Бірінші курстарға арналған анықтама-кітапша



жүктеу 24,55 Mb.
Pdf просмотр
Дата15.01.2020
өлшемі24,55 Mb.
#26822
түріСабақ


БІРІНШІ КУРСТАРғА АРНАЛғАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

4



СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................... 4

СІЗДЕРДІҢ ТАҢДАУЛАРЫҢЫЗДЫҢ 

ДҰРЫСТЫҒЫН АНЫҚТАЙТЫН 4 СЕБЕП ........................................................... 7

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ ..................... 8

ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ .............................................. 10

ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ....................................................................... 12

УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАЛАРЫ .................................................................. 16

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІ АТҚАРАТЫН ІСТЕР ТІЗІМІ  ...................................... 18

СТУДЕНТТІК ID-КАРТА ..................................................................................... 19

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ИНСТИТУТТАРЫ  ............................................ 20

СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАР ................................................................................... 26

2018–2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ  .............. 30

UNIQUM  СТУДЕНТТІК ЖУРНАЛЫ .................................................................... 34

САБАҚ КЕСТЕСІ ЖӘНЕ ПОРТАЛ ..................................................................... 35

ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ......................................................................................  36

«TECHNOPOLIS POLITECH» ТЕХНОПАРКІ ...................................................... 38

CӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДПУНКТІ..................................................... 39

БАЙЛАНЫСТАР ................................................................................................ 40

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР .................................................................................. 41

АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛьДІЛІК ...................................................................... 42

ТЕРМИНДЕР СөЗДІГІ ...................................................................................... 44

BRAND SHOP .................................................................................................... 46

УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРЫЛЫС ЖОСПАРЫ ............................................................ 50

МАЗМҰНЫ

3



Құрметті бірінші курс 

студенттері!

Сіздер Қазақстанның ірі әрі байырғы 

техникалық университетінің студенттері 

атандыңыздар. Бұл дегеніңіз, білімі 

мен іскерлігінің, дарыны мен еңбегінің 

арқасында еліміздің өндірістік секто-

рының жартысынан астамын құрған 

Қазақстанның көптеген кенорындарын 

барлау мен экспортық әлеуетінің басым 

бөлігін қамтамасыз еткен политехшілер 

әулетінің мүшесі болдыңыздар деген сөз! 

Елімізде әртүрлі мамандықта мыңдаған 

студент оқитын 100-ден аса университет 

бар. Солардың ішінде инженерлік 

білім алу жолына түсіп, нағыз, шынайы іспен – өндірістің дамуымен 

шұғылдануға аз ғана топтың қолы жетті. Маңызды іске кірісетіндіктен 

сіздерге оңай тимейтіні анық. 

Біздің университетіміз академиялық адалдық принциптерін қатаң 

сақтайды және жоғары балл алу үшін бар күш-жігеріңізді салуды талап 

етеді. Оқу күрделі болғанымен, болашақ қызметіңізде университет 

қабырғасында алған білім мен біліктілігіңіздің пайдасын көріп, 

бағалайтын боласыз. 



Студенттік өміріңізге сәттілік тілеймін! 

Ізгі ниетпен

Қ. И. Сәтбаев атындағы 

ҚазҰТЗУ Ректоры,

ҚР ҰҒА-ның академигі 

Ескендір БЕЙСЕМБЕТОВ

5



ҚҰРМЕТТІ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ!

Сәтбаев Университетінің студенті атанумен қатар Сіздер өмірдің жаңа 

және әсерлі кезеңіне – студенттік жылдарға аяқ бастыңыздар. Бұдан 

былай Сіздер мақсаты мен мүддесі, дәстүрі мен тәсілі, моральді-өне-

гелік принциптері ортақ, үлкен команданың бір-бір мүшесісіздер. 

Сондықтан да бұл анықтама-кітапшаны жай ғана қарап қоймай, ондағы 

әрбір жазбаға назар аударып, мұқият оқыңыздар. Мұнда университет 

жайлы және ондағы оқу әдісі жайлы толық ақпарат берілген. Ол Сіздерге 

оқу үрдісіне тез үйреніп, студенттік өмірдің қыр-сырын тереңірек түсінуге 

көмектеседі. 



Сонымен, іске сәт!      

ҚазҰТЗУ-дың А. Машани атындағы 

Базалық білім беру институты

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ БОЙЫНША ЖОЛ 

СІЛТЕЙТІН БҰЛ НАВИГАТОР СІЗДЕР 

ҮШІН АРНАЙЫ ЖАСАЛДЫ!



БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

6



СІЗДЕРДІҢ ТАҢДАУЛАРЫҢЫЗДЫҢ 

ДҰРЫСТЫҒЫН АНЫҚТАЙТЫН 

4 СЕБЕП

Келешектегі жоғары мансапқа тамаша дайындық 

Университет шынымен де республиканың кәсіпорындарын инженер 

кадрлармен қамтамасыз етуге мамандар даярлайтын, Қазақстанның 

болашақ мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерін даярлайтын 

бірден-бір негізгі оқу орны, ғылым-білімнің қайнар көзі болып табылады. 

Мамандар жан-жақты білімді, әрі біліктілікті болып шығу үшін сапалы білім 

беру жұмысына мұнда баса назар аударылады.    

Білім сапасына кепілдік 

Біз Сіздерге Қазақстанның ең ежелгі, әрі қазіргі заманғы ең үздік 

техникалық университетінде білім алуға шақырамыз. Мұнда озық 

технологиялар бағдарламасына, атап айтқанда, IT-технологиясы, 

nanotechnology, renewable energy, material science және конвергентті 

технологияларға баса назар аударылады. Біздің оқу ордамыз 80 жылдан 

астам уақыт бойы Қазақстанның техникалық прогресінің даму шегі, 

негізгі түп қазығы болып келеді.



Дамыған техникалық база

Сәтбаев Университетінің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы өте бай. 

Мұндағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым көпшілігі 9 ғылыми-

зерттеу институттарынан басқа Technopolis Polytech базасында 

да жүргізіледі. Технопарк 2013 жылы арнайы Ұлттық сертификат 

пен «Қазақстан үздігі» атты алтын жалатылған естелік медальмен 

марапатталған. Бүгінгі таңда университетті Орталық Азиядағы ең ірі 

ғылыми-зерттеу орталығына (хаб) айналдыру жұмысы жүріп жатыр. 



Қызықты студенттік өмір

Университет өз қабырғасындағы ең қызықты студенттік өмір үшін 

республиканың жоғары оқу орындары арасында бірнеше жыл қатарынан 

жоғары марапаттарға ие болып келеді. Мұндағы көптеген студенттік 

ұйымдар мен клубтар Сіздерді құшағын жая қарсы алады. Олар жыл 

бойына әртүрлі тақырыптардағы мәдени-ғылыми іс-шараларды, 

интеллектуалдық ойындарды, спорттық жарыстарды, көптеген 

кездесулер, тренингтер мен  шеберлік сағаттарын ұйымдастырып 

өткізеді. Сондықтан зерігуге уақыт жоқ! 

7



Сәтбаев Университетінде жоғары мәдениеттілік, ізгілік, 

айналадағы жандарға деген құрмет, әдептілік пен сыпайылық 

ережелері мықты қалыптасқан. Кодексте басты орын алатын 

қоғамның адамгершілік қағидаттары мен құндылықтары 

студенттің күнделікті тыныс-тіршілігінің тиімділігін арттырады, 

оның кәсіби маман, әрі жан-жақты білікті тұлға болып 

қалыптасуына септігін тигізеді. Мұның бәрі тұтастай алғанда 

университеттің абыройын асқақтатып, дәрежесін өсіреді. 

СӘТБАЕВ УНиВЕРСиТЕТІ 

СТУДЕНТІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ 



БІРІНШІ КУРСТАРғА АРНАЛғАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

8



СӘТБАЕВ УНиВЕРСиТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

 жауапкершілігі мол, бастамашыл, кәсіби тұрғыда мақсатты, дербес;

 басқа студенттерге, профессорлы-оқытушылар қауымына, әкімшілікке, 

Университеттің басқа да қызметкерлеріне сыйластықпен, құрметпен 

қарайды;

 Университетте қалыптасқан этикалық нормалар мен әдептілік ережелерін 

сақтап, өз тәртібі мен түр-тұрпаты арқылы басқаға үлгі болады;  

 қандай да болмасын жағдайда тәртіп сақтайды, дөрекі сөйлемейді;

 сабақтан қалмайды, оқуда озат, үлгілі, Университеттегі қоғамдық 

жұмыстарға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласады;

 туысқандық және қызметтік байланыстарын сабақ үлгеріміне 

қолданбайды, оқу үдерісінде жемқорлыққа жол бермейді (пара беруші мен 



пара алушы екеуі де заңды түрде бірдей жауапқа тартылады – Жедел 

қызмет орталығы (ЦОД), тел.:8 (727) 292-54-05; 8 (727) 292-73-00);

 рұқсатнамалық тәртіптеме талаптарын орындайды, қауіпсіздік 

қызметкерлеріне ID-картаны тәртіп бойынша көрсетіп отырады, егер де 

біреудің қалып қойған заты немесе күдікті заттар байқалса, дереу қауіпсіздік 

қызметкерлеріне хабарлайды;  

 Университеттің заттарына мұқият болады, жан-жағында тазалық пен 

тәртіп сақтайды.

9



ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ КРЕДиТТІК 

ТЕХНОЛОгияСЫ

Оқу үдерісі кредиттік технология (КТО) негізінде жүзеге 

асырылады. 

Оқу үдерісінің кредиттік технологиясы (Credit Education) 

студенттің таңдауы бойынша оқу пәндеріне жасалған өзіндік 

жоспарға негізделеді. Мұнда студент пен оқытушы әрбір пәннің оқу 

көлемін кредиттік өлшем бірлігі бойынша белгілейді.  

БІРІНШІ КУРСТАРғА АРНАЛғАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

10



Кредит (Credit Hour) – оқытушы мен студенттің оқу көлемін өлшейтін 

бірлік; 1 кредит = 1 академиялық сағат; академиялық оқу мерзімі 

бойынша аптасына бір рет оқытушы/студент болып бетпе-бет жұмыс 

істеуге 1 академиялық сағат беріледі. Әрбір академиялық сағат – 

2 сағаттық (100 минут) Студенттің өзіндік жұмысынан (СРС) тұрады. 

Әрбір пән 3 кредитпен бағаланады да (1, 2 кредитпен бағалану өте 

сирек кездеседі), бір семестр бойына оқытылады.  

Студент өзінің білім алу бағдарламасын жеке оқу жоспары (ИУП) 

бойынша құрады, ол жоспар таңдаған мамандығының типтік оқу жоспары 

мен элективтік пәндер каталогы (КЭД) негізінде құрылады. Мамандық 

бойынша толық дәрежелі білімді меңгеру үшін, студент оқу жоспары 

бойынша тиісті кредит алып, өз жеке оқу жоспарын орындауы тиіс. 



Оқу үдерісінің кредиттік технологиясы жөніндегі толық ақпаратты 

білім беру порталынан жүктеп алуға болады. Ал қосымша ақпарат 

алу үшін кез келген оқытушыға, өз эдвайзеріне немесе деканат 

қызметкерлеріне жолығуға болады. 



Сіздің эдвайзеріңіз 

кім екенін деканатта 

біліп алу

1

2

3

4

Эдвайзерден жұмыс оқу 

жоспарыңызды (РУП) алу

Пәнді таңдау, эдвайзердің 

растауын күту

Өзіңіздің оқу кестеңізді 

құрастыру

11



ОҚУ ҮДЕРІСІН

 ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқу жылы академиялық мерзімдерден (семестр), қорытынды 

бақылаудан (сессия), практика мен демалыстан тұрады. 

ҚазҰТЗУ-да бір академиялық мерзім – 15 апта, 2 апталық 

емтихан сессиясынан (қорытынды бақылаулары) тұрады. 

ОҚУ жЫЛЫ: 36 АПТА 

30 АПТА

Теориялық оқу:

15 апта – күзгі семестр

15 апта – көктемгі семестр



АКАДЕМияЛЫҚ 

МЕРЗІМ 

1 семестр = 15 апта

Оқу жылы бойына 2 

семестр: күзгі және 



көктемгі

жазғы семестр 

(қосымша)



6 АПТА 

Қорытынды бақылау

(әрбір семестрде 

1-3 аптадан)



2 АТТЕСТАция:

8-ші апта (midterm)

15-ші апта 

(end-of-term)



ДЕМАЛЫСТАР

қыста – 4 апта

жазда – 13 апта

1 ҚОРЫТЫНДЫ 

бақылау/емтихан 

(final)

Студенттің білімін бақылау

Оқу үдерісі кезінде барлық сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Бір 

пәннен 20%-дан көп сабақ қалдырған студентке «қанағаттандырмаған» 

«F» (Ғail) деген баға қойылып, ол әрі қарай сабаққа қатыстырылмайды. 

Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерімнің (2 қорытынды 

бақылау: midterm+end-of-term) және соңғы емтиханның бағасынан 

тұрады.

60 балл 

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

12



Емтихан басталмай тұрып, студент «Шешуші емтихан тапсыру 

ережелерімен» танысуы тиіс, емтиханға қатысуға рұқсат етілген қағазға 

қол қойып, барлық талаптарды орындауға жекеше жауапты болуы тиіс. 

Студент емтиханға келмей қалған жағдайда, сол пән бойынша оған «F» 

(Fail) деген баға қойылады. 

Ал егер де емтиханға келмей қалған жағдайы себепті болып, ол құжат 

арқылы дәлелденген болса (ауырып қалса, жарақаттанса, ота жасалса), 

онда студент бір семестр бойына оқу үлгерімі бойынша жалпы қажетті 

баллдың 50%-ын жинағаны ескеріліп (30 баллдан кем емес), оған «I» 

(Incomplete) деген баға қойылады. 



60 балл 

30 балл

30 балл

40 балл

Қорытынды

емтихан

АғЫМДАғЫ ҮЛгЕРІМНІҢ 

ЕҢ жОғАРЫ БАғАСЫ: 

15-ші апта

8-ші апта

100 балл

13



GPA дегеніміз не?

GPA (grade point average) – университеттегі үлгерімнің негізгі көрсеткіші, 

яғни барлық оқыған пәндердің орташа бағасы.

GPA-дің ең жоғарғы көрсеткіші – 

4.0

. Сәйкесінше көрсеткіш 

3.0–3.3

 

балдан жоғары болса, жақсы көрсеткіш болып саналады. Ал одан төмен, 

яғни 

2.0

 болса, онда студент 

«тәуекел аймағына»

 түсіп қалады.  

GPA нәтижесі студенттің келесі курсқа өтуіне және мемлекеттік білім 

грантын сақтап қалуына негіз болып, кепілдік береді. Келесі оқу жылына 

көшіп, мемлекеттік білім грантын сақтап қалу үшін қажетті оқу үлгерімінің 

орташа төменгі балы (GPA) төмендегідей болу керек: :

1-ден 2-курсқа көшу үшін – 1.8  2-ден 3-курсқа көшу үшін – 2.0

3-тен 4-курсқа көшу үшін – 2.0

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

14



Білу маңызды:

Университеттің ішкі тәртіп ережелерін және жатақханада тұру тәртібін 

бұзған студенттердің мәселелерін Жылдам қызмет орталығы мен Базалық 

білім беру институтының деканаты бірлесе отырып қарастырады. 



Тәртіп бұзғаны үшін 

студенттерге төмендегідей 

әкімшілік-тәртіптік жаза 

қолданылады: 

ескерту

сөгіс жариялау

қатаң сөгіс жариялау

Университеттен шығару

Академиялық демалыс

Студент өзінің денсаулығына немесе бала тууға байланысты 

академиялық демалыс алуға құқылы. Академиялық демалыс қалалық 

студенттік емхананың дәрігерлік кеңес комиссиясының (ВКК) шешімі 

негізінде 6 айдан 12 айға дейін беріледі, өте сирек ерекше жағдайда – 

2 жылға дейін беріледі. Осы уақыт аралығында әр жыл сайын денсаулық 

жағдай туралы анықтама (№086) тапсырып тұру қажет.

Академиялық демалыс жөнінде толық ақпарат алу үшін Базалық білім 

беру институтының деканатына және университеттің медициналық 

орталығына (бас дәрігер С. Б. Базарбекова, КОҒ (МУК), каб. 6, 

тел. 292-57-80) жолығу керек. 

15



УНиВЕРСиТЕТ 

ЖАТАҚХАНАЛАРЫ



Университет жатақханалары төмендегі мекен-жайларда 

орналасқан:

1. №1, №2, №3, №4 жатақханалар – Сәтбаев көшесі, 22в

2.  №5 жатақхана – Төле би көшесі, 124

3.  Магистранттар мен докторанттар үйі – Қабанбай батыр көшесі, 117

4.  Жас ғалымдар үйі – Байтұрсынов көшесі, 147б.

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

16



Барлық жатақханалар қаланың ортасында орналасқан, яғни барлық 

мәдени және басқа да күнделікті қажетті орындар (дүкен, дәріхана, 

аурухана, кафе) жақын жерде орналасқан. 

Студенттік жатақханалар басқармасы сырттан келген 

студенттерді жатақханаларға орналастыру жұмыстарымен 

айналысады. жатақханадан орын алу үшін студент келесі 

қадамдарды жасау керек:

Университет сайтындағы (kb.kaznitu.kz) 

жеке кабинетіне кіру

«жатақхана қажет» пунктін таңдау

Мекенжай анықтамасын «Тұрғылықты жер» 



(место жительства) деген қосымшаға енгізу

1-2 жұмыс күндерінен кейін №1 жатақханаға 

(Төлқұжат үстелі, кіру – ғимараттың бүйірінен) 

барып, мекенжай анықтамасының негізгі 

нұсқасын және 3х4 суреттің 3 данасын тапсыру.

17



БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІ 

АТҚАРАТЫН ІСТЕР ТІЗІМІ  

Назар аУдар!

1. Студентке арналған анықтама-кітапшаны оқу  

2. ID-карта алу

3. Welcome Week кезінде шеберлік сағаттарына 

қатысып, дәрістер тыңдау

4. Математика және тілдерден диагностикалық 

тестті тапсыру. 

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

18



СТУДЕНТТІК 

ID-КАРТА

Университеттің оқу корпустарына тек қана 

ID-карталар арқылы кіруге болады. Бұл – 

Университет территориясына кіруге рұқсат 

беретін бірден-бір құжат, әрі оны студенттік 

билет ретінде де, кітапханадан оқулық алу үшін 

оқырман билеті ретінде де қолдануға болады. 

ID-картаны басқа тұлғаға беруге немесе 

басқа біреудің ID-картасын қолдануға тыйым 

салынады. Бұл ережені бұзғаны үшін студент 

тәртіптік жазаға тартылып, оған қатаң сөгіс 

жарияланады. 

19



СӘТБАЕВ УНиВЕРСиТЕТІНІҢ ИНСТИТУТТАРЫ 

А.МАШАНи атындағы БАЗАЛЫҚ 

БІЛІМ БЕРУ иНСТиТУТЫ

Институттың негізгі қызметі жалпы академиялық білім беруге, 

студенттер мен қызметкерлердің жоғары стандартты академиялық 

жетістіктерге жетуіне бағыт сілтеуге, кәсіби біліктіліктерін шыңдауға және 

инновациялық ой-өрісін дамытуға бағытталған. 

Институттың ең негізгі міндеттерінің бірі – студенттерге академиялық 

және мансап мәселелері жөнінен кеңес беру. Институт құрамында 

5 кафедра бар: «Математика»«Қоғамдық пәндер»«Ағылшын тілі»



«Қазақ және орыс тілдері» мен «Дене шынықтыру» кафедралары.

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

20



Қ.ТҰРЫСОВ атындағы  гЕОЛОгия және 

МҰНАЙ-гАЗ ІСІ иНСТиТУТЫ

Институт пайдалы қазбаларды іздеу мен геофизикалық 

мәліметтерді өңдеу саласында қазіргі заманғы әдістер 

мен тәсілдерді жақсы меңгерген геолог-мамандар 

мен мұнайшыларды даярлайды. Түлектер тау-кен және 

мұнай геологиясы, геофизика, гидрогеология және 

бұрғылау саласының мамандары болып шығады. 

Ө.БАЙҚОҢЫРОВ атындағы 

ТАУ-КЕН-МЕТАЛЛУРгия иНСТиТУТЫ

Институт тау-кен ісі, металлургия, геодезия, пайдалы 

қазбаларды байыту саласына және технологиялық 

машиналар мен жабдықтарда жұмыс жасай алатын 

мамандарды даярлайды. Тау-кен ісі саласына қажетті 

мамандарды оқытып даярлау дүниежүзілік ең озық 

тәжірибелер мен соңғы ғылыми жетістіктерге сүйене 

отырып, шетелдік әдістер негізінде жүргізіледі. 



Ә.БҮРКІТБАЕВ атындағы 

ӨНЕРКӘСІПТІК иНжЕНЕРия иНСТиТУТЫ

Институт республикамыздың көптеген өнеркәсіп 

орындары үшін машина жасау саласына қажетті 

мамандарды даярлайды: машина жасау, аспап жасау, 

мұнай-газ химиясының салалары, станок жасау, 

робототехника, көлік құралдары, автомобильді және 

тракторлы машина жасау. Сонымен қатар техникалық 

жүйелер сенімді әрі мықты болуын, қолданыста олардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандарды даярлайды.

21



АҚПАРАТТЫҚ жӘНЕ ТЕЛЕКОММУНиКАцияЛЫҚ 

ТЕХНОЛОгияЛАР иНСТиТУТЫ

Институт экономиканың ақпараттық-коммуникациялық секторына 

қажетті ІТ-мамандарын даярлайды, атап айтқанда, ақпараттық 

қауіпсіздік, басқарудың автоматтандырылған жүйесі, мәліметтерді өңдеу, 

бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету саласына мамандар 

даярлайды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар – 

ғылым, техника мен технологиялар дамуының басты бағыттарының бірі 

болып саналып, үнемі мемлекеттік бағдарламалармен қолдау табады.



БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

22



Т.БӘСЕНОВ атындағы 

СӘУЛЕТ жӘНЕ ҚҰРЫЛЫС иНСТиТУТЫ

Институт Қазақстан құрылысына таңдаулы мамандар даярлайды. 

Студенттер сәулет, қала құрылысының дизайны, құрылыс, құрылыс 

материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру, инженерлік 

желілер мен жүйелер және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында тереңірек 

білім алады. Институт қызметі құрылысқа жаңашыл дәстүрлерді енгізуге 

бағытталған және ол ВІМ-технологиясы жөнінен Қазақстандағы 

алдыңғы қатарлы бастамашылардың бірі болып табылады. Студенттер 

халықаралық және отандық байқауларға үнемі қатысып, жүлделі 

орындарды жеңіп алады. 

 

ХиМия жӘНЕ БиОЛОгияЛЫҚ ТЕХНОЛОгияЛАР иНСТиТУТЫ

Институт химиялық инженерия саласындағы жаңа бағыттарға бет 

бұрып, қазіргі заманғы нарық сұранысына сай химик-технологтарды, 

инженерлік-техникалық мамандарды даярлайды, келешекте олар 

ірі-ірі химиялық өнеркәсіп орындары мен бизнес құрылымдарда 

алдыңғы қатарлы мамандар болып шығады. Институттың студенттері 

мен оқытушылары халықаралық Tempus, Erasmus, Newton-al-Farabi 

бағдарламаларына қатысып, Ұлыбританияда тілдік тағылымдамадан 

өтеді, сондай-ақ басқа да шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен 

серіктес өнеркәсіп орындарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

23



Е. ТҮРКЕБАЕВ атындағы 

жОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ иНСТиТУТЫ

Институт жобалау менеджментінің әртүрлі саласындағы өте күрделі 

жобаларды басқара алатын, сұранысқа ие кәсіби менеджерлер мен 

басшыларды даярлайды.

Мамандарды даярлау сертификатталған магистерлік және докторлық 

бағдарламалар арқылы жүзеге асады. Институт – Пенсильваниядағы 

(АҚШ) Project Management Institute, PMI® Жобаларды басқару институты 

білім беру бағдарламаларының ресми түрде тіркелген провайдері болып 

саналады.

ӘСКЕРи ІС иНСТиТУТЫ 

Әскери істер институты (әскери кафедра) студенттер арасында запастағы 

офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық жүргізеді. Мұнда 

студенттер негізгі мамандығымен қатар, әскери дайындықтан да өтіп, 

екінші (әскери) диплом алып шығады деп айтуға болады. Яғни, Сәтбаев 

университетін бітіргеннен кейін түлектер Қазақстан Республикасының 

қарулы күштері құрамында да қызмет етуге мүмкіндік алады.  

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

24



ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ иНСТиТУТЫ 

Сәтбаев Университеті интернет көмегі арқылы қашықтықтан білім 

алуға мүмкіндік береді. Оқу үрдісі бір-бірінен алыстағы оқытушы мен 

студенттің өзара байланысып, іс-әрекет етуі арқылы жүзеге асады. Сіз 

дүние жүзінің қай түкпірінде жүрсеңіз де, Сәтбаев Университетінде оқып, 

білім алуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сізге керегі – тек компьютер мен 

интернет қана!

25



СТУДЕНТТІК 

ҰЙЫМДАР


Студентттік өмір – шығармашылық тұрғыда ашылуға әрі 

дамуға өте ыңғайлы кезең. Оның үстіне дәл осы кез пайдалы 

тәжірибе жинауға да тамаша мүмкіндіктер береді. Мұның бәріне 

студенттік ұйымдарға қатыса отырып, қол жеткізуге болады. Бұл 

орайда университетте әртүрлі бағыттағы көптеген студенттік 

ұйымдар мен клубтар жұмыс істейді. Олардың ортақ мақсаты – 

университет өмірін жандандыру мен студенттік өмірлерін естен 

кетпейтіндей етіп өткізу. Сондықтан да жыл сайын қыркүйек 

айында дәстүрлі «Студенттік қауымдастықтар жәрмеңкесі» 

өткізіледі. Оған бойында таланты мен дарыны бар кез келген 

студент қатысып, өзіне ұнайтын ұйымға мүшелікке өте алады.  

26

ПУТЕВОДиТЕЛЬ ПЕРВОКУРСНиКА  




ЕРІКТІЛЕР (Волонтерлар) ЛигАСЫ 

«Волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының бөлімшесі – жағдайлары төмен, 

кіріптар жандарға көмек қолын созуға дайын, мүдделері мен ниеттері сәйкес 

келетін адамдарды біріктіретін қоғамдық қор. Сәтбаев университетінің 

аталмыш қоры әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға жиі қатысады: олар 

қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы ақпараттар таратады, қоғамдық 

акциялар өткізеді, семинарлар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырады.  

ПІКІРСАЙЫС (Дебат) КЛУБТАРЫ

Сәтбаев университетінде екі пікірсайыс клубы жұмыс істейді: Technokrat 

және Intellectual Debate Club. Technokrat клубы қазақ тілінде таза 

сөйлейтін студенттерге арналған. Ал Intellectual Debate Club – Алматы 

қаласында құрылған алғашқы пікірсайыс клубтарының бірі, оның 

15 жылдық тарихы бар. Алматы және Астана қалаларында өтетін барлық 

пікірсайыстар турниріне қатысады. 2015 жылы «жаңашылдар лигасы» 

турнирінің кубогын жеңіп алды, «Бэта-лига-2016» турнирінде жеңіске 

жетіп, «Фантазия турнирі» кубогымен марапатталды. 

ENACTUS

Бизнесті дамытуға, студенттерді бизнеске баулуға бағытталған 

Коммерциялық емес халықаралық ірі ұйым. Сәтбаев университетіндегі 

бұл қауымдастықтың мүшелері әлеуметтік тақырыптағы өз жобаларын алға 

тартып, адам өмірін жақсартуға, сапасын арттыруға атсалысады. Әр команда 

өздеріне керегінше жоба таңдап алып, оның бағыты мен іске асыру мерзімін 

өздері бекітеді. Бұл орайда оларға кураторлары мен бизнес мамандары 

(кәсіпкерлер мен ірі компанияның топ-менеджерлері) кеңес береді.   



Society of Automotive Engineers (SAE)

SAE – болашақ инженер мамандарға арналған клуб, мұнда студенттер 

инженерия мен жобалау саласында өз білімдері мен тәжірибелерін 

ортаға салады. Бұл күнде оның құрамында дүние жүзінің 97 

мемлекетінен 121 000-нан астам мүшелері бар. Қауымдастық кәсіби 

тұрғыда дамуға толық әрі жан-жақты қолдау көрсетіп, үнемі семинарлар, 

симпозиумдар мен электронды түрде оқу өткізіп тұрады. 

American Association of Petroleum Geologists (AAPG)

Бұл – дүние жүзіндегі геолог мамандар бірлескен ең ірі кәсіби 

қауымдастық. Ол ассоциация ретінде 1917 жылы құрылып, содан 

бері геология ғылымын дамытуға, әсіресе мұнай, табиғи газ және 

басқа да минералды ресурстарды өндіру саласына атсалысып 

келеді. Университеттегі бұл қауымдастықтың мүшелері геология 

саласы бойынша терең білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен 

шұғылданады. 

27



Society of Petroleum Engineers (SPE) 

Бұл – мұнай өнеркәсібіне қарасты техникалық мамандарды біріктіретін 

халықаралық коммерциялық емес кәсіби ұйым. Студенттер тек ғылыми 

жұмыстармен шұғылданып қоймай, сонымен қатар әртүрлі ғылыми-

практикалық конференцияларға, жобалар байқауына, интеллектуалды 

ойындар мен бағдарламаларға қатысады. Мұнда сондай-ақ ораторлық 

дарынды арттыруға, ағылшын тілін жетілдіруге арналған үйірмелер де бар. 

Student Professional Development Program (SPDP)

Топтық жобаларға қатыстыру арқылы мамандардың кәсіби біліктілігін 

арттыруға (белсенділік, коммуникация, сыни көзқарас, эмоциялық 

зерделеу), әртүрлі саладағы алдыңғы қатарлы  тәжірибелі мамандардан 

білім алып, машықтануға бағытталған бағдарлама. 

BE SMART in BUSINESS

«Be Smart In Business» ұйымы – бұл жоғары дарынды студенттер мен 

алдыңғы қатарлы үздік жұмысшы берушілердің кездесетін алаңы. 

Мұнда студенттер тәжірибе жинақтап, өздеріне ыңғайлы жұмыс орнын 

таңдайтын болса, компаниялар да өздеріне қажетті білікті мамандарды 

таңдап алады. Бағдарлама аясында студенттер қазіргі заманғы биік 

мансаптылыққа сәтті түрде қол жеткізудің жолдарын үйреніп шығады.   

PICK & CLICK

Фотосуретке түсіру мен бейнебаян жазуға ынтасы бар студенттер 

алаңында тәжірибелі фотограф-мамандар шығармашылықтарымен 

бөлісіп, шеберліктерінің қыр-сырын үйретеді. Олар студенттерге 

дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, білікті маман болып шығуға көмектеседі. 

Университет қабырғасында өтетін кез-келген іс-шараның басы-қасында 

үнемі фотосуретшілер жүріп, тамаша сәттерді тарихта қалдыратыны 

белгілі.


ӘНШІЛЕР МЕН МУЗЫКАНТТАР КЛУБЫ

Музыкадан хабары бар, әнге құмар жандар осы тамаша алаңға 

жиналады. Олар бір-бірімен үнемі ыстық ықылас пен достық қарым-

қатынаста араласып тұрады. Студенттік хор мен оркестрдің тарихы сонау 

1934 жылдан бастау алады. Клуб мүшелері – республикалық музыкалық 

байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары. Сондай-ақ клуб жанынан 

«The Fake» аспапты тобы мен «КВАРТЕТ» ансамблі құрылған. 

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

28



СПОРТКЛУБ

Университет алғашқы құрылған күннен бастап-ақ спортклуб жұмыс 

жасап келеді. Мұнда талай-талай спортсмендер үлкен спортқа жолдама 

алған. Қазіргі таңда Сәтбаев университетінің спортклубында бірнеше 

секциялар бар. Атап айтқанда: волейбол, баскетбол, футбол, 

мас-рестлинг, арм-рестлинг, шахмат, тоғыз құмалақ, күрес, 

эстетикалық гимнастика

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту мақсатында 

университет қызметкерлері үшін спортклубта фитнеспен айналысу 

сағаттары ұйымдастырылған. 



Біле жүру маңызды:

Сіз өз қабілетіңіз бен дарындылығыңызқа қарай қауымдастық құруға 

құқығыңыз бар. Осы орайда сұрақтар туындаға болса, Базалық білім 

беру институтының деканатына (ГУК, 616-каб.) жолығыңыз.

29



Барлық мамандықтардың 1-курс 

студенттеріне арналған тілдер 

мен математика бойынша 

диагностикалық тестілеу 

1-курс студенттеріне арналған 

бейімділік аптасы 

Құрбан айт (демалыс)

1-курс студенттері үшін 2018–2019 

оқу жылының күзгі семестріне 

арналған сабақ кестесін құрастыру

1-курс студенттері үшін күзгі 

семестр пәндері бойынша 

теориялық курстардың басталуы 

Кештеу тіркелу мерзімі 

(ақылы тіркелу)

Қазақстан Республикасы 

Конституциясының күні

Пәннен тегін түрде ажырату 

мерзімі (“W”)

Қазақстан Республикасының 

Тұңғыш Президенті күні 

Күзгі семестрдің емтихан 

сессиясы (2 апта)

2018–2019 ОҚУ жЫЛЫНА АРНАЛғАН 

АКАДЕМияЛЫҚ КҮНТІЗБЕ 

2018–2019 оқу жылы бакалавриат бағдарламасы бойынша 1-курстарға арналған 

аКадЕМИЯЛЫҚ КҮНТІзБЕ 

2018–2019 ОҚУ жЫЛЫНЫҢ КҮЗгІ СЕМЕСТРІ

2 шілде – 31 тамыз, 2018 ж.

20 – 25 тамыз, 2018 ж.

21 тамыз, 2018 ж.

25 тамызға дейін, 2018 ж..

27 тамыз 2018 ж.

27 тамыз – 1 қыркүйек, 2018 ж.

30 тамыз, 2018 ж.

20 тамыз – 14 қыркүйек, 2018 ж.

1 желтоқсан, 2018 ж.

2 – 15 желтоқсан, 2018 ж. 

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

30



2017–2018 ОҚУ жЫЛЫНЫҢ 

КӨКТЕМгІ СЕМЕСТРІ

2018–2019 оқу жылы күзгі семестр 

емтихандарының нәтижесін 

апелляциядан өткізу мерзімі

Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің күні

Студенттерді 2018-2019 оқу 

жылының көктемгі семестрі 

пәндеріне тіркеу және сабақ 

кестесін құрастыру 

Қысқы демалыстар (оқуға 

қайтадан қабылдау және басқа 

жаққа ауысу мерзімі)

Көктемгі семестр пәндері бойынша 

теориялық курстардың басталуы

Қайта тіркеу мерзімі 

(Add/Drop аптасы). ИУП түзету

Кештеу тіркелу мерзімі 

(ақылы тіркелу)

Студенттердің ИУП-тарына қол қою 

Пәннен тегін түрде ажырату 

мерзімі (“W”)

Емтихан нәтижесі: 7 күн аралығында

Аппеляцияға тапсырыс: емтихан 

нәтижелері жарияланғаннан кейін 

1 жұмыс күнінен кешіктірмей беру 

керек;

16-17 желтоқсан, 2018 ж.



15 – 31 желтоқсан, 2018 ж.

18 желтоқсан 2018 ж. – 13 қаңтар 

2019 ж.

14 қаңтар, 2019 ж.



14 – 19 қаңтар, 2019 ж.

21 – 26 қаңтар, 2019 ж.

2 ақпанға дейін, 2019 ж.

14 қаңтар – 8 ақпан, 2019 ж.

31



2019-2020 оқу жылының күзгі 

және көктемгі семестрі пәндеріне 

жылдық тіркеуден өту. Оқытушыны 

таңдамай-ақ білім алу алаңын 

құрастыру.   

Бірінші аттестациялық апта 

(семестрдің 8-аптасы)

Халықаралық әйелдер күні

Наурыз мейрамы

Қ.И. Сәтбаевтың туған күні

Екінші аттестациялық апта 

(семестрдің 15-аптасы)

Көктемгі семестрдің теориялық 

курстарының аяқталуы 

Көктемгі семестрдің емтихан 

сессиясы


2018–2019 оқу жылы көктемгі 

семестрінің емтихандары 

нәтижесін апелляциялау мерзімі

Қазақстан халықтарының

бірлігі күні 

Қазақстан Отан 

қорғаушыларының күні 

Жеңіс күні 

1 ақпан – 31 наурыз, 2019 ж.

4 – 9 наурыз, 2019 ж.

8 наурыз, 2019 ж.

21 – 23 наурыз, 2019 ж.

12 сәуір, 2019 ж.

22 – 27 сәуір, 2019 ж.

27 сәуір, 2019 ж.

28 сәуір – 18 мамыр, 2019 ж.

Тапсырыс: емтихан нәтижелері 

жарияланғаннан кейін 1 жұмыс 

күнінен кешіктірмей беру керек;

1  мамыр,  2019  ж.                                                                                                                                       

7 мамыр, 2019 ж.

 

9 мамыр, 2019 ж.



БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

32



Жазғы семестр пәндеріне тіркелу 

(3 апта)


1-курс студенттері үшін оқу және 

өндірістік практика (қорғауды 

қосқанда 2 апта, танысу апталығы)

Жазғы семестр:

Модуль (10 кредиттен көп емес) 

(емтиханды қосқанда 7 апта)

Астана күні

Жазғы демалыстар (оқуға 

қайтадан қабылдау және басқа 

жаққа ауысу мерзімі): 1 жыл оқу 

үрдісі – 13 апта

Сабақ кестесін құрастыру және 

студенттердің ИУП түзету 

13 мамыр – 1 маусым, 2019 ж.  

20 мамыр – 1 маусым, 2019 ж.

10 маусым – 26 шілде, 2019 ж.

21 – 26 шілде, 2019 ж.

6 шілде, 2019 ж.

.

2 шілде – 18 тамыз, 2019 ж.



1 тамыздан бастап,  2019 ж.

33



СТУДЕНТТІК ЖУРНАЛЫ

«UNIQUM » журналында Сәтбаев 

Университетінің студенттік 

өмірі суреттеледі. Журналда 

жарияланатын материалдар – 

университетте, қаламызда, тіпті 

тұтастай елімізде өтетін әртүрлі 

іс-шаралар туралы ақпараттар; 

мәдени және ғылыми жаңалықтар; 

адамдардың өмірі жайлы, бизнес 

пен шығармашылық тақырыбында 

жазылған көптеген мақалалар 

белсенді де саналы жастардың 

көңілінен шығатынына сенімдіміз. 

Сондай-ақ, журнал беттерінде 

университеттің қоғамдық және 

инновациялық дамуы жайлы 

студенттерге қажетті материалдар 

да жарияланып тұрады.  



Басылым тілі: қазақ, орыс, 

ағылшын.

UNIQUM SU

 «UNIQUM » журналының немесе журнал сайтының қонағы, әлде авторы 

болғыңыз келе ме? Тамаша мүмкіндік бар!

Ол үшін satbayev.magazine@gmail.com сайтына хат жазыңыз! 



Редакция алқасы барлық хаттарды мұқият оқып шығады. 

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

34



САБАҚ КЕСТЕСІ ЖӘНЕ ПОРТАЛ

Білім беру порталы – студенттерге, оқытушылар мен ата-аналарға, 

жұмыс берушілер мен Университет басшылығына арналған Интернеттегі 

жұмыс алаңы. Портал пәндердің электрондық оқу материалдарына, 

жұмыс оқу жоспары мен жеке жоспарларға (РУП және ИУП), сабақ 

кестесі мен емтихан кестелеріне, эдвайзерлер мен жұмыс берушілер 

жайлы ақпаратқа студенттер мен оқытушылардың қол жеткізуіне 

мүмкіндік береді. Ата-аналар студенттердің жеткен жетістіктерімен 

танысуға, ал жұмыс берушілер кәсіби жас мамандарды іздеуге мүмкіндік 

алады.   

35



ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

Сәтбаев Университетінің ғылыми кітапханасы – ҚР жоғары оқу 

орындарының кітапханалары ішіндегі ең ірісі. Оның қорында 2 

миллионнан астам кітап, соның ішінде XVI–XIX ғасырларда жарық көрген 

көркем әдебиеттің өте сирек кездесетін тамаша үлгілері сақталған. 

Ғылыми кітапханада қызмет көрсететін 14 бөлімше: 8 абонемент және 

6 оқу залы бар. Кітапхана қоры жаңа оқулықтармен, басылымдармен 

үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. 500-ден астам мерзімді 

басылымдардың электрондық және баспалық форматына жазылу 

жүргізіледі. Кітапхана өз байланыс аясын кеңейтіп, шетелдік  және ТМД 

елдерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары кітапханаларымен 

кітап алмастырып отырады. Электрондық кітапхана жүйесін іске қосу 

жұмысы 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді, оның көлемінде 18 000-нан 

астам құжат бар.



БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

36



1-ҚАБАТ

Төменгі курс студенттеріне арналған 

орыс тіліндегі әдебиеттер абонементі 

Қызметкерлер, докторанттар мен 

магистранттар және жоғары  курс 

студенттеріне арналған орыс тіліндегі 

әдебиеттер абонементі

Ғылыми әдебиет абонементі 

Көркем әдебиет абонементі 

Сирек кездесетін кітаптар мен 

диссертацияларды оқу залы 

Мерзімді басылымдарды оқу залы 

 

2-ҚАБАТ

Төменгі курс студенттеріне арналған 

қазақ тіліндегі әдебиеттер абонементі 

Қызметкерлер, докторанттар мен 

магистранттар және жоғары  курс 

студенттеріне арналған қазақ  тіліндегі 

әдебиеттер абонементі

ИиТТ абонементі

Шетел әдебиетінің абонементі 

Оқу залы


Оқу залы

Оқу залы


Электрондық ресурсар залы

 

266

271

264

270

268

273

269

265

№ 

КАБ.

187

174

172

183

177

176

Сенбі

Дүйсенбі – жұма

8.30 – 17.30



13.00 – 14.00 

(үзіліс)

 8.30- 20.00 



(үзіліссіз)

8.30 – 17.30

13.00 – 14.00 

(үзіліс)

8.30 – 20.00 



(үзіліссіз)

10.00 – 17.00

Сенбі – демалыс 

Сенбі – демалыс 

10.00 – 17.00

АБОНЕМЕНТТЕР, ОҚУ ЗАЛДАРЫ, 

БӨЛІМДЕР

ғЫЛЫМи КІТАПХАНАНЫҢ АБОНЕМЕНТ жӘНЕ ОҚУ ЗАЛДАРЫНЫҢ 

МЕКЕНжАЙЫ МЕН КҮН ТӘРТІБІ

ғЫЛЫМи КІТАПХАНА ТАУ-КЕН-МЕТАЛЛУРгия ғиМАРАТЫНДА (гМК) ОРНАЛАСҚАН.

37



«TECHNOPOLIS POLITECH» 

ТЕХНОПАРКІ

«Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» акционерлік қоғамы 2004 

жылы ғылымды қажет ететін технологияларды динамикалық түрде 

дамытуды, ғылыми-техникалық және технологиялық зерттеулерді 

өндіріске енгізуді ұйымдастыру үшін құрылған. Ол Университет 

территориясында орналасқан. Технопарк ғылыми жобалармен 

айналысатын командаларды қалыптастырып, олардың жұмыла еңбек 

етуіне септігін тигізеді, ұжымдық бизнес-құрылымдарға, стартаптарға 

зерттеу алаңдарын, қажетті компьютерлік техника мен интернет 

ресурстарын ұсынады. Ғылыммен тереңірек айналысқысы келетін 

жандарға Technopolis Politech әрқашан ашық.



ТӘжІРиБЕЛІК-КОНСТРУКТОРЛЫҚ БюРО FABLAB

FABLAB өндірістік зертханасы соңғы шыққан жоғары дәлдікті, 

электронды аппаратурада күрделі құрал-жабдықтар мен теңдесі жоқ 

тамаша бұйымдарды жасау жөнінде қызмет көрсетеді. Онда орнатылған 

3D-баспасының материалдық-техникалық базасы ең қысқа мерзімде 

3D-модельдерді, әртүрлі үлгілердегі бұйымдар мен ойыншықтарды, 

кәдесыйларды жасап шығарады. 



БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

38



МЕДПУНКТ 

Сәтбаев Университетінің дәрігерлік пунктінде студенттерге алғашқы 

дәрігерлік көмек бюджет есебіне тегін түрде көрсетіледі. Әсіресе 

алдын ала ем-дом жүргізу шараларына баса назар аударылады.  

Сонымен қатар кепілдікті медициналық көмек беру шаралары аясында 

студенттерге де, қызметкерлерге де диагностикалық және емдік 

медициналық қызметтер тегін түрде көрсетіледі.

Дәрігерлік пункт Кіші оқу ғимаратында орналасқан (МУК), 

Сәтбаев көшесі, 22А (Сейфуллин көшесінің бұрышы), 

тел.: 8 (727) 311-51-16 (тіркеу); 8 (727) 257-71-80.

циФРЛЫҚ ТЕХНиКА жӘНЕ ТЕХНОЛОгияЛАР иНСТиТУТЫ

Цифрлық техника және технологиялар институты – Сәтбаев Универ–

ситетінің еншілес кәсіпорны. Институттың ұжымы өнеркәсіптік авто–

маттандыру және цифрлау саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.



Негізгі қызмет түрлері:

Бағдарламалық жасақтама әзірлеу 

деректер мен бизнес-процестерді талдау 

Конструктор бюросы және машина жасау 

Мамандықты арттыру орталығы 

Машиналық бағдарламалау орталығы (Жасанды интеллект) 

Үлкен деректер жиынтығын өңдеу (Суперкомпьютер)

39



АКАДЕМияЛЫҚ МОБИЛьДІЛІК

жоғары білім берудің интернационалдандыру белгілері - 

студенттер мен мұғалімдердің жаппай мобильділігі мен шет 

тілдерін меңгеру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2011 жылдан бастап 

Сәтпаев Университеті студенттер мен магистранттардың АҚШ және 

ЕО-да академиялық мобильділікті сәтті жүзеге асырады.

Академиялық мобильділік – студенттің немесе қызметкердің жеке 

немесе бірлескен білім беру/зерттеу бағдарламасының бөлігі ретінде 

белгілі бір мерзімге басқа оқу орнына немесе ғылыми мекемеге 

(туған елінде немесе шетелде) ауыстырылуы. Осы жағдайда оқылған 

программалар өз университетінде кредит ретінде қайта есептелінеді. 

Бағдарламаға қатысу – бұл шетелде білім алудың ерекше мүмкіндігі. 

Академиялық мобильділік Университет студенттеріне шетелдегі 

серіктес жоғары оқу орындарында оқу және үлкен өмір тәжірибесін алу 

мүмкіндігін береді.

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

42



SATBAYEV UNIVERSITY-нің фирмалық дүкені

Қазақстанның байырғы техникалық жоғары оқу орнының 

бренд дүкені  Бас оқу ғимаратының бірінші қабатында 

орналасқан. Дүкенде университеттің бейнелемесі бар киімдер 

мен кәдесыйлар сатылады. Бренд дүкен оқытушылар мен 

докторанттарға былғары мұқабаның іш жағында  конверті бар 

блокноттар, ал студенттерге флешкалар, ашық түсті бүрмелі 

ұзын әрі кең жейде, бас киім ұсынады. Ұйымдастырушылардың 

болашақ жоспарлары -  өзгеше әрі заманауи сыйлықтар 

әзірлеу және  Satbayev University-нің  ерекше атмосферасы 

бар кеңістігін құру.

Тел: 8 (727) 257-70-54

БІРІНШІ КУРСТАРғА АРНАЛғАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

46



БАЙЛАНЫСТАР

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор:

РИНАТ МАРАТОВИч ИСКАКОВ



Директор: 

АЙГУЛь САПАРБЕКОВНА САРЕНОВА 



Директордың орынбасары: 

АКМАРАЛ БАТЫРГАЛИЕВНА БИГАЛИЕВА 



 «Ағылшын тілі» кафедрасы

«Қоғамдық пәндер» кафедрасы

«Дене шынықтыру» кафедрасы

«Математика» кафедрасы

«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы

Call center (анықтама алу)

Халықаралық ынтымақтастық 

департаменті 

ИСАЕВА АЙНҰР МИРАМБЕКҚЫЗЫ 

 

Студенттермен қаржылық жұмыс 

жүргізу бөлімі

СЕРІКБАЕВА ГҮЛМИРА ЕРКЕБАЕВНА

 

Студенттік жатақханалар басқармасы

СТАНБЕКОВА ЛӘЗЗАТ ТөЛЕУБЕКОВНА



Студенттік мәселелер жөніндегі департамент 

КЕЛьТЕНОВ РАФИК ТҰРЛЫБЕКОВИч



Әскери тіркеу секторы

ЗУЕВА ОКСАНА ВИКТОРОВНА

Қабылдау бөлмесі  

+7 (727) 257 71 32,

Кабинет 615 ГУК

Қабылдау бөлмесі  

+7 (727) 292 43 06,,

Кабинет 616 ГУК

+7 (727) 257-73-80,

Кабинет 821, 823 ГУК

+7(727) 257-71-95,

Кабинет 812, 817  ГУК

+7(727) 257-71-85,

Кабинет 102 ГМК

+7 (727) 257-71-93,

Кабинет 810 ГУК

+7(727) 257-70-97,

Кабинет 512 ГУК

+7 (727) 257 71 16

кеңсе-тіркеуші №3

+7 (727) 257- 70-19,

Кабинет 903 НК

+7 (727) 257-70-29,

Кабинет 217 НК

+7 (727) 257-71-43,

№ 1 жатақхана

+7 (727) 257-70-28,

Кабинет 504 НК

+7 (727) 292 77 97,

Кабинет 339 ГУК



А.МАШАНи АТЫНДАғЫ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ иНСТиТУТЫ

Қабылдау бөлмесі  

+7 (727) 257-71-04,

Кабинет 407 НК

r.iskakov@kaznitu.kz

asarenova.kaznitu@gmail.com

ibo.mashani@gmail.com

eld.satbayev@gmail.com

socialstud.dep@gmail.com

talapkz67@mail.ru

kafedra-matematika@mail.ru

qaz.rus.departament@gmail.com



УНиВЕРСиТЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

40



ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

satbayev.university/ru – Университеттің ресми веб-сайты.

vk.com/satbayevuniversity – vk әлеуметтік желісіндегі ресми бет.

www.facebook.com/satbayevuniversity – fb желісіндегі ресми топ.

www.youtube.com/user/TheKazntu/featured-тегі ресми канал.

uniqum.satbayev.university – UNIQUM SU  студенттік журналының 

ресми сайты.  Журнал университет брендтерін жарнамалап, студенттік 

өмірді суреттейді.  

sutto.weebly.com – Сәтбаев Университеті коммерциализациялау 

кеңсесінің ресми сайты. Сайттан осы кеңсенің қызметі жайлы, өткізілетін 

тренингтер мен шеберлік сағаттары жайлы толық ақпарат жинап, жеке 

стартап жобасын жасау жөнінде пайдалы кеңес алуға болады.             



coursera.org – дүние жүзілік университеттер мен білім беру 

орталықтарының қашықтықтан білім беру жөніндегі онлайн-курстарының 

каталогы. Осы жерде арнайы сертификаттар мен куәліктер алуға 

мүмкіндік бар.    

41



ТЕРМиНДЕР СөЗДІГІ

Апелляция – студенттің емтихан тапсыруына кедергі келтірген 

кемшіліктері мен кеткен қателіктері жөнінде, сондай-ақ емтихан 

бағаларына қанағаттанбайтындығы жөнінде жазылған жазбаша өтініш.  

иУП (жеке оқу жоспары – индивидуальный учебный план) – 

академиялық оқу мерзімінде белгілі бір студенттің РУП (жұмыс оқу 



жоспары – рабочий учебный план)  бойынша өзі құрастыратын және 

оқу бағытын анықтайтын құжат, оған оқу пәндерінің тізімі мен таңдап 

алынған кредиттер саны кіреді.  

Add/Drop аптасы – оқу мерзімінің алғашқы аптасы, студент бір пәннен 

өзіне қажетті екінші бір пәнге ерікті түрде ауыса алатын, сонымен қатар, 

пәннің оқу тілін ауыстырып, сабақ кестесіне өзгерістер еңгізе алатын 

кезең.


Тіркеуші кеңсе (Офис регистратора (ОР) – студенттердің оқудағы 

жетістіктерін қадағалап, білімдерін тексеру үшін әртүрлі іс-шараларды 

ұйымдастыру жөнінде академиялық қызмет көрсетуші ұйым. Тіркеуші 

кеңсе студенттің білімі туралы транскрипт жүргізеді, оның бір 

мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы, бір оқу түрінен басқа оқу 

түріне ауысуы, сондай-ақ кез келген себептермен оқудан шығып кеткен 

студенттерді қайтадан қабылдау жұмыстарымен айналысады.  

Кеңсе-сағат (офис-час) – сабақтан тыс уақытта пән бойынша 

оқытушыдан қосымша консультация алу, түсінбеген тақырыптарды 

талқылауға арналған уақыт.

Пререквизиттер – белгілі бір пәнді толық меңгеру үшін қажетті 

тәжірибе жинақтауға арналған пәндер (оларды осы пәннен бұрын оқу 



қажет).

Постреквизиттер – белгілі бір пәнді меңгеру үшін тәжірибе жинақтауға 

арналып оқытылатын белгілі бір пәндер (олар осы пәнді толық меңгер–



геннен кейін оқытылады).

БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

44



Retake – белгілі бір пәннің қортынды бағасы «қанағаттанғысыз» («F» - fail) 

болған жағдайдағы сол пәнді қайтадан оқуы . Қайтадан оқу тек қана 

ақылы түрде жүзеге асырылады.

Шектік бақылау (рубежный контроль (аттестация) – оқу пәнінің 

белгілі бір бөлімін бітіргеннен кейін студенттердің білімін тексеру 

шарасы. Оны сол пәннің оқытушысы оқу мерзімінің 8-ші және 

15-аптасында өткізеді. 



жұмыс оқу жоспары (РУП-рабочий учебный план) – міндетті түрдегі 

және қосымша оқу дисциплиналардың кредит саны, дисциплиналардың 

оқу реттілігі, бақылау мен оқу түрлерінің толық тізімі көрсетілген құжат

Силлабус – курстың қысқаша анықтамасы, алдағы міндеттер мен 

тапсырмалар тізімі көрсетілген пән бағдарламасы. Сонымен қатар 

бұл құжатта студенттің пәнді оқып шыққаннан кейін алатын білім 

мен тәжірибе деңгейі, әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы, өздік 

жұмыстың тапсырмалары, кеңес сағат уақыты, оқытушының талаптары, 

білімен бағалау критерийлері, тапсырмаларды тапсыру кестесі мен 

қолданылатын әдебиет тізімі көрсетіледі.

Транскрипт – студенттің оқу үлгерімі жағдайын толық анықтайтын 

құжат. Басшылардың қолы қойылып, мөр басылған осындай ресми 

құжатты тек Тіркеуші кеңседегі (ОР) №1 және №7 терезеден алуға 

болады.  



Эдвайзер – студентке академиялық сұрақтар жөнінде кеңес беретін 

оқытушы.  Ол студенттерге оқу алаңының әртүрлі мүмкіндіктері жайлы, 

курстардың мазмұны мен маңыздылығы жайлы айтады.

45



I love

I

SATBAYEV UNIVERSITY



БІРІНШІ КУРСТАРҒА АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА-КІТАПША 

48

жүктеу 24,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау