130
әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған
уақытымен анықталатын жаңа идея. Қазақстанда ең алғаш «Инновация»
ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов.
Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру
мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін
басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны,
қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-
бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке–дара кешені, бір-бірімен
байланысқан), жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
-
дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін
игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады;
-
қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
-
оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген
жаңа қабілет;
-
саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен
әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның
инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
-
ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық
байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
-
иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік
бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
-
ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы
қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала -субъект», «бала-объект»
тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының
әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде
қарастырады;
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық
деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек
конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі
әдістемесі дәлел.Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды
енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін
қалыптастырады. Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп
нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша
қызмет етуіне мүмкіндік алды.
131
Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы,
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім
алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап,
тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін
көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып
табылады. Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер
анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен, жаңашылдардың
инновациялық әлеуетімен, жаңалықты енгізу жолдарымен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі
болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін
педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне
шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар
адамды қажет ететін жұмыс.Шындығында да әрбір педагог жаңа
инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және
өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау,
олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін
өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа
педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ
мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды
қолдануға даярлықты қалыптастыруы мына көрсеткіштерді қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі
жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-
қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы,
болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың
жетекші орнын сезінуі,кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге
бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік
дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы
бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас
педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы
теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық
үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми
негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі,
білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-
әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.
Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда
болады. Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың
педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі, инновацияны жан-жақты
меңгеру, инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру, инновацияны
тәжірибеге ендіру жұмыстары, инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері
Достарыңызбен бөлісу: |