1-тапсырма. Суреттерге қарап, қиял-ғажайып әңгіме, аңыз құрап айт.
Мәтінмен жұмыс кезеңі
2-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің астын сызып оқы. Сөздердің мағынасын
сөздіктен қарап көр.
1-аңыз.
Темірқазыққа Құдай өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос
жарық жұлдыз – Құдайдың ақбоз тұлпарлары – Ақбозат пен Көкбозат арқанмен
Темірқазыққа арқандаулы. Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар
қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен
байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады.
2-аңыз.
Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай
есімді аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш
арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкір тастың
біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып,
жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған
мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн
мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты.
3-аңыз.
Ай мен күн. Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы
болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі
үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған
Айсұлуға тиісіп: - Сенен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің,
мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза
қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап
алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан
бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты
ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен
Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
4-аңыз.
Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт киелі
арқарды атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат томағасы сыпырылған
Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп,
құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді. Жігіт тасқа соғылмай,
қатты құламай аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып
алғанша қоян, құс әкеліп тастап тұрады. Кейіннен ол Бүркіт әлдекімдердің оғына
ұшырайды. Жігіт қатты қайғырады, жоқ Бүркітін көктен іздейді. Дәл соған ұқсаған
шоқжұлдызға Бүркіт атын береді.
О