Отчет по внешнему аудиту IQAA
44
Аталған құжаттар оқу қағидалары мен шарттар, әртүрлі түрдегі
емтихандар, сынақтарды өткізу қағидалары, баға қою әдістері мен
өлшемшарттары, біліктілік және т.б. туралы ақпараттарды қамтиды.
ЖОО сайтында TAU миссиясы, мақсаттары мен міндеттері, сапаны
қамтамасыз ету саласындағы саясаты туралы ақпараттар және басқа
нормативтік құжаттар да орналастырылған. Бұл мәліметті www.turan-
astana.kz сайытының «Университет туралы» бөлімінен көруге болады.
Аталған ақпараттаруниверситет қабырғасындағы стендтерде және мен
брошюраларда да бар.
Университет сайытында еңбек нарығы, бос жұмыс орындары, жұмысқа
орналасу туралы маңызды ақпараттар жарияланады. Түлектерді жұмысқа
орналастыру, сұранысқа ие мамандық туралы ақпараттар «Мансап»
бөлімінде
(https://tau-edu.kz/students-info/karera)
орналастырылған.
Магистранттар мен түлектер үшін тағылымдамалардан өту мәселесі, бос
жұмыс орындары туралы ақпараттар тұрақты түрде жарияланады.(https://tau-
edu.kz/career/ocensik-imusestva).
Осы
бөлімнің
«Хабарландырулар»
бөлімшесінде жұмыс іздеу барысында ұсынылатын түйіндемелер, білім
алушылар қатыса алатын түрлі іс-шаралар, конкурстар мен бағдарламалар
туралы ақпараттар қабылданып, жарияланады.
Университетің Мансап және жұмысқа орналастыру, практика бөлімі
Астана қаласының жұмыспен қамту орталығымен, "Royal Staff (Роял
Стафф)" рекрутинг агенттігімен, банк пен компаниялардың HR
департаменттерімен тығыз байланыс орнатып, бос жұмыс орындары туралы
мәлімет алып отырады. Барлық мәліметті TAU сайтына орналастырып,
бітірушылердің жұмысқа орналасуына жағдай туғызады.
«Білім беру қызметі» сайтының беттерінде оқыту шарттары TAU
анықтамалық-жолсілтегішіндегі
барлық
үдерістердің
егжей-тегжейлі
сипаттамасы көрсетілген. (https://tau-edu.kz/content/spravocnik-putevoditel)
Университет туралы жалпы ақпарат, баға қою әдістері мен өлшемдері,
емтихандардың, сынақтың әр түрлерін өткізу ережелері де толық қамтылған.
2018-19 оқу жылына арналған оқу үрдісінің күнтізбесі білім деңгейлері
бойынша және емтихан сессиясы мен демалыс кезеңдерін үш тілде ұсыну
«Академиялық күнтізбе» айдарында https://tau-edu.kz/content/academic
-
calendar
жеке жарияланады. Университеттің академиялық саясатына сай
бекітілген білім беру деңгейлері, білім беру бағдарламасының құрылымы,
оқу мерзімдері, оқу сабақтарының ұзақтығы күзгі және көктемгі
семестрлерге бөлінуі, бағдар (аралық бақылау) апталығы (27.08.18 –
01.09.18; 11.03.19 – 16.03.19), мемлекеттік мереке күндеріне байланысты
сабақ болмайтын күндер, қысқы демалыс көрсетілген.
Академиялық күнтізбелік студенттердің оқу үдерісін толығымен
реттеуге мүмкіндік береді.
Сайттың «Біз туралы» қосымша бетінде кітапхана қызметі туралы
ақпарат https://tau-edu.kz/content/biblioteka-universiteta; «Білім беру қызметі»
қосымша бетінде ҚОО туралы ақпарат https://tau-edu.kz/department/centr-
Отчет по внешнему аудиту IQAA
45
obsluzivania-studentov және ЦОС-online https://tau-edu.kz/students-info/cos-
online/, жатақханаға орналасу, әскери есеп, оқу визаларын ресімдеу, көші-қон
тіркеу, академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша кеңес беру, оқу үдерісіне
көмек көрсету бойынша қызметтер спектрі ұсынылған.
- «Студенттік өмір» қосымша бетінде медициналық қызмет көрсету,
тамақтану
туралы
ақпарат
орналастырылған.
https://tau-
edu.kz/content/punktpitania. «Жалпы білім беретін және интернаттық
ұйымдардың құрылымына, оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес жөндеу жұмыстарының жүргізілгені
туралы ақпарат https://tau-edu.kz/content/medpunkt. берілген.
Бизнес-инкубатор университеттің Инновациялық орталығы және
кәсіпкерлік
дағдыларды
дамыту
https://tau-edu.kz/business-incubator
парақшасында бар.
Студенттерді (магистранттарды) әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесі
туралы ақпарат ("білім алушыларға арналған әлеуметтік пакет") https://tau-
edu.kz/content/socialnyj-paket-dla-obucausihsa орналасқан.
TAU сайты шеңберінде білім алушылармен тікелей байланыс, және
білім алушылар арасында әртүрлі танымал әлеуметтік желілердегі аккаунттар
арқылы заманауи қол жетімді электрондық байланыс құралдары да
пайдаланылады.
Жақсы тәжірибе
Бизнес-инкубатор орталығында қазіргі заман талабына сай «Startup
Academy» IT-лабораториясы, «factor» психологиялық қызметі, «EXPO
Travel» туристік бюросы, «Әділет» студенттік құқықтық клиникасы, «Turan
Speaking» тіл орталығы туралы ақпарат көпшілік қауымның қызығушылығын
тудырады.
Сәйкестік деңгейі– толық сәйкес.