№37 орта мектеп. Қызылорда облысы
Табысты оқыту – білім кепілі
Әрбір бала мектепке мағлұмат алсам, білсем, үйренсем деп келетіні анық. Сол оқушыға жан-жақты
білім, тәрбие беру әрбір ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өз бетімен білім алатын, жан-
жақты ізденуге талпынатын , болашақтағы өмір жолын өзі таңдай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаздың
қолында. Ал қазіргі қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап
етіп отыр. Қазіргі жаңа білім беру жағдайында оқыту үрдісіне қойылатын талаптар да, одан
алынатын нәтижелер де өзгерістерге бағытталған.
Алдымызда отырған әр оқушы – жеке тұлға. Сол оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін
айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді.
Мұғалімнің сыныптағы негізгі жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оң нәтижеге жетуге ықпал
етуі. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-
дағдылары мен амал-қөзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана
жүзеге асады. Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін
дамытуға назар аударуы тиіс.
Табысты оқу үшін ептілікті жетілдіру маңызды. Оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге
мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер де өзгеріп тұруы тиіс. Осыған
дейінгі дәстүрлі сабақ барысында сыныптағы қарым-қатынасты мұғалім – ұйымдастырушы,
оқытуды басқарушы, оқу материалын ұсынушы болды. Сындарлы оқытудың нәтижесінде оқытуды
оқушы мен мұғалім бірігіп ұйымдастырады, оқушы белсенді серіктес болып табылады, оқушылар
бірлескен жұмысты ұйымдастыруы, оқушы оқыту үдерісін өздері басқару, оқыту зерттеу мен жаңаны
ашуға негізделіп, оқушының оқуға белсенділігін жоғарлатады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді
қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу
материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалім оқушының нені білетінін және нені жасай алатынын,
сондай-ақ олардың қызығушылықтарын білуі қажет . Сөзімді түйіндесем, білім мен түсінік оқушы
бойында қалыптасады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған, психологиялық-педагогикалық диагностиканы
қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім ғана осы мақсатқа жете алады.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қалхоразова Маржан Қайқыбекқызы
Қызылорда облысы Сырдария ауданы
№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Мұғалімнің аты-
жөні:
Қалхоразова Маржан Қайқыбекқызы
Пәні :
Қазақ тілі
Сыныбы :
6
Күні :
19.02.2014.
Сабақ №
63
Сабақ тақырыбы:
Етістіктен өткенді қайталау
Жалпы мақсат:
Етістік,оның тұлғасы, құрамы, мағынасына байланысты түрлері мен басқа
да ерекше түрлері, олардың жасалуы жайлы өтілгендерді қайталап, бекіту.
Сілтеме:
25. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
26. Пәнді оқыту әдістемесі
27. Интернет желілері
Оқушылар үшін оқу
нәтижелері:
Етістік түрлері мен жасалу жолдарын біледі; оны сөйлем ішінде қолдана
алады.
Негізгі идеялар:
Оқушылардың етістік бойынша өтілген материалдарды қалай
игергендерін байқау; оны сөйлем мен мәтін ішінде дұрыс қолдана білуге
дағдыландыру
Сабақта
қолданылатын
материалдар:
21. Постер, стикер, маркер,слайд, сурет
22. Интернет, оқулық
І. Оқушыларға
психологиялық ахуал
туғызу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Амандасудың түрлері
(2 минут)
Оқушыларды шеңбер бойынша
тұрғызамын. Амандасу түрлерін
жасатамын:
Қазақтар-қол алысады
Италияда –құшақтасады
Бразилияда-бір-бірінің иығын
қағады
Зимбабада-арқасымен
Македонияда-шынтақпен
Никарагуада –иықпен
Австралияда-
шапалақ,секіру,бөксемен.
Жұппен бірге орындау
Топқа бөлу
(2 минут)
Етістік түрлері бойынша топтарға
бөлемін:
1."Етістік" тобы: етістік түрлері,
негізгі және туынды, дара және
күрделі, болымды және болымсыз,
салт және сабақты;
2."Етіс" тобы: өздік, өзгелік,
ырықсыз, ортақ;
3. "Есімше" тобы: –ған,-ген,-қан,-
кен; -р,-ар,-ер,-с; -атын,-етін,-йтын,-
йтін; -мақ,-мек,-пақ,-пек;
4 ."Көсемше" тобы: .-а,-е,-й; -п,-ып,-
іп; -ғалы,-гелі,-қалы,-келі, көсемше;
5. "Тұйық етістік" тобы: ба-ру,ке-
лу; жи-нау,сөй-леу; та(п)бу,та(қ)ғу,
тө(к)гу;
жуу,буу,жию,жою;оқ(ы)у,ер(і)у;
Өздерінің алған стикерлері
бойынша топтарға бөлінед
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау (3 мин)
Диалогқа түсіру(сұрақ-жауап):
-Біз қазақ тілінің қай саласын өтіп
жатырмыз?
-Сөз таптары нешеге бөлінеді?
-Етістік қандай сөз табы?
Берілген сұрақтарға топ болып
жауап беру
ІІІ. Жаңа тақырып
1-тапсырма.
(15 минут)
Әр топқа өздерінің тобына берілген
атау бойынша етістіктің түрлерін
талдап,түсіндіру, постерге салып
қорғады тапсырамын.
1.Сыни тұрғыдан ойланады,
сұрақтар бойынша жауап
іздестіреді.
2. Постерге салу
3. «Кім жылдам»
4.Тақырыпты қорғау.
5. Критерий бойынша
топтардың бірін-бірі бағалауы
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Достарыңызбен бөлісу: |