұнайөңдеу және мұнайхимиясы өндірісіндегі экологиялық сипаттамалары 

42. 

Мұнайөңдеу өндірісінде түзілетін тастандылардан атмосфераны қорғаудың 



негізгі бағыттары 

43. 


Қара және түсті металлургия өндірісінің экологиялық сипаттамасы 

44. 


Қағаз-целлюлоза өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері 

45. 


Жылу электрстансасында түзілетін қатты қалдықтарды қайта өңдеу 

46. 


Құрылыс индустриясындағы экологиялық мәселелер 

47. 


Энергетика саласындағы  экологиялық мәселелер және оларды шешу 

жолдары


 

48. 


Өнеркәсіптік тастандылардан атмосфераны, гидросфераны және литосфераны 

қорғаудың негізгі бағыттары мен әдістері. 

49. 

Пластмасса қалдықтарын утилизациялау және қайта өңдеу 



50. 

Технологиялық процесстердің негізгі сипаттамалары 

 

«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ИНЖЕНЕРЛІК  ҚОРҒАУ» ПӘНІ БОЙЫНША 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН  БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

1.  Өнеркәсіп  мекемелері  өндіріс  ортасының  қоршаған  ортаға  әсерін 

бағалау.(Оценка влияния промысловых предприятии на окружающую среду.) 

2.Қоршаған  ортаны  құраушы  компоненттер.  Қоршаған  ортаның  ластану 

масштабы.  (Компоненты  составляющие  окружающую  среду.  Масштабы  загрязнения 

окружащей среды.) 

3.Әлемдік экологиялық проблемалар.(Всемирные экологические проблемы.) 

4.Мұнай  газ  кен  орындарының  қоршаған  ортаға  әсерін  бағалау.(Оценка 

влияния нефтегазовых месторождении на окружающую среду.) 

5.Мұнай 


газ 

саласының 

экологиялық 

мәселелері. 

 

Ластану 


түрлері.(Экологические проблемы нефтегазовой отрасли.Виды загрязнении.) 

6.Мұнаймен  ластанған  су  көздерін  тазалау  әдістері.(Методы  очистки 

источников воды загрязненной нефтью.) 

7.Жер  асты  суларының  мұнаймен  ластануын  болдырмау  жолдары.(Пути 

предотвращения загрязнения подземных вод .) 

8.Мұнайдан 

тазалаудың 

физико-химиялық 

әдістері.(Методы 

физико-


химической очистки от нефти.) 

9.Мұнайдан  тазалаудың  адсорбциялық  әдістері.(Адсорбционные  методы  

очистки от нефти.) 

10.Мұнайды микробиологиялық ыдырату арқылы тазалау.(Методы очистки от 

нефти, путем микробиологического разложения.) 

11.Мұнай кен орындарын игеру және пайдалану процесінде жер қойнауы мен 

қоршаған ортаны қорғау.(Охрана почв и окружающей среды в процессе раэработки и 

эксплуатации нефтегазовых месторождении.) 

12.Жер ресурстарын қорғау.(Охрана земельных ресурсов.) 

13. Атмосфераны қорғау.(Охрана атмосферы.) 

14.Мұнай  газ  кен  орнындағы  апаттық  жағдайлар.(Аварийные  ситуации  в 

нефтегазовом месторождении.) 

15.Ұңғыманы  бұрғылау  кезіндегі  апаттық  жағдайлар.(Аварийные  ситуации  в 

бурении скважин. ) 

16. Мұнай құбырларының жарылысы кезіндегі апаттық жағдайлар.(Аварийные 

ситуации при разрыве трубопроводов.) 

17.Экологиялық 

бақылау 


және 

табиғи-техникалық 

геожүйе 

мониторингі.(Экологический контроль и мониторинг природо-технических геосистем. 




18.Өнеркәсіп қалдықтарын іске асыру.(Утилизация промышленных отходов.) 

19.Төгілген  мұнайды  жоюдың  механикалық  әдісі.(Механический  метод 

очистки при разливе нефти.) 

20.Жерді  рекультивациялау.  Топырақ  жәй-күйін  бағалау  және  жер  пайдалану 

жағдайы. (Рекультивация почв. Оценка состояния почв и землепользования.) 

 

 



 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 ж. 



«Еңбек кодексі» ҚР, 2015 ж. 

2. Безопасность и охрана труда в Республике Казахстан: Сборник нормативных 



правовых актов. – Алматы: Юрист, 2011. -116 c. 

3. Правила пожарной безопасности в нефтегазодобывающие промышленности/ 4. 



Приказ министра энергитики, индустрии и торговли РК 6 апреля 1998 г. №62. –

Алматы, 2008 -77 c. 

4. Аманжолов Ж.К Охрана труда и техника безопасности. – Астана: Фолиант, 2007.-



444 c. 

5. Қызылорда өңіріндегі техногенді қалдықтары тиімді пайдалану жолдары/ 



Кунбазаров А.Қ., Танжырақов П.А., Бурханов Б.Ж., Жұмағұлов Т.Ж – Қызылорда, 

Тұмар, 2009 -288 б. 

6. Таңжарықов П.А.,  Абдрахманов  С.Т.,  Сарабекова  Ұ.Ж.. Мұнай Газ саласындағы 



еңбекті және қоршаған ортаны қорғау – Қызылорда, Тұмар, 2009 ж. -352 б. 

7. Приходько Н.Г. Безопасность  жизнедеятельности. Курс лекций. Астана, 2003. 



8. Эбель А.В Охрана и рациональное использование природных ресурсов.  – Астана: 

Фолиант, 2007.-432 c.. 

 

9.  Н.Ж  Бисенова  Комплексное  использование  техногенных  отходов.    А-Ата.  



Кайнар, 1997 

 

10.  Аманбаев    Д.А.,  Cмагулов  З.И.,  Обухов  Ю.Д.  Основы  охраны  труда  на 



производтсве.  Алматы. 2002 г. 

 

11.  Денисович    Л.И.,Кузовникова      Т.A      Безопасноть    жизнедеятельности  Москва, 



1999г. 

 

12. Карпеев Ю.C  Охрана труда в нефтяной и газовой промышленности Справочник. 



M.Недра 1991г. 

 

13. Еңбекті қорғау, Жаданов Н. –Қызылода, 2003 .-204 б. 



 

14.  Инструкция  о  порядке  обеспечения  и  пользования  специальной  одеждой, 

специальной  обувью,  другими  средствами  индивидуальной  защиты  и  первой 

медицинской помощи. Алматы, 1997. 

 

15.  Правила  расследования  и  учета  несчастных  случаев  и  иных  повреждений 



здоровья работников, связанных с трудовой деятельностью. Астана, 2001. 

 

Беляков Г.И Охрана труда. М:Агропромиздат 1991г. 



16. Минх А.А Общая гигиена. - М., Медицина, 1984, 479 с. 

17. Карпов Б.Д., Ковшило В.Е. Справочник по гигиене труда. -М.,Медицина, 1979, - 

439 

18. Алексеев СВ., Усенко В.Р. Гигиена труда. - М., Медицина, 1988. -576с. 



Жилов Ю.Д., Куценко Г.И. Справочник по гигиене труда и призводственной 

санитарии М., «Высшая школа», 1989,239с. 

19. Руковоство к практическим занятиям по гигене труда: Учебное пособие/Под ред. 

В.Ф.Кириллова. - 2 - е  изд., перераб. И доп. - М.: медицина,. 2001. - 400с. 




20. Залаева, С.Ш. Производственная санитария и гигиена труда: учебное пособие в 3 

ч. - Ч. 1. Производственное освещение. Вибрация / С.Ш. Залаева, О.А. Рыбка. - 

Белгород : Изд-во БГТУ им. В. Г. Шухова, 2008. - 165 с.  

 

21. М.C.Тонкопий. Экономика природопользования.  Алматы,  Экономикa, 2000 



 

22. Фурсов В.И Экологические проблемы окружающей среды. 1991, Алматы. 

 

23. Бродский А.К Жалпы экологиянын қысқаша курсы. Алматы, 1991. 



 

24. Родионова И.А Глобальные проблемы человечества. М.: 1995. 

 

25. Вронский В.А. Прикладная экология. Ростов на Дону. 1996. 



 

26. Правовая охрана окружающией природный среды в странах Восточной Европы. 

М.: Высшая школа, 1990. 

 

27. Химический анализ промешленных сточных вод, 1989. 



 

28. Банников А.Г  Охрана природы.М.А  Агропромиздат. 1985. 

 

29. Смирнов Д.Н Автоматическое  регулирование процессов  очистки природных и 



сточных вод.-М.,1991  

 

30.  Мазур  И.И  Экология  строительства  объектов  нефтянной  и  газовой  



промышленности.М.,1991 

 

31. Тоғабаев Е.Т. Судың сапасын жақсарту, Алматы,1995 



 

32. Тоғабаев Е.Т. Сумен жабдықтау  және канализация, Алматы ,1998 

 

Бисенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу  және физикалық география  идеяларының 



дамуы.Алматы,1999  

 

33. В.П.Пальгунов Утилизация  промышленных отходов.М,.Стройиздат.,1990 



 

34. 


О.С.Шимова, 

Н.К.Соколовский. 

Основы 

экологии 



и 

экономика 

природопользования, Минск., БГЭУ,2001-370 с 

 

35. Чернова Н.С. Лабораторный  практикум  по экологии.1986 



 

36.  Э.В.Гирусова,  Экология  и  эконимика  природопользования.Учебник  для 

вузов.под редакцией. М.,Энити,2000 

 

37. Шилов И.А Экология и экономика природопользования.Учебник.М,.2000 



 

Чернова Н.М., Былова А.  Экология м.,1988 

 

38.  Попов  В.П.  Охрана  окружающией  среды  на  предприятиях  с\х  и  тракторного 



машиностроения. М., Агропромиздат.19979  

 

39. Перродон А.Н.: Химия и нефти и газа.Учебное пособие для вузов.М., 1995 



 

40. Родионов А. Техника защиты окружающей среды.М.,1989 

 

41. Каспаров А.А: Гигиена труда и промышленная санитария,М.,1981 



 

42. Немировский О.Н. и др. Справочник по гигиене труда. М.3 1979 

 

43.  Санитарно-эпидемиологические  требования  к  обеспечению  радиационной 



безопасности:  гигиенические  нормативы  РК  [утверждены  постановлением 

Правительства  Республики  Казахстан  3  февраля  2012  г.  №  201]  //  Казахстанская 

правда – 2012 – 15 и 20 марта 

 

44.  Машкович  В.П.  Основы  радиационной  безопасности  /  В.П.  Машкович,  А.М. 



Панченко. – М.: Энергоатомиздат, 1990. – 176 с. 

 

45.  Виноградов  Ю.А.  Ионизирующая  радиация:  обнаружение,  контроль,  защита.  – 



М.: Высшая школа, 2002. – 124 с. 

 

46.  Татамбаев  С.  Атом  империясының  радиоактивті  мұрасы  немесе  радиациялық 



экология.-Алматы, 2008 

 

47. Голубев Б.П. Дозиметрия и защита от ионизирующих излучений / Б.П. Голубев. 



– М.: Энергоатомиздат, 1986. – 462 с. 

 

жүктеу 287,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау