45
2015 жылдың қорытындысы бойынша елорда тетарларының жалпы саны
2014 жылдың деңгейіне 4,1%-ға және 2013 жылдың деңгейіне 22,7%-ға өсумен
266,6 мың адамды құрады. Мұражайларға 727,5 мың адам барды, ол 2014 жылдың
деңгейінен 20,5%-ға төмен және 2013 жылдың деңгейінен 37%-ға жоғары.
Тіл саясатын дамыту
Өткізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясаты қазақ тілін меңгерген халық
үлесін арттыруға бағдарланған. Сонымен қатар, Қазақстан халқының мәдени-
тілдік әлеуетін сақтауды және дамытуды көздейтін толеранттық тіл ортасының
әрекет етуі үшін қажетті жағдай жасалуда.
Мемлекеттік қызметшілерді, бюджет саласы қызметкерлерін, сондай-ақ
ересек халықты мемлекеттік тілге оқыту мақсатында қала әкімдігі жанында
«Руханият орталығы» ЖШС қызмет етеді. Осылайша, 2012-2014 жылдары
мемлекеттік тілмен 7200 адам немесе жыл сайын 2600 адам қамтылды.
2015 жылы мемлекеттік тілге үйрету курстарымен 1500 адам қамтылды,
оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет
қызметкерлері және т.б.
Сонымен қатар, қалада шамамен 30 тілдерді оқытатын жеке меншік
орталықтар әрекет етеді, оның ішінде 15 мемлекеттік тілге үйретеді. Бұдан басқа,
Астана қаласының мемлекеттік қызметшілері ағылшын тілі курстарында тегін
оқылады, оларға 2012-2014 жылдары жыл сайын 90-нан астам адам барды.
2014 жылдан бастап «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық
шеңберінде әлеуметтік сала қызметкерлері үшін (денсаулық сақтау, мәдениет
және спорт мекемелері) ағылшын тіліне оқыту курстары ұйымдастырылды,
оларға шамамен 150 адам барды. 2015 жылы ағылшын тіліне 100-ден астам
мемлекеттік қызметші және 450 әлеуметтік сала қызметкері оқытылды.
2013-2015 жылдары мемлекеттік тілде оқытатын балабақшалар саны 29,4%-
ға, 2013 жылғы 34 бірліктен 2015 жылғы 44 бірлікке дейін ұлғайды. Бұдан басқа,
жеке қазақ тілді топтар ұйымдастырылған тағы да 8 балабақша ашылды. Жалпы
білім беретін мектептердің саны 14,3%-ға, тиісінше 28-ден 32 бірлікке дейін өсті.
ТжКО барлық ұйымдарында мамандар даярлау орыс немесе қазақ тілінде
талапкерлер таңдау бойынша жүзеге асырылады.
9-кесте
Сабақтарды мемлекеттік тілде жүргізетін
оқу орындарының саны
46
Оқу орнының атауы
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Мектепке дейінгі мекеме (қазақ
тілінде оқытатын)
34
37
44
Мектепке дейінгі мекеме (аралас)
43
46
51
Мектепке дейінгі мекеме (қазақ
тілінде оқытатын)
28
30
32
ТжКО
ұйымдары (аралас)
39
40
40
Жалпы, әлеуметтік зерттеуге сәйкес елорданың ересек халқының қазақ тілін
білуі 2014 жылы 79 % құрап, 2013 жылғы 78%-дан 2012 жылғы 77% құрады. 2015
жылы мемлекеттік тілді игеру деңгейі 80%-ға жетті.
Сонымен қатар, алынған деректерге сәйкес қазақ тілін қолданудың негізгі
салалары отбасы болып табылады (шамамен 40% тек қазақ тілінде сөйлеседі,
қазақ тілімен қоса орыс тілін де қолданатындар – 29,5%), сондай-ақ, жұмыс пен
оқу (40% және тиісінше 22,9%). Ауруханаларда, дәріханаларда, қоғамдық көлікте
және дүкендерде тек қазақша орташа алғанда 16%-ден 20%-ға дейін, ал екі тілде
сөйлесетіндер 40%-дан 45%-ға дейін.
Ағылшын тілін түсіну деңгейі 10%, ал еркін сөйлесетіндер тек 9,5%,
құжаттамамен жұмыс істейтіндер - 4,1%құрайды.
Сонымен қатар, ономастика саласында тиісті жұмыс жүргізілуде, қалада 924
көше бар, оның ішінде 832 көшенің атауы уақыт талаптарына сәйкес келеді.
Сыртқы жарнама мен визуалды ақпарат мәселелері бойынша бақылау
жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Апта сайын жарнаманың тіл туралы заңнама
талаптарына сәйкес келу затына рейдтер өткізіледі, оның барысында шағын және
орта бизнес өкілдеріне барлық қажетті түсініктемелер беріледі. Сонымен қатар,
күн сайын жарнама берушілерімен және жарнама өндірушілерімен сыртқы
жарнама мен визуалды ақпарат эскиздерінің мәтіндерін жазу мәселесі бойынша
кеңестер өткізіледі. Осылайша, 2012 жылы 2581 эскизге, 2013 жылы – 3019, 2014
жылы – 2888 эскизге сараптама жүргізілді.
Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында 11 жексенбілік
мектептің қызметі қамтамасыз етілді, ол жерде қалада тұратын этностардың
тілдері зерделенеді.
Спорт
Қазіргі уақытта қалада 610 спорт ғимараты, 25 мемлекеттік кәсіпорын
қызмет етеді, оларда 107 спорт түрі ұсынылған: балалар мен жасөспірімдерге
арналған 10спорт мектебі (бұдан әрі - БЖСМ), 7 спорт клубы, 2 спорт комбинаты,
2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 2 спорт сарайы, 1 Олимпиадалық резерв
даярлау орталығы және 1 бұқаралық-спорт іс-шараларын өткізу дирекциясы.
2014 жылы спортпен шұғылданатын адамдардың жалпы саны 13,7 мың
адамды құрады және 2013 жылмен салыстырғанда (12,5мың адам) 9%-ға, 2012
жылмен салыстырғанда (12,3 мың адам) 11,6%-ға ұлғайды.
20-диаграмма
Даярланған білікті спортшылардың саны, адам
47
Жоғары жетістіктер спортын дамыту бағыты бойынша білікті спортшылар
санының ұлғаюы байқалады. Солай, 2014 жыл бойынша спорт шеберлерінің саны
1,5 есеге, 2012 жылғы 87-ден 2013 жылы 143-ке дейін және 2014 жылы 131-ге
дейін, халықаралық спорт шеберлерінің саны 1,3 есеге, 20-дан 23-ке және
тиісінше 27-ге дейін, спорт шеберлеріне кандидаттардың саны – 1,8 есеге, 217-ден
267-ге және тиісінше 401-ге дейін ұлғайды.
2015 жылы 399 спортшы біліктіліктен өтті, оның ішінде халықаралық
санаттағы спорт шебері атағы – 37 адамға, спорт шебері – 84 адамға, спорт
шеберіне кандидат – 278 адамға берілді.
Республикалық және халықаралық жарыстарда иеленген медальдардың
саны 2,6 есеге, 2012 жылғы 1313-дан 2013 жылы 2445-ке және 2014 жылы
3454-ке дейін ұлғайды, оның ішінде алтын медальдардың үлесі 34,4% немесе 1189
бірлікті құрайды.
2015 жылы елорда спортшылары 3883 медальге ие болды, оның ішінде 1297
немесе 33,4% алтын. 2014 жылмен салыстырғанда алған наградалар саны 12,4%,
2013 жылдың деңгейімен 58,8%-ға ұлғайды.
Бұқаралық спортты дамыту шеңберінде ішкікварталдық аумақтардың спорт
алаңдарында және жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында елорда
тұрғындары арасында бұқаралық-спорт іс-шараларын ұйымдастыру жұмысы
өткізіледі. Каникулдар кезеңінде оқушылармен салауатты өмір салтын, темекі
шегу және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың болмауын
насихаттайтын спорт іс-шаралары өткізіледі. 6-18 жастағы жасөспірімдерді спорт
секцияларымен қамту 18,4 % құрды және 2013 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға
(15,5%), 2012 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға (16,3%) ұлғайды.
Балаларды спорттық біліммен қамту құрылымында жалпы білім беру
мектептерінде спорт секциялары ең жоғары үлеске ие, олар 2014 жылдың
қорытындысы бойныша 44,8% құрайды. Балалар – жасөспірімдер спорт
мектептері спортпен шұғылданатын барлық балалардың 33,8 % қамтиды, аула
клубтарының үлесі шамамен 21,4% құрайды.
21 диаграмма
Балаларды спорт тәрбиесімен қамту құрылымы, %
Достарыңызбен бөлісу: |