20
2) Егер су онша ыстық болмаса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен
емес бұрышпен оңға бұру қажет.
3) Егер су жылы болса, онда ыстық су кранының вентилін қозғалыссыз
қалдырамыз.
4) Егер су салқын болса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен емес
бұрышпен солға бұру қажет.
5) Егер су суық болса, онда ыстық су кранының вентилін үлкен
бұрышпен солға бұру қажет.
Бұл ақпарат айқындалмаған шығыс жүйесінің ережелер базасын құру
кезінде қолданылатын болады, ол берілген айқындалмаған басқару моделін
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қойылған тапсырманы шешу үшін міндетті
түрде: айқындалмаған лингвистикалық ережелердің қорын құру, кіріс
айнымалыларының
фаззификациясын
және
айқындалмаған
өнім
ережелеріндегі белдендіруді құру қажет. Айқындалмаған өнім ережелерінің
нәтижелерін аккумуляциялауды міндетті түрде 2 және 3 ережелерге арналған
max-дизъюнкция амалдарын қолдану арқылы ал дефаззификацияны шығыс
«Кран вентилін бұру бұрышы» лингвистикалық айнымалысын – ауырлық
ортасы әдісімен жүргізу қажет.
23 нұсқа
1. Контейнерлік жүккөтергішпен басқарудың айқын емес моделін
зерттеу және өңдеу
Бұл жұмыста теңіз флотындағы жүктеу жұмыстарын орындаудағы
көпшығыршықты контейнерлерді тасымалдауға арналған контейнерлік
жүккөтергішпен айқын емес басқару жүйелік үлгісінің өңделу мысалы
қарастырылған. Жұмыс мақсаты өңдеудің біліктілігін бекіту және
нысаналармен басқару жүйесінің айқын емес моделін зерттеу.
Контейнерлік жүккөтергіштер теңіз порттарында жүктеу-жүктемелеу
жұмыстарын орындау үшін қолданылады. Олар көпшығыршықты
контейнермен иілгіш сым арқылы байланысады және контейнерлерді
жүккөтергіш кабинасына көтереді. Жүккөтергіш кабинасына контейнермен
бірге рельс түріндегі бағыттаушы бойынша көлденең бағытта орын ауыстыра
алады. Контейнер кабинаға көтерілгенде, ол жүккөтергіш қозғалысқа келгенде
контейнер шайқалып, жүккөтергіш кабинасы астындағы қатаң тік жағдайдан
ауытқи бастайды.
Контейнер өзінің тасымалдау жолында шайқалып, тігінен ауытқығанда
ол теміржол негіздері мен басқа көлік әдістері ретінде қолданылатын орын
ауыстыру мақсатының түбіне түсіңкіремейді. Басқаруды жүккөтергіш арқылы
орындайтын жүккөтергіш оператолардың әрекет талдаулары олар өздерінің
жұмыстарында келесі эвристикалық ережелерді қолданатындығын көрсетеді:
21
1) Қозғалысты орташа қуатпен бастау керек .
2) Егер қозғалыс басталып кетсе және кабина нысанадан алыс тұрса ,
қозғалтқыштың қуатын контейнер жүккөтергіш кабинаның алдында
болатындай етіп реттеу керек.
3) Егер кабина нысанаға жақын орналасса, жылдамдықты контейнер
жүккөтергіш кабинаның алдында тұратындай етіп төмендету керек.
4) Контейнер нысанаға өте жақын орналасса, онда қозғалтқыш қуатын
өшіру керек.
5) Контейнер нысананың дәл үстінде болса, онда қозғалтқышты тоқтату
керек.
24 нұсқа
1. 1 Контейнерлік жүккөтергішпен басқарудың айқын емес моделін
зерттеу және өңдеу
Инженерлік қызмет алдымен техникалық объектілерді жобалаумен
байланысқан. Жобалау дегеніміз - өнімді жасаудың бейнелеуін алу процесі.
Техниканың әртүрлі салаларында жобалану объект ретінде өнімдер немесе
процестер болуы мүмкін. Ғылым және техника прогресі күрделі техникалық
объектердің, яғни өзара байланысқан элементтердің көп санынан тұратын
күрделі жүйелердің пайда болуына себеп болады.
Күрделі жүйелерді (осындай жүйелерге басқару объекттер да жатады)
өңдегенде, жобалағанда және жасағанда қарастырып отырған объекттердің
сандық және сапалық қасиеттерін білу қажет. Көп деген жағдайлар себебінен
әдетте күрделі объектердегі осындай заңдылықтарын практикалық тексеру
мүмкін емес. Сонымен бірге осындай тексеру көп материалдар шығындарын
және көп уақытты талап етеді. Осы себептерден қарастырып отырған күрделі
объекттердің қасиеттері мен заңдылықтарын модельдеу әдістері негізінде
зерттеудің өте көп мағынасы бар.
Қазіргі кезде модельдеу әдістерін әртүрлі денгейлерде қолданбайтын
адам қызмет саласы жоқ деп есептеуге болады. Әсіресе осы сұрақ алынған
ақпарат негізінде шешім қабылдау процестер маңызды болатын әртүрлі
жүйелерді басқару саласына қатысы. Қоршаған орта туралы біздің
тәжірибелеріміз біздің қабылдауымызда негізделген. Бұл мәлімет бірақ
тікелей қолданылмайды. Әдетте ол объектті бейнелеп зерттеуге
қолданылатын қарапайым қасиеттер жиынына түрленеді. Сапа жағынан
қасиеттер жақсы, жаман, ауыр, т.б. болуы мүмкін, бірақ модельдеу үшін біз
көбінесе өлшенетін сандық қасиеттерін қолданамыз. Зерттелетін шамалар
объекттегі нақты шамалардан қарапайым болған кезде ғана зерттеулерді
өткізуге болады. Сонымен бірге барлық қасиеттер бір уақытта
қарастырылмайды. Әдетте қасиеттер жиынынан бізге бірсыпыра қасиеттері
керек. Мысалы, бір құжаттың көшірмесін қарастырайық. Көшірме жасаған
22
кезде құжаттың көп деген қасиеттері өзгереді: қағаз, оның форматы басқа
болуы мүмкін. Бірақ бізге тек қана құжаттың мазмұны керек болса, біз
көшірмеге қанағаттанамыз. Тек қана қажетті қасиеттердің минимал санын
қарастыру мақсатымен модель әдейі қарапайымдалады.
25 нұсқа
1. Модельдеу принциптері
Қазіргі кезде модельдеу әдістерін әртүрлі денгейлерде қолданбайтын
адам қызмет саласы жоқ деп есептеуге болады. Оның маңызды қасиеттері
туралы ақпарат алу мақсатымен тұпнұсқа объектті басқа модель-объектпен
орын басу процесін модельдеу деп атайды. Объект туралы ақпарат алу үшін
объектті модель арқылы көрсетуді модельдеу деп түсінуге болады.
Модельдеу принципі сыртқы немесе ішкі факторлары әсер беретін жүйені
оның анықталған немесе әртүрлі жағдайдан белгісіз күйіне жеткенді
бақылауда негізделген. Осы көшуде белгілі шарттарда жүйе жұмыс жасай
алатынын немесе жасай алмайтынын түсінуге модельдеу мүмкіндік береді.
Күрделі жүйенің жұмыс сапасын анықтау, жүріс-тұрысының оптималды
құрылымы мен алгоритмін таңдау, оған қойылған мақсаттарға сәйкес жүйені
құрастыру қазіргі кездегі күрделі жүйелерді жобалағандағы басты есеп болып
табылады.
Технологиялық агрегатты жобалауы бір уақытта оны өңдеу мен жасау
процестерімен бірдей өтеді, бұл жағдай басқару жүйелерді жобалау
процесінің ерекше өзгешелігі болып табылады. Сонда әлі жасалынбаған
техникалық құрылғының қасиеттері туралы ақпаратты алудың жалғыз жолы
бар - осындай жүйелердің элементтерін сипаттайтын процестерді
аналитикалық бейнелеу. Зерттелетін объекттің белгілі ерекшеліктеріне
физиканың (кей кезде химияның да) теориялық заңдылықтар жиындарын
қолдану аналитикалық әдістерінің негізі болып табылады. Басқа сөзбен
айтқанда модельдеудің аналитикалық әдістері басқару объектте өтетін барлық
процестерінің құрылымдары мен физика-химия ерекшеліктерін есепке алады.
26 нұсқа
1. Модельдеу принциптері
Көп жағдайларда жобалау қадамында ұсынылған модель нақты
объектен өте өзгеше болады, сондықтан өңделген басқару жүйенің тиімділігі
төмендейді. Осыған байланысты басқару теориясында тағы бір бағыт пайда
болды. Ол бағыт модельдерді бақылулар негізінде құрастыруды қолданады,
бақылаулар объекттің жұмыс кезіндегі оның кірістеғі және шығыстағы
Достарыңызбен бөлісу: |