Отчет по внешнему аудиту IQAA
34
жоспарлау ҚР «Білім туралы» Заңына және ҚР МЖМБС 5.03.015-2009 3.
«ҚР Білім беру жүйесі. Оқу жұмысы және педагогикалық жүктемесіне»
сәйкестендіріліп, TAU-дың Ғылыми кеңесі шешімімен бекітіледі.
Оқу жүктемесін есептеу мамандықтың білім беру бағдарламасының
жұмыс оқу жоспары негізінде және Кредиттік оқыту жүйесінде оқу үдерісін
ұйымдастыру ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады. (ҚР Бж/еҒМ №152
Бұйрық 20.04.2011 ж.). TAU оқытушы-профессор құрамының педжүктемесі
2018-2018 оқу жылындағы ішкі ережеге сәйкес төмендегідей бөлінген:
кафедра меңгерушісі – 600 сағат, профессор –500 сағат, доцент – 600 сағат,
аға оқытушы – 650 сағат, оқытушы (ассистент) – 700 сағат.
Оқытушылардың құзіреттілігін жүйелі түрде бағалау а
шық сабақтарды
өткізу, оқытушылардың дәрістерге өзара қатысуы барысында анықталады.
«Ашық дәрістерді өткізу бойынша нұсқаулық» негізінде әрекет етеді.
5В011700 –Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2018/2019 оқу
жылына жоспарланған ашық сабақ саны – 3.
1. 24.10.2018 күні ф.ғ.к, доцент С.О. Симбаеваның «Әдебиет
тарихындағы айтыс өнері» тақырыбында ашық сабағы өткен;
2. 07.11.2018 күні педагогика магистрі Г.З.Еденбаеваның «Етістіктің
шақтары» тақырыбында ашық сабағы болған;
3. 23.11.2018 күні ф.ғ.к., доцент Г.Т.Карипжанованың «Шығыс
әдебиетінің тарихы» тақырыбында ашық сабағы өткен.
Оқыту сапасына бағалауды жұмысын САРБО үйлестіретін СҚІЖ
жөніндегі комиссия жүргізеді. СҚІЖ жөніндегі комиссия ректордың
бұйрығымен құрылады, TAU әкімшілігіне пәндерді оқыту сапасын жүйелі
бағалауға мүмкіндік береді.
Дәрістерді өткізу сапасын бағалау өлшемшарттары: дәріс тақырыбы
мен мазмұнының пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкестігі;
оқушылармен жұмыс нысаны; материалды таңдаудың дұрыстығы, оны
баяндаудың ғылымилылығы; теорияның тәжірибемен байланысы; пәнаралық
байланысты қамтамасыз ету; дәріс барысында ақпараттық технологияларды
қолдану; көрнекі құралдарды, дидактикалық материалды пайдалану;
оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану; оқушылардың өздік жұмысын
ұйымдастыру және олардың білімін бақылау сапасы; дәріс қорытындылау
сапасы және қойылған мақсаттарға жету деңгейі; оқыту тілін меңгеру
деңгейі. Бұл ретте осы процесті іске асыруда кафедрада ашық сабақтарды
өткізу және талқылау маңызды рөл атқарады (Ашық дәрістер журналы,
отырыстар
хаттамалары).
Өткізілген
дәрістердің
сапасы
кафедра
меңгерушісі, СҚІЖ жөніндегі комиссия мүшелері бақылап барған кезде
бағаланады.
«Оқытушы білімалушылардың көзімен» сауалнамалау нәтижелерінің
деректері бойынша оқытушының кәсібилігіне, оның жүріс-тұрысы
нормалары мен әдебіне талдау жүргізіледі. Нәтижелері оқытушы
лауазымдарды конкурстық алмастыруға қатысқан кезде конкурстық
Отчет по внешнему аудиту IQAA
35
комиссияға, «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсының ЖОО ішілік кезеңінде
сараптамалық комиссияға ұсынылады.
ОПҚ-ның педагогикалық дағдысына, ғылыми нәтижесіне, кәсіби
дамуына ықпал ету, ынталандыру жолында ОПҚ мүшелерін ҚР БҒМ-нің
әртүрлі наградаларына және басқа ведомстволық наградаларға, грамоталарға,
алғыс хаттарға, сыйақыларға ұсынады. «Айдың үздік оқытушысы»
электрондық таблосы бойынша ОПҚ-ның еңбек қызметінде жеткен
нәтижелері мен жеке үлесі үшін ай сайын сыйақы беру жүйесі жұмыс істейді.
Барлық қызметкерлер мансаптық өсу саласында тең мүмкіндіктерге, өзін-өзі
таныту мүмкіндіктеріне тең дәрежеде ие. Университет бойынша ОПҚ-ны
ынталандыру мақсатында ғылыми жобалар, Университет Ректорының
грантын тағайындау сияқты шаралар ұйымдастырылады. 2018-2019 оқу
жылында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ОПҚ Ректорлық грантқа
«Полиэтникалық социумдағы ақпараттық-коммуникативтік кеңістіктің
қауіпсіздігі мен төзімділігінің этносаралық және мәдениетаралық дискурсінің
тұжырымдамалық моделі: бірігу, бейімдеу, келісімге қол жеткізу
механизмдері, әдістері, стратегиялары» тақырыбында ғылыми жоба ұсынған.
Соңғы бес жылда ОПҚ ғылыми еңбектері монография, оқу құралдары,
анықтамалық түрінде жарық көрген. Атап айтқанда:
1) Омарова С.К. Қазіргі қазақ тіліндегі жұп сыңарлы категориялар
болмысы. Монография. –Алматы: Эверо, 2016.–212 б.
2) Қадашева Қ., Ерназарова З., Омарова С. және т.б. Қазақ тілді емес
сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 1-11 сынып
оқушыларына арналған Лексикалық-грамматикалық минимум.–Астана:
2017. –141б.
3) Омарова С.К., Абишева К.М. Тіл ғылымының зерттелу тарихы. –
Астана, 2019. –91б. 4.Омарова С.К., Айкенова Р.А.,Абидьмажинова Б.Ж.
Іскери қазақ тілі. –Астана: «Туран-Астана» университеті, 2019. –212 б.
4).
Г. Т. Карипжанова Кәсіби қазақ тілі. Оқу құралы. Павлодар,
«Кереку», 2014.-121б.
5)
Г. Т. Карипжанова. Қазақ жұмбақтану мәселелері және Мәшһүр-
Жүсіп. Оқу құралы. – С.Торайғыров ат. МУ Павлодар, 2019.
6) С. О.Симбаева.
Белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдіс-
тәсілдер. Әдістемелік құрал.- Астана: «Туран-Астана» университеті, 2018.-
140б.
7)
С. О.Симбаева.
Хандық дәуір әдебиетін интербелсенді әдіс-тәсілдер
негізінде оқыту.Оқу құралы.- Астана: «Туран-Астана» университеті, 2019..-
150б.
8) С. О.Симбаева. Кәсіби қазақ тілі.Оқу құралы- Астана: «Туран-
Астана» университеті, 2019.- 178б.
9) Г.Қ.Рахимбаева. Отты жылдар жырлары (антология)- С.Аманжолов
атындағы ШҚМУ баспасы.-Өскемен, 2015, 278 бет;
10) Таңғы шық (жинақ) Мектеп оқушыларының шығармашылығы.-
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы.-Өскемен, 2015, 247 бет;