Отчет по внешнему аудиту IQAA
30
шеберлерінің 2-республикалық байқауы.
(Қазан, 2017ж.) Қазақстан
Республикасының әнұранының авторы ақын-жазушы Жұмекен Нәжімеденов
атындағы Көркемсөз оқу байқауы (Қараша, 2018 ж.).
Қазақ радиолары
серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар байқауы (Қаңтар, 2019)
«Мәңгілік ел- мәртебелі тіл атты қазақ тілі апталығы» (Наурыз, 2017 ж.)
«Сауаттылықты арттырудағы жазба жұмыс ерекшеліктері» атты семинар
(2018 ж.) «Қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты конференция (2018 ж.)
ТАU–да мамандық бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясымен, Сүлейман Демирел университетімен, Гази университетімен
байланыс орнатылған. Педагогика, Критериалды бағалау, аударма теориясы
бойынша дәрістер оқылып, семинарлар ұйымдастырылған.
Ескертулер:
1. ҚР БжҒМ Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ педагогикалық
шеберлік орталығы ұйымдастыратын «Орта білім мазмұнын жаңарту
шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының
профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру» курстарына
ешкім қатыспаған.
2. Жұмыс беруші мекемелерде студенттер тәжірибеден өтумен
шектеледі. Жұмысқа қабылдау көрсеткіші аз.
Жақсарту аймағы:
ҚР БжҒМ Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ педагогикалық
шеберлік орталығы ұйымдастыратын «Орта білім мазмұнын жаңарту
шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының
профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру» курстарына
оқытушыларды кеңінен қатыстыру.
Сәйкестік деңгейі– маңызды сәйкестіктер бар.
Стандарт 5 . Профессор-оқытушылар құрамы
Дәлелдемелер және талдау:
Кадр саясаты ҚР-ның Кадр саясаты туралы заңнамасы мен
ережелеріне, ҚР Еңбек кодексіне, TAU жарғысына, Корпоративтік мәдениет
кодексіне, Еңбекке ақы төлеу жүйесіне, Ішкі еңбек тәртіптемесі
қағидаларына толық сәйкес. Кадр құрамы ЖОО ғылыми-педагогикалық
құрамы лауазымдарын конкурстық алмастыру қағидаларына сәйкес
жасақталған. «Педагогикалық қызметкерлердің және оларға теңестірілген
тұлғалардың лауазымдарына үлгі біліктілік сипаттамалары» негізінде
әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, ОПҚ
лауазымдарына конкурс жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде Лауазымдық
Отчет по внешнему аудиту IQAA
31
нұсқаулықпен және университеттің басқа нормативтік актілерімен
таныстырылады. Аталған құжаттар Университеттің барлық қызметкерлеріне
қолжетімді.
Педагогикалық ұжымның лауазымына сәйкес болуын анықтау үшін
мұғалімдердің құзыреттілігін бағалау ҚР-ның «Білім туралы» Заңының
талаптарына сәйкес 2012 жылы әзірленген. Барлық қызметкерлерді жыл
сайын аттестаттау Бәсекелестік Комиссиясы туралы Ережеге және 2012
жылдың 17 ақпанында № 230 Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен
жоғары оқу орындарының құрамы мен зерттеушілерін сертификаттауға сай
жүзеге асырылады. Аттестацияның қорытындысы бойынша жұмыскерді
бұрынғы лауазымына қалдыруға, әлде жұмыс берушi қызметін өсіруге
немесе шартын бұзуға ұсынымы болуы мүмкін.
Конкурстық комиссияның құрамы, оның өкілеттілік мерзімі
Университет Ғылыми Кеңесімен анықталады және университет ректорының
тиісті
бұйрығымен
бекітіледі.
Конкурстық
комиссия
конкурстың
нысандарын, рәсімдерін, нақты шарттарын айқындайды, конкурстық
құжаттаманы талдайды, конкурстың нәтижесі туралы шешім қабылдайды.
Конкурстық іріктеу бойынша конкурстық комиссияның шешімі
университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына еңбек шартын жасасу
үшін негіз болып табылады. Қатысушылар мен кандидаттар конкурстық
комиссияның шешіміне университет ректорына немесе сотқа шағымдануға
құқылы.
Профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігі мен ғылыми деңгейі
атқарып отырған лауазымына және лицензиялау талаптарына сәйкес келеді.
5В011700, 6М011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ғылыми
атағы мен дәрежесі сай профессор-оқытушылар құрамының саны -7.
Барлығы филология ғылымдарының кандидаты, доцент лауызымында.
Педагогика магистрі -1.
Оқытушы-профессорлық құрам ББ бойынша білім беру әрекетін
лицензиялаудың біліктілік талаптарына толық жауап береді. Ол үшін
«ӘГжТП» кафедрасында «Білім туралы заңның» 43-1 бабында көрсетілген
біліктілік талаптарының 2-тармағы, 2-тармақшасына сай әзірленген кафедра
меңгерушісі, ОПҚ-ның лауазымдық міндеттері; Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы Білім беру
ұйымдарының типтік ережелері; Білім беру мекемелеріне қойылатын
біліктілік талаптары және оған сәйкестігін растайтын; ББ ОПҚ біліктілік
талаптарына, «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ ерекшелігі мен деңгейінің TAU
Жарғысына сәйкестігін растайтын құжаттар бар.
6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру
бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін оқытушылар өзінің кәсіби
құзыреттілігі саласында тиісті теориялық және практикалық білімі мен
дағдыларын меңгерген, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің
сапасын қамтамасыз етеді.