Отчет по внешнему аудиту университета туран-астана аккредитация программ



жүктеу 1,82 Mb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата15.01.2020
өлшемі1,82 Mb.
#26831
түріОтчет
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

             Отчет по внешнему аудиту IQAA

 

                             

 



 



1 ТАРАУ  

МӘНМӘТІН ЖӘНЕ САПАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

   

К

Кіріспе  

Сыртқы  аудит  процесі  «Тұран-Астана»  университетінің  білім  беру 

бағдарламасын қамтамасыз етуге қажетті ғылыми, практикалық, әдістемелік, 

базалық деңгейін анықтауды мақсат етеді.  

Университет  ректоры  Жаппарова  Гүлжамал  Әлкенқызымен  сұхбат 

барысында  университет  ректорының  оқыту  процесіндегі  барлық  іс-

шараларға ерекше назар аударатыны байқалды. Проректорлар Даубаев Қанат 

Жақсымұратұлы,  Нүрпейісов  Сағат  Елубайұлы  қосдипломды  бағдарлама, 

шетелдік  тағылымдама,  әлеуметтік  көмек  көрсету,  оқыту  процесін 

ұйымдастыру мәселелеріне қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.  

Сапаны  басқару,  аккредитация  және  рейтинг  орталығының  директоры 

Сейдахметова  Римма  Ғаниқызы  бастаған  топ  мүшелері  университеттің 

инфрақұрылымдық базасымен толық таныстырды.  

Университеттің  2  оқу  ғимараты  аясында  орналасқан  1  спортзал,  1 

асхана,  2  оқу  залы  бар  кітапхана,  1  дәрігерлік  пункт  пен  бизнес-инкубатор 

студенттер  мен  магистранттардың  сапалы  білім  алуына,  креативті  ойлау 

деңгейін дамытуға, саламатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді.  

«5В011700  және  6М011700-Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы 

бойынша заман талабына сай педагог мамандар дайындауға, оқытудың жаңа 

технологияларын  қолдануға  2  лингафон  кабинетінің,  10  комьпютерлік 

класстың  болуы,  практикалық  және  дәріс  сабақтарын  өткізетін 

аудиториялардың  толық  мультимедиялық  құралдармен  жабдықталуы  негіз 

болады.  

376  орынға  есептелген  мәжіліс  залда,  2  конференц  залда  әртүрлі 

форматтағы ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп, 

онлайн, офлайнда байланыс жасауға негізделген.  

Университеттің өзін-өзі бағалау әдістері шынайылыққа негізделген. 

Сыртқы  аудит  процесін  ұйымдастыруда  университет  тарапынан 

атқарылған іс-шаралар жоғары деңгейде. 

 

Жоғары оқу орнының негізгі сипаттамасы 

«Тұран-Астана  университеті»  2003  жылы  құрылып,  2004  жылғы  26 

сәуірде  берілген  Мемлекеттік  лицензия  (АА  сериясы  №  0000355)  негізінде 

білім беру қызметін бастайды. Мемлекеттік тіркеу куәлігі № 14993-1901-У-е 

24.11.2003  ж.  Жекеменшік  оқу  орны.  Университеттің  орналасқан  жері  – 

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы.  

Университет  бойынша  жалпы  мамандықтар  саны:  Бакалавриатта  –  16 

мамандық, Магистратурада – 10 мамандық, Докторантурада – 1 мамандық. 

Университеттегі  оқытушы-профессор  құрамының  50%  ғылыми 

дәрежеге ие.  




             Отчет по внешнему аудиту IQAA

 

                             

 



 



2018-2019 оқу жылына ОПК –120 адам. Оның ішінде: ғылым докторы – 

16,  ғылым  кандидаты  –  44,  философия  (PhD)  докторы  –  2.  «Қазақстанның 

үздік  ЖОО  рейтингі»  талдауы  бойынша  TAU-дың  динамикалық  даму 

көрсеткіші төмендегідей: 2012 жылы – 14-орын; 2013 жылы – 13-орын; 2014 

жылы – 12- орын; 2015 жылы – 6-орын; 2016 жылы – 8-орын; 2017 жылы –7-

орын; 2018 жылы –7-орын. 

Мамандарды  даярлаудың  бағыттары  мен  деңгейлерін  анықтау 

мақсатында  Аккредиттеу  және  рейтингтің  тәуелсіз  агенттігі  жүргізген 

сараптама  бойынша  ТАU  2018  жылы  Қазақстан  Республикасының  жоғары 

оқу орындарының тәуелсіз рейтингісінде "ТОР-20" қатарына кіреді. 



 

2 ТАРАУ 

САРАПТАУ ТОБЫНЫҢ СЫРТҚЫ АУДИТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП

 

Кіріспе 

 

«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының  Білім  бағдарламасы 

төмендегі  ҚР-ның  нормативтік  құқықтық  құжаттарының  талаптарына 

негізделген;  Қазақстан  Республикасы  Білім  берудің  жалпыға  міндетті 

мемлекеттік  стандарты  Жоғары  білім.  Бакалавриат.  Негізгі  ережелер  (ҚР 

Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыз № 1080 Бұйрығы) т.б. 

Университеттің  стратегиялық  жоспарының  миссиясы,  мақсаты  мен 

міндеттері  ББ-да  басшылыққа  алынады.  Оқытудан  күтілетін  нәтижелер 

көрсетіліп, жұмыс берушілер мен магистранттардың ұсыныстары, білім беру 

траекториясын ұйымдастыру ескеріледі.  

Білім  беру  бағдарламасы  жоғары  білікті  ғылыми-педагог  кадрларды 

дайындауға,  әлемдік  тәжірибелерге  сәйкес  келетін  жоғары  білім  беру 

сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Білім берудегі сапаны қамтамасыз 

ету  саясатына  сай  білімалушыларға  орталықтандырылған  білім  беру  

қағидаттарын  оңтайлы  ұйымдастыру  басшылыққа  алынған.  Бағдарлама 

негізінде 

елдің 

индустриялық-инновациялық 



даму 

міндеттерін 

қанағаттандыратын  және  даму  қажеттіліктеріне  сәйкес  келетін  жоғары 

білімді  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімі  бар  кадрлар  дайындалады. 

Бағдарлама  мамандықтың  Ұлттық  бірегейлігіне  сәйкес  құрастырылып, 

Еуропалық  біліктілік  аясындағы  кәсіби  стандарттар  мен  Дублин 

дескрипторларына  сәйкестендірілген.  Білім  беру  бағдарламасы  жеке  білім 

беру  траекториясын  өзгертуге  және  кезең  сайын  өзгерістер  енгізуге 

мүмкіндік  береді.  Білім  беру  бағдарламасының  құрылымы,  деңгейі  талапқа 

сай. 


 

Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу стандарттарына 

сәйкестікгі 

 



жүктеу 1,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау