Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-тарау. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет64/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100

200
12-тарау. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ 
ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУ
75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
1. Егер ата-аналар:
1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде 
алимент төлеуден қасақана жалтарса;
2)  өз  баласын  перзентханадан  (оның  бөлімшесінен),  жетім 
балалар,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 
ұйымдарынан жəне өзге де ұйымдардан алудан дəлелсіз себеп-
термен бас тартса;  
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
4)  балаға  қатыгездік  көрсетсе,  оның  ішінде  оған  күш 
қолданса  немесе  психикасына  зорлық  жасаса  оның  жыныстық 
тиіспеушілігіне қастандық жасаса;  
5)  спирт  ішімдіктеріне  немесе  есірткі  заттарына  салынса, 
психотроптық заттарды жəне (немесе) осыларға ұқсас заттарды 
теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады. 
2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа 
да  мүшелерінің  өмiрiне  немесе  денсаулығына  қарсы  қасақана 
қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айрылады.  
76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тəртібі
1. Ата-ана құқықтарынан айыру сот тəртiбiмен жүргiзiледi.  
Ата-ана  құқықтарынан  айыру  туралы  iстер  ата-аналардың 
бiреуiнiң немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің, кəмелетке 
толмаған  балалардың  құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  мiндеттер 
жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-
ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.  
2.  Ата-ана  құқықтарынан  айыру  туралы  iстер  прокурордың 
жəне    қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функция-
ларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.  
3. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот 
ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан алимент өндiрiп 
алу туралы мəселенi шешедi. 
4.  Егер  сот  ата-ана  құқықтарынан  айыру  туралы  iстi  қарау 
кезiнде  ата-  аналардың  iс-əрекетiнен  қылмыстық  жазаланатын 
əрекет белгілерін байқаса, ол мұны жеке қаулымен прокурордың 
назарына жеткiзуге мiндеттi.  
5.  Ата-ана  құқықтарынан  айыру  туралы  сот  шешiмi  заңды 


201
күшiне  енген  күннен  бастап  үш  күн  iшiнде  сот  бұл  шешiмнiң 
үзінді  көшiрмесiн  баланың  тууын  мемлекеттiк  тiркеу  орыны 
бойынша тіркеуші органға жəне баланың тұратын жері бойынша 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге асыратын органға жіберуге мiндеттi.  
77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
1.  Ата-ана  құқықтарынан  айыру  баламен  туыстық  фактiсiне 
негiзделген  барлық  құқықтардан,  оның  iшiнде  одан  күтіп-
бағу  қаражатын  алу,  сондай-ақ  балалары  бар  азаматтар  үшiн 
белгiленген  жеңiлдiктер  мен  мемлекеттiк  жəрдемақыны  алу 
құқықтарынан айрылуға əкеп соғады.  
2.  Ата-ана  құқықтарынан  айыру  ата-аналарды  өз  баласын 
күтіп-бағу мiндетiнен босатпайды, бұл міндет оны асырап алуға 
байланысты тоқтатылады. 
3.  Бала  мен  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  ата-ананың 
одан əрi бiрге тұруы туралы мəселе сот тəртiбiмен шешiледi.  
4. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын 
үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану 
құқығын,  сондай-ақ  ата-аналарымен  жəне  басқа  да  туыстары-
мен  туыстық  фактiсiне  негiзделген  мүлiктiк  құқықтарын,  оның 
iшiнде мұра алу құқығын сақтайды. 
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде неме-
се  ата-аналарының  екеуi  де  ата-ана  құқықтарынан  айырылған 
жағдайда,  бала  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  қамқоршылығына 
берiледi. 
6.  Егер  бұл  балаға  теріс  əсер  етпесе,  ата-ана  құқықтарынан 
айырылған  ата-аналардың  өтініші  бойынша  қорғаншылық  не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
орган баламен жолығуға рұқсат етеді.
7.  Ата-аналары  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  жағдайда 
бала  асырап  алуға  соттың  ата-аналарды  ата-ана  құқықтарынан 
айыру туралы  шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты 
ай өткен соң жол берiледi. 
Ата-аналарының  біреуі  ата-ана  құқықтарынан  айырылған 
баланы  асырап  алуға  екінші  ата-анасының  келісімімен  жол 
беріледі. 


202
78-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
1.  Егер  ата-аналар  мiнез-құлқын,  тұрмыс  салтын  жəне  бала 
тəрбиесіне  көзқарасын  өзгерткен  болса,  сот  олардың  ата-ана 
құқықтарын қалпына келтiруi мүмкiн.
2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан 
айырылған  ата-ананың  өтініші  бойынша  сот  тəртiбiмен  жүзеге 
асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы iстер 
ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функ-
цияларды  жүзеге  асыратын  органның,  сондай-ақ  прокурордың 
қатысуымен қаралады.  
3.  Егер  ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтiру  баланың 
мүдделерiне қайшы болса, сот баланың пiкiрiн ескере отырып, 
ата-аналардың  ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтiру  туралы 
талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.  
Он  жасқа  толған  балаға  қатысты    ата-ана  құқықтары  оның 
келiсiмiмен ғана қалпына келтiрілуі мүмкiн. 
Егер бала асырап алынса жəне асырап алудың күшi жойылма-
са, ата-ана құқықтарын қалпына келтiруге жол берiлмейдi.  
 
79-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
1. Сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан 
оларды  ата-ана  құқықтарынан  айырмай  алу  жолымен  ата-ана 
құқықтарын шектеу туралы шешiм шығаруы мүмкін.  
Ата-аналары  немесе  олардың  біреуі  ата-ана  құқықтарынан 
айырылған немесе шектелген баланы баланың тұрғылықты жері 
бойынша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функ-
цияларды жүзеге асыратын орган орналастырады.  
2. Егер баланың ата-аналарымен қалуы: 
1) ата-аналарға байланысты емес мəн-жайлар (психикасының 
бұзылуы  немесе  өзге  де  созылмалы  ауруы,  ауыр  мəн-жайларға 
душар болуы) бойынша; 
2) ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл рет-
те  ата-аналарды  ата-ана  құқықтарынан  айыру  үшін  жеткілікті 
негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын 
шектеуге жол беріледі. 
Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық не-
месе қамқоршылық  жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан 
кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру ту-
ралы талап-арыз беруге міндетті.  


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау