Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет50/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100

158
4. 
Ата-анасының 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балалар 
тəрбиеленетiн, емделетiн жəне сол сияқты өзге де мекемелердiң 
аталған мекемелердегi балаларға қатысты педагогикаға жат не-
месе  азғындық  əрекеттер  жасаған  қызметкерлерi  Қазақстан 
Республикасының заң актiлерiне сəйкес жауаптылықта болады. 
(РҚАО-ның  ескертуi:  қараңыз.  (131, 132, 137-баптар);  (111-
бап). 
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
тəрбиелейтiн, емдейтiн жəне соған ұқсас басқа да мекемелердегi 
баланың  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғауды,  оның  жұмысқа 
орналасуына  жəрдемдесудi  жергiлiктi  атқарушы  органдар 
жүзеге  асырады.  Ата-анасынан  кəмелеттiк  жасқа  толғанға 
дейiн  айрылған  жетiм  балаларға  Қазақстан  Республикасының 
тұрғын  үй  заңдарына  сəйкес  пайдалануға  мемлекеттiк  тұрғын 
үй  қорынан  тұрғын  үй  берiледi. (РҚАО-ның  ескертуi:  қараңыз. 
(9-10-тараулар). 
30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функция-
ны жүзеге асыратын ұйымдар
1. Балалар үйлерiне туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм 
балалар  жəне  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 
қабылданады.  Балаларды  Балалар  үйiнде  уақытша  күтiп-бағу 
үшiн арнаулы бөлiмше ашылады. 
Мамандандырылған  Балалар  үйлерiне  туғаннан  бастап  төрт 
жасқа  дейiнгi,  психикасының  жəне  дене  бiтiмiнiң  дамуында 
кемiстiгi бар балалар қабылданады. 
Арнаулы  бiлiм  беру  ұйымдарына  он  бiр  жастан  бастап  он 
сегiз жасқа дейiнгi, мiнез-құлқы ауытқымалы балалар орналас-
тырылады. 
Интернаттық  ұйымдарға  үш  жастан  бастап  он  сегiз  жасқа 
дейiнгi  жетiм  балалар  жəне  ата-анасының  қамқорлығынсыз 
қалған балалар қабылданады. 
Жалпы  үлгiдегi  жалпы  бiлiм  беретiн  мектеп-интернатқа 
жетiм  балалар,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар, 
сондай-ақ күн көрiсi төмен жəне көп балалы отбасылардың алты 
жастан  бастап  он  сегiз  жасқа  дейiнгi,  осы  үлгiдегi  ұйымдарда 
күтiп-бағылуға  қайшы  келетiн  медициналық  көрсеткiштерi 
жоқ  балалар  қабылданады.  Интернаттық  ұйымдар  кəмелетке 


159
толмағандарға тұратын орын бере отырып, тəрбиелеуге, бiлiм бе-
руге жəне күтiп-бағуға мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз етедi. 
Ақыл-есi кем балаларға арналған интернат-үйлерге төрт жас-
тан  бастап  он  сегiз  жасқа  дейiнгi,  күтiп-бағуды,  медициналық, 
тұрмыстық  қызмет  көрсетудi  жəне  əлеуметтiк-еңбекке 
бейiмделудi қажет ететiн балалар қабылданады.
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына он сегiз жасқа дейiнгi 
жетiм балалар жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала-
лар қабылданады. Балаларды отбасы үлгiсiндегi балалар ауылда-
рына қабылдаудың жəне оларды күтiп-бағу жағдайының тəртiбi 
отбасы  үлгiсiндегi  балалар  ауылы  жəне  Жасөспiрiмдер  үйлерi 
туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Балалар ауылы (балалар үйi) əкiмшiлiгiнiң шешiмi негiзiнде 
балалар үйлерi мен балалар ауылының жиырма үш жасқа дейiнгi 
түлектерi,  он  алты  жастан  бастап  балалар  ауылы  мен  балалар 
үйлерiнен көшiрiлген тəрбиеленушiлер Жасөспiрiмдер үйлерiнде 
əлеуметтiк бейiмделуден өтуi мүмкiн. 
Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу жəне 
оңалту орталықтарына қадағалаусыз жəне қараусыз қалған үш жа-
стан бастап он сегiз жасқа дейiнгi балалар олардың ата-аналарын 
немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшiн қабылданады. 
2.  Баланың  құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  функцияларды 
жүзеге  асыратын  ұйымдарға  балаларды  қабылдау  жəне  олар-
ды  күтiп-бағу  талаптары,  осы  Заңмен  белгiленбеген  бөлiгiнде, 
Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  уəкiлеттiк  берген  орган 
бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады. 
6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары
1. Мүгедек баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал 
ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды 
өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар. 
2.  Мүгедек  бала  өзiнiң  дене  бiтiмiне,  ақыл-ес  қабiлетiне 
жəне тiлегiне сай бiлiм алуға, қызмет түрi мен кəсiптi таңдауға, 
шығармашылық жəне қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы. 
3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар 
балаларды  қоса  алғанда,  мүгедек  балалар  мамандандырылған 
балалар  ұйымдарында  медициналық-əлеуметтiк  көмек  алуға 


160
құқылы. 
32-бап.  Мүгедек  баланы  жұмыспен  қамту  саласындағы 
мемлекеттiк кепiлдiктер
1. Мемлекеттiк органдар жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару ор-
гандары  мүгедек  баланың  денсаулық  жағдайын,  қажеттерi  мен 
мүмкiндiктерiн  ескере  отырып,  оны  оқыту,  кəсiптiк  даярлау, 
лайықты  жұмыс  тауып  беру  жəне  жұмысқа  орналастыру  үшiн 
қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi. 
2.  Мүгедек  балалардың  жұмысқа  орналасуын  қамтамасыз 
ету,  оларды  кəсiби  даярлау  мен  қайта  даярлауды  ұйымдастыру 
жөнiндегi қызметтi жеке жүзеге асыратын жəне заңды тұлғалар 
үшiн  Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiмен  жеңiлдiктер 
белгiленуi мүмкiн. 
33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек
1.  Мемлекет  мүгедек  балаларды  қолдауға  бағытталған 
медициналық,  құқықтық,  əлеуметтiк-экономикалық  шаралар 
кешенiн жүзеге асырады. 
2.  Мүгедек  балаларға  көрсетiлетiн  мемлекеттiк  көмек 
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi (РҚАО-
ның ескертуi: қараңыз). 
3. Мүгедек балаларды тəрбиелеушi жəне оларды күтiп-бағуды 
жүзеге асырушы ата-аналардың жəне басқа да заңды өкiлдердiң 
мемлекеттiк көмек алуға құқығы бар. 
7-тарау. БАЛА ЖƏНЕ ҚОҒАМ
34-бап. Ұлттық жəне əлемдiк мəдениетке баулу
1.  Мемлекет  балалардың  Қазақстан  халқының  тарихымен, 
дəстүрлерiмен,  рухани  қазыналарымен  жəне  əлемдiк  мəдениет 
жетiстiктерiмен танысуына мүмкiндiк жасайды. 
2.  Мемлекет  балалардың  шығармашылық  жəне  ғылыми 
қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино жəне бейнефильм-
дер,  теледидар  жəне  радио  хабарларын  шығаруды,  балаларға 
арналған  газеттер,  журналдар,  кiтаптар  басып  шығаруды 
көтермелейдi, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
белгiленген тəртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi. 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау