Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі


-бап. Мҥгедек қызметкерлердің жҧмыс уақытының



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет34/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51

      
224-бап. Мҥгедек қызметкерлердің жҧмыс уақытының
 
                
қысқартылған ҧзақтығы
 
      1. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 
сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді. 
      2. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлердің күнделікті 
жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс. 
      
225-бап. Мҥгедек қызметкерлерге жҧмыс уақытының жиынтық
 
                
есебін қолдануды шектеу
 
      1. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының 
жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді. 
      2. Егер үшінші топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналық 
кӛрсетулер бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін 
режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді. 
      
226-бап. Мҥгедек қызметкерлердің тҥнгі уақыттағы
 
                
жҧмысын, ҥстеме жҧмысын, демалыс және мереке
 
                
кҥндердегі жҧмысын, оларды іссапарға жіберуді
 
                
шектеу
 
      Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақытта, демалыс және 
мереке күндеріндегі жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін 
мұндай жұмыстарға медициналық кӛрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса, 
олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. 
      
227-бап. Мҥгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек
 
                
демалысын беру
 
      Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе 
отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес беріледі. 
      
228-бап. Мҥгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы
 
                
қосымша демалыс беру
 
      Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен 
бір мезгілде не мүгедек қызметкердің қалауы бойынша жұмыс жылының басқа 
уақытында беріледі. 
 
25-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ
 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
229-бап. Азаматтық қызметке кіру
 
      1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша 
жүзеге асырылады. 
      2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын 
ұйымдастырып, ӛткізеді. 
      3. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына 
орналасуға арналған конкурсты ӛткізу тәртібін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі айқындайды. 
      4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің 
актісін шығару жолымен жүзеге асырылады. 
      
230-бап. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі
 
      Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі айқындайды. 


      
231-бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер
 
      Азаматтық қызметші: 
      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету 
құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес 
мақсатта пайдалануға; 
      2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық 
міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға; 
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта 
пайдалануға; 
      4) азаматтық қызметті ӛткеру кезеңінде белгілі болған мемлекеттік 
құпияны, қызметтік және заңмен қорғалатын ӛзге де құпияны құрайтын 
мәліметтерді жария етуге құқылы емес. 
      
232-бап. Азаматтық қызметшіні басқа мемлекеттік
 
                
мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) жҧмысқа
 
                
ауыстыру
 
      Азаматтық қызметші ӛзінің жазбаша ӛтініші бойынша тиісті ұйымдардың 
басшылары арасындағы келісім бойынша басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық 
кәсіпорынға) жұмысқа ауыстырылуы мүмкін. 
      
233-бап. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау
 
      Азаматтық қызметшілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, 
іскерлік қасиеттерін айқындау мақсатында аттестаттаудан ӛтеді. 
      Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізудің тәртібі мен шарттарын 
тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. V085215 
      
234-бап. Азаматтық қызметтегі жоғарылату
 
      1. Азаматтық қызметшілердің қызметтегі жоғарылауы оларды жоғары 
лауазымға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. 
      2. Біліктілік деңгейі жоғары және жұмыс тәжірибесі бар, ӛзінің 
кәсіптік, біліктілік деңгейін үнемі арттырып отыратын азаматтық қызметшілер 
азаматтық қызмет бойынша жоғарылатуда басым құқықты пайдаланады. 
      
235-бап. Азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру
 
                
және оларды қайта даярлау
 
      1. Азаматтық қызметшілер кәсіптік білімі мен дағдыларын тереңдету, 
кәсіптер мен мамандықтар алу мақсатында тиісті білім беру ұйымдарына 
жіберілуі мүмкін. 
      2. Азаматтық қызметшінің оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан ӛтуі, 
ӛндірістен (жұмыстан) қол үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса 
алғанда, жіберуші ұйымның қаражаты есебінен тӛленеді. 
      Азаматтық қызметшінің оқуы кезінде оның атқаратын лауазымы, 
кепілдіктері мен ӛтемақы тӛлемдері сақталады. 
      3. Біліктілігін арттырудан немесе азаматтық қызмет бейініне сәйкес 
келетін мамандық бойынша қайта даярлаудан ӛтіп жатқан азаматтық қызметшілерге 
ақылы оқу демалысы беріледі. 
      
236-бап. Азаматтық қызметшілерді кӛтермелеу
 
      Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде айрықша 
күрделі және шұғыл жұмыстарды ӛте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, 
шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін азаматтық 
қызметшілер: 
      1) азаматтық қызметтегі жоғарылатумен; 
      2) ақшалай сыйақымен; 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау