Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет72/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100

224
немесе қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие бола-
ды.  
Егер  қамқорлыққа  алынушылардың  мүдделерiнiң  арасында 
қайшылықтар болмаса, бiрнеше адам үшін  бiр қорғаншы немесе 
қамқоршы тағайындауға жол берiледi. 
3. Əрекетке қабiлеттi жəне ата-ана құқықтарынан айрылмаған, 
бiрақ олардың тəрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың 
кəмелетке  толмаған  балаларына  қорғаншы  немесе  қамқоршы 
тағайындау  кезінде,  қорғаншылар  немесе  қамқоршылар  ата-
аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады. 
Балаға  қорғаншы  немесе  қамқоршы  тағайындау  кезiнде 
қорғаншының  немесе  қамқоршының  адамгершiлiк  жəне  өзге 
де  жеке  қасиеттерi,  оның  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
мiндеттерiн  орындауға  қабiлетi,  қорғаншы  немесе  қамқоршы 
мен  баланың  арасындағы  қатынастар,  қорғаншының  немесе 
қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға көзқарасы, сондай-ақ, 
егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi. 
Егер кəмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы 
болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), 
оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.
4.  Қорғаншылыққа  немесе  қамқоршылыққа  мұқтаж  жəне 
тиiстi  білім  беру,  медициналық  ұйымдардағы,  халықты 
əлеуметтiк  қорғау  ұйымдарындағы  адамдардың  қорғаншылары 
немесе  қамқоршылары  осы  ұйымдардың  əкiмшiлiктері  болып 
табылады.  
Қорғаншының немесе қамқоршының мұндай ұйымға баланы 
уақытша  орналастыруы  қорғаншының  немесе  қамқоршының 
осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.
5.  Қорғаншылар  немесе  қамқоршылар  кез  келген  адамдарға 
қатысты, оның iшiнде сотта өкiлеттiктерін арнайы растамастан, 
өз  қамқорлығына  алынғандардың  құқықтары  мен  мүдделерiн 
қорғайды.
17-тарау. ҚОРҒАНШЫЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ 
ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ЖƏНЕ ҚАМҚОРЛЫҚҚА 
АЛЫНҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
123-бап.  Қорғаншылықтағы  немесе  қамқоршылықтағы 
адамдардың құқықтары
Осы  Кодекстің 60-62 жəне 67-баптарында  көзделген  құқық-


225
тарды қоспағанда, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы 
адамдардың сондай-ақ:
1) өздерінің адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне;
2) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық жаса-
луына;
3)  осы  Кодекстің 125-бабының 4-тармағында  көзделген 
жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға;
4)  өздеріне  тиесілі  алиментке,  жəрдемақыға  жəне  басқа  да 
əлеуметтік төлемдерге;
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдала-
ну құқығын сақтауға;
6)  қорғаншы  немесе  қамқоршы  тарапынан  жасалатын 
қиянаттан  қорғалуға;
7) 
қорғаншының 
немесе 
қамқоршының 
отбасында 
тəрбиеленуге;
8) өздеріне күтіп-бағу, тəрбиелеу, білім алу жəне жан-жақты 
даму үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;
9)  тұрғын  үйі  болмаған  жағдайда  оны  Қазақстан 
Республикасының  тұрғын  үй  заңнамасына  сəйкес  алуға 
құқықтары бар.
124-бап.  Жетім  балалардың,  ата-аналарының    қамқор-
лығынсыз  қалған  жəне  білім  беру,  медициналық  ұйым-
дардағы жəне  басқа да ұйымдардағы балалардың құқықтары
1.  Осы  Кодекстің 60-62 жəне 67-баптарында  көзделген 
құқықтарды  қоспағанда,  жетім  балалардың,  ата-аналарының  
қамқорлығынсыз  қалған  жəне  білім  беру,  медициналық 
ұйымдардағы  жəне  басқа  да  ұйымдардағы  балалардың  сондай-
ақ:
1) күтіп-бағуға, тəрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, 
өздерінің  адамгершілік  қадыр-қасиеттерінің  құрметтелуіне,  өз 
мүдделерінің қамтамасыз етілуіне; 
2)  өздеріне  тиесілі  алиментке,  жəрдемақыға  жəне  басқа  да 
əлеуметтік төлемдерге; 
3)  тұрғын  үйге  меншік  құқығын  немесе  оны  пайдала-
ну  құқығын  сақтауға,  ал  тұрғын  үйі  болмаған  жағдайда,  оны 
Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй  заңнамасына  сəйкес 
алуға; 
4)  жергілікті  атқарушы  органдар  жүзеге  асыратын  жұмысқа 
орналасуда жəрдем көрсетілуіне  құқықтары бар. 


226
2. Осы ұйымдар түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншылық 
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органдарға жүктеледі.
125-бап.  Қорғаншылардың  немесе  қамқоршылардың  өз 
міндеттерін атқаруы
1.  Қорғаншылар  заң  жүзiнде  қамқорлыққа  алынушылардың 
өкiлдерi  болып  табылады  жəне  олардың  атынан  жəне  олардың 
мүддесінде барлық қажеттi мəмiлелердi жасайды.
2. Қамқоршылар өздерiнiң қамқоршылығындағы адамдардың 
өз  бетiнше  жасауға  құқығы  жоқ  мəмiлелердi  жасауға  келiсiм 
бередi, қамқорлыққа алынушыларға өз құқықтарын жүзеге асы-
руына жəне мiндеттерiн атқаруына жəрдем көрсетедi, сондай-ақ 
оларды үшiншi  тұлғалардың тарапынан жасалатын қиянаттардан 
қорғайды. 
Қорғаншы  немесе  қамқоршы  қамқорлыққа  алынушыларды 
өз  есебiнен  күтіп-бағуға  мiндеттi  емес.  Қамқорлыққа  алыну-
шыны күтіп-бағу қамқорлыққа алынушының алатын жалақысы, 
алиментi жəне басқа да əлеуметтiк төлемдерi есебiнен, сондай-ақ 
оған тиесiлi мүлiктің есебiнен жүзеге асырылады. 
Қамқорлыққа  алынушыны  күтіп-бағуға  жеткiлiктi  қаражат 
болмаған  кезде,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органдар  оны  күтіп-бағуға 
жəрдемақы тағайындайды.
Қорғаншыларға  немесе  қамқоршыларға  жетім  баланы,  ата-
аналарының    қамқорлығынсыз  қалған  баланы  күтіп-бағуға 
жəрдемақы тағайындау тəртібін жəне төлеу мөлшерін Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Қорғаншылар немесе қамқоршылар өздерiнiң қамқорлығы-
на  алынғандарды  күтіп-бағу,  олардың  күтімі  мен  емделуiн 
қамтамасыз  ету,  олардың  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғау 
жөнінде  қамқорлық  жасауға  мiндеттi.  Көрсетілген  мiндеттер 
сот  əрекет  қабiлетi  шектеулі  деп  таныған  кəмелетке  толған 
адамдардың  жəне  əрекетке  толық  қабілетті  деп  жарияланған 
кəмелетке толмағандардың  қамқоршыларына жүктелмейдi.
4.  Егер  адам  əрекетке  қабілетсіз  немесе  əрекет  қабілеті 
шектеулі  деп  танылған  негіздер  жойылса,  қорғаншы  немесе 
қамқоршы қамқорлыққа алынушыны əрекетке қабілетті деп тану 
туралы сотқа өтініш беруге міндетті.


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау