Коммерциялық емес акционерлік қоғам



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет19/19
Дата15.01.2020
өлшемі0,49 Mb.
#26810
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

46 

 

білдіру; 



3) келіссөз (переговор) – мәмілеге келу мақсатында белгілі бір мәселені 

талқылау; 

4) интервью  –  баспасөз,  радио,  теледидар  журналистері  жүргізетін 

әңгіме; 


5) пікірсайыс (дискуссия) ; 

6) іскерлік – тікелей «жанды» диалог; 

7) телефонмен әңгімелесу – вербалды әңгіме. 

 

Жағдаяттық диалогты құрастыру үлгісі. 



 

Жағдаят:  Сіз  басшысыз.  Жұмыстан  шыққысы  келетін  қызметкердің 

арызына  қол  қоюдан  бұрын  оны  шақыртасыз.  Сіз  оның  кетуіне  қарсысыз. 

Себебін біліп, оны орнында қалдыруға үгіттеңіз. 

Қызметкер – Сәлеметсіз бе, Диас Жанарбекұлы! 

Басшы  –  Сәлеметсіз  бе,  Жұлдыз  Қанатқызы!  Отырыңыз!  Бүгінгі 

кездесуіміздің  себебін  сіз  жақсы  білетін  болғандықтан,  бірден  негізгі 

мәселеге көшсек. Сіздің жұмыстан өз еркіңізбен кетуіңіздің себебі қандай? 

Қызметкер – Маған ол туралы айту қиын. Сұрағыңызға жауап берудің 

қажеттілігі жайлы үлкен күдігім бар. 

Басшы – Біз осы мәселені басқа қырынан қарастырып көрейікші. Сіз 

тәжірибесі мол білікті мамансыз. Сіздей жұмыскердің кетуі – біз үшін ауыр 

жағдай.  Жиырма  жыл  еңбек  еткен  ұжымыңыздан  кету  сізге  де  оңай  емес 

шығар? 


Қызметкер  –  Өкінішке  орай,  мен  шешім  қабылдадым.  Мен  сіздің 

маған  алаңдаушылық  білдіргеніңізге  ризашылықпен  қараймын,  бірақ 

жұмыстан кетуге мәжбүрмін. 

Басшы  –  Мен  сізден  неге  арыз  жазғаныңызды  ашып  айтуыңызды 

сұрағым келеді. Басқа жұмыс таптыңыз ба? 

Қызметкер  –  Мен  отбасы  жағдайыма  байланысты  жұмыстан 

шығамын  деп  арыз  бердім.  Балам  биыл  университеттің  ақылы  бөліміне 

оқуға  түсті.  Мен  оның  оқуының  ақшасын  төлеуім  керек  қой.  Жалақым 

аздық етеді, сол себепті айлығы осы жерге қарағанда екі есе көп жұмысқа 

орналасатын болдым. 

Басшы  –  Сіздің  әрекетіңіз  енді  түсінікті  болды.  Мен  сіздің 

көзқарасыңызды  толық  құптаймын.  Дегенмен  мен  сізден  осы  шешіміңізге 

қатысты  қосымша  мәліметтерді  алғым  келеді.  Айтып  отырған  мекемеңіз 

жекеменшік пе? Онда келісімшарт қанша уақытқа жасалады? 

Қызметкер  –  Жекеменшік  фирма.  Алдымен  екі  ай  сынақ  мерзімі 

болады. Сосын үш жылға келісімшарт жасаймыз деген. 

Басшы – Жұлдыз Қанатқызы! Әрине, сіздің өмірлік тәжірибеңіз бар, 

әрбір  жағдайды  ой  елегінен  өткізе  білетін  парасатты  жансыз.  Алайда 

талқылап  отырған  мәселені  шешудің  басқа  да  жолы  бар  екендігімен  сіз 

келіседі  деп  ойлаймын.  Жекеменшік  фирманың  ертеңі  белгісіз.  Онда 




47 

 

жалақы уақытылы берілетініне де күмәндануға болады. 



Қызметкер  –  Менің  бұл  пікіріңізге  қарсы  айтарым  жоқ.  Өкінішке 

орай,  менің  басқа  амалым  қалмады.  Әрине,  осы  жердегі  әріптестерімді, 

үйренген қызметімді мен қимаймын. 

Басшы  –  Тағы  да  қайталап  айтқым  келеді:  біз  сіздей  өз  ісіне  адал, 

ортасына  сыйлы,  жауапкершілігі  мол  қызметкерді  мақтаныш  етеміз.  Жас 

мамандар үшін сіз таптырмас ұстазсыз. Сіз бізге керексіз. 

Қызметкер – Мен сізге және әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. 

Менің кетуімнің себебін дұрыс түсінгендеріңізді қалаймын. 

Басшы  –  Өкінішті,  біздің  қаржылық  жағдайымыз  сіздің  мәселеңізді 

жақын арада шешуге мүмкіндік бермейді. Алайда үш-төрт айдан кейін бізде 

жаңадан  бөлім  ашылады.  Сіз  бөлім  меңгерушісі  лауазымына  әбден 

лайықтысыз.  Бөлім  меңгерушісінің  жалақысы  жоғары.  Оған  жұмысының 

нәтижесіне қарай сыйақы да беріледі. Осы ұсынысыма қалай қарайсыз? 

Қызметкер – Сіздің ұсыныңыз мені қызықтырады. Бұл ойыңызға мен 

қарсы емеспін. 

Басшы  –  Біз  келісімге  келдік  деп  ойлаймын.  Менімше,  мәселе 

шешілді  деп  есептеуге  болады.  Сізге  менің  сөздеріме  құлақ  асып, 

шешіміңізді  өзгерткеніңіз  үшін  алғысымды  білдіремін.  Сұрақтарыңыз  бар 

ма? 

Қызметкер  –  Менде  сұрақ  жоқ.  Түсіністік  танытып,  қолдау 



көрсеткеніңізге  алғысым  шексіз.  Келешекте  қойған  талаптарыңызды 

орындап, сеніміңізді ақтауға тырысамын. 

Басшы  –  Сізге  еңбекте  табыс,  ісіңізде  сәттілік  тілеймін.  Егер 

қиындықтар болса, келіңіз, біз сізден көмегімізді аямаймыз. 

Қызметкер – Рақмет, сау болыңыз! Басшы – Сау болыңыз! 

 

 



Жағдаят нұсқалары. 

 

1- нұсқа 

 

Сіз  «Тоспа  Су»  МКК-ның  басшысысыз.  Сіз  ағынды  суларды  бұру 



бөлімінің  бас  маманымен  «Қыс,  көктем  мезгіліне  Алматы  қаласының   

дайындығының  жүйесін  құру»  жобасының  міндеттері  мен  оның  мақсаттары 

туралы әңгімелесесіз. 

 

2 -нұсқа 

 

«Павлодар мұнай өңдеу зауыты » жанармаймен мерзімінде қамтамасыз 



етуді кешіктіріп жатыр. Осы мәселені себебін анықтап, дұрыс шешу 

мақсатында зауыт директорымен сұхбат жүргізесіз. 

 

 



48 

 

3-нұсқа 



 

«Эйр  Астана»  компаниясы  торабы  ұсынылған  шарттар  орындалмауда, 

сондықтан осы келеңсіздікті шешу мақсатында жүргізілетін шаралар жөнінде 

компания мен әуежай басшылары ой бөліседі. 

 

4 - нұсқа 

 

 

Отын-энергетикалық кешендегі болған келеңсіз жағдайға байланысты  



тілші сұрақтарына басшылықтың берген сұхбаты.

 

 



5 - нұсқа 

 

 



«ZETA»  жиһазы  үлкен  сұранысқа  ие  сондықтан  фирма  директоры 

тауардың  сапасы  мен  бағасын  көтеру  туралы  мәселені    көтерді.  Осы  мәселе 

төңірегінде фирма есепшісімен талқылап, шешуді ұсынады. 

 

 



6- нұсқа 

 

Кәсіпорын  басшысы  өндірістік  бөлімше  басшысына  кәсіпорынның 

қаржылық-экономикалық  және  өндірістік-шаруашылық  қызметіне  қатысты 

мәселелерде  қызметтің  жекелеген  бағыттарын  жүргізуді  тапсырып,  шешуді 

ұсынады. 

 

7 - нұсқа 

Сіз  «Автоматтандыру  және  басқару»  мамандығы  бойынша  білім  алып 

жатқан 

студентсіз. 



Басқа 

мамандықта 

оқитын 

досыңызбен 



өз 

мамандығыңыздың артықшылықтары туралы айтып, сөз жарыстырыңыз. 

 

Досыңыздың  сіздің  мамандығыңыздың  бүгіні  және  болашағы  жайлы  айтқан 



пікірлерін қостап немесе жоққа шығарып, тақырыпты ары қарай дамытыңыз. 

 

8 - нұсқа 

 

Өзіңіз жұмыс істейтін кәсіпорын туралы әріптесіңізбен сұхбаттасыңыз. 



 

9 - нұсқа 

 

«МАЭК-Казатомпром» АҚ кадрлар бөлімі директорының жас маманды 



жұмысқа  қабылдауы.  Бұл  орайда  жұмыс  тәртібі,    ережелері  және  болашағы 

(перспективасы) туралы сөз қозғаңыз. 

 

 

 



 


49 

 

10 - нұсқа 

 

Сіз «Қазақмыс» компаниясының президентісіз. Шетелдік компанияның 



басшысына  сіздермен  бірігіп  жұмыс  істеудің  қажеттігін  айтып,  мұндай 

бірлескен еңбектің тиімді болатындығына серіктесіңіздің көзін жеткізіңіз. 

 

11 - нұсқа 

 

Сіз  белгілі  шетелдік  компаниядан  келген  өкілсіз.  Сіздің  міндетіңіз  – 



бірлесіп  жұмыс  істеуді  ұсынып  отырған  компания  жайында  толық  мәлімет 

алып,  компанияның  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  таразылай  келіп, 

шешім қабылдау. 

 

12 - нұсқа 

 

Сіз «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның басшысымен жаңа жоба бойынша 



жүргізілетін жұмыстар туралы әңгімелесіңіз. 

 

13 - нұсқа 

 

Сіз  «Алматыгаз»  АЕО»  ЖШС-ның  бас  маманысыз.  Алдағы  күндері 



Алатау  ауданының  тұрғындарына  газ  жүйесін  қосуға  тиіссіздер. 

Қызметкеріңіздің  біреуімен  осы  жұмысты  қалай  орындау  керектігі,    оның 

ерекшелігі  және  осы  істі  неден  бастап,  немен  аяқтау  керектігі  жайында 

пікірлесесіз. 

 

14 - нұсқа 

 

Сіз  «Қазақстанда  қалыптасқан  экологиялық  мәселелер  және  оны  шешу 



жолдары»  атты  семинарға  қатыстыңыз.  Семинарда  көтерілген  мәселе 

төңірегінде әріптестеріңізбен ой бөлісіңіз. 

 

15 - нұсқа 

 

«Экология  –  халық  тағдыры»  тақырыбында  Алматы  қаласының  бас 



экологымен    оңтүстік  астананың  экологиялық  мәселелері  және  оны  шешу 

жолдары туралы  әңгімелесіңіз. 

 

 

16 - нұсқа 



 

 

Сіз  «Автоматтандыру  және  басқару»  мамандығы  бойынша  оқитын 



АЭжБУ  студентісіз.  Осы  мамандық  жайлы  білгісі  келетін  досыңызбен 

автоматтандыру  құралдары,  бақылау  өлшегіш  құралдары  және  олардың 

қолданылу саласы, болашағы жайында әңгімелесесіз. 



50 

 

 



17 - нұсқа 

 

Сіз  АЭжБУ  студентісіз.  Сізге  Алатаудың  бауырындағы  қалада  тұрып 



өмір  сүру  де,  оқу  да  ұнайды.  Сіздің  міндетіңіз  –  Алматыда  оқудың  болашақ 

үшін  өте  тиімді,  үйренетін  нәрсе  көп  екендігін  айтып  жоғары  білім  алғысы 

келетін сыныптасыңызды АЭжБУ-ге оқуға шақыру. 

 

 



 

18 - нұсқа 

 

«Автоматтандыру және басқару» мамандығында оқитын екі магистрант 



басқару жүйесіндегі мөлтекүрдісшілері кешендері жайында пікірлеседі. 

 

19 - нұсқа 

 

Өскемен машинажасау зауытының бас мастері көлікті жаңа заманға сай 



автоматтандыру, яғни көлік ішіндегі температураны бірқалыпты ұстау режімі 

туралы ойды ортаға салады.  

 

20  - нұсқа 

 

Кешенді  механизациялау  және  автоматтандыру,  өнімділігі  жоғары  



арнайы  жабдықты  бақылау  және  сынау  құралдарын  жобалау  және  өндіріске 

енгізу,  құралдардың  еңбек  қажеттілік  нормативтерін  және  оны  жасау  үшін 

материалдардың  шығыс  нормаларын  даярлау,  үнемдеу  режимін  және 

шығыстарды  азайтуды  жүйелеп  жүзеге  асыру  бойынша  жұмысты 

ұйымдастыруға  байланысты  мекеменің  бірінщі  басшы  мен  бас  есепшінің 

сұхбаты. 

 

21 - нұсқа 

 

Сіз  «Болашақ»  бағдарламасымен  АҚШ-та  білім  алып  жатқан 



магистрантсыз. Бұл елде көптеген қиындықтармен кездесіп, қиналып жүрсіз. 

Сондықтан  сіз  бәрін  тастап  еліңізге  кетуге  бел  байладыңыз.  Шешіміңіздің 

дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін басқа магистрантпен әңгімелесіңіз. 

 

22 - нұсқа 



 

 

Технологиялық  үрдістерді  автоматтандыру,  автоматты  жүйелерді 



жобалау  және  өндірудің  өзекті  мәселелерін  шешуге  қабілетті  қазіргі  заманға 

сай жоғары білімді мамандарды дайындау төңірегінде ЖОО-ның ректорымен 

тілші сұхбаты. 



51 

 

 



23 - нұсқа 

 

Топтағы  досыңызбен  «Болашақ  маман  қандай  болу  керек?»  деген 



тақырыпта пікір алмасыңыз. 

 

24 - нұсқа 



 

 

Өз  мамандығыңызға  байланысты  ашылған  ғылыми  жаңалықтар 

төңірегінде оқытушыңызбен сұхбаттасыңыз. 

 

25 - нұсқа 

 

Сіз  АЭжБУ  қабылдау  комиссиясының  мүшесісіз.  Университетке  оқуға 

тапсыруға  келген  абитуриент  сізден  әрбір  мамандықтың  ерекшелігі  жайлы 

мәліметтерді  білгісі  келеді.  Сұрақтарына  жауап  беріп,  оқу  орнын  жақсы 

жағынан көрсетуге тырысыңыз. 

 

26 - нұсқа 

 

Заңғар  «Болашақ»  бағдарламасымен  шетелде  білім  алады.  Махамбет 



Алматыда  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  ғылыми  техникалық 

университетінде  оқиды.  Олар  қысқы  демалыста  Алматыда  кездесіп, 

Қазақстанда  жұмысқа  орналасу  мәселесінің  қиындығы  және  оқуды 

бітіргеннен кейін қайда орналасатындары жайында пікірлеседі. 

 

27 - нұсқа 

 

Сіз  жас  мамансыз.  Алғашқы  жұмыс  күнінде  жаңадан  келген  маман 



ретінде  ұжыммен  танысуыңыз  керек.  Әуелі  басшылықпен  немесе  ұжым 

жетекшісімен жақынырақ танысып, негізгі міндеттеріңізді анықтап алыңыз. 



 

28 - нұсқа 

 

Коммерциялық  мәселелер  жөніндегі  директордың  орынбасары 

кәсіпорынның  коммерциялық  қызметі  және  қаржылық  жоспарларының  ұзақ 

уақытты стратегиясы жөнінде бөлім басшыларымен талқылауы. 

 

29 - нұсқа 

 

Сіз  әріптесіңізбен  тендер  жайында  әңгімелесіп  отырсыз.  Әріптесіңіз 



тендерге  қатысты  естіген  жаңалығын  айтып,  оған  көңілі  толмайтынын 

білдірді. Сіз бұл жаңалықты естіген-естімегеніңізді айтып, тендерді ұтып алу 

жолдарын түсіндіріп, тендер туралы өз ойыңызды білдіріңіз. 



52 

 

 



30 - нұсқа 

 

Учаске  мастері  машықтанудан  өтуге  келген  студентке  еңбекті  қорғау 



ережелері  мен  техникалық  қауіпсіздікті,  өндірістік  және  еңбек  тәртібін,  ішкі 

еңбек тәртібін сақтауын түсіндіреді.  

 

31 нұсқа 

 

         Алматы  қаласындағы  №1  балалар  үйінің  директоры  мен  студенттер 



кәсіподақ ұйымы төрағасы АЭжБУ-да жыл сайын өткізілетін қайырымдылық 

шарасының дайындығы туралы пікірлеседі.  

           

 

32 - нұсқа 

 

          Сіз  АЭжБУ  ректорысыз.  Қалалық  энергетика  бөлімінің  басшысымен 

техника  саласында  үш  тілді  еркін  меңгерген  маманды  дайындаудың 

қиындығы мен жетістіктері туралы ой қозғаңыз. 

 

          33 - нұсқа 



           

          Сіз  «Инженерлік  кибернетика»  кафедрасының  түлегісіз.  Біліміңізді 

жалғастыру  мақсатында  Томск  техникалық  университетінің  магистратура 

бөлімінің басшысымен оқу  туралы сұхбаттасасыз. 

 

         34 - нұсқа 



 

Сіз  мекемеде  директорсыз.  Орынбасарыңызды  шақырып,  айлық 

жоспардың  не  себепті  орындалмағандығы  және  бұл  мәселені  қалай  шешуге 

болатындығы  жайлы  әңгімелесіңіз.  Әңгіме  өлшеу  жүйелерінің  бөлшектерін 

жасайтын  кәсіпорынға  қатысты  жүруі  тиіс.  Диалогта  өлшеу  жүйелерінің 

бөлшектеріне,  олардың  атауларына,  жасалу  технологиясына  қатысты  сөздер 

болуы керек. 

 

           35 - нұсқа 



 

       


Сіз жарнама менеджерісіз.Тұтынушыларды жарнамаланатын тауар 

немесе қызметтің сапасының артықшылығы және ерекше сипаттамалары 

туралы хабардар ете отырып, өндірілетін өнімді немесе көрсетілетін 

қызметтерді еңбек нарығында өткізу мақсатындағы тілшімен сұхбатыңыз. 

 

 

         



 


53 

 

36 - нұсқа 



 

        Сіз  тәжірибе  алмасу  мақсатында  шетелге  бардыңыз.  Шетелдік 

әріптесіңізбен  орта  және  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  мәселелері  төңірегінде 

ой бөлісіңіз. 

 

          37 - нұсқа 



     

 

Сіз  АЭжБУ  журналы  «Энтелдің»  редакторысыз.  Қазақстан  энергетика 



саласында    елеулі  еңбек  еткен  есімі  елге  әйгілі  ғалымнан  интервью  аласыз. 

Сізге  оның  аты-жөні  ғана  таныс,  бірақ  қалай  атақты  тұлға  болғаны  белгісіз. 

Әңгіме  барысында  ғалымның  өмірбаяны,  жастық  шағы,  студенттік  кезеңі,  

алғашқы  ашқан  жаңалығы  және  ғылыми  зерттеулері  жайлы  ақпарат  алуға 

тырысасыз. 

 

          38 - нұсқа   

   


         Сіз  Алатау  аудандық  төтенше  жағдайлар  комитетінің  инспекторысыз. 

Алдағы 


қысқы 

маусымға 

тұрғындардың 

дайындығы, 

пеш, 

газ 


қондырғыларының  дұрыс  орналасқандығы  жөнінде  тексеру  барысында 

тұрғындырмен әңгімелесесіз. 

 

          39 – нұсқа  



 

          Екі  маман  ұялы  желілер  және  сымсыз  рұқсат  ету  жүйелерінің 

ерекшеліктері  жайында  сұхбаттасады.  Әңгімеге  арқау  болған  тақырып:  жер 

үстіндегі  жылжымалы  байланыс  жүйелерінің  бірінші  және  екінші 

буындарының өзіндік ерекшеліктері. 

            



40 - нұсқа 

 

Зертханада.  Сіз  кіші  ғылыми  қызметкерсіз.  Басқа  бөлімге  аға  ғылыми 

қызметкер  болып  ауысқалы  жатырсыз.  Орныңызға  магистратураны  жаңадан 

бітіріп  келген  қызметкер  жұмыс  істемек.  Оған  қауіпсіздік  техникасын 

(химиялық  құралдармен,  электр  жабдықтарымен  жұмыс  істеуді)  түсіндіріп, 

сұрақтарына жауап беріңіз. 

 

 

 



 

Әдебиеттер тізімі 

 

 



1 Ағатаева Б.Б. Көпарналы тарату жүйелелері: техникасы мен теориясы 

(орысша-қазақша терминологиялық сөздік). – Алматы: Ғылым, 2004. – 160 б. 




54 

 

2  Әлметова  Ә.С.  Қазақ  тілі:  Негізгі  стандарттан  жоғары  деңгей. 



Оқулық./ Ә.С. Әлметова, Ж.Қ.Дәркенбаева, Л.Ж.Хамимульдинова. – Алматы, 

2015. – 232 б.  

3  Дүйсембекова  Л.  Қазақ  тілі:  іс  қағаздарын  жүргізу.  Оқу  құралы.  - 

Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС, 2011. – 400 б. 

 

4 Бекбаев А., Сүлеев Д., Скормин В.А., Ширяева О.И. Басқару теориясы. 



– Алматы: Асем-Систем, 2008. 552б. – Қазақша, орысша, ағылшынша.  

 

5  Бекбаев  А.,  Сүлеев  Д.,  Хисаров  Б.  Автоматты  реттеу  теориясы. 



Оқулық. – Алматы, 2005ж. – 267 б. 

6  Бекбаев  А.,  Сүлеев  Д.,  Хисаров  Б.  Сызықты  және  бейсызықты 

жүйелердің  автоматты  реттеу  теориясы.  -    Оқулық:.  –  Алматы  «Эверо» 

баспаханасы,  2005ж. – 328 б. 

 

7  Ибраева  Л.К,  Б.Д.Хисаров.  Басқару  обьекттерді  модельдеу  және 



идентификациялау. Оқу құралы. – Алматы, АЭжБИ, 2009. – 207 б. 

8  Сулейменов  Б.А.,  Омирбекова  Ж.Ж.  Басқару  жүйесіндегі  жасанды 

интеллект әдістері: Оқу құралы. -Алматы: ҚазҰТУ, 2012 ж. -200 б. 

9  Кудайбергенов  Р.  Технический  терминологический  словарь.  – 

Алматы: Таймас, 2009. – 612 с. 

 

10  Қарабаева  Х.  Қазақ  тілі:  тіл  ұстартуға  арналған  оқу  құралы.  2-



басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 148 б. 

 

11 Құсайынов А.Қ. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық 



сөздік: Электроника, радиотехника және байланыс. – Алматы: Рауан, 2000. –

235 б.    

  

12  Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік.  Электротехника,  электроника 



және байланыс. – Павлодар, 2006. – 288 б. 

 

 



 

13  Төлеуп  М.  Қазақ  тілі.  Ғылыми-техникалық  мәтіндермен  жұмыс 

дағдыларын қалыптастыру. Оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 88 б. 

14  Төлеуп  М.М.,  Советова  З.С.  Қазақ  тілі:  Техникалық  оқу  орындары 

студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2015. – 192 б. 

15  Шәрібжанова Ғ. Қазақ  тілі. Техникалық  жоғары  оқу  орындары  үшін 

жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. Оқу құралы. – Алматы, 2012. – 87 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



55 

 

Мазмұны 

 

Кіріспе


 ................................................................................................................................. 

№ 1 студенттің семестрлік жұмысы



.........................................................................

  



№ 2 студенттің семестрлік жұмысы

.........................................................................

42

 

Әдебиеттер тізімі



.............................................................................................................

54 


 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


56 

 

 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау