481
Насыпханқызы А.А
№ 134«Гауһар» балабақшасы
Бала -басты байлығымыз .Ал ең асылымыз –оның тәрбиесі болашақта ел тізгінің ұстар
азаматтар –бүгінгі болашақ ұрпақтар Елбасымыз Н .Ә. Назарбаевтың « Ұлт болашағы білімді
ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бизге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай
.Шын мәнәнде бүгінгі жас –ертеңгі елдің мызғымас тірегі , келешек келбеті. Сол себеті
олардын білімді , бәсекеге қабілетті , жан -жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды
фактор болып табылатыны анық. Бала тәрбиесі –игілікті іс.
Берері де , сұрауы да , жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі .
Халықта « Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған .Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік , мейрімділік , яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп , өз –өзіне
сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілердің шешуі роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге
қарап өсіп , бой түзейді. Балаға білім , тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса , оны
жалғастырушы , демеуші –ата –ана және қоғам . Балабақша өмірі, бала тұлғасын
әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді.Және балабақша мен ата-
ана , қоғам бірлескен кезде ынтымақ бар жерде тәрбие де бар .Ынтымақ бар жерде береке
, бірлік те бар .
Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізгі отбасында қалыптасады.
Отбасындағы адамдармен қарым –қатынаста бала мәдениетті үйренеді , жеке адамға тән
ар-ұят , ақыл –ой адагершілік қасиеттерде қалыптасады.Осыған орай кез келген бүлдіршін
үшін бала бақша тәрбиесі ата-анадан тәлім –тәрбиені одан әрі жаклғастырып ,
жандандырары сөзсіз. Дер кезінде алынған мекетепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін
маңызы зор.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің « Қазақстан болашағымыз –қоғамның идеялық
бірлігінде» атты еңбегінде « Ұлттық мәдениетке , ана тілге еркіндік беру , оны тәлім –тәрбие
құрылымына айналдыру , тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік
имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы
іске асыру керек»-деп атап өткен .
Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден , яғни балабақшадан
бастаған дұрыс. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады
екен . Сондықтан баланы жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге
құмар , қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті , тамаша құбылыстарды сезінуге
тырысады.Оның жан жақты дамып жек тұлға болып тәрбиеленуіне , тілінің дамуына ең
алдымен ата-анасы міндетті. Бала үшін дүниеде ең жетілген , білімді де мәртебелі адам –
оның ата-анасы . Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекеше , сондықтан ата-ана өз
отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысу қажет . Ата аналар
балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі , қыры мен сырын дүние тіршілігіндегі еңбегі
адамның бейнелері , жақсы мінез-құлқы , дұрыс қарым –қатынасы –балаға үлгі. Баланың
алдында барынша сабырлы әр ұстамды болуга тырысу керек , ата-ана өзі үлгілі бола отырып
, баласын сабырлыққа тәрбиелейді .Әр ата-ана үлгіні ата-анасынан алады . Бала әкеден ақыл,
анадан мейір алады.Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-
аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсаты дені сау , рухы таза , ана
тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіпгі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы
басты орын алады .Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін , қарапайым дағдыларды
бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдығы –балабақша.
Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа ,
адамгершілікке тәрбиелейміз .Бүгінгі күнде жас ұрпқтың сана сезіміне өз елінің жерінің
482
тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұгымдарды кішкентай кезінен балабақшадан
қалыптастырамыз.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-іс әрекеті ойын .
Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев « Ойын ойнап
, ән салмай өсер бала бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие
құралы. Ойын баланың барлық кабілетінің дамуына , айналасындағы дүние жайлы
түсініктерінің кеңеюіне , тілінің дамуына құрбыларымен жақындауына көмектеседі.Өйткені
бала нәрісте шағынан бастап адалдылыққа , батылдыққа , мейрімділікке , еңбек етуге
тәрбиелеудің құралы ойын.Осыған орай бүгінгі күндері тәрбиешілер алдында балаға білім
алдында білім дағдыларын игеріп қоймай , қабылдауын , ойлауын , қиялын сезімін , ерік
жігерін жан жақты етіп дамыту міндеттері түрі.Мысалы: тәрбиенің ең маңызды міндеті
саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі
бағыттап отыруды көздейді.
Бала өзін –өзі көрсете білсе , ендеше ойын , оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді
деген сөз.Өйткені мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым қатынасы қалыптасады.
Іс әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық
мүмкіндіктерді ескере отырып , мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік
әрекеттерін , тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын , еңбек , оқу арқылы біз
балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз әрекеттер ойын еңбек , оқыту
өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамыту нәтежесіне жете аламыз.
Балабақшаның негізгі міндеті –баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын
қамтамасыз ету . Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең.
Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға , өз қызметін білуге , тілдік қатынгастың
қарапайым тәжірбиесінде өзін өзі таныта білуге , мінез мінез -құлық
мәдениетіне , жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне
бағдарланады.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу –
тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі .
Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән
береді . Бұл саладағы икүш-жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге
бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары
, туған жері, кең-байтақ гүлжазира даласы, тау –тасы өзен –көлі , сылдырап аққан мөлдір
бұлағы бейнесінде қабылданып , ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге
тиіспіз.
Жас ұрпқты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу , құлағына сіңіру әдет-
дағдысына айналдыру- парызды іс.
Бала әке-шешеге берілген аманат. Бала тәрбиесі қай кезден басталатындығы жәйлі
көптеген пікір - таластар бар. Кейбіреулер тәрбие тал бесіктен басталады десе, келесісі бала ес
біліп, етек жеңін жиып, ержеткен соң тәрбие ала бастайды дейді. Ал, ғалымдар болса: «бала
ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады»- деп айтады.
Шындығында
«бала
ақыл
тоқтатып,
есеймей
тұрып-ақ
көргенін
істей
бастайды....үлкендер не қылса, соны қылады. Жақсы істесе жақсы, жаман істесе жаман істейді.
Бұлай болғанда, бала тәрбиелеудің негізі ата-анасында».
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы ұрпақтарын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де
өнерлі, иманды да инабатты, ар-ожданы жоғары, намыс қой етіп тәрбиелеп келді. Ол кезде
салт-дәстүр, наным – сенім, әдет-ғұрып, жора-жосын, үлгі-өнеге арқылы ешкімнен кем - қор
болдырмай тәлім- тәрбие берген.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты
өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогикалық іркіліс, кешеуілдеу
адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми - техникалық прогрестің табандауына
соқтырады. Сондықтан да педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп,
жинақтап отыруы қажет.