Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет46/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64

4. Формада   бағынышты   кесте   үшін   жасалған   форманы   шақыратын
батырма жасаңыз (44-сурет).
5. 4.4.   тарауда   айтылғандай   (45-46-суреттер)   форманы   шақыратын,
негізгі   және   бағынышты   кестелердегі   жазбаларды   көруді   синхрондайтын
макрос жасаңыз.
6. Форманы   және   ондағы   объектлердің   қасиеттерін   өзгертіп
қалауыңызша редакциялаңыз.
7. Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
11 жаттығу.
1. Бұрын жасалған кестелер ішінен 1:М байланысы бар кестелерді 
таңдап,  кестелердің қайсысының негізгі, қайсы бағынышты екенін 
анықтаңыз.
2. Форма   шебері  (Мастера   форм)   режимінде,   бір   немесе   бірнеше
негізгі   кестелердің   өрістерімен   толықтырлған   бағынышты   кестенің
жазбаларын көрсететін көпкестелі форма жасаңыз (47-48-суреттер).
3. Форманы   және   ондағы   объектлердің   қасиеттерін   өзгертіп
қалауыңызша редакциялаңыз.
4. Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Форма не үшін керек?
2. Форма жасаудың қандай режимдері бар?
3. Форма   шебері  (Мастера   форм)   режимінде  өрістерді   таңдаудың
қандай мүмкіндіктері бар?
4. Формаға қандай элементтерді орналастыруға болады?
5. Форма   шебері  (Мастера   форм)   режимінде  форманың   қандай
түрлерін таңдауға болады?
6. Форма үшін қасиеттер терезесін қалай шақыруға болады?
7. Формада орналасқан кез келген элемент үшін қасиеттер терезесін
қалай шақыруға болады?
8. Қасиеттер терезесінде қандай парақшалар бар?
9. Формада   өріс   үшін   тізімнен   мәндерді   таңдауды   қалай   жасауға
болады?
10. Автоформа:  бір бағаналық (в столбец)  режимі форма жасаудың
қандай мүмкіндіктерін береді?
11. Автоформа:  таспалық   (ленточная)  режимі   форма   жасаудың
қандай мүмкіндіктерін береді?
12. Автоформа: кестелік (табличная) режимі форма жасаудың қандай
мүмкіндіктерін береді?
13. Автоформа:  кестелік   (табличная),  Автоформа:  таспалық
(ленточная),  Автоформа:  бір   бағаналық  режимдерінің   айырмашылығы
неде?
14. Форма жасаудың Конструктор режимі не үшін керек?
15. Форма жасауда Конструктор режиміне қалай кіреміз?
16. Форманы редакциялауда Конструктор режимі қандай мүмкіндіктер
береді?


17. Формадағы   жазбаның   (надпись)   фон   түсі   мен   мәтін   түсін   қалай
өзгертеміз?
18. Өрістің қаріп, қаріп мөлшері, қоюлығы және т.б. қасиеттері үшін
жаңа параметрлерді қалай таңдаймыз?
19. Формаға суретті қалай ендіреміз?
20. Формадағы батырма не үшін керек?
Зертханалық жұмыс №6 
Тақырып:"БАСЫЛЫМДАР ҚҰРУ"
Жұмыстың   мақсаты:  басылымдар   құру   тәсілдерін   үйрену,
Конструктор  режиміндегі   басылымдар   жасау   тәсілдерін   игеру,   көпкестелі
басылымдар құруды үйрену.
7.1 Басылымдар жасау
         Басылымдар кестедегі мәліметтерді қағаздағы нәтижелік құжаттар
түрінде   басып   шығаруға   арналған.  Access  бірнеше  кестелерден   немесе
сұраныстардан   өзара   байланысқан   мәліметтерді   қағазға   шығаруды
қамтамасыз ететін күрделі құрылымды басылымдар құрастыруға мүмкіндік
береді.   Құрастыру   кезінде   басылым   бөлімдерінің   құрамы   мен   мазмұны,
сонымен   қатар   МБ   кестелері   өрістерінен   шығарылатын   мәндердің   осында
қалай орналасу керектігі қалыптасады. Сондай-ақ тақырыптар, басылымдар
реквизиттері   жасалып,   есептелінетін   реквизиттердің   де   орналасуы
қарастырылады.   Мәліметтер   деңгейлер   бойынша   топтастырылып,   осы
деңгейлердің әрқайсысы үшін қорытынды есептеулер жүргізілуі мүмкін, әр
топқа арналып жеке тақырыптар мен ескертпелер де жасала береді. 
                   Басылым құру үшін   «Басылымдар» («Отчеты»)  парағына
көшіп,  Жасау   (Создать)  батырмасын   шерту   керек   немесе  Жаңа   объект
(Новый объект)  батырмалар тізімінде Автобасылым (Автоотчет) не Жаңа
басылым (Новый отчет)  элементтерін қолдану қажет. Бірінші тәсілде 107-
суретте көрсетілген басылым құру режимін таңдау терезесі пайда болады.


107 сурет. Басылым құру режимін таңдау терезесі
         Басылымды алдын ала көруді  Басылым көрінісі  (Представление
отчета)   батырмасын   шертіп,   немесе  «Басылымдар»   («Отчеты»)   парағында
Қарап   шығу  (Просмотр)   батырмасын   басу   арқылы,  немесе  Файл/Алдын
ала   көру  (Файл/Предварительный   просмотр)   командасы   арқылы   жүзеге
асыруға   болады.  Саймандар   тақтасындағы  Баспа  (Печать)  батырмасы
басылымдарды   қағазға   басып   шығаруды   қамтамасыз   етеді.  Меню
қатарындағы  Файл/Бет   жобасы  (Файл/Макет   страницы)   командасы
көмегімен принтер түрін таңдауға, қағаз форматын, өрістер мөлшерін, жолдар
арасындағы аралықты, қағаздың берілу бағытын, т.б. өзгертуге болады. Ал
меню   қатарындағы  Файл/Баспа  (Файл   /   Печать)  командасы   баспаға
басылымның   жеке   беттерін   немесе   белгіп   алынған   жазбаларды   шығаруға,
көшірмелердің   санын   беруге   және   басылымды   файлға   жазуға   мүмкіндік
береді. Басылымды сақтау үшін Файл /Сақтау (Файл /Сохранить) командасы
орындалады. 
            Диаграмма режимі Мастер көмегімен диаграммасы бар жаңа
басылым   жасау   үшін   қолданылады.  Пошталық   жапсырмалар  (Почтовые
наклейки)  режимі    Мастер  көмегімен   жапсырмалар   жасау   үшін   қажет.
Сұхбаттасу  режимінде жапсырманың форматы  мен өрістерінің орналасуын
анықтап,   жапсырма   мәтінінің   қарпі,   көлемі,   қанықтылығы,   стилі   және
жапсырма мәтінінің түсі сияқты параметрлерді таңдап алуға болады.
7.2 Басылымдар шебері режимінде басылымдар жасау
          Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимі таңдап алынған
өрістер   негізінде   шебер   көмегімен   жаңа   басылымдар   жасау   үшін
қолданылады, мұнда стиль таңдауға және байланысқан кестелердің өрістерін
пайдалануға   болады.   Сондай-ақ,   мәліметтерді   топтастыру   мүмкіндігі   бар,
мысалы,   уақытқа   байланысты   ақпараттардағы   күн-ай   мерзімі   өрісі   үшін
жылдар,   тоқсандар,   күндер,   немесе   басқа   да   уақыт   аралықтары   бойынша
мәліметтерді топтастыра аламыз. Өрістердің сандық және қаржылық типтері
үшін  Толық   мәні   бойынша   (По   полному   значению)  немесе  Аралық
(Интервал) (10, 50 және т.б.) мәндер бойынша да топтастырылу жүргізіледі.
Мәтіндік   өрістерді   толық   мәні,   бірінші   символы   немесе   алғашқы   бірнеше
символдары   бойынша   топтастыруға   болады.   Сұрыптау   жүргізіп   (ең   көп
дегенде   4   өріс   бойынша),   әрбір   топ   үшін   есептеліп   шығарылатын
қорытындылық   нәтиже   алуға   (жалпы   қосындысы,   орташа,   максимум,
минимум мәндері) да мүмкіндік бар. Парақтарға альбомдық немесе кітаптық
бағытта мәтіндер басып, өрістердің де қажетті енін тағайындауға болады. 
  «Авто»   кестесі   үшін  Басылымдар   шебері  (Мастер   отчетов)
режимінде басылым жасау ісін қарастырып көрелік. Сұхбаттасудың бірінші
қадамында керекті өрістер таңдалып алынады, мысалы:  Нөмірі,  Маркасы,
Түсі,  Шығарылу   мерзімі,   Қуаттылығы  және  Сатып   алынған   мерзімі
өрістерін алайық  (108 сурет). Екінші қадамда жазбаларды топтастыру өрісі,
яғни  Маркасы  өрісі таңдалынады  (109 сурет).  Топтастыру  (Группировка)
батырмасын  шертіп, жазбаларды топтастыру аралығын беруге болады. 110
суреттегі   мысалда   қарапайым   аралық   берілген.   Сұхбаттасудың   үшінші


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау