152
2. Жетiм баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне
тəрбиелеу, емдеу жəне басқа да мекемелердегi баланың тұрғын
үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану
құқығын сақтайды, ал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан
Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сəйкес тұрғын
үй-жай алуға құқығы бар. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз. (9-10-
тараулар).
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның
iшiнде жетiм балаларды оларға басқа үй-жай берiлмейiнше олар
тұрып жатқан тұрғын үйден шығаруға болмайды.
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
1. Əрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар жəне Қазақстан
Республикасының бiлiм туралы заңдарына сəйкес оған тегiн орта
бiлiм, бастапқы кəсiби бiлiм жəне конкурстық негiзде тегiн орта
кəсiби жəне жоғары кəсiби бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе бастапқы кəсiби бiлiм алғанға
дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару,
шығарудың жалпы тəртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы жəне
қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi
мүмкiн.
3. Арнаулы педагогикалық тəрбиенi қажет ететiн кемтар
балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар
деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша
қаражат бередi.
4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде əлеуметтiк
қорғауды қажет ететiндерiнiң күтiп-бағу шығынын толық не-
месе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде əлеуметтiк
көмектiң мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының
Yкiметi белгiлейдi. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз).
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
1. Əрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет жəне кəсiп
түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен
оқудан бос кезiнде денсаулығына жəне өсiп-жетiлуiне оңтайлы,
баланың дене бiтiмiне, имандылығына жəне психикалық жай-
күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға,
сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты
153
еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару ор-
гандары қамтамасыз етедi.
3. Он сегiз жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жаса-
су жəне оны бұзу тəртiбi жəне еңбек қатынастарының басқа да
ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын-
да белгiленедi.
4. Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды жəне (немесе) еңбек
жағдайы қауiптi жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым
салынады.
Жұмыс iстеу оқу процесiн бұзбауға тиiс.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республика-
сының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар əрбiр балаға
тағайындалады. Мемлекеттiк көмектiң мөлшерi жəне оны
көрсетудiң шарты мен тəртiбi Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгiленедi.
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның
iшiнде жетiм балалар Қазақстан Республикасының заңдарына
сəйкес толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады.
3. Мемлекеттiк органдар ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған əрбiр балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық ныса-
нына қарамастан, бiрдей материалдық жəне өзге де жағдайлар-
ды қамтамасыз етедi.
18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стандарттар-
ды белгiлеу
1. Балалардың мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат
мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стандарттар негiзiнде жүзеге
асырылады.
2. Мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стандарттар əлеуметтiк
қызмет көрсетулер бойынша белгiленген ең төменгi көлемде мы-
наларды:
1) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сəйкес кепiлдiк
берiлген, жалпыға бiрдей қолжетiмдi тегiн жалпы орта жəне
бастапқы кəсiптiк бiлiм мен конкурстық негiзде тегiн орта жəне
жоғары кəсiптiк бiлiм берудi;
154
2) балаларға тегiн медициналық қызмет көрсетудi, олар-
ды тамақтандырудың ең төменгi нормаларына сəйкес
тамақтандыруды қамтамасыз етудi;
3) он бес жасқа толған балалардың кəсiби бағдарлау, қызмет
саласын таңдау, жұмысқа орналасу, еңбегiнiң қорғалу, еңбегiне
ақы төлену құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тəртiппен кепiлдi қамтамасыз етудi;
4) балаларға əлеуметтiк қызмет көрсету, оларды əлеуметтiк
қорғау, соның iшiнде туылуы мен тəрбиеленуiне байланысты,
балалары бар азаматтарға мемлекеттiк жəрдемақы төлеу жолы-
мен кепiлдi материалдық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ
өмiрлiк қиын ахуалға тап болған балаларды əлеуметтiк бейiмдеу
жəне əлеуметтiк оңалту жөнiндегi шараларды;
5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сəйкес
тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етудi;
6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын
ұйымдастыруды,
соның
iшiнде
төтенше
жағдайларда,
сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз жəне Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен сондай
деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды
ұйымдастыруды;
7) бiлiктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды.
3. Мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стандарттар олардың
өмiр сүру жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерi-
ле отырып айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарына
сəйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың органдары қосымша
əлеуметтiк стандарттар белгiлей алады.
4. Тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тəрбие
ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, əлеуметтiк қызмет көрсету
ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы
балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң
мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стандарттарға сəйкестiгiн
мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар.
19-бап. Баланың дем алуға жəне бос уақытын пайдалануға
құқығы
1. Əрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына жəне қажеттерiне
қарай демалуға жəне бос уақытын пайдалануға құқылы.
2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң
Достарыңызбен бөлісу: |