483
Осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі және жауапкерлі болып
көрген емес. Бұрын дүние басқаша кейіпте болды. Онда бүгінгі балалар тәрбиесіндегі
қиындықтардың кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар
мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты,
бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді. Бұл ретте бала бақшаларының атқаратын ролі жоғары.
Мектепке дейінгі балалық шақ - жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы ерекше кезең.
Бұл кезеңде бала айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата-анасына, балабақша
тәрбиешісіне, т.б. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, берілмеген тәрбие келешекте үлкен
проблемаларға соқтырады.
«Білім туралы заң» мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің типтік ережесіне сәйкес,
баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін балабақша алдында тұрған негізгі
міндеттің бірі-отбасымен қарым- қатынасқа түсу. Бала қалыпты даму үшін балабақша мен
отбасында теңдей жағдай жасалуы керек. Отбасының тәрбиелік қызметі-баласына мейірімді
ана және әке болуда ғана емес, отбасы «қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан
ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді»
«Бала тәрбиелеушi ата-аналар өздерiнiң қабiлеттерi мен қаржылық мүмкiндiктерiнiң
шегiнде, оның дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қажеттi өмiр
сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшiн негiзгi жауапкершiлiкте болады»
Ата - ана бірінші педагог болып табылады. Осыған сәйкес мектепке дейінгі мекеменің
отбасымен жұмыс жасаудағы ұстанымы өзгеруі керек. Балабақшалар балаға тәрбие беріп қана
қоймай, ата-аналарға тәрбие жөнінде кеңестер де беріп отыруы қажет. Ал ата-аналар
«балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге» міндетті.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан екі бағыт бары белгілі:
отбасылық және қоғамдық. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесін тіпті жоғары дәрежелі балабақша
мен мектеп алмастыра алмайды деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қосылуға болады. Дегенмен,
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде
«балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере
отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін
қамтамасыз ету
Біздің №134 «Гауһар » балабақшасында 350 –дей бүлдіршіндер тәрбиеленуде. 2012-2013
оқу жылында: «Ойын арқылы балалардың ой-өрісін және тілін дамыту» және «Отбасы-тәрбие
бастауы» деген екі бағдарламамен жұмыс жасап жатырмыз. Осы барысында «Жаңа оқу жылы
мектепке дейінгі гимназия табалдырығында», «Тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы»
тақырыптарында педагогикалық кеңестер өтті. Біріншісі дөңгелек үстел, екіншісі дәріс-
тренинг пішінінде өткізілген бұл шараларда жалпы ақпараттық сауалнамалар жүргізіліп,
тәрбиешілердің іс-тәжірибесінен слайдтар көрсетілді.
Бақшамызда баланы еңбексүйгіштікке баулуда ата-аналармен бірлестікте біраз шаруалар
атқарылды. Баланы өзіне өзі қызмет етуге үйрету, үй шаруашылығында еңбекке баулу сияқты
шаралар екі жақты ынтымақтастықта жүргізіледі. Педагогика саласында ойын арқылы
балаларды еңбекке дағдыландыруды алғаш рет мәселе етіп көтерген Н.К. Крупская. Сондай-
ақ ол өзінің педагогикалық шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін көтеру керектігі,
оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен. Себебі баланы
қалай тәрбиелеу керектігін білмейтін ата-аналар кездеседі ғой.
Атқарылатын істер жүйелі жүру үшін алдымен ата-аналар арасында сауалнама
жүргізіліп, мекемеміздің даму деңгейі, отбасымен жұмыс мазмұны анықталады. Әрі қарай
білімдік қызмет көрсетуде ата-аналардың қажеттілігін зерттеу, ата-ананың педагогикалық
және құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында іс-шаралары жалғасуда . Жарты жыл сайын
отбасы мен балабақша ынтымақтастығын айшықтайтын шаралар көрсетілімімен
таныстыратын бейнероликтер дайындалады.
Ата-аналармен тығыз байланыста болу үшін алдағы күндерде біріккен іс- шараларды жиі
өткізу, ата-аналарды МДГ өміріне белсенді араластыру мақсатында баланың жеке тұлғасын
бірігіп зерттеу және қалыптастыру, баспасөз құралын шығару қолға алынып жатыр.
484
Қорыта айтқанда, бүгінгі күн талабына жастарды саналы, әдепті етіп тәрбиелеу үшін
ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйеніп, ұлттық дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды, дінімізді, ата-
бабамыздан қалған асыл мұраларды балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты
міндеті. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың ролі ерекше. Бала тәрбиесіне әрбір ата-ана
жауапкершілікпен қарап, барлық қазақи қасиетті болмысын бойына дарыта білсе нұр үстіне
нұр болар еді. Және бала балабақшаға бүлдіршіндер қуана келіп, үйіне қуанып қайтуы керек.
Балабақшада жайлы, көңілді, қызықты болатынын, достары көп екенін, ал үйде оны отбасы
жақсы көретінін, үлкендердің оны асыға тосып отыратынын сәби сезсе балабақша мен отбасы
ара қатынасының дұрыс жолда екендігі анық.Сондықтан да мына жайттарды есімізге
ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға
кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда
көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер
ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.« Абайдыңпсихологиялық-педагогикалық көзқарасы және қазіргі мектебі». Қ. Тәлімұлы.
2. « Тәрбие құралы» журналы №3 2008, 2011ж.
3. « Қазақ халқының салт-дәстүрі» Алматы –1994ж
4. « Отбасы және балабақша» журналы -2008ж.
5. Жаңашылдық жүйесіндегі педагогикалық іс –әрекет тұжырымдама , тәсілдеме
технолгиялар- 2014 ж
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Ниязалина А.Н. Мусаханова А.У.
«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК
«Туған жердің каратасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да
мақтап жаратпақ емес»
Қаныш Сатбаев
Туған өлкенің табиғаты-өте қуатты бұлақ,осы бұлақтан бала білім мен әсерді
сусындайды. Қоршаған өлі және тірі табиғаттың обьектілеріне деген қызығушылық өте ерте
оянады. Балалар өте байқағыш келеді: орман соқпағындағы енбекқор құмырсқаны, қалың шөп
арасындағы кішкентай өрмекшіні де байқап қалады. Балалардың назарын табиғаттың әр
маусымы сайын болатын өзгерістерді,бояулардың ашықтығы,дыбыстардың,иістердің
әртүлілігі өзіне аударады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: көзге түскен затты қолмен
ұстауға,көзбен көруге,иісін сезіп,мүмкін болса дәмін татуға тырысады. Сондықтан да біз
ересектер,балаларды табиғатты сүюге, құрметтеуге,қорғауға және оның байлықтарын
кобейтуге үйретуді міндеттіміз. Экология-бұл тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған
ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым болғандықтан,балалардың табиғатта болатын
ғылыми байланыс түсініктерін қалыптастыру қажет.
К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық
ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық
ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты
шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.