188
Аталған мəмiлені жасасуға нотариатта куəландырылған
келiсiмi алынбаған жұбай осы мəмiленiң жасалғандығы тура-
лы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жыл
iшiнде мəмiленi сот тəртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге
құқылы.
35-бап. Ерлі-зайыптылардың əрқайсысының меншігі
1. Ерлi-зайыптылардың əрқайсысының меншiгi:
1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) дейiн ерлi-
зайыптылардың əрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;
2) ерлi-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) кезеңiнде
мұрагерлiк тəртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мəмiлелер бойынша
сыйға алған мүлкi;
3) неке (ерлі-зайыптылық) кезеңінде ерлi-зайыптылардың
ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен
басқа да сəн-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын
заттары (киiм-кешек, аяқкиiм жəне басқалар) болып табылады.
2. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) іс жүзінде тоқтатылуына
байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың
əрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың əрқайсысының меншiгi
деп таниды.
36-бап. Ерлі-зайыптылардың əрқайсысының мүлкін
олардың бірлескен ортақ меншігі деп тану
Егер неке (ерлі-зайыптылық) кезеңінде ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлкi немесе ерлі-зайыптылардың бірінің мүлкi не
олардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын
едəуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, рекон-
струкциялау, қайта жабдықтау жəне басқаларды) анықталса,
ерлi-зайыптылардың əрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен
ортақ меншiгi болып танылады.
37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылар-
дың кез келгенiнiң талап етуі бойынша неке (ерлі-зайыптылық)
кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың
бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкiн бөлу туралы талабын мəлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi
мүмкiн.
189
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша
ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куəландырылуға
тиіс.
3. Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн
бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн
айқындау сот тəртiбiмен жүргiзiледi.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот
кəмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-
зайыптылардың талап етуi бойынша қандай мүлiктің ерлi-зайып-
тылардың əрқайсысына берiлуге тиiс екендiгiн айқындайды.
Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен
асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге
өтемақы берiледі.
4. Тек қана кəмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қана-
ғаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм,
мектеп жəне спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар
кiтапханасы жəне басқалары) бөлуге жатпайды жəне балалары
өзімен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.
Ерлi-зайыптылар өздерiнiң кəмелетке толмаған ортақ
балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен
салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi жəне
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбай-
ды.
5. Ерлi-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) кезеңiнде
ортақ мүлкiн бөлген жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкiнiң бөлiнбеген бөлiгi, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың неке
(ерлі-зайыптылық) кезеңiнде жинаған мүлкi бұдан əрі олардың
бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.
6. Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке
(ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап талап-арыз ескіруінің
үш жылдық мерзiмi қолданылады .
38-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде
үлестерді айқындау
1. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу жəне осы мүлiктегi үлестерiн
айқындау кезiнде ерлi- зайыптылардың əрқайсысының үлесi тең
190
деп танылады.
2. Егер жұбайлардың бiреуi дəлелсiз себептермен табыс тап-
паса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екінші жұбайдың
келісімінсіз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот
кəмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып
жəне (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге
ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлестерiнiң
теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-
зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздерiне
берiлген үлеске пропорционалды түрде бөлiнедi.
§3.
Ерлі-зайыптылардың
міндеттемелер
бойынша
жауапкершілігі
44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу
1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойын-
ша тек сол жұбайының мүлкi ғана өндiрiп алынады. Бұл мүлiк
жеткiлiксiз болған жағдайда кредит берушi өндiрiп алу үшiн ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде борышкер жұбайға
тиесiлi болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөліп беруді талап
етуге құқылы.
2. Егер сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi
бойынша
алынғандардың
бəрi
отбасының
мұқтажына
пайдаланылғанын
анықтаса,
өндiрiп
алу
ерлi-
зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ
ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкi өндіріп алынады. Бұл мүлiк
жеткiлiксiз болған жағдайда ерлi-зайыптылар көрсетілген
мiндеттемелер бойынша өздерiнiң əрқайсысының мүлкiмен
ынтымақты жауапкершілікте болады.
Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi
ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық жолмен алған қаражат
есебiнен сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi анықталса,
тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе оның бiр
бөлiгi өндіріп алынады.
3. Ерлi-зайыптылардың өздерінің кəмелетке толмаған баласы
келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексімен айқындалады. Ерлi-зайыптылардың
Достарыңызбен бөлісу: |