Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет47/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51

болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс. 
      4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары 
жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер тӛндіретін немесе құлайтын 
заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар мүмкіндігінше бұл 
аймақтарға бӛгде адамдардың кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға 
тиіс. Жаяу жүргіншілер мен 
технологиялық кӛлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-
тұруға тиіс. 
      5. Қауіпті ӛндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде 
биіктікте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі 
су айдындарында жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары 
болуға тиіс. 
      6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және 
жасанды жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік 
талаптарына сай болуға тиіс. 
      7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа 
да факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз 
еткеннен кейін жіберіледі. 
 
37-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ
 
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ӚЗГЕ ДЕ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫН
 
ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МЕН ЕСЕПКЕ АЛУ
 
      
322-бап. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және
 
                
ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу
 
      1. Қызметкерлердің, сондай-ақ: 
      1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан ӛтіп жүрген адамдардың; 
      2) әскери қызмет ӛткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға 
тартылған әскери қызметшілердің; 
      3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың; 
      4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бӛлімдері, әскерилендірілген 
күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою 
жӛніндегі, адам ӛмірін және мүлікті құтқару жӛніндегі ерікті командалар 
мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не 
ӛліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес 
тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады. 
      2. Ӛндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек 
міндеттерін атқарумен байланысты келтірілген ӛзге де зақымданулар не жұмыс 
берушінің мүддесі үшін ӛз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не 
ӛлімге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар: 
      1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, 
ӛндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау 
және ретке келтіру кезінде; 
      2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс 
берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе 
ӛзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда; 
      3) қауіпті және (немесе) зиянды ӛндірістік факторлар әсерінің 
нәтижесінде; 
      4) жұмысы қызмет кӛрсету объектілері арасында жүрумен байланысты 
қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына 
бара жатқан жолда; 
      5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің 
кӛлігінде; 
      6) жеке кӛлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің 
жазбаша келісімі болғанда ӛзінің жеке кӛлігінде; 
      7) жұмыс берушінің ӛкімі бойынша ӛз ұйымының немесе басқа ұйымның 
аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс 
берушінің мүддесі үшін ӛз бастамасы бойынша ӛзге де іс-әрекеттер жасау 
кезінде болса, ӛндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және 
есепке алынады. 


      3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың: 
      1) зардап шеккен адамның ӛз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе ӛзге де 
іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің 
мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде 
ауысымаралық демалыс және түскі ас үзілісі кезеңінде, сондай-ақ алкогольдік 
мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйінде 
орындаған кезде; 
      2) ӛз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе 
зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде; 
      3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, 
қауіпті және (немесе) зиянды ӛндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес 
кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар ӛндірістік жарақаттар 
және қызметкерлер денсаулығының ӛндірістегі ӛзге де зақымданулары ретінде 
ресімделмейді. 
      4. Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс 
берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. 
Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің 
ӛндірісте жарақат алуына немесе ӛзге де зақымдануына байланысты бастапқы 
ӛтініш жасауының әрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні және мемлекеттік еңбек 
инспекциясының аумақтық 
бӛлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы 
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік 
органды хабардар етуге тиіс. 
      5. Ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға
ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады. 
      
Ескерту. 322-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
2007.07.27. 
N 320
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз) Заңымен.
 
      
323-бап. Жҧмыс берушінің ӛндірістегі жазатайым оқиға
 
                
кезіндегі міндеттері
 
      1. Жұмыс беруші: 
      1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық кӛмек кӛрсетуді және қажет 
болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға; 
      2) авариялық жағдайдың ӛршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына 
себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жӛніндегі 
шұғыл шараларды қабылдауға; 
      3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, 
еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың ӛмірі мен 
денсаулығына қатер тӛндірмесе, ал ӛндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу 
аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ 
жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге; 
      4) ӛндірістегі жазатайым оқиға жӛнінде зардап шеккен адамның жақын 
туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, ӛзге де нормативтік 
құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама 
жіберуге; 
      5) ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы 
тарауға сәйкес қамтамасыз етуге; 
      6) арнайы тергеп-тексеру жӛніндегі комиссия мүшелерін ӛндірістегі 
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге; 
      7) ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, 
есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті. 
      2. Жұмыс беруші ӛндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жӛніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша: 
      1) еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек 
испекциясының аумақтық бӛлімшелеріне; 
      2) қауіпті ӛнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде 
тӛтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жӛніндегі жергілікті 
органдарға; 
      3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жӛнінде халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік органға; 
      4) қызметкерлер ӛкілдеріне; 
      5) қызметкердің ӛмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау