Отчет по внешнему аудиту IQAA
10
Студенттер мен магистранттарға қызмет көрсету орталығы ашылып,
онда студенттердің пән таңдауына, қалаған пәнді ұсынуына, жеке оқу
жоспарын жасауына, GPA балын анықтауына, басқа мамандыққа ауысуына,
оқуды қайта, жалғастыруға, академиялық демалысты рәсімдеуге, логин,
пороль алуға, Платонус базасына кіруге, анықтамаларды алуға, сауалнама
толтыруға, жекелеген пәндерді оқытуға қатысты сұрақтарға жауап беруге
т.б. барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Оқытудың
инновациялық
технологияларын
енгізуде
арнайы
жабдықталған оқу кабинеттері жабдықталған. Жүйелі зерттеулер мен
ғылыми жобаларды әзірлеу (ЖЗЖӘ) ҒЗИ білім беру процесімен қарым-
қатынастықта жүзеге асырылады. Жұмыс берушілердің мүдделері ескеріліп,
ББ «Рухани жаңғыру тарихындағы «Бабалар сөзінің» әдеби-ғылыми сипаты»,
«Көркем мәтіндегі лингво-концептуалдық талдаудың ғылыми-әдістемелік
негіздері», «Формирование креативной полиязычной личности в условиях
поликультурной среды» бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
TAU-да «Қызметкерлер мен оқушылардың аккадемиялық адалдығы
кодексі» әзірленген (http://www. turan-astana.kz), оның мақсаты –
білімалушылар мен оқытушы-профессорлар құрамының адалдық туралы
түсінігін қалыптастыру, ашық, адал және сенімді қарым-қатынастарды құру,
сондай-ақ өмірде адалдықты дамыту мәселелеріндегі жауапкершілікті
қалыптастыру. Кодекс Адалдық; Автордың және оның құқық мұрагерлерінің
құқықтарын қорғауды жүзеге асыру; Ашықтық; Теңдік қағидаттарына
негізделген.
ҚР «Білім туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» қолданыстағы
заңдарының және басқа нормативтік актілердің талаптарына сәйкес
«Корпоративтік мәдениет кодексі» және «Студенттің ар-намыс кодексі»
(http://www. tаu-edu.kz. ) әзірленген.
Білім беру бағдарламаларын өзекті ету, ұзақ мерзімді бағыттарын
жетілдіру үшін оның сапасына мониторинг жүргізіледі. Білім беру
бағдарламаларының сапасына мониторинг жүргізу туралы ереже http://www.
tаu-edu.kz. сайытында орналастырылған. ББ сапасын мониторингтілеу
негізінде және ҚР жоғары білім саласындағы заңнамасының талаптарына,
сондай-ақ
білім
беру
қызметтері
нарығындағы
өзгерістерге,
бағдарламалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігіне байланысты
жекелеген элементтер жыл сайын жаңартылып, қайта енгізіледі. TAU-да
білім беру қызметінің соңғы 5 жылында барлық мамандықтар бойынша ББ
қайта қаралған. 2016 жылы жаңа ЖКБМЖМС енгізуге және еңбек
нарығының қажеттіліктерін ескеруге байланысты бейінді циклдың элективті
пәндері жаңартылып отырған.
ББ дамыту мақсатында жүргізілген сыртқы және ішкі сұрау салу
нәтижелері бойынша мамандарды даярлау сапасын жетілдіру шаралары
әзірленіп, аттестаттау мен лауазымға тағайындау және ОПҚ-ға еңбекақы
төлеуді саралау жұмыстары ұйымдастырылып отырады.
Отчет по внешнему аудиту IQAA
11
Университетте жемқорлыққа қарсы шаралар ОПҚ және университет
қызметкерлері арасында жемқорлық көріністерін болдырмау жөніндегі
шаралар жоспарына сәйкес орындалады.
Факультеттер деңгейінде – Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес қолданылады. «Жемқорлықпен күрес
туралы» ҚР Заңын және еңбек заңнамасын орындау мәселелерін қарау үшін
студенттер өкілдері бар жемқорлық құқық бұзушылықтары жөніндегі
комиссиялар құрылған. «Саналы ұрпақ» студенттік клуб белсенді жұмыс
істейді, онда студенттерді академиялық адалдықты дәріптеу жолымен
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістеріне оқытады.
Оқыту шегінде университетте жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» элективті курсы
оқытылады. Ректор блогы, «Рlatonus» ААЖ порталындағы оқытушылар мен
студенттердің жеке парақтары, ректорға жүгіну жәшігі, «Сенім жәшігі»
арқылы ЖОО басшылығы оқытушылармен, білімалушылармен кері
байланыс орнатады.
Жемқорлық, құқық бұзушылықтар, есірткіге құмарлықпен күрес
мәселелері бойынша ОПҚ және ректормен студенттердің кездесулері
тұрақты жүргізіледі.
Жақсы тәжірибе:
Студенттерге,
магистранттарға
қызмет
көрсететін
орталықта
білімалушыларға 12 түрлі қызметті тез, әрі жеңіл көрсетуі басқа да жоғары
оқу орындарына үлгі.
Сәйкестік деңгейі - толық сәйкес.
Стандарт 2. Білім беру бағдарламасын әзірлеу, бекіту және ақпаратты
басқару
Дәлелдемелер және талдау:
ЖОО-да білім беру бағдарламасын жүзеге асыру тәртібіне сәйкес
бакалавриаттың күндізгі, сырттай оқу нысанының, магистратураның Жұмыс
оқу жоспарларын, ҮОЖ және элективті пәндер каталогын, бағдарламасын
жасауға кафедра жауапты. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және
оның тиімділігін бағалау үшін факультет Кеңесіне қарауға жіберіледі.
Бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша МББ (МЖМС
және ҮОЖ жұмыс оқу жоспарларының, төлқұжаттың, құзыреттілік
карталарының, формулярдың ережеге сәйкестігіне мониторинг жасалғаннан
соң бұйрық шығарылып бекітіледі. ББ кәсіптік және әлеуметтік
құзыреттердің
ғылыми,
теориялық
және
тәжірибелік-бағдарланған
талаптарына сәйкес әзірленіп жүргізіледі.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бакалавриат және
магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламасы Ұлттық біліктілік
шеңберіндегі кәсіби стандарттарының талабына сай. Қазақ тілі мен