Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет13/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77

27 
 
отырып  және  ерік-күшінің  әрқилы  дәрежедегі  байланысы  арқылы  өзі  қалаған 
затқа  не  құбылысқа  эмоционалды  ұмтылысы  немесе  бағытталуы»,  –  деп 
анықтама  береді  [62,292б].  Әйгілі  ғалымның  баланың  мәдени-эстетикалық 
дамуын  ішкі,  сыртқы  әрекеттестік  белгілеріне  қарай  интерпсихикалық  және 
интрапсихикалық  категория  ретінде  жіктеп  таратуы,  соңғы  ғалымдардың  бұл 
категориялардың  әрқайсысын  жеке-жеке  қарастыруына  жол  ашты.  Айталық, 
М.М.Рубинштейннің  оқушылардың  оқырмандық  қабілетін  психологиялық 
тұрғыда зерттеу жүргізуі сондықтан болатын. 
Тұтастай  алғанда  1950  жылдар  бұл  кезеңге  дейінгі  оқушылардың 
көркемдік қабілетін зерттеу жолындағы ғылыми ізденістерді тереңдете, дамыта 
түсумен  бірге,  аталған  мәселені  нақты  әлеуметтік,  педагогикалық-
психологиялық  арнада  зерделеуімен,  шәкірттің  кітап  оқуға  қызығушылығы 
қандай психикалық әрекеттер байқататындығын анықтауымен, ол әрекеттердің 
өзіндік мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін  белгілеу секілді күрделі мәселелерді 
жаңаша  саралауымен  белгілі  болды.  Осы  орайда  ғалым  Л.А.Никольскийдің: 
«50-жылдардың  ортасынан  бастап,  педагогтардың  арасында  нақты  әлеуметтік 
ізденістерге  тағы  да  назар  аударыла  бастауы,  бұл  –  мектеп  оқушыларының 
көркемдік қызығушылығын зерттеудегі жаңа кезең басталғанының белгісі еді», 
–  деуі  де,  осы  тақырыптағы  іргелі  ізденістердің  шығармашылық  сипаттарын 
жете түсінгендіктен болатын [60,160б]. 
Бұл  кезде  орта  мектеп  оқушыларының  мәдени-эстетикалық  қалыптасуы 
жайлы ғылыми зерттеулер тек әлеуметтік психология тұрғысында ғана емес, әрі 
педагогикалық, әрі психологиялық проблема ретінде де зерттеу нысаны болды. 
Мектеп  оқушыларының  оқырмандық  қабілетінің  ғылыми  теориясын  жасау 
міндеті 1930 жылдардың өзінде-ақ педагог ғалымдардың назарын аударған еді. 
Осы бағыттағы алғашқы ірі қадамдардың бірі ретінде орыстың көрнекті әдіскер 
әдебиетші  ғалымы,  профессор  М.А.Рыбникованың  (1885-1942)  «Очерки  по 
методике литературного чтения» атты іргелі әдістемелік кітабын атауға болады. 
Ғалымның  бұл  еңбегі  осы  күнге  дейін  өз  құнын  жойған  жоқ,  қайта  бастауыш 
және  орта  буындағы  әдебиеттік  оқу  курсын  оқытуда  мұғалімдер  қауымына 
үлкен  көмегін  тигізіп  келеді.  Осындай  құнды  туындылардың  қатарында 
Б.М.Тепловтың  1947  жылы  жарық  көрген  «Музыкалық  қабілеттің 
психологиясы» атты айтулы еңбегі де ілтипатпен аталады [65]. 
Мектеп    оқушыларының  әртүрлі  пәндерге  деген  бейімділік  қабілетін 
зерттеу  проблемасымен  қатар,  олардың  әдеби  қабілетін  қалыптастырудың 
теориялық  мәселелерін  қарастыру  осы  жылдардан  бастап  күн  тәртібіне 
қойылды.  Мәселен,  1952  жылы  жарық  көрген  В.В.Голубковтың  «Әдебиетті 
оқыту әдістемесі» атты іргелі еңбегі әдеби білім берудің жалпы  дидактикалық 
ұстанымдарын,  оқытудың  теориялық  негіздерін  айқындауымен,  классикалық 
шығармаларды  оқытудың  тиімділігін  арттыру  мәселелерін  терең  зерттеуімен 
назар  аударды,  әрі  бұл  еңбек  оқулық  ретінде  де  педагог  ғалымдардың, 
әдіскерлердің,  мектеп  ұстаздарының  басшылыққа  алар  зерттеу  туындысы 
ретінде де қажетке жарады [66].  
Әдіскер-ғалым  өз  зерттеуінде  әдебиетті  оқыту  ісін  теориялық  және 


28 
 
ғылыми-әдістемелік  тұрғыда  жан-жақты  қарастырғандықтан,  әдеби  білім 
берудің тиімділігін арттыру үшін педагогикалық психологияның жетістіктерін 
молынан  пайдалану  қажеттілігіне,  оның  маңызына  да  кеңінен  мән  береді. 
«Мектеп оқушысын әдебиетке қарым-қатынасы жағынан алып зерттеу, – дейді 
профессор  В.В.Голубков,  –  оның  оқырмандық  қызығушылығын,  көп 
оқығандығын  анықтау  тіл-әдебиет  пәні  мұғалімінің  ісі  болуы  керек... 
Психология  ғылымы  мұғалімге  тек  қана  оқушылардың  жүйелі  оқуын 
ұйымдастыру  үшін  ғана  керек  емес.  Ол  оған  әдеби  шығарманы  талдауда, 
кейіпкерлердің  мінез-құлқымен  жұмыс  үстінде  мұғалімнің  өзін  психолог 
ретінде  сезінуі,  психологиялық  терминдерді  пайдалану,  психологиялық 
тұрғыдағы қорытындылар жасау үшін де қажет» [66,464б]. 
Профессор  В.В.Голубков  мектеп  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  
дамыту  мәселесін  бөліп  алып,  жеке-дара  қарастырмаса  да  оның  оқыту 
барысындағы  орнына,  оқыту  үдерісіндегі  мүмкіндіктеріне  қысқаша  баға  бере 
келіп, шәкірттің оқырмандық қабілетін: 
1. Тікелей оқырмандық әсерді ұйымдастыру; 
2. Мұғалімнің оқырмандық әсердің мәнін түсінуі, сол арқылы оқушының 
дұрыс 
моральдық 
түсінігін 
қалыптастыруы 
сияқты 
екі 
кезеңнен 
құралатындығына тоқталады.  
Әдіскер  ғалым  сабақтарында  әдеби  туындыны  оқыту  оқушының 
қызығушылығын  тәрбиелеп,  оқырмандық  қабілетті  қалыптастырған  жағдайда 
жақсы нәтиже беретіндігін көрсетеді.  
Өткен  ғасырдың  алпысыншы  жылдарының  алғашқы  жартысында 
педагогикалық  психологияның  жетістіктерін  әдеби  білім  беру  саласында 
кеңінен  пайдалану  ісі  қанат  жайып  дами  түсті.  Әдеби  шығарманы 
оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сай  жеке  бейімділік  қабілеттерін, 
қызығушылығын  ескере  отырып,  оқытудың  өзекті  мәселелеріне  байланысты 
О.И.Никифорова  [67],  А.Н.Леонтьев  [68],  Ю.В.Шаров  [69]  секілді  тағы  басқа 
әдіскер ғалымдар зерттеулер жүргізді.  
Жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  оқушыларының  көркемдік 
қызығушылығына  байланысты  жетпісінші  жылдарға  дейін  жүргізілген 
әлеуметтік  зерттеулер  елуінші,  алпысыншы  жылдардағы  педагогикалық-
психологиялық бағыттағы шәкірттердің әдеби туындыларға деген қабілеттілігін 
зерттеуге  арналған  тың  көзқарастарға  сәйкес  жаңаша,  жетілдірілген  тұрғыда 
қарастырылды.  
1970  жылдары  әлеуметтік  зерттеулердің  ұстанымдарын  анықтау,  оның 
қолданылу  шегін  белгілеу  жұмыстары  жүзеге  асты.  Сонымен  бірге,  мектеп 
оқушыларының  оқырмандық  қабілеттерін  зерттеуді  ғалымдар  үш  түрлі 
бағытта:  1.Кәсіби  қызығушылығы;  2.Оқуға  қызығушылығы;  3.Бос  уақыттағы 
қызығушылығы  ынғайында  кешенді  түрде  қарастыруды  қолға  алды. 
Ю.В.Шаровтың басшылығымен  жүзеге  асырылған новосибирлік  ғалымдардың 
нақты  әлеуметтік  зерттеулері  бұл  бағыттағы  неғұрлым  кең  де  ауқымды  және 
нәтижелі  әрекеттердің  бірі  ретінде  ғылыми  жұртшылық  көңілін  аударатындай 
жаңалық  болды.  Ғалым  мектеп  оқушыларының  рухани  қажеттіліктері  мен 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау