Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі


-бап. Келіссӛздер жҥргізудің, келісімдерді әзірлеу



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет39/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51

      
272-бап. Келіссӛздер жҥргізудің, келісімдерді әзірлеу
 
                
мен жасасудың тәртібі
 
      1. Екінші тараптан келіссӛздердің басталуы туралы жазбаша ұсыныстар 
алған тараптар күнтізбелік он күн ішінде оларды қарауға және келіссӛздерге 
кірісуге міндетті. 
      Тараптар арасында салалық келісімнің жекелеген ережелері бойынша 
келіспеушіліктер болғанда, келіссӛздер басталған күннен бастап үш ай ішінде 
тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген 
шарттарда салалық келісімге қол қоюға тиіс. 
      2. Келіссӛздер жүргізу тәртібін, келісімдерді әзірлеу мен жасасу 
мерзімдерін, сондай-ақ оларға ӛзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларға 
қосылуды комиссиялар бекітеді. 
      3. Келісімдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келісімдерде 
белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Келісімдердің барлық қосымшалары 
олардың ажырамас бӛлігі болып табылады және солармен бірдей заң күшіне ие 
болады. 
      4. Келісімнің қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша не жаңа 
келісім қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ үш жылдан аспауға тиіс. 
      5. Қызметкерлерге бір мезгілде бірнеше келісімдердің күші қолданылған 
жағдайларда, келісімдердің қызметкерлер үшін неғұрлым қолайлы шарттары 
қолданылады. 
      6. Бас, салалық, ӛңірлік келісімдерді әлеуметтік әріптестік 
тараптарының ӛкілдері қол қойып бекітеді. 
      7. Тараптар қол қойған салалық, ӛңірлік келісімдер қосымшаларымен қоса 
он күн мерзімде хабарламалық тіркеу үшін жіберіледі. 
      
273-бап. Республикалық, салалық, ӛңірлік комиссиялардың
 
                
шешімдер қабылдау тәртібі
 
      1. Комиссиялардың шешімдері келіссӛздерде барлық тараптардың келісіміне 
қол жеткізу негізінде ғана қабылданады және тиісті келісімдермен ресімделеді. 
      2. Келісім барысында, егер тараптар келісімге келе алмаса, 
келіспеушіліктерді жою жӛніндегі және келіссӛздерді қайта жалғастыру 
мерзімдері туралы тараптардың түпкілікті тұжырымдалған ұсыныстары енгізілетін 
хаттама жасалады. 
      3. Шешімдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастыру тәртібін комиссиялар 
әзірлеп, бекітеді. 
      
274-бап. Комиссиялардың ҥйлестірушілері
 
      Республикалық, салалық және ӛңірлік комиссиялардың үйлестірушілері 
тараптардың бірлескен шешімімен тағайындалады. Комиссияның үйлестірушісі: 
      1) тараптардың қызметіне араласпайды; 
      2) комиссия жұмысына қатысу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер 
бірлестіктерінің ӛкілдерін, атқарушы билік органдарының комиссия мүшелері 
болып табылмайтын ӛкілдерін, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, басқа да 
ұйымдардың ӛкілдерін шақырады; 
      3) комиссияның және жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың 
жүргізілуін, шешімдердің жобаларын дайындауды және олардың орындалуын 
бақылауды қамтамасыз етеді. 
      
275-бап. Келісімдердің тараптары, тҥрлері
 
      1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс 
берушілердің республикалық бірлестіктері мен қызметкерлердің республикалық 
бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады. 
      2. Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен 
қызметкерлердің ӛкілетті ӛкілдері арасында салалық келісімдер жасалады. 
      3. Ӛңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілер 
мен қызметкерлердің ӛкілетті ӛкілдері арасында ӛңірлік (облыстық, қалалық, 
аудандық) келісімдер жасалады. 


      
276-бап. Келісімдердің мазмҧны
 
      1. Келісімдер: 
      1) қолданылу мерзімі туралы; 
      2) орындалуын бақылау тәртібі туралы; 
      3) келісімге ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы; 
      4) тараптардың ӛздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамаған 
жағдайдағы жауаптылығы туралы ережелерді қамтуға тиіс. 
      2. Бас келісімнің мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтік 
әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған Бас келісімнің 
жобаларын негізге ала отырып айқындайды. 
      3. Салалық және ӛңірлік келісімдердің мазмұнын салалық және ӛңірлік 
комиссиялар әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі 
ұсынған келісімдер жобаларының негізінде айқындайды. 
      4. Келісімдерде: 
      1) еңбекке ақы тӛлеу, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау, еңбек режимі 
және тынығу режимі туралы ережелер кӛзделуі мүмкін. 
      Салалар бойынша тарифтік ставканың (айлықақының) ең тӛменгі мӛлшерінің 
кӛлемі салалық келісімдерде айқындалады; 
      2) бағалар мен инфляцияның, ең тӛменгі күнкӛріс деңгейі және келісімде 
айқындалған кӛрсеткіштердің орындалуы негізге алына отырып, еңбекке ақыны 
реттеу тетігі туралы; 
      3) ӛтемақы тӛлемдері туралы; 
      4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кәсіптік даярлауға және қайта 
даярлауға жәрдемдесу туралы; 
      5) жұмысқа және тынығуға қолайлы жағдайлар жасау және тиісті қоршаған 
ортаны қамтамасыз ету жолымен ӛндірісте қызметкерлердің денсаулығын сақтауды 
ұйымдастыру туралы; 
      6) салауатты ӛмір салтын насихаттау жӛніндегі шаралар туралы; 
      7) қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау 
жӛніндегі арнайы іс-шаралар туралы; 
      8) ӛндірістің уақытша тоқтатылуы жағдайында қызметкерлерді қорғау 
шаралары туралы; 
      9) жанжалдар мен ереуілдерді болдырмау, еңбек тәртібін нығайту 
туралы; 
      10) қызметкерлер ӛкілдерінің қызметін жүзеге асыру үшін талаптар 
туралы; 
      11) заңнамаға қайшы келмейтін әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша басқа 
да ережелер; 
      12) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер 
кӛзделуі мүмкін. 
      5. Салалық келісімдерде: 
      1) еңбекке ақы тӛлеу, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, еңбек және 
тынығу режимі туралы; 
      2) ӛтемақы тӛлемдері туралы; 
      3) қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жӛніндегі арнайы іс-шаралар туралы; 
      4) инфляция, ең тӛменгі күнкӛріс деңгейі негізге алынып, еңбекке ақы 
тӛлеуді реттеу және келісімде айқындалған кӛрсеткіштерді орындау тетіктері 
туралы; 
      5) кӛтеріңкі салалық коэффициенттерді белгілеу туралы ережелер 
кӛзделуге тиіс. 
      6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда 
қызметкердің жағдайын нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп 
танылады. 
      
Ескерту. Осы Кодекстің 276-бабы 5-тармағы 5) тармақшасы 2008 жылғы 1 
қаңтардан бастап 
қолданысқа
 енгізіледі.
 
      
277-бап. Келісімдерді тіркеу
 
      1. Облыстық деңгейде жасалған салалық және ӛңірлік келісімдерді 
тіркеуді еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
      2. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және ӛңірлік 
келісімдерді тіркеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау