Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет52/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77

109 
 
1.  Шығарманы  оқу  үстінде  ерекше  қызықтырған  жекелеген  тұстар 
кездесті ме? Қай тұстары, қандай іс-әрекеттер қызықтырды? 
2. Әдеби туындыны оқу барысында шығарманың қай тұстары ерекше есте 
сақталып қалды? 
3.  Оқыған  туындыда  белсенді  әрекет  үстінде  көрінетін  кейіпкерлер  бар 
ма? Олар кімдер? 
4. Шығармадағы табиғат көріністері жөнінде не айтар едіңіз? 
5.  Жазушының  шығармада  айтылатын  қоғамдық  ой-пікірлерімен, 
кейіпкер  іс-әрекеттерімен  келіспейтін  тұстарыңыз  бар  ма?  Себебін 
түсіндіріңдер. 
6.  Көркем  шығарманы  оқу  үстінде  өздеріңе  бұған  дейін  белгісіз  болып 
келген жағдайлар, проблемалар кездесті ме? Бұдан өздерің қандай ой түйдіңіз? 
7. Шығарманы оқып бітірген соң қандай көңіл күйде болдыңыз? 
Бұл  ұсынылған  сұрақтарға  алынатын  жауаптарды  қорыту,  ретке  келтіру 
арқылы мұғалім оқушыдан шығармадан алған әсерін, келесі шығарманы талдау 
сабақтарын  кіріспе  сабақта  анықталған  нақтылы  білімін,  психологиялық 
жағдайларды  есепке  ала  отырып,  бүкіл  сабақ  жүйесін  ұйымдастыруға  жол 
ашады. Сондай-ақ, келесі көркем шығарманы талдау сабақтарын қай деңгейде 
өткізу қажеттігін шамалайды. Әдетте мұғалім тапсыруымен көркем шығарманы 
алдын-ала  оқып  шыққан  жоғарғы  сынып  оқушыларының  көркемдік 
қабылдауында  қарабайырлық,  туындыға  контекстен  тыс  баға  беруге 
тырысушылық, көркем дүниені үзік-үзік күйінде қабылдау сияқты олқылықтар 
болады.  Шығармашыл  мұғалім  оқушының  оқырмандық  қызметіндегі  осы 
олқылықтарды  түзетпей  тұрып  талдау  сабақтарына  бірден  кіріспейді.  Осы 
бағытта  мұғалім  жоғарыда  көрсетілген  сұрақтарға  алынған  жауаптар  арқылы 
оқушылардың  шығарманы  түсіну  дәрежесі  күткен  деңгейден  төмен  болса, 
олардың алғаш оқыған кездерінде қамтымаған, аңғармаған мәселелеріне бағыт-
бағдар бере отырып, екінші рет терең мән бере оқып шығуына ұсыныс береді. 
Мұнда  оқушының  қайталап  оқып  шығуына  қай  тұрғыда,  қалай  бағыт-бағдар 
беру қажеттігі жоғарыдағы сұрақтарға қайтарған оқушы жауаптарының толық 
емес,  кемшін  тұстарын  таратып  дұрыс  арнаға  салуға  бағыттайды.  Алайда, 
мұғалім  сұрақтары  бірыңғай  шығарманың  оқиға  желісін  қуалап  кететіндей 
болса,  онда  оқушының  шығармаға  деген  қызығушылығын  төмендетіп  алуы 
мүмкін.  Сол  үшін  мұғалім  тарапынан  бұл  жолы  қойылатын  сұрақтар  жалаң 
оқиға  қуалаушылыққа  емес,  керісінше  шығарманың  қоғамдық-әлеуметтік, 
философиялық  астарларын,  көркемдік  қуат-күшін  неғұрлым  көбірек 
қамтитындай  етіп  орайластырғаны  мақұл.  Мұндайда  сұрақтардың  жоғарғы 
сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, өмірлік, оқырмандық тәжірибесіне 
сай болуына ерекше көңіл аударылуы керек.  
Ол  үшін  әр  шығарманың  жеке  ерекшеліктеріне  сай  мынадай  сұрақтар 
қойылуы мүмкін: 
1.  Қоғамда  болып  жатқан  күрделі  құбылыстарды  зерттеуде  жазушы 
шығармада қандай баяндау әдістерін қолданған? 
2. Шығармада жазушы позициясы қалай көрініс тапқан? 


110 
 
Қаламгердің  кейіпкер  бейнесін  ашуында,  табиғат  көріністерін 
суреттеуінде өзге шығармаларға ұқсамайтын қандай өзгешеліктер байқалады? 
Осы  секілді  сұрақтарға  жауаптар  іздеу  арқылы  оқушылар  көркем 
туындыдағы  бұған  дейін  аса  мән  бермеген  мәселелер  төңірегінде  ойлануға 
үйренеді.  Олар  бұрынғысынша  шығарма  оқиғасын  қуалап,  жекелеген 
кейіпкерлер  бойындағы  әрқилы  мінез-құлықты,  т.б.  құбылыстардың  сыртқы 
кейпіне  ғана  назар  аударудан  тыйылып,  шығарманың  тылсымына  бойлауға, 
қаламгер  ойы  мен  көркемдік  бөлшектердің  астарына  үңілу  қажеттігіне  көңіл 
бөледі.  
Мектепте  әдебиет  сабақтарындағы  эпикалық  көркем  туындыны  талдау 
сабағы  ең  алдымен  образды-тұжырымдамалық  немесе  проблемалық  талдауға 
құрылғаны  жөн.  Жазушы  өз  дәуірінің  қырағы  бақылаушысы  әрі  үні  ретінде 
қоғам  мен  адамның  арақатынасынан  туындайтын  тіршілік  философиясына 
қаламгерлік  көзқарас  тұрғысынан  баға  беріп,  ой  қорытып,  көркемдік  өң  беру 
арқылы  ұрпақтар  (оқырмандар)  назарына  ұсынады.  Автордың  әрбір 
шығармасында  оның  адамға  деген  жалпы  көзқарасы,  адамның  өмірлік 
миссиясы,  қоғамдық  өмірдегі  іс-әрекеті  нәтижесінде  байқалады.  Олай 
болатыны  жеке  адам  жөніндегі  жазушы  көзқарасы  қоғамдық-әлеуметтік 
өмірдегі жағдайлар арқылы қалыптасады. 
 
«Эпикалық 
шығармаларды 
проблемалық 
немесе 
образды-
тұжырымдамалық  талдау  арқылы  әр  жазушының  адам  жөніндегі  жалпы 
көзқарасын  айқындай  білуге  үйрету  оқушылардың  шығарма  кейіпкерлеріне 
жаңаша қарай білуіне, көркем туындының идеологиялық бағытын жедел аңғара 
алуына,  жазушы  стиліне  тереңдей  енуіне  мүмкіндік  береді»,  -  деп  профессор 
Б.Ө.Сманов  көркем  талдаудың  стилдік,    тақырыптық  жағына  назар  аударады 
және  бұлардың  оқырманды  қызықтыру  үшін  маңызды  екендігін  дәйектейді 
[105,15б].  Эпикалық  шығармаларда  айтылатын  негізгі  мәселенің  бағыт-
бағдары, мазмұнының әдеби нормаға сай келуі оның тақырыбына байланысты 
болады.  Тақырып  –  шығарма  мазмұнының  өзегі,  негізгі  құрылысы  ретінде 
қоғамдық  өмірдегі,  қоршаған  ортадағы  құбылыстарды  суреттейтін  көркемдік 
шындық. 
Мектеп бағдарламасындағы  эпикалық шығармалардың  құндылығы оның 
құрылысына  да  байланысты  болады.  Композиция  -  әдеби  шығарманың 
құрылысы мен оның әрбір бөлшектерінің қисынды түрде әр түрлі тәсілдермен 
өзара байланысып  тұруы.  «Әдеби  шығарманың  композициялық  құрылысының  
ұтымдылығы 
сөз 
болатын 
мәселелерді, 
суреттелетін 
жағдайларды, 
кейіпкерлердің  іс-әрекетін  талғап,  таңдай  білу.  Оларды  екшеп,  сұрыптап  алу, 
қисынын  тауып  қиюластыра  білу  жазушының  қандай  шиеленіскен  жағдай 
болса  да  түйінін  тауып,  ақ  пен  қараны  ажыратып, не  нәрсенің  мәнді-маңызды 
екенін  терең  түсінетін  көрегендігіне  байланысты  болады»,  [132]  -  деп 
тұжырымдайды  академик  З.Ахметов.  Бұл  пікірге  сүйенетін  болсақ, 
оқырманның    әдебиетті  көркем  қабылдауында  тақырыптың  рөлі  зор  екендігін 
байқаймыз.   
Эпикалық 
шығармаларды 
образды-тұжырымдамалық, 
мәселелік  


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау