139
денсаулығы үшін қам жеуге, рухани жəне тəн саулығын өздігінен
жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
15-1. Білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген
киім үлгісін сақтауға міндетті.
16. Білім алушылар мен тəрбиеленушілер педагог қызметкер-
дің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу
орнының дəстүрлерін құрметтеуге міндетті.
17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында
белгiленген квота шегiнде педагогтік, медициналық жəне
ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл
(село) жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу ор-
нын бітіргенннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру
ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветерина-
рия саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган-
дар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік
ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге
мiндеттi.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік жəне
медициналық мамандықтар бойынша білім алушы азаматтар
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен
мемлекеттік білім беру ұйымдарында жəне мемлекеттік медици-
на ұйымдарында жұмысты өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия док-
торлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға
түскен азаматтар оқуын бітіргенннен кейін жоғары оқу орын-
дарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты
өтеуге міндетті.
Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі
өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда
бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті жəне
олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру
саласындағы уəкілетті орган сенім білдірген агентке жүктеледі.
17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына жəне мемлекеттік
медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына
мыналар ие:
1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде немесе
оған жақын орналасқан елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін
немесе қызметін өткеретін адамдар;
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де І жəне ІІ топтағы
140
мүгедектер болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды
ұсынған елді мекенде қорғаншылар жəне қамқоршылар тұрақты
тұрғындар болып табылатын адамдар.
17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу
жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу
жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас
мамандарға:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін
өткеретін елді мекенде не жақын орналасқан елді мекенде бос
орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
2) І жəне ІІ топтағы мүгедектерге;
3) одан əрі оқу үшін магистратураға, резидентураға,
докторантураға түскен адамдарға;
4) жүкті əйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар,
сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тəрбиелеп
жатқан адамдарға беріледі.
17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан
шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген
жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланыс-
ты;
2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас
маманның) қайтыс болуына байланысты;
3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І жəне ІІ топтағы мүгедектік
белгіленген жағдайда;
4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда
жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты
басталады.
17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу
жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына
байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды
өтеуге міндетті.
18. Білім алушылардың, тəрбиеленушілердің міндеттерін
бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тəртібінің
ережелерімен жəне жарғысымен көзделген тəртіптік ықпал ету
шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта
көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
141
49-бап. Ата-аналардың жəне өзге де заңды өкілдердің
құқықтары мен міндеттері
1. Кəмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де
заңды өкілдерінің:
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін еске-
ре отырып білім беру ұйымын таңдауға;
2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын
басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-
құлқына жəне оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
4) өз балаларын оқыту мен тəрбиелеу проблемалары жөнінде
психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациялық
көмек алуға;
5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер
алуына құқығы бар.
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты жəне қауіпсіз
жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды,
имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) балаларды одан əрі жалпы білім беретін мектепке беруді
айқындай отырып, мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған
қағидаларды орындауға;
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз
етуге міндетті.
50-бап. Педагог қызметкердің мəртебесі
1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру
бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алу-
шылар мен тəрбиеленушілерді оқытуға жəне тəрбиелеуге бай-
ланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог
қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері
азаматтық қызметшілер болып табылады.
2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше
мəртебесін таниды жəне кəсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін
жағдайлар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |