Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет45/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122

белгілі  елдің  салтын  білдіретін,  арнаулы  үлгі  айтатын,  жамандықтан 
жирендіріп,  жақсылықты  көтеріп  айтқан,  ойдан  шығарған  көтерме  әңгімені 
айтады» деп оған өзінің анықтамасын береді [4].  
Бүгінгі  күнге  дейінгі  зерттеу  еңбектерде  қазақ  ертегілері  бірқатар 
жіктемелер бойынша сұрыптала қарастырылады. 
Мысалы, В.В.Радлов ертегілерді былайша жіктемелейді:  
1. Батырлар жайлы ертегілер; 
2. Қиял-ғажайып ертегілер. 
Г.Н.Потанин болса ертегілерді жеті түрге топтастырады: 
1. Хайуанаттар жайындағы ертегілер; 
2. Қиял-ғажайып ертегілер
3. Қиял-ғажайып-новеллистикалық ертегілер; 
4. Батырлар жайлы ертегілер;  
5. Тұрмыстық-новеллистикалық ертегілер; 
6. Тұрмыстық-ғибратты ертегілер; 
7. Сатиралық ертегілер. 
Ал  М.Әуезов    ертегілерді  жанрлық  табиғатына  қарай  былайша 
жіктейді: 
1) өте ертедегі адамдардың түсінігін сақтап қалған аңыз-ертегілер; 
2)  өте  ертедегі  адамдардың  өмірін  және  олардың  ерлік  істерін 
суреттейтін салт немесе үлгі ертегілері; 
3) мысқыл-мазақ ертегілері; 
4) эпостық батырлар туралы әңгімелейтін ертегілер; 
5) көңіл көтеру үшін айтылатын өтірік әңгімелер. 
 
Бұл қазақ халық ертегілерін жіктемелеудің алғашқы бастамасы болды. 
Осылайша  жіктеу  қазақ  ертегілерінің  табиғатын  толық  ашпағанына 
қарамастан,  олар  қазақ  ертегілерін  алғаш  жинастыра  бастаған  кезде 
ұсынылуымен маңызды. 
М.Әуезов қазақ ертегілерін бір ғана дәуірдің туындысы есебінде емес, 
өзге ауыз әдебиет үлгілеріндей, белгілі қоғамдық-тарихи кезеңдерге де бөліп 
қарастырды. [4] 
Профессор  М.Ғабдуллин  қазақ  ертегілерін  мазмұнына  және  әр  түрлі 
ерекшеліктеріне қарай: [5] 
1. Қиял-ғажайып ертегілер; 
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер; 
3.Тұрмыстық  ертегілер  деп  жіктемелесе,  Ә.Қоңыратбаев  қазақ 
ертегілерін тақырыбына қарай мынандай түрге бөледі: 
1. Мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; 
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер; 
3. Тұрмыс-салт ертегілер. 
Әдебиеттану,  фольклортану  саласындағы  бірқатар  жіктемелерді 
(М.Ғабдуллин,  Ә.Қоңыратбаев)  негізге  ала  отырып  мынадай  педагогикалық 
жіктеме беруге мүмкіндік жасады: 
1. Қиял-ғажайып ертегілер; 
2. Тұрмыс-салт ертегілер. 
98 
 


3. Батырлық-ерлік жайындағы ертегілер; 
4. Күлдіргі ертегілер; 
5. Үй жануарлары жайындағы ертегілер; 
6. Хайуанаттар жайындағы ертегілер; 
Беріліп  отырған  жіктеменің  педагогикалық  мәні  өте  жоғары: 
біріншіден  –  қазақ  әдебиеті  пәнінде  меңгерілетін  қазақ  халық  ертегілерін, 
нақты өлшемдер арқылы сұрыптауға (ертегіде көрініс тапқан ойлар арқылы 
берілетін    білімнің  бала  жасына  қарай  түсінікті  болуы;  ертегідегі 
оқиғалардың  эмоциялық  мәнерлілігі;  ертегі  мазмұнының  қызықтылығы) 
бағыт-бағдар  береді;  екіншіден  –  мұғалімге  баланың  тұлғалық  қасиетін 
қалыптастырудағы ертегінің рөлін дұрыс бағалауға көмектеседі; үшіншіден – 
баланың  ой-өрісін  жетілдіреді,  қазақ  халық  ертегілері  түрлерін  бір-бірінен 
ажырата  білуге  үйретеді,  халықтың  тұрмыс  қарекеті,  тыныс-тіршілігі, 
дүниетанымы,  дәстүрлі  өнегесімен  таныстырады,  жақсыдан  жаманды, 
қайырымдылықтан жауыздықты айыра білуге, адал еңбек етуге бағдарлайды; 
төртіншіден  –  ертегіні  эмоциялық  әсермен  қабылдай  білуге  көмектеседі; 
бесіншіден  –  баланың  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастырудағы 
мүмкіндіктерін айқындауда септігін тигізеді. 
Сондықтан қазақ әдебиеті пәнінде жақсы өнеге, тәжірибелерді, ежелден 
тәрбие құралы болып танылған қазақ ертегілерін оқу-тәрбие мақсатына қарай 
таңдап, оны бала жасына  лайықты  түрде пайдалану,  теория  мен  тәжірибені 
ұштастыра  отырып,  оның  санасына  орнықтыру,  адамгершілік  мұраттарға 
тәрбиелеудің тиімді әдістерін іздестіру болып табылады.  
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  
1.
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы 
// 
Қазақстан 
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат.  
2.«Қазақстан 
Республикасындағы 
тiл 
туралы», 
Қазақстан 
Республикасының  1997  жылғы  11  шiлдедегі  №  151  Заңы,  Қазақстан 
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат.    
3.Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  /«Егемен  Қазақстан», 
11.06.1999ж. 
4.Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. – Алматы.: Ана тілі, 1991. – 240 б. 
5.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.–Алматы.:Санат, 1996. – 
138 б. 
 
 
«ТІЛ-ЭТНОС-МӘДЕНИЕТ» АРАҚАТЫНАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА 
БАҒЫТТАРЫ 
 
Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы  
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Мұғалімнің кәсіби 
дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға 
оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі  
99 
 


        
Қазіргі  тіл  ғылымының  негізгі  бағыты – антропоөзектік  зерттеулерде 
Адам – сөйлеуші, тілді  жаратушы, өзіндік  әлемі,  дүниетанымы  бар  саналы 
жан  ретінде  анықталады  [1,5-б.].  Философтардың    айтуынша:  «Дүниедегі  ең 
ғажап, керемет құбылыс – адамның  рухани  дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат 
игілігіндегі    барлық    материалдық    және    рухани    жетістіктер,  зәулім  
құрылыстар,  түрлі    техникалық    табыстар,  өнер,  дін,  әдебиет,  философия, 
ғылым –  осының  бәрі  сол  сананың  құдіреті. Обьективті  дүниеде  сананың  
баламасы  жоқ.    Ол    тек  адамға  ғана  тән»  Ақыл-парасат,  сезім  иесі  ретіндегі 
саналы адамның  ең басты  қасиеті –  өзін  қоршаған  ортаны  танып-білуге  
деген    ерекше    құштарлығы.  Дүниені    танып-білудің    негізінде  зат, 
құбылыстардың адам санасында бейнеленуі жатады. Адам санасындағы заттар 
мен құбылыстардың  бейнесі  арқылы  қабылданған  ақыл-ой  ол  заттардың  
өзі    емес,  солардың  әсерінен  пайда  болған  білім,  ақпарат.  Осыған  орай, 
«
таным  дегеніміз  –  сыртқы    заттар    мен    құбылыстардың,  олардың 
қатынастарының  адам    санасында    идеалды    образдар    жүйесі    ретінде  
бейнеленуінің  қайшылыққа  толы күрделі процесі» [1,215-б.]. Сананың пайда 
болуы  екі  факторға    байланысты:  біріншісі  –  еңбек,  екіншісі  –  тіл.  Тіл  – 
сананың  (ойдың),  материяның  көрінісі,  негізі.  Тілсіз  сана  жоқ,  ал  санасыз 
(ойсыз) адам да болмайды.  Сана әрдайым тілдік негізде өмір сүреді, ол тілмен 
бірге  дамиды.  Тілге  байланысты  сана  қоғамдық  құбылыс  ретінде  дамып, 
қоғамдық рухани жеміске  айналады [2,151-б.]. 
А.Байтұрсынұлының  пайымдауында:  «Сөз  өнері  адам  санасының  үш 
негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни  нәрселердің 
жайын  ұғыну,  тану,  ақылға  салып  ойлау,  қиял  ісі  –  меңзеу,  яғни  ойдағы 
нәрселерді    белгілі    нәрселердің    тұрпатына,  бейнесіне  ұқсату,  бейнелеу, 
суреттеп  ойлау;  көңіл  ісі  –  түю,  талғау.  Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын 
аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше 
айтуға    жарау.  Мұның  бәріне  жұмсай  білетін  адамы  табылса,  тіл  шама-
қадарынша  жарайды.  Бірақ  тілді  жұмсай  білетін  адам  табылуы  қиын.  Ойын 
ойлаған    қалпында,  қиялын    меңзеген    түрінде    көңілдің    түйгенін    түйген  
күйінде  тілмен    айтып,  басқаларға    айтпай    білдіруге    көп    шеберлік  керек» 
[2,242-
б.]. 
Сөйтіп,  сөз    өнері    адам    санасының    үш  тағанына  негізіне  тіреледі. 
Адамның  осы  танымдық  әрекеті  ақиқат  болмысты  тануға,  қоршаған  ортаны 
түйсініп,  жинақтаған    білімдер    негізінде    әлемдегі    орнын    түсінуге  
бағытталады.  Адам  қашан  да  әлемді  танып,  ондағы  өз  орнын  айқындауға 
талаптанады.  Тіл  –  сөйлермендердің    дүниетаным    ерекшеліктерін  
бейнелейтін  құрал,  ерекше    ұлттық  ділдің  көрсеткіші,  мәдениеттің  негізі. 
Адамның когнитивті қызметінің нәтижесінде тіл қоршаған орта туралы әсерді 
ғана жинақтап  қоймайды, сонымен қатар халықтың зерттеушілік ойларын да 
жеткізіп,  халықтық,  ұжымдық  этномәдени  санасында  қалыптасқан  ғалам 
бейнесін    сақтайды  [3,12-13-б.].  Осыған  орай,  Ә.Т.Қайдардың 
тұжырымдауынша,  антропоөзектік    бағытта    зерттеудің    мақсатына    қарай 
"этнос"  терминін  "этнос  болмысы"  ұғымымен,  ал  "тіл"  дегенді  "тіл  әлемі" 
терминдерімен  атау  дұрыс,  өйткені  Ә.Қайдар  мұнда  аталған  бағыттағы 
100 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау